Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 21:53, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Павлодар облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі заманғы жағдайы мен тұжырымдамалық сараптамасының негізінде нарықтық қарым-қатынас жағдайында оның дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталған:
- шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық алғы шарттарын зерттеу;
- шағын және орта кәсіпкерлік секторын сараптамалау мен зерттеудің құрал-жабдықтарын анықтау;
- аймақтың статистикалық деректерінің сараптамасын өткізу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын басқарудың әдістерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау;
- шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерінің басым бағыттарын анықтау.

Содержание

Кіріспе
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ескендирова Лаура.doc

— 999.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қоса, ұлттық валютада несиелеу көлемдері 13,0-ден 53,2 млрд теңге  дейін немесе 309,2%, ал шет елдік  валютада несиелеу көлемдері 9,9-дан 92,2 млрд теңге дейін немесе 9,3 есе  өседі. ШКС белгілі бөлігі несиелерді шетелдік валютада алуды ұнатады. Сөйтіп, 2004 жылы ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 36,6% тең болды, ал шетелдік валютада 63,4%. Осыған қарамастан, ШКС бөлінетін несиелердің үлес салмағы 31,9-тен 21,6% дейін төмендеді.

Азия даму банкінің (АДБ) қаржылық бағыты аймағында 67 жоба 37,7 млн  АҚШ долларына қаржыландырылады. ЕБРР займын игеру басында 20285 жоба 139,98 млн АҚШ долларына қаржыландырылды, оның 58,3% – микро несиелер (1915 жоба 81,57 млн АҚШ долларына) және 41,7% шағын несиелер (1134 жоба 58,41 млн АҚШ долларына). АДБ несиелік қаржыларына ауыл шаруашылық кісіпкерлерінің кең қол  жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында несиелерді беру құрылымы өзгертілді, яғни нақты несиелердің сомасынан айналым қаржыларын толықтыруға бағытталатын, несиелер үлесі 20-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды.

Сондықтан, екінші деңгейдегі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды: республикада ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жиынттық мөлшері 2007 жылдың ақпан айында 205 322 млн теңгені құрады

 


 

 

%

 

 

 

 

 

 

10 - сурет – Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу динамикасы, %

 

Екінші деңгейдегі банктердің аймақтары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрлымында дербес кәсіпкерлік қаласы – Алматы ең үлкен орынды алады. Ресми статистика мәліметтері бойынша (2009 ж.) Алматы қаласында 27677 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде сауда саласында – 13764 (50,3%), өнеркәсіпте – 2742 (9,8%), құрылыста – 2661 (9,5%), көлік пен байланыста – 1820 (6,5%), қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да қызмет түрлері – 6690 (23,8%).

Екінші деңгейдегі банктердің аймақтары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрлымында дербес кәсіпкерлік қаласы – Алматы ең үлкен орынды алады. Ресми статистика мәліметтері бойынша (2009 ж.) Алматы қаласында 27677 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде сауда саласында – 13764 (50,3%), өнеркәсіпте – 2742 (9,8%), құрылыста – 2661 (9,5%), көлік пен байланыста – 1820 (6,5%), қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да қызмет түрлері – 6690 (23,8%).

Екінші деңгейдегі банктердің аймақтары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрлымында дербес кәсіпкерлік қаласы – Алматы ең үлкен орынды алады. Ресми статистика мәліметтері бойынша (2009 ж.) Алматы қаласында 27677 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде сауда саласында – 13764 (50,3%), өнеркәсіпте – 2742 (9,8%), құрылыста – 2661 (9,5%), көлік пен байланыста – 1820 (6,5%), қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да қызмет түрлері – 6690 (23,8%).

Жеке кәсіпкерлер ретінде  тіркелгендер – 2060 адам, 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48%-ға көп. Бұл аталған сандар Алматы қаласында  шағын және орта бизнестің қарқынды дамуын қөрсетіп отыр. Алайда республиканың басқа да аймақтарында даму жағдайлары байқалуда.

Қарастырып отырған  мерзім аралығында екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке  экономика салалары бойынша несиелер құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Мәліметтерден көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жартысынан астамы сауда саласындағы кәсіпорындарға жұмсалды.

 

 

11 - сурет 2009 жылы экономика саласы разрезінде екінші деңгейлі банкпен шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несие көлемі

 

Қазақстандық коммерциялық банктер жалпы 2009 жылы 57 млрд теңге көлемінде несие берді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне тиетін үлес 20-30%-дан аспайды. Мысалы: 2008 жылғы есептегенде барлық деңгейдегі борыштар сомасы 1,5 трлн теңгеге жеткен. Сондықтан банкер нақты секторды несиелеудің орнына  құнды қағаздар нарығында қызмет еткенді дұрыс көреді. Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру және оның рөлін көтеру дамыған елдерге ғана емес, сонымен бірге Азия, Африка және Латын Америкасына көптеген дамушы мемлекеттеріне тән екендігін атап өту қажет. Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында ұсақ өндірісті дамыту және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады.

Сауда қызметі шағын  кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік, себебі үлкен капитал жұмсалымын, тауарлы-материалды запастарды қажет  етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез шалымдылығын қамтамасыз етеді.

Шағын және орта бизнес субъектілерін  қаржыландыруды жандандыру отандық  экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шешеді: өндіріс өнеркәсібін модернизациялауды және кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығарады, жұмыс орны санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін көтереді.

 

 

12 - сурет – 2007жылдағы екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелері, %

 

Барлығына мәлім, шет  мемлекеттердің тәжірибелері көрсеткендей, кәсіпорынды қаржыландырудың кең  таралған көздерінің бірі – коммерциялық банктердің жеке инвестициялары болып  табылады. Банктiк несиеге деген сұраныс күннен-күнге өсуде, ал оған шағын бизнес субъектiлерiнiң қол жеткiзе алмауы көкейтестi мәселелердiң бiрi болып отыр. Әлеуметтiк-экономикалық ақпарат және жобалау институты жүргiзген сауалнама бойынша Қазақстанның шағын бизнес субъектiлерiнiң 84% несиеге тәуелдi екендiгiн көрсеткен. Сондай-ақ осы институттың мәлiмдеуi бойынша банктен алынатын несиелер мына мақсаттар үшiн жедел қажет:

- айналым қаражаттарын толықтыру – 63,5 %;

- құрал-жабдықтарды ауыстыру және жөндеу – 42,9 %;

- ғимараттарды салу және жөндеу – 25,4 %;

- жалақыны өтеу – 3,2 %;

- жал және коммуналдық қызметтердi өтеу – 2,1 %.

Банктер алдында тұрған бiрден-бiр мәселе несиелiк саясатын түзету ғана емес, сонымен қатар  несиелеу процесiн ұйымдастыру мәселесiн  де шешуi керек сияқты. Көбiнесе отандық коммерциялық банктердiң шағын бизнестi несиелеуде – мынадай тәжiрибесiн, яғни жобалық қаржыландыру мен активтермен несиелеуiн айта кеткен жөн. Нәтижесiнде қамтамасыз етiлген несие-табысты бизнеске, жақсы қаржылық көрсеткiштерi бар белгiлi бiр қарыз алушы типiне несие берiледi. Бұл шын мәнiнде өте қатаң талап, көптеген қарыз алушылардың мұндай талапты несие түрiне қол жеткiзуi мүмкiн емес. Осыған қарамастан банк несиелерiнiң 70% стандартты деп алынса, ал қалған 30% күмәндi және үмiтсiз несиелер қатарына жатқызылады.

Осы ретте  шағын және орта  бизнес үшiн қаржы көзi болып  екінші деңгейдегi коммерциялық банктер  мен қорлар табылса, шағын және орта  бизнестi жандандыру үшiн берiлетiн  несие әдiстерiн жетiлдiрiп қана қоймай, сол шағын бизнес субъектiлерiне қарыз қаражаттарды алу мен табу көздерiн iздестiрудi де ойлау қажет. Бүгiнгi күнi Қазақстан шағын және орта  бизнестi несиелеу бағытындағы өзiнiң азғана жиған тәжiрибесi бойынша шағын бизнес субъектiлерiмен банктерден алынған қаржы-қаражаттарын тиiмдi пайдалана алмай отырғаны белгiлi. Ал, халықтан әр түрлi қаражат тарту (жергiлiктi деңгейде) өзiнiң корпоративтi бағалы қағаздарын шығару, басқа да iрi компаниялар субъектiлерiмен бiрiккен консорциумдар құру, мүмкiн шағын бизнестi басқарудың жетiлуiне, акционерлiк ұжымдық шешiм түрiнде орта бизнес кәсiпорындарына айналуына жол ашылатын едi. Бiрақ, бұл жағдайда кәсiпорынның өзіндік  тәжiрибесi мен меншiктi бағалы қағаздары жоқ болғандықтан тағы да қиындыққа кездеседі.

Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%).  Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан – 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр, яғни несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.

Сонымен қатар, банктік  нормативтер де шағын бизнесті қаржыландыруға олардың ынтасы төмен. Қазіргі кезде аймақтарда: ұсақ сауда орнын, тамақтандыру саласы сияқты өте қарапайым жобалар ғана ұсынылады.

Елде отандық шағын  және орта кәсіпкерліктің тиімді дамуы  үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, ШОБ  субъектілері жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды.

Сонымен қатар, шағын  және орта бизнесті несиелеудің және қаржыландырудың мынадай жүйесін  құруды ұсынуға болады:

  1. Ең басты міндет – ол шағын және орта кәсіпорындарын несиелеу мен қаржыландыру көлемін ұлғайту.
  2. Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша нақты шараларды қолға алу.
  3.   Шағын бизнес субьектілерінің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары шағын және орта бизнес кәсіпорындары алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру.
  4. Банк қызметін қайта құру керек. Мемлекеттің шағын және орта бизнесті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін қалыптастыру.
  5. Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет.

Аталған мақсаттарды  орындау үшін шағын кәсіпорындарға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде   бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен қатар, соманың қайтарымдылығына кепіл беретін сақтандыру қорының жүйесі болуы шарт.

Шағын және орта бизнесті несиелеуді қолдауда кешендік көзқарастың  қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың  кепілі бола алады.

Мемлекеттік қолдау мен реттеуді бір ізді әлеуметтік әділеттік принципі орнығуы тиіс. Шағын және орта бизнесті несиелеуді өзінің дамуына байланысты  алғышарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж.

Олар:

- тұтынушылық тауарлар мен қызметтер ассортиментін көбейту және өндіріс көлемін ұлғайту;

- халыққа қажет тауарлар мен қызметтердің өндірісін шұғыл ұйымдастыру;

- экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін (аз сериялы, бөлшек) қолға алып, өнім шығару және осының есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру;

- қосымша әрі көмекші өндірісті жандандыру;

- нарық сұранысына ыңғайлы және шұғыл жұмыс істейтін өнім түрлерін шығару арқылы қоғамдық өндірістің көлемін ұлғайтып, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ету;

- жаппай жұмыссыздықты ауыздықтауға көмектесу;

- экономикадағы бәсекелестікті дамыту тағы басқалар жатады.

Қазақстанның танымал  экономист-ғалымдары шағын кәсіпкерліктің мәселелерін терең қарастырғанда, оның өтпелі экономикадағы маңызын белгілеп берді.

Шағын кәсіпкерлікті  дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде  кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі  заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, фермерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.

Шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік  шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.

Импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған алаңдарында  шағын бизнес кәсіпорындарын орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөнінде ұсыныстар кәсіпорын бағдарламаларына енгізілуі тиіс.

  1. Шағын кәсіпкерліктің сыртқы ортасының факторларын басқару дегеніміз – шағын кәсіпорынның қызметіне аса қажетті сыртқы ортаның жаңа элементтерін (мысалы, ірі және кіші бизнес арасындағы кооперациялық байланыстар жүйесі) құрып, бүгінгі күнге дейін қалыптасқан факторларының озығын жетілдіру және келеңсіздеріне тосқауыл қою.
  2. Жекелеген шағын кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсету – арнайы инфрақұрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

- қаржылық институттар (шағын кәсіпкерлікті қолдау қорлары, арнайы банктер, қаржы сақтандыру қорлары);

- лизинг компаниялары;

- бизнес - инкубаторлар, технопарктер, кластерлер, өнеркәсіп компаниялары және тағы басқалары;

- шағын кәсіпкерлікті дамытудың агенттіктері мен орталықтары;

- технологияларды тарату орталықтары;

Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)