Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 21:53, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Павлодар облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі заманғы жағдайы мен тұжырымдамалық сараптамасының негізінде нарықтық қарым-қатынас жағдайында оның дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталған:
- шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық алғы шарттарын зерттеу;
- шағын және орта кәсіпкерлік секторын сараптамалау мен зерттеудің құрал-жабдықтарын анықтау;
- аймақтың статистикалық деректерінің сараптамасын өткізу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын басқарудың әдістерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау;
- шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерінің басым бағыттарын анықтау.

Содержание

Кіріспе
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ескендирова Лаура.doc

— 999.00 Кб (Скачать документ)

Көптеген кәсiпкерлер, бiр жағынан, өндірісті жүргiзудегi қиындықтарға, шенеунiктiк прессинкке, өте жоғары салыққа шағым айтуда. Ал екiншi жағынан, өндiрiстi жаңғыртумен, маркетингтiк зерттеулермен, жаңа өиiм түрлерiн әзiрлеумен, оның жарнамасымен мүлдем айналысып жаткан жоқ. Кәсiпорынның стратегиялық мiндеттерiн қальптастыра бiлмейдi, өндiрicтің тиiмділігін арттыру жөнiнде сындарлы шаралар ұcынa aлмайды. Бұл фактiнi ғылыми тұрғыдан көрсету емес, бұл жолдардың авторы бiрталай уақыт бойы кәсiпкерлiкпен белсендi түрде айналысқан, шағын бизнестің жұмыс iстеуiнің проблемалық нүктелерiн iштен біледi.

Он бес жыл  бойы белсендi мемлекеттiк қолдау отандық  кәсiпкерлiктің сандық ipгетасын қалауға  мүмкіндік бердi, бiрақ бизнестiң  толыққанды сапaлы дамуына ықпал  ете алған жоқ, кәсiпкерлiктiң прогрессивтi рухын қалыптастыруға ынталандыра  алмады. Кәсiпкерлiк – сатып алу сату емес, өндiрiстi дамытудың жаңа жолдарын ұдайы iздеу, ықтимал тұтынушьлар үшiн күресте қызметтеp керсету сапасьн ұдайыI арттыру.

Кәсiпкерлiк  пен атқарушьлық құрылымдардың  өзара ic-қимьлы проблемаларын кeңiнeн  жария етудің мемлекет ұсынған тiптi орталық құқық қорғау органдарына дейiн жүгiнy мүмкiндiгi - бiздiң жағдайда қoғaмдaғы жайсыздардың үстінен өсек айту идеологиясына, керенаулық, кейiпке оралуға әлеуетті ықпал етедi. Сауда-делдалдық операцияларға қатысатын кәсiпкерлер жiгi "қысым көрушiлердi" қорғау үшiн жиi арызданады, негiзiнен, бағалау бойынша мемлекет ескермеген колма-қол қаржы айналымы республиканың қалған бөлiгiн жиьштьқ ақшалай көлемiне ic жүзiнде баламалы Алматы каласынан арыз көбiрек келiп түседi. Бұл ретте "айыптаушы" мемлекеттiк органдар өздерiнің дәлелденбеген кiнәларын үдетпеу үшiн үндемей қaлуды жөн көредi.

Қазакстанда epкiн  өзгермелi айырбас бағамы режимiн  енгiзу және импорт алмастыруды дамыту жөнiндегі шаралар отандық импортты сатып алу сату саласындағы мамандардың көрсеткiштерiн төмендетудің және кәсiпкерлiктің өндiрiстiк емес секторының популистiк саяси қызметiн жандандырудың басты макро алғышарттары болып табылады.

Ағымдағы жағдайда мемлекеттің стратегиялық мақсаттары тұpғысынан шағын бизнестi дамытудың  жаңа кезеңiне өту қажет. Кәсiпкерлiк мәселелерiнде мемлекеттiк саясатты өндiрiстiк қызметтi қолдауға, қазақстанды, шағын экономиканың жаңа бәсекеге қабiлеттi мүмкiндiктepiн iздестiруге қайта бағдарлау қажет. Жаңа кезеңде өндiрiстiк шағын бизнес субъектiлерiнiн кооперациясын өзара да, неғұрлым ipi кәсiпорындар арасында да белсендi түрде қолдау, сондай-ақ салалық және cалааралық негiзде кәсiпкерлердiң қогғамдық бiрлестiктерiн құруды көтермелеу талап eтіледі.

Әлемдiк тәжiрибе, сондай-ақ, бiздің реформамыздың тәжiрибесi материалдык өндiрiс саласындағы ұсақ кәсiпкер сауда-делдалдык және монополиялық құрылымдар тарабынан бәсекелестiкке төзе алмайтын болып шыққанын көрсеттi. Бұдан басқа, Қазақстанда талап етiлетiн және бәсекеге қабілетті өндiрiстiк кәсiпкерлiктің қалыптасынa елеулi көмек кepceтyi мүмкiн кызметтер көpceтудiң толыққанды жеке секторы жоқ.

Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыру – Қазақстан Республикасында  жүзеге асырылатын реформалардың мәні. Әлемдік нарықтық экономиканың тәжірибесі қазіргі заманғы нарықтық қарым-қатынас іс жүзінде қандай да болсын елде мемлекетік заңнамалармен реттеледі.

Қазақстанда кәсіпкерліктің шағын мен орта бизнестің ойдағыдай жұмыс істеуі үшін  берік заңнамалық базасы бар.

Кәсіпкерліктің жұмыс ітеуінің заңнамалық негізін беретін бірінша заң 1990 жылы желтоқсанда қабылданған «Қазақ КСРО шаруашылық қызметтің еркі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» Заңы болды.

1992 жылы «Жеке кәсіпкерлікті  қорғау және қолдау туралы»  Заңы қабылданған болатын,  онда  жеке кәсіпкерлік – ол азаматтың өз меншігіне және оның атынан өз тәуекеліне және оның мүліктік немесе ұжымдық меншік жауапкершілігіне (жеке кәсіпкерлік) негізделген, оның атынан тәуекелге, заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігі (ұжымдық кәсіпкерлік) бойынша жүзеге асырылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен табыс алуға немесе жеке кіріс алуға бағытталған азаматтардың қызметі.

1995 жылғы 30 тамызда  қабылданған Қазақстан Республикасының  Конституциясында әр азаматтың  кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықты жариялаған 25 - баптың 4 - тармағы ерекше аталған.

Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 17 тамыздағы № 912 қаулысымен 1994 - 1996 жж. арналған Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытуды іске асыру жөніндегі тапсырмалар мен іс-шаралар жоспары бекітілді. ҚР Үкіметінің 1996 - 1998 жж. арналған экономикалық реформаларды тереңдету бойынша іс-қимылдар бағдарламасы қабылданды. Содан кейін, ҚР Президентінің 1996 жылғы 14 маусымдағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығының мемлекеттік кепілдіктерін іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» және 1997 жылғы 6 наурыздағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және дамытуды белсендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтары қабылданды.

Бірақ, шағын және орта бизнесті қызмет етуі мен қызметін заңнамалық түрде белгілейтін ең маңызды құжат ҚР 27.12.1994 ж. Азаматтық кодекс және ҚР 19.06.1997 ж. № 131 - 1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы болып табылады.

Ең алдымен, ҚР 19.06.1997 ж. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңын аса толығырақ қарастырамыз. 3 - бапта кім кәсіпкерлік субъектісі бола алатындығы айтылады: «50 - ден көп емес жұмыскерлердің орта жылдық саны бар және 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес, жылына активтің жалпы құны бар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен заңды тұлға білімі жоқ жеке тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады».

Заңда сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары айтылады, ондай нысандар бесеу, олар:

- толық серіктестік;

- коммандиттік серіктестік;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

- өндірістік кооператив.

Осы құжатта 16 - бабында қазіргі заманғы жағдайдағы тағы да бір маңызды фактор айтылады, ол шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметіне орынсыз араласпаудан кепілдіктер. Осы бапта мемлекеттік органның кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметіне араласуы айқын белгіленген.

ҚР Үкіметінің осы  маңызды мәселесін реттеу үшін «Мемлекеттік органдармен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесі» әзірленді.

Соңғы кезде, мемлекет Республикада кәсіпкерлікті ойдағыдай дамыту үшін берік заңнамалық базаны құрып көргісі келетінін айтқан маңызды. Сонда да, шағын кәсіпкерлікті заңнамалық қамтамасыз ету облысындағы айқын жетістіктерге қарамастан, бүгінгі күнге шағын және орта бизнесте берік заңнамалық база жоқ. Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қызметтің түрлі аспектілерін реттейтін, қолданылып жүрген нормативтік-заңнамалық негіздерді талдау маңызды кемшіліктердің бар екендігін куәландырады. Кейбір заңнамалық актілерде принципті қарама-қайшылықтар орын алады.

Сонымен, мысалы, Қазақстан Республикасында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінде шағын кәсіпорындарға да ірі бизнеске де бірдей айыппұл мөлшерлері көзделеді. Шағын кәсіпкерлік қызметтің субъектілеріне қатысты әкімшілік нормларды қолдану тәжірибесі бақылау жасаушы органдардың жұмысы бизнес субъектілері тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алуға емес, бұзушылық фактілерін көрсетуге, демек – мүлде қиратылып бара жатқан, бекітіліп болмаған бизнесті көтермейтін айыппұлдар салуға бағытталған.

Түрлі құқық бұзушылықтарға айыппұлдарды белгілейтін баптарда, көп жағдайда заңды тұлғалар үшін аса үлкен диапазонда (5 - тен 10 айлық еңбек көрсеткіщші (бұдан әрі АЕК) дейін) айыппұл санкцияларының «Шанышқысы» беріледі. Бірқатар баптарда тек үстінгі шектері ғана – 1 000 АЕК дейін белгіленген, бұл санцияның белгісіздігін тудырады. Әр жекелеген жағдайда, айыппұлдың нақты мөлшерін таңдау оны салушы лауазымды тұлғаға қалады. Айыппұл ставкаларын ұлғайту кәсіпкерді не заң бойынша төлеу, едәуір аз парамен өтеуін беріп құтылуды таңдауға итереді. Шағын және ірі кәсіпорындарға қатысты айыппұл санкциялары бойынша бірыңғай көз-қарасты орнату шағын және ірі бизнесті тең емес жағдайға қояды.

Тұтастай алғанда, баптардың қатарында, әсіресе, салықтық құқық бұзушылықтарға қатыстылары бір жыл ішінде қайталап жасаған бұзушылық кезінде, ауырлататын салдарлармен айыппұл санкцияларын қолдануды белгілейді. Шамадан тыс асырған айыппұлдарды қолдану, ақшалай қаражатты айналымнан айтарлықтай тартып алуға әкеледі және кәсіпкерді, әсіресе, шағын бизнес саласында бүліншілікке ұшырау қауіпіне қояды.

Сонымен бірге, шағын  бизнес туралы заңдардың көп түрлілігіне  қарамастан, олардың көбі сәйкес келмейді, ал тіпті көбі бір - бірімен қарама - қайшыға шығады да. Мысалы, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңның 4 - бабының жаңа редакциясында шағын кәсіпкерліктің өлшемдерін анықтай отырып, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңға қарама-қайшы шықты. Осы Заңның 3 - бабы да шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемдерін белгілейді және ең бастысы, осы өлшемдер сәйкес келмейтіндігінде жатыр. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңның 3 - бабы 6 - тармағына сәйкес, егер, бір немесе бірнеше заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісінің өлшемдеріне түсетін шаруашылық серіктестігін құрған жағдайда, онда құрылатын субъектінің жарғы капиталындағы олардың үлесі 25% аспауы тиіс. Осындай шектеулер «Шағын кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңда жоқ. Іс жүзінде бұл жағын кәсіпкерлік субъектісін анықтауда дауларды туғызуы мүмкін.

Бірақ, заңнамалық қамтамасыз етудегі теріс сәттерге қарамастан, соңғы жылдары ҚР -да шағын бизнесті дамыту үшін позитивтілер көп жасалынғанын тура айту керек. Сонымен, 2002 - 2003 жылдары Қазақстан Республикасының салық кодексіне шағын және орта бизнес субъектілері үшін, салық ауыртпалылығын әрі қарай төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылай, ҚР салық кодексінің жекелеген бөлімімен салық жүктемесін, соның ішінде, шағын бизнес субъектілеріне, шаруа, фермер қожалықтарына, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші - заңды тұлғаларға қатысты айтарлықтай төмендететін және салық салу жүйесін жеңілдететін арнайы салық режімі көзделеді.

2005 жылғы 18 ақпандағы  Елбасының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы. Осыған сәйкес, бизнес-қауымдастықтар өкілдерімен, мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарымен бірлесе отырып, 2006 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң әзірленіп, қабылданды.

Осы Заңның өзектілігі мен  қажеттілігі шағын кәсіпкерлікті  дамыту Республика экономикасындағы реформалардың желісі болып табылатындықтан күмән туғызбайды. Құжат бүгінгі таңда бар кәсіпкерлікті қызметті реттеудің құқықтық негізінің жетілдірілген нысанын білдіреді.

Заңда кәсіпкерлердің тәжірибесі мен білімін нығайтуға мүмкіндік беретін бизнес пен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа типі ұсынылған. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған кезде бизнес-қоғамдастықтардың мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимыл жасау үшін, барлық деңгейдегі кәсіпкерлік бірлестіктер құрылымданатын болады. Заңмен енгізілетін жаңалық кәсіпкерлерге орталықтың да, жергілікті мемлекеттік органдардың да, норма түзушілік қызметіне қатысуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлердің норма түзушілікке шынайы қатысуы, олардың сараптама кеңестерінде ресми өкілдігі қажет. Осыған байланысты, осы заңмен кәсіпкерлер бірлестіктерін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы сараптама кеңестерінің жұмысына қатысуға аккредиттеу көзделген. Жеке кәсіпкерлікті жүйелі норма түзушілік жұмысқа барынша тарту мемлекеттік органдардың да сол сияқты кәсіпкерлердің өзін де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау кезінде жауапкершілігін күшейтеді. Содан басқа, Заңда көзделген кәсіпкерлік мәселелері бойынша, нормативтік - құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау үрдісінің ерекшеліктері жеке кәсіпкерлік үшін, болжамдылық пен тұрақтылықты қатамасыз етеді.

 

 

1.3 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі

 

Кейінгі онжылдықтарда  экономикасы дамыған Батыс елдерінде  бәсекенің дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі - экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.

Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік: динамикалық  түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе  алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жана кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттык өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекетгік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.

Дамыған елдерде шағын  кәсіпорындар мынадай салаларда  басым рөл атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір  шағын кәсіпорындар жоғары технологиялық  сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр.

Шағын және орта кәсіпорындардың  ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен  айналысушы  азаматтар,  яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықты экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар.

Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)