Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 21:53, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Павлодар облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі заманғы жағдайы мен тұжырымдамалық сараптамасының негізінде нарықтық қарым-қатынас жағдайында оның дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталған:
- шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық алғы шарттарын зерттеу;
- шағын және орта кәсіпкерлік секторын сараптамалау мен зерттеудің құрал-жабдықтарын анықтау;
- аймақтың статистикалық деректерінің сараптамасын өткізу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын басқарудың әдістерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау;
- шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерінің басым бағыттарын анықтау.
Кіріспе
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағын бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500 - ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсінорындары, ал басқа салалар үшін - жылдық табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорыңдар жатады.
АҚШ - та тіркелген кәсіпорындардың 97% - ына жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 53% - ына, көтерме сауданың 64% - ына, бөлшек сауда-ньщ 72%-ына, қызмет саласының 57% - ына ие болып тұр.
Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен қысқарту кезінде шағын кәсіпкерлік жұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын бизнес даму мысалы көрсеткейдей, шағын бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ Сауда мифистрлігінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20 - 25% - ға дейін үлес қосады.
АҚШ - та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі « Шағын бизнес туралы » заң. АҚШ конгрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы шағын бизнесті жан - жақты қолдау. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақгық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
АҚШ - та шағын бизнес
қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік
атмосферасын дамытуға үлкен үлес қосады.
Мемлекет тарапынан болатын шектеулер
кәсіпкерлікке кедергі
АҚШ шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:
- бюджеттен тікелей дотациялау;
- мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарда орналастыру;
- шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
- шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.
Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар - ол университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармалар жанында кұрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты - жаңа кәсіпкерлерге жан - жақты көмек көрсету болып табылады. Себебі көптеген кәсіпкерлер өз ісін бастағысы келгенімен, мүмкіндігі жоқ, осындай кәсіпкерлерге инкубаторлар кемекке келеді. Қойылған мақсатқа, қаржыландыру көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік, жекеше болуы мүмкін. Инкубаторларды каржыландырудағы мақсаттар:
- инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу;
-жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
- жаңа жұмыс орындарын ашу.
Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға катысады, АҚШ - та шағын кәсіпорындар экономикада жетекші рөл атқарады. Сондықтан да федералдық, штаттық басқару органдары шағын және орта бизиестің дамуына үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап жатыр.
Жапониялық шағын және орта бизнес. Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен тәжірибеге ие болып отыр.
Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі шағын бизнесті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмыскерлер саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы катарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бүл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.
Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55% сауданың 60%, бөлшек сауданың 80% тиеді. Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімдеушілікке көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал - жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге дегек сұранысты дамытуға көмек береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі - басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да кемектеседі. Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады. Жапонияда шагын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73% - ына ие болып отыр.
Ресей Федеряциясындағы шағын және орта бизнес. Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында біркатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылды.
1995 жылы Ресей Федерациясында
«Шағын бизнесті мемлекеттік
қолдау туралы» заң қабылданды.
Бұл заң бойынша жаңадан
- федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек.
- қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады. Қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.
Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары мен орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады; жергілікті салықтар бойынша әр түрлі жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің инфрақұрылымын құру жобалары да қаржыландырылады.
Ұлыбританияның шағын бизнестегі тәжірибесі. Ұлыбританияда шағын бизнес субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2 миллион фунт стерлингтен аспайтын, активтер сомасы 1 миллион фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызметі бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық мәселелерді қалай шешу керек екенін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі туралы, нарықты калай зерттеу керек екендігі туралы кеңестер. Шағын бизнес женіндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әр түрлі семинарлар мен курстар ұйымдастырып тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында кәсіпкерлер үшін қарыздық кепілдеме береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлейді.
Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш - жігерді шет елде шағын кәсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн.
Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатыр. Басты назарда шағын және орта кэсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға - жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда - 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген. Әдетте әкімшілік процедуралар шағын кәсіпорындарды құруға кедергі келтіретіні мәлім. Сондықтан да Франция Укіметі формальды мәселелерді қысқартуға көшті. Францияда шағын және орта бизнесті экономика, қаржы, индустрия министрлігінің бір департаменті бақылайды. Әкімшілік қысым бірқатар әкімшілік, әлеуметтік процедураларды оңтайландыру арқасында азайды.
Францияда шағын бизнесті несиелеу кезінде пайыздық есімді мемлекет бонификациялайды, Бонификация – бұл жеңілдету. Қаржылық механизм арқылы мемлекет шағын бизнеске несие ұсынысын арттырды.
Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуды да каржыландырады. Яғни еңбек және әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі. Францияда жұмыссыздар өз кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне сүйене алады.
Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Осыдан бұл кәсіпорындар үлкен кәсіпорындарға қарағанда артықшылықтарға ие. Үкіметтің шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға бағытталған саясаты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат кәсіпорындардың ары қарай дамуын қолдайды.
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын іс - шараның әлі көп екенін байғауға болады. «Шағын кәсіпкерлікті колдау туралы» заң атқарылатын іс - шаралардың бастамасы ғана, зкономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікке қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек қажет.
2 Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
2.1 Павлодар облысының кәсіпкерлік қызметінің ахуалы
Аймақ бойынша шағын
бизнестің белсенді кәсіпорындарының
көбірек саны Павлодар қаласында
шоғырланған. Олардың үлес салмағы
облыстағы шағын бизнестің белс
Павлодар облысы бойынша 2008 жылы шағын және орта бизнестағы жұмысбастылықтың жалпы саны 4,3 % өсті, яғни 98509 адамды құрайды. Оның ішінде: заңды тұлғада – 33511 адам., жеке кәсіпкерлікте – 57300 адам, ауылшаруашылық қожалықтарында – 7698 адам.
2 - сурет – Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмысбастылық санының динамикасы
2009 жылы шағын және орта бизнес субъектілерімен жалпы өнім өндірісі 119,339 млрд. теңге, немесе 2008 жылы оның ішінде заңды тұлғалармен-70,116 млрд. теңге, жеке кәсіперлермен -21,465 млрд. теңге, ауылшаруашылық қожолықтарында-27,758 млрд. теңгені құрады.
2008 жылы шағын
және орта кәсіпкерліктен
Өнеркәсіптік секторындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі жалпы экономиканың шағын және орта кәсіпкерліктің сапалық дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Өнеркәсіптік кәсіпорын оның ішінде біріншіден өңдеу өнеркәсібі ел экономикасының әртарапты дамуын қамтамасыз етеді.
3 - сурет – Шағын және орта бизнес субъектілерінің айлық өнім өндіріс динамикасы, Павлодар облысы бойынша 2008-2009 ж, млрд. тенге
Өнеркәсіптік секторындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі жалпы экономиканың шағын және орта кәсіпкерліктің сапалық дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Өнеркәсіптік кәсіпорын оның ішінде біріншіден өңдеу өнеркәсібі ел экономикасының әртарапты дамуын қамтамасыз етеді.
Барлық кәсіпкерлер өз
бизнесін сауда-саттықтан немесе қызмет
саласынан бастайды-төмен
Шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің көбі өзінің іс-әректін сауда-саттықта жүргізеді-37%, өйткені іс-әрекеттің бұл түрі кіші бизнес кәсіпкерлеріне ыңғайлы, табысты болып келеді. Өнеркәсіптік және құрлыстық іс-әрекетпен 17 %, жылжымайтын мүлік операцияларымен - 14 %, көлік және байланыспен-7 %, оқу, әлеуметтік қызметпен және денсаулық қызметімен 5 %, ауыл шаруашылығында -3 %.
Өнеркәсіптік кәсіпорын оның ішінде біріншіден өңдеу өнеркәсібі ел экономикасының әртарапты дамуын қамтамасыз етеді.
Барлық кәсіпкерлер өз
бизнесін сауда-саттықтан немесе қызмет
саласынан бастайды-төмен
4 - сурет – Экономикалық іс - әрекет бойынша Павлодар облысындағы шағын бизнес кәсіпорындарының құрылымы 2009 ж қаңтарға (пайыз көлемінде)
5 - сурет – Экономикалық іс - әрекет бойынша Павлодар облысындағы шағын бизнес кәсіпорындарының құрылымы 2010 ж қаңтарға (пайыз көлемінде)
Жұмысбастылық көрсеткіші экономиканың әр саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің іс-әрекет жасаушы санына тәуелді. Экономикадағы шағын және орта бизнеспен шұғылданушы субъектілердің сандық өсімі пропорцианалды түрде жұмысбастылық мәселесінде шешуге ықпалын тигізеді.
Шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің көбі өзінің іс-әректін сауда-саттықта жүргізеді-37%, өйткені іс-әрекеттің бұл түрі кіші бизнес кәсіпкерлеріне ыңғайлы, табысты болып келеді. Өнеркәсіптік және құрлыстық іс-әрекетпен 17 %, жылжымайтын мүлік операцияларымен - 14 %, көлік және байланыспен-7 %, оқу, әлеуметтік қызметпен және денсаулық қызметімен 5 %, ауыл шаруашылығында -3 %.