Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 21:53, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Павлодар облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі заманғы жағдайы мен тұжырымдамалық сараптамасының негізінде нарықтық қарым-қатынас жағдайында оның дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталған:
- шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық алғы шарттарын зерттеу;
- шағын және орта кәсіпкерлік секторын сараптамалау мен зерттеудің құрал-жабдықтарын анықтау;
- аймақтың статистикалық деректерінің сараптамасын өткізу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын басқарудың әдістерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау;
- шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерінің басым бағыттарын анықтау.

Содержание

Кіріспе
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ескендирова Лаура.doc

— 999.00 Кб (Скачать документ)

2008 жылы қала тұрғындары  шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың жалпы саны 34103 адам құраған болатын. Оның ішіндегі заңды тұлғалардың құрамында – 16058 адам, жеке кәсіпкерлер -17947 адам, шаруа қожалықтарында – 98 адам.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен 2008 жылы 6,1 млрд. теңге сомасында немесе 2007 жылдың деңгейіне 104 %  салық бюджетке түсті.

2008 жылы шағын және  орта бизнес субъектілерімен  барлығы 57,3 млрд. теңге сомасында өнімдер өндірілді, жұмыстар атқарылды, қызмет көрсетілді.

Шағын және орта бизнес субъектілер  көрсеткіштерінің төмендеу беталысы 2008 жылы әлемдік қаржылық дағдарыстың әсер етуіне байланысты, және ШОС үшін екінші деңгейдегі банктермен займдарды беру шарттарының күшеюінен, сонымен қоса  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер өтімінің қысқару салдарынан байқалады.

2009 жылы шағын  және орта бизнес субъектілерімен  жалпы өнім  өндірісі 119,339 млрд. теңге,  немесе 2008 жылы оның ішінде заңды  тұлғалармен-70,116 млрд. теңге, жеке  кәсіперлермен -21,465 млрд. теңге, ауылшаруашылық қожолықтарында-27,758 млрд. теңгені құрады.

2009 жылы шағын  және орта бизнес субъектілерімен  жалпы өнім  өндірісі 119,339 млрд. теңге,  немесе 2008 жылы оның ішінде заңды  тұлғалармен-70,116 млрд. теңге, жеке  кәсіперлермен -21,465 млрд. теңге, ауылшаруашылық қожолықтарында-27,758 млрд. теңгені құрады.

2008 жылы қала тұрғындары  шағын және орта кәсіпкерлікпен  айналысатындардың жалпы саны 34103 адам құраған болатын. Оның  ішіндегі заңды тұлғалардың құрамында  – 16058 адам, жеке кәсіпкерлер -17947 адам, шаруа қожалықтарында – 98 адам.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен 2008 жылы 6,1 млрд. теңге сомасында  немесе 2007 жылдың деңгейіне 104 %  салық  бюджетке түсті.

2008 жылы шағын және  орта бизнес субъектілерімен  барлығы 57,3 млрд. теңге сомасында өнімдер өндірілді, жұмыстар атқарылды, қызмет көрсетілді.

Шағын және орта бизнес субъектілер  көрсеткіштерінің төмендеу беталысы 2008 жылы әлемдік қаржылық дағдарыстың  әсер етуіне байланысты, және ШОС үшін екінші деңгейдегі банктермен займдарды  беру шарттарының күшеюінен, сонымен қоса  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер өтімінің қысқару салдарынан байқалады.

Облыста тіркелген шағын  кәсіпорындар саны 8 537 немесе 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 103,9% құрады. Тіркелген кәсіпорындар санының өсуі  Павлодар ауданында – 107,4%, Ақсу қаласында – 105,3%, Павлодар қаласында – 104,6%, Шарбақты ауданында - 103,1%.

 

1 - кесте – 2008 - 2009 жылдардың 1 наурызына Павлодар облысының қалалары мен аудандары бойынша шағын бизнес кәсіпорындары дамуының көрсеткіштері

 

 

Қалалар мен аудандар атаулары

Шағын бизнес кәсіпорындарының тіркелген  саны

Жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны

Шағын бизнестегі белсенді кәсіпорындардың

саны

1.03.2008

1.03.2009

09-08 %

1.03.

2008

1.03.

2009

09-08 %

1.03.

2008

1.03.2009

09-08 %

Ақтоғай

23

23

100,0

12

11

91,7

8

5

62,5

Баянауыл

84

83

98,8

48

43

89,6

22

22

100,0

Железинка

34

34

100,0

20

17

85,0

15

14

93,3

Ертіс

56

56

100,0

27

25

92,6

22

22

100,0

Қашыр

44

43

97,7

17

21

123,5

12

15

125,0

Аққу

24

23

95,8

11

10

90,9

6

7

116,7

Май

17

16

94,1

11

8

72,7

3

4

133,3

Павлодар 

95

102

107,4

61

64

104,9

28

29

103,6

Успенка

32

29

90,6

19

12

63,2

10

8

80,0

Щербақты

65

67

103,1

42

45

107,1

33

29

87,9

Ақсу.қ

151

159

105,3

87

87

100,0

34

41

120,6

Екібастұз

қаласы

1518

1550

102,1

974

896

92,0

445

431

96,9

Павлодар

қаласы

6394

6687

104,6

3791

3803

100,3

1541

1694

109,9

Барлығы:

8537

8872

103,9

5120

5042

98,5

2179

2321

106,5


 

Тіркелген кәсіпорындар санының неғұрлым төмендеуі Успен  ауданында (90,6%), Май ауданында (94,1%), Аққу (95,8%), және Ертіс (97,7%) аудандарында байқалды.

Облыста жұмыс істеп  тұрған шағын бизнес кәсіпорындарының саны 5042 құрады. Жұмыс істеп тұрған  кәсіпорындар санының өсуі  Қашырда (123,5%), Павлодар  (104,9%) және Шарбақты (107,1%) аудандарында байқалады. Елеулі төмендеу Успен  (63,2%), Май (72,7%), Железин (85,0%), Баянауыл (89,6%), Аққу (90,9%)  және Ақтоғай (91,7%) аудандарында байқалды.

Ақтоғай ауданында тіркелген 23 заңды тұлғаның 5 кәсіпорны  (22,7%) белсенді жұмыс істейді, қалғаны 18 (77,3%) өз қызметін уақытша тоқтатты, алайда тіркеліп, салықтық есеп береді. Баянауыл ауданында тіркелген 83 шағын бизнес кәсіпорнының  22 (барлық тіркелгеннің 26,5%) белсенді жұмыс істейді. Железин ауданында  34 тіркелген кәсіпорынның 14 белсенді жұмыс істейді (40,6%), Ертіс ауданында  56 – 22 (40,7%),  Қашыр  ауданында 43 – 15 (34,1%), Аққу ауданында 23 – 7 (30,4%),  Май ауданында 16 – 4 (25%),  Павлодар ауданында 102 – 29 (29,3%),  Успен ауданыда 29 – 8 (26,7%), Шарбақты  ауданыда  67 – 29 (43,8%).

Павлодар қаласы бойынша 2009 жылғы ақпанда тіркелген 6 687 шағын бизнес кәсіпорнының  белсенді саны 1 694 (25,3%) құрады,  Ақсу қаласы бойынша 159 – 41 (25,7%), Екібастұз қаласы бойынша 1 550 – 431 (27,8%).

Ағымдағы жылғы  қаңтарда екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес субъектілеріне берген кредиттер көлемі 2008 жылдың қаңтарына қарағанда  50,8% төмендеп, 1,2 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 33,3%.


 

 

 

 

 

 

 

6 – cурет – 2007 - 2009 жылдар аралығында негізгі қызмет салалары бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес субъектілеріне берілген кредиттердің құрылымы, млрд. тенге

 

ҚР Ұлттық Банкі Павлодар филиалының мәліметі бойынша, кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарға сұранысы төмендеуінің негізгі себебі, жоғары сыйақы мөлшерлемесі, кірістерді растау қажеттілігі, жылжымайтын мүлікті кредитпен қамтамасыз ету ретінде кепілдікке беру қажеттілігі, жылжымайтын мүліктің және басқа да кепілдікпен қамтамасыз ету нарықтық құнының төмендеуі болып табылады.

Кредиттердің осы санаты бойынша, жалпы қарыз 2009 жылғы 1 қаңтарда  48,7 млрд. теңгені құрады, бұл базалық көрсеткіштен 2,7 млрд. теңге немесе 5,2 % төмен.

2008 жылы «Даму» Қоры арқылы шағын және орта бизнес жобаларын кредиттеуге 2,2 млрд. теңгенің (соның ішінде облыстық бюджеттен - 800,0 млн. теңге) 2,06 млрд. теңге (93,6%) сомасына 105 бизнес жоба нақты қаржыландырылды.

2009 жылы облыс қалалары мен аудандары бюджеттері семинарлар, форумдар, көрмелер, қолөнер курстарын өткізуге, кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға 13, 419 млн. теңге бөлінді.

Облыста  шағын және орта бизнес үшін, әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі комиссия жұмыс істейді, жұмыс қорытындылары бойынша, ағымдағы жылы жер учаскелерін рәсімдеу мерзімдерін 120 күннен болжамды 60 күнге дейін қысқартуын қарастырған шешім қабылданды.

Сонымен қатар № 72/5 16 наурыз 2009 жылы қаулысы қабылданды. Кеңестің негізгі міндеті мемлекеттік - жеке әріптестік тетіктерін оңтайландыру, экономиканың бәсекелес салаларын және дағдарыс құбылыстарын еңсеруге  бағытталған кәсіпкерліктің іскер белсенділігін дамыту үшін, жағдайлар жасау болып табылады.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен семинар кәсіпкерлерді жоғары оқу орындары, ауыл шаруашылығының ғылыми - зерттеу институты ғалымдарының егін шаруашылығы және мал шаруашылығы облысында ғылыми - тәжірибелік әзірлеулерімен таныстыру, олардың іс жүзінде қолдану перспективаларын талқылау, кәсіпкерлер мен облыстың ғылыми құрылымдары арасында іскерлік ынтымақтастықты ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинардың материалдары «Ауылшаруашылық өндірісіндегі инновациялық технологиялар бойынша практикалық ұсынымдарға» келтірілді.

Павлодар облысында  шағын және орта бизнесті дамытуды талдау (2-кесте), ол өсімге тұрақты беталыс алады деп, тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпкерліктің саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер экономиканың осы секторының орнықты дамуы туралы куәландырады. Өз кезегінде, осы сектордың дамуы әлеуметтік шиеленісті төмендету және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету факторы болып табылады.

 

2 - кесте – 2008-2009 жылдар аралығында облыста шағын кәсіпкерлігінің даму көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2008 ж

2009ж

2008 ж. 2009 ж.қарағандағы %

Белсенді ШКС саны (мың бірлік)

26,1

25,28

96,9

ШБ саласында жұмыс істейтіндердің саны (мың адам)

78,8

76,7

97,3

ШКС шығарылатын тауар, жұмыс және қызметтің көлемі (млрд.тенге)

100,9

102,6

101,7

ШКС түскен салықтар мен төлемдер (млрд. тенге)

17,2

17,9

104,1

ШКС екінші деңгейлі банктерге берілген несиесі (млрд. тенге)

70,5

29,6

42,0


 

2 – суреттегі деректерді талдай келе, шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны ұдайы өсіп келе жатқандығын байқауға болады, 2008 жылы бұл сан 72 545 - ке дейін өсті, 2007 жылдан 112,3% - ды құрайды. 2009 жылы өткен жылдардың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар санының өсуі жоғары болды және 82,6 мың адамды құрады немесе 2008 жылдың деректерімен салыстырғанда өсім 114%.

Облыста іске асырылып жатқан, мемлекеттік қолдау шараларының кешені өңірде шағын және орта бизнесті түсушілік дамытуға тиімді жәрдем көрсететіндігін атап өту қажет. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша, әрі қарай жұмыста акцент қаржылай қолдаудың қазіргі заманғы кредиттік-инвестициялық механизмдерді–лизингті пайдалануға, венчурлік инвестициялауға, шағын кәсіпорындармен инвестицияларды тартудың кепілдендірілген механизмдерін дамытуға, шағын кәсіпкерліктің инновациялық әлеуетін іске асыруға, жәрдемдасуге жасалуы тиіс.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп  департаментінің болжамдары бойынша 2008 жылы шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны төмендемейді және 86,84 мың адамды құрайды. Мемлекеттік мекемелер тарапынан тексерулерді қысқарту туралы айтылған Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жұмыспен қамтылғандар саны аса көп өседі деп болжауға болады.

 

 

7 - сурет – Шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны

 

Облыс аумағында ірі  өнеркәсіптік кәсіпорындардың көп  саны бар және шағын бизнесті дамыту, олармен тығыз бірігуде болуы мүмкін. Бұған мысал: 1999 жылы құрылған кәсіпорын - “Аспап” ЖШС бола алады. Оның қызметі болып, ауыл шаруашылығына арналған гуминді препараттарды және мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде қолданатын көмірсілтілік реагенттерді шығару болды. Барлық осы өнімдер көмір өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарынан өндірілді. Осылайша, кәсіпорын Республиканың мұнай саласын бұрын шетелден сатып алуға тура келген көмірсілтілік реагентпен жартылай қамтамасыз ете алды, осының арқасында, кәсіпорында 18 жұмыс орны ашылды.

Барлық шикізат Екібастұз қаласы қоршап отырған, үлкен көлемдегі көмір өндірудің қалдықтары болды. Өкінішке орай, дұрыс басқара алмағандықтан кәсіпорын банкротқа ұшырады, бірақ, ол шағын бизнес ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс - әрекет жасауда қалай дами алатындығына айқын үлгі бола алады. Әсіресе, бұл басқа қандай да бір қалаға емес, Екібастұз үшін өзекті, өйткені, қала экономикасы алып құрайтын: көмір және энергетикалық кәсіпорындардың жұмысына байланысты болады. Олардағы өндірістің көлемі тұрақты емес және болашақта ол халыққа қызмет көрсетуге (кафе, дүкендер және т.б.) бағдарланған шағын бизнес кәсіпорындарының тағдырына қауіп туғызады. Сонымен бірге, қалада бос өндірістік үй-жайлар, білікті кадрлар жеткілікті, өңір тек көмірмен ғана бай емес, сонымен бірге, басқа да шикізат ресурстарына да бай.

Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)