Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 21:53, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Павлодар облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі заманғы жағдайы мен тұжырымдамалық сараптамасының негізінде нарықтық қарым-қатынас жағдайында оның дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталған:
- шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық алғы шарттарын зерттеу;
- шағын және орта кәсіпкерлік секторын сараптамалау мен зерттеудің құрал-жабдықтарын анықтау;
- аймақтың статистикалық деректерінің сараптамасын өткізу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын басқарудың әдістерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау;
- шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерінің басым бағыттарын анықтау.

Содержание

Кіріспе
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ескендирова Лаура.doc

— 999.00 Кб (Скачать документ)

- № 2 ЖЭО-3 градирниді жаңғырту - «Павлодарэнерго» АҚ;

- № 5 блокты күрделі жөндеу -  «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;

- Теңіз контейнерлерімен тиеу алаңдарын салу - «Қазхром» ҰТК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты; 

- Күл жинақтау қондырғысын қайта жаңғырту - «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ. 

88,8 млрд. теңге сомасына 3 жаңа инвестициялық жоба бойынша жұмыс жалғасуда:

- «Екібастұз қаласында  «Таман» ЖШС базасында Қазақстан  Республикасындағы жүк вагондарының өндірісі бойынша қуаттар құру» (“Қамкор Менеджмент” ЖШС), өндірісті іске қосу 2011 жыл.

- «Кальцийленген сода  өндірісін ұйымдастыру» (“Қазсода” ЖШС). Құрылыс мерзімі – 36 ай.

6 - кесте – Павлодар  облысының инвестициялық іске  асырылатын жобасы 2010-2014 жж.

Инвестициялық жобаның аты

Жобаның жүзеге асыратындар

Жобаның басталуы

Жобаның аяқталу мерзімі

Сома млрд теңге

Жұмыс орындарының саны

Республикалық Индустриализация картасы  Бойынша Жобалар

Республикалық индустрализация Картасының негізгі тобына енгізілген жобалар

Алюминий өндіру бойынша электролиздік  зауыт құрылысы

«КЭЗ»АҚ

2005ж 

мамыр-маусым2010

141,7

1750

Сода мен өндірісн ұйымдастыру  мен құру

«Каустик» АҚ

2007 ж

Желтоқсан 2010

16,0

420

Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблоктын  құрылысы

«Станция Экиб АҚ ГРЭС-2

2009 ж

2013 ж

118,1

238

Бозшакөлдік ГОК құрылысы

«Корп. Казахмыс» ЖШС

2010 ж

2014 ж

225

 

ГРЭС-1 кеңейту  

Kazakh Mys Pic!

2011

2014 ж

216,9

 

 № 2 блокты қалпына келтіру

ЕЭК АҚ

2007 ж

2011 ж

27,36

 

10,2 теплица

«Жасыл Шағын Орман» ЖШС

2010 ж

2011 ж

4,67

 

Нан өнімдерін өндіру

«Энергия Капитал» ЖШС

2008 ж

1 жарты жылдық2010

1,115

 

                       8 жоба бойынша қорытынды

750,845

2408


Инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде  жүргізіліп жатқан жұмыс 2009 жылы түсті  металл өндіріс көлемдерінің 5,9 % (81,3 млрд. теңге) өсуіне ықпал етті. Өсім өңделмеген алюминий өндірісінде байқалды 19,7 % немесе 126,9 мың тонна, жіксіз құбырлар шығару - 2,6 есе немесе 67,3 мың тонна.

 

7 - кесте – Павлодар облысының инвестициялық іске асырылатын жобасы 2010-2014 жж 

 

Инвестициялық жобаның аты

Жобаның жүзеге асыратындар

Жобаның басталуы

Жобаның аяқталу мерзімі

Сома млрд.теңге

Жұмыс орындарының саны

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНДУСТРИАЛИЗАЦИЯ КАРТАСЫ  БОЙЫНША ЖОБАЛАР

Республикалық индустриализация Картасының басым жобалары

Рельс-балондық өндіріс құрылысы

ПФ «KSP Steel» ЖШС

2009 ж

2012 ж

33,7

2400

ПНХЗ жаңарту

«НК КазмұнайГаз» АҚ

2011 ж

2013 ж

90

 

Кальцинирленген сода өндірісін ұйымдастыру

«Казсода» ЖШС

Құрылыс мерзімі – 36 ай, құрылыстың басталуы белгісіз

47,9

 

Циклдік – потоктық көшеннің құрылысы

«Евроазиатская энергетическая корпорация»  АҚ

2005 ж

Наурыз-сәуір 2010 ж

10,33

 

5 жоба бойынша қорытынды

189,41

2400

13 жоба бойынша қорытынды

940,25

4808


.

Шағын және орта кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау мен дамыту саясаты шеңберінде облыста «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы шағын және орта бизнес жобаларын кредиттеу бойынша жұмыс жүзеге асырылады.

«Даму-Өңірлер» шағын  және орта кәсіпкерлік жобаларын  кредиттеу бағдарламасы бойынша бөлінген 2,2 млрд. теңге (соның ішінде 800 млн. теңге - облыстық бюджеттен) толық көлемде игерілді, 118 жоба қаржыландырылды.

2010 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша қайтарылған қаражаттың  838, Индустриялық - инновациялық дамудың маңызды құрамдас бөлігі сауда саясатын жүргізу болып табылады 10 млн. теңге сомасына 36 жоба қарж Облыс бойынша негізгі үлес шағын және орта бизнестегі  өңдеуші өнеркәсіп (жеңіл, жиһаз және құрлыс индустриясы) субъектілеріне тиесілі

2009 жылы Павлодар облысы бойынша  өңдеуші өнеркәсіптегі жеңіл  өнеркәсіп үлесі - 0,3% құрайды

Индустриалдық - инновациялық даму бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі жаңа жоғары технологиялық өндірістік кешендерді енгізу, қолда бар өндірістік базаларды жаңғырту және кеңейту, жаңа бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару болып табылады.

Үшінші Тұрақтандыру траншы шеңберінде «Даму» КДҚ» АҚ арқылы ЕДБ қаражатты негізді орналастыру бағдарламасы бойынша 127 млрд. теңгенің (соның ішінде «АТФ БАНК» АҚ 10 млрд. теңге мөлшеріндегі өз қаражатымен қатысады) өңір бойынша 6,4 млрд. теңгесі  орналастырылды. ЕДБ бөлінген қаражатты 100 % игерді. Екінші деңгейлі банктер 6,4 млрд. теңге сомасына 136 жобаны қаржыландырды.

“Ауылда шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін “Қаз Агро” ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу” бағдарламасы бойынша 2009 жылы облыстық бюджеттен 100 млн. теңге сомасына қаражат бөлінді. 58 қарызгер қаржыландырылды.

Ресми статистика мәліметтері  бойынша облыста 2009 жылғы тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) орташа республикалық  деңгей 106,2% жағдайында, барлық тауарлар мен қызметтер бойынша 105,5% құрады.

Жергілікті атқарушы органдардың инфляцияға қарсы шараларды  іске асыруы қаржылық дағдарыстан туындаған  үдерістерді тұрақтандыру жөніндегі  нақты іс-қимыл жоспарын іске асыру  шеңберінде жалғасуда.

Бағалар мониторингі  күн сайын жүргізіледі. Негізгі  тамақ өнімдерінің саудасында алдағы кезеңдегі мүмкін іркілістерді болдырмау  үшін негізгі тауарлардың сауда  қорларын болжамды бағалау жүргізіледі. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілермен, импортталынатын тауарлардың негізгі жеткізушілерімен, бөлшек сауда объектілерімен меморандумдар жасалды.

Облыс орталығында «Шапағат» әлеуметтік дүкені, өздері өндіретін ауылшаруашылық өнімдерін босату бағасымен өткізу үшін Качир және Успен аудандарының дүкендері ашылды.

Ауылшаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты негізде жүргізілуде. Өңірге жаңа піскен көкөніс пен жемістерді іркіліссіз жеткізу бойынша орныққан байланыстар бар. Қазіргі уақытта рынокты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мен баға жағдайы тұрақты сақталуда. Облыста негізгі тамақ өнімдеріне бағалар абсолюттік мәнінде Республика бойынша орта бағалардан  төмен сақталып отыр.

Облыстың алыс және жақын  шетел мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту жұмысы жалғасуда.

Облыстың сауда әріптестері  арасындағы көшбасшы Ресей Федерациясы болып табылады, оның облыстың сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы есептік кезеңде 63,6% құрады, соның ішінде экспортта – 82,7%, импортта – 48,2%. Импорттағы Қытай үлесіне – 12,5%, экспортта Швейцария үлесіне – 11,7% тиесілі.

Есеп беру кезеңінде облыстық баспасөз басылымдарында индустриялық-инновациялық дамытудың басым міндеттерін жариялауға барлығы 1712 мақала, 1318 теле және радиохабар арналған.

Жаңа кәсіпорындарды енгізумен және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтумен кадрлық қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі артуда. Орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған білікті кадрлар сұранысына тұрақты негізде мониторинг және талдау жүргізіледі.

Мамандықтар, салалар, кәсіпорындар және өңірлер бөлігінде дерекқор құрылған. Болжау нәтижелері кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру үшін қолданылады.

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  желісі 59 оқу орнынан тұрады, соның  ішінде жалпы 31575 оқушы контингентімен 27 кәсіптік лицей және 32 колледж.

2009-2010 оқу жылында облыстың  техникалық және кәсіптік білім  беру ұйымдарында мемлекеттік  тапсырыс бойынша 6300 адам қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда  1331 адам. Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілердің - 37% үлесін алғандықтан, екінші деңгелі банктермен бөлінген жалпы несиенің - 41% алды. Өнеркәсіптік сектордың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері несиелік тартымдылық бойынша екінші деңгейлі банктер үшін орташа деңгейде тұр: олар үшін несие көлемі - 8% құрады, ал шағын және орта кәсіпкерліктің өнеркәсіптік субъектілері үшін -17% құрады.

13 - сурет – Павлодар облысындағы қала-аудан разрезінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының (заңды тұлға) даму динамикасы, 2008-2009 ж

 

“Компания Нефтехим LTD” ЖШС-мен жылына қуаттылығы 20 мың тонна полипропиленді және 30 мың тонна отынның октан санын арттыру үшін оттек қоспаларын өндіру жөніндегі кәсіпорынды салу жүргізіліп жатыр. Жобаға инвестициялар 32 млн. АҚШ долларын құрайды. Өндіріске арналған шикізат “Павлодар мұнай - химиялық зауыты” АҚ - нан төмендетілген мұнай газы түрінде келіп түседі.

“Қазақстан алюминийі” АҚ өз қаражаты есебінен қуаттылығы 400 мың тонна кальцияландырылған соданы өндіруді ұйымдастыру бойынша жұмыс  жүргізіп жатыр. Жобаның болжанатын құны – 128 млн. АҚШ доллары. Зауыт құрылысының басталуы 2008 жылға жоспарланды. Бірінші іске қосушылық кешенін аяқтау 2009 жылға, 400 мың тоннаға жобалық қуаттылыққа шығумен 2010 жылы көзделеді.

Кальцияландырылған сода металлургиялық салада және шыны өндірісінде қолданылды. Тек электролиз зауытында ғана кальцияландырылған содаға қажеттілік жылына 180 мың тоннаны құрайды.

2008 - 2010 жылдарғы кезеңде әлеуметтік - экономикалық дамудың олқылықты бағыттарындағы жобаларды іске асыру 427 млрд. теңге сомасында (3,5 млрд. АҚШ доллары) қосымша инвестициялардың түсімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 5 000 - нан астам жұмыс орындары құрылатын болады.

Өңірдің барлық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданылып жүрген өндірістерді қайта жаңғырту мен техникалық қаруландыру, ғылымға сыйымды және ресурс сақтаушылық технологияларды енгізу бойынша кешенді іс - шараларды өткізуде, қолданылып жүрген өндірістерді қайта жаңғырту мен техникалық қаруландыруға инвестицияларды салу жалғастырылады.

Машина құрылысында  түрлі бағыттардағы машиналар мен жабдықтарға қосалқы бөлшектер мен бейімдеулер өндірісін кеңейту жүзеге асырылады.

“Павлодар мұнай-химия  зауыты” АҚ - да сутегі өндірісі бойынша қондырғыларды салу жүзеге асырылып жатыр [7].

“Қазақстан алюминийі” АҚ - да зауыттың қуаттылығын жылына 1,8 млн. тонна сазбалшықты ұлғайту бойынша техникалық қаруландыру жүргізіліп жатыр. Жылына қуаттылығын 300 мың тонна сазбалшықты ұлғайту технологиялық үрдістерді автоматтандыру, моральдық тозған жабдықтарды неғұрлым үдемеліге ауыстыру есебінен шешіледі.

Ақсу ферроқорытпа зауытында  қуаттылығы жылына 100 - 130 мың тонна агломерациялық фабриканы салу көзделіп отыр, ол зауыттың сапалы шикізатқа қажеттілігін 80% - ға жабады.

“Богатырь Аксес Комир” ЖШС - де тау жұмыстарының имасы мен майданының көліктік сызбаларын қайта салу және жабдықтарды жаңғырту жалғастырылып жатыр

“Еуроазиаттық энергетикалық  корпорациясы” АҚ “Восточный”  кенішінде  аршылымды кешенде  қуаттылықтарды дамыту мақсатында аршылымды  кешеннің темір жолдарын электрлендіру  мен жолын дамыту бойынша жұмыс жалғастырылуда.

“Еуроазиаттық энергетикалық  корпорациясы” АҚ 2019 жылға дейінгі  кезеңге істеп тұрған жабдықтардың жағдайларында электр станцияларын қайта салудың кешенді бағдарламасы негізінде энергоблоктардың болжанатын қуаттылығын көтеру мақсатында техникалық қаруландыруды жүзеге асырады.

Энергоблоктарды қайта  салу көлеміне жаңа блоктық трансформаторларды, электр сүзгілерін, АСУ ТП, турбиналарды реттеу жүйелерін, қазандық және көмекші  жабдықтарды орнатумен қуаттылығын 300 МВт-дан 325 МВт - қа дейін ұлғайта отырып, турбогенераторларын айырбастау кіреді.

Қазіргі уақытқа № 4 және № 3 энергоблоктарын қайта салу жүргізілуде. Бағдарламаның іс-қимыл кезеңінде  “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы”  АҚ - мен 7 энергобокты жаңғырту жоспарланды. Содан басқа, № 2 энергоблокты қайта қалпына келтіру және № 9 бен № 10 энергоблоктарды салу жүргізіледі.

Облыста “Қазақстанның  даму банкі” АҚ, “Инвестициялық қор” АҚ, “Инновациялық қор”, “Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қоры” АҚ сияқты дамыту институттарымен  өзара іс-қимыл жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

2007 жылы қыркүйекте  “Қазына” орнықты дамыту қоры”  АҚ Павлодар облысының кәсіпорындары  үшін өңірдің инвестициялық жобаларын  қарау мақсатында ашық есіктер күнін өткізді. Облыстан іс - шараға 36 адамнан тұратын делегация қатысты. Делегациялардың құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірдің ірі және орта кәсіпорындарының басшылары кірді. Осы іс - шараның шеңберінде облыстың кәсіпкерлері барлық дамыту институттарының қызметімен және мүмкіндіктерімен аса тығызырақ танысуға, проблемаларын, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша әрі қарай перспективаларды талқылауға мүмкіндік алды.

Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)