Шағын және орта бизнес – экономика тұрақтылығының кепілдігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 12:59, курсовая работа

Краткое описание

Шағын кәсіпкерлікті қамтыған қиындықтар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және мемлекеттік сектордың оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жібері. Ал қазіргі кезде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптасты және мемлекет тарабынан, сонымен қатар бизнестің өзі де ары қарай жылдам дамуы үшін іс - әрекеттер жасалынып жатыр.

Содержание

Кіріспе 5
1 Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта бизнестің рөлі 7
мен мемлекеттік реттеуінің теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні 7
1.2 Шағын және орта бизнесті басқарудың ерекшеліктері 9
1.3 Шағын және орта бизнесті басқару жүйелерін жобалаудың 12
функционалдық және құрылымдық тәсілдері
2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жағдайын талдау 18
2.1 Шағын және орта бизнес қызметінің тиімділігін бағалау 18
2.2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту 24
перспективалары мен мемлекеттік қолдауы
2.3 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес дамуын мемлекеттік 29
реттеуін талдау
3 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің проблемалары және оларды 33
шешу жолдары
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша А. Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша шағын 40
бизнестің даму индексі

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 570.00 Кб (Скачать документ)

Бәсеке деңгейіне әсер ететін тағы бір фактор – салаға кіру тосқауылдары. Бизнес егер жаңа технологияларды, үдемелі материалдарды және құрылғыштарды пайдалану үстінде болса, сондай-ақ патенттік қорғаныс, лицензиялық артықшылық алуға немесе жұмыс жүргізу мен қызмет көрсетуге эксклюзивті құқық алуға мүмкіндігі бар болса, соғұрлым пайдалы жағдайда тұр деп есептеледі. Мұндай артықшылықтардың бар болуы өте маңызды, себебі олар басқа бәсекелестердің салаға кіруіне кедергі болады.

Шетелдік авторлар қазіргі заманда жоғары квалификацялы менеджерлер командасынсыз бизнесті жүргізу мүмкін емес, жалғыз жүріп жұмыс істейтін кәсіпкерлер заманы өтіп кетті деп есептеуге бейімдірек келеді. Жаңа заман технологияларының даму деңгейі және қызмет көрсету мен салаға деген талаптар жоғары квалификациялы менеджерлер командасының болуын талап етеді. Тек жаңа стратегияларды дайындап, оны ағымдағы жағдайларға бейімдеп қана қоймай оларды өмірге енгізіп отыратын жоғары квалификациялы менеджерлер командасын ешнәрсе  ауыстыра алмайды. Егер команда кәсіпорында жаңалықтар енгізу қабілеттілігі мен әрдайым оқыту және жетілдіру сияқты стандарттарды енгізе алса, онда бұл команда тиімділігі жоғары болып есептеледі.

 

Кесте 2 - Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері

 

Бағалау критерийлері

Тиімді кәсіпорын 

Тиімсіз кәсіпорын

1

Нарық сипаттамасы

Нарық өсіп отырады, анықталған және тұрақты табыс түседі

Нарық айқын анықталмаған және бірақ рет табыс алуға  болады

1.2

Тұтынушылар (тапсырыс берушілер)

Төлем қабілеттілігі  жоғары, төлемді алдын-ала дер  кезінде жасайды

Төлем қабілеттілігі  төмен, төлемдерде кешіктірулер болуы  мүмкін

1.3

Өнімнің өмірлік циклы

Жалғасушы

Ұзақ мерзімді емес

1.4

Инвестициялардың өтелу  мерзімі

Бір жылдан аз

Үш жыл және одан да көп

1.5

 

 

 

Нарық құрылымы

 

 

 

Нарық жеткілікті дәрежеде тауарлар және қызметтерден молықтырылмаған, бәсекелестік жоқ

Өсу қарқыны төмен не болмаса өндіріс жоғары дәрежеде шоғырланған.

      

 

 Кесте 2 – жалғасы

   

1.6

Нарық мөлшері

50 млн. теңгеден 100 млн.  теңгеге дейін

10 млн. теңгеден аз

1.7

Нарықтың өсу қарқыны 

Өсім 30%-дан 50%-ға дейін 

Нарық қысқартылады

1.8

Нарық жағдайы

Айтарлықтай

Айтарлықтай емес

1.9

Кәсіпорынның 5 жыл жұмыс  істеуінде қол жеткізілетін нарық  үлесі

20% одан да көп, лидерлік  рольге ие болу

5%-дан аз, нарық үлесі  айтарлықтай емес.


 

Кесте 3 - Кәсіпорын қызметінің тиімділігін экономикалық көрсеткіштер бойынша бағалау критерийлері

 

Экономикалық  көрсеткіштер

Тиімді кәсіпорын 

Тиімсіз кәсіпорын

1

Нәтижелі ақша ағынын алуға қажетті уақыт мөлшері

2 жылдан аз

4 жылдан көп

1.1

Инвестициялардың рентабельділігі

25% және одан да көп

Жоғары, қорлар жоқ

1.2

Капиталға деген қажеттілік

Төмен немесе орташа қорларға ие

15%-дан аз (жыл сайын)

1.3

Ішкі рентабельділік коэффициенті

25% және одан да көп

10%-дан аз

1.4

Еркін ақша ағынының сипаттамасы 

Сату көлемінің 20-30 пайызы

Сату көлемі 10 пайыздан аз

1.4.1

Өндіріс көлемінің өсу  қарқыны

Жыл сайын 15-20%

10 %-дан аз

1.4.2

Негізгі құралдардың  тозу дәрежесі

Төмен

Жоғары 

1.4.3

Айналы капиталдарына  деген қажеттілік

Орташа немесе төмен 

Жоғары

1.4.4

Жалпы пайда

40%-дан көп (тұрақты)

20%-дан аз

1.4.5

Таза пайда

Тұрақты түрде сату көлемінің 10-15 % деңгейінде пайда табады

Өткізу көлемінің 10%-дан  аз мөлшерде эпизодтық пайда табады

1.5

Залалсыздық нүктесіне  жету үшін қажетті уақыт мөлшері

2 жылдан аз

4 жылдан көп


 

Кесте 4 - Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бәсекелестік деңгейі  бойынша бағалау критерийлері

 

Бәсекелестікдеңгейі

Тиімді кәсіпорын

Тиімсіз кәсіпорын

1

Бағаларды және шығындарды бақылау

Орташадан айтарлыққа қарай

Әлсіз

2

Салаға кіру тосқауылдары

   

2.1

Патенттік қорғау

Бар немесе алынуы мүмкін

Жоқ

2.2

Бәсекелестік күрес  деңгейі

Өткір бәсекел-тін күрестің болуы, артықшылықты білдіреді

Бәсекелестік әлсіз, жоқ  дерлік

2.3

Байланыс және коммуникация

Жақсы дамыған және қол жетерлік

Шектеулі


 

Кесте 5 - Кәсіпорын қызметінің тиімділігін менеджерлер командасы  бойынша бағалау критерийлері

 

Менеджерлер командасы

Тиімді кәсіпорын

Тиімсіз кәсіпорын

1

Кәсіпкер және оның командасы 

Жоғары квалификацияланған команда

Команда әлсіз немесе мүлдем жоқ

1.1

Салада жұмыс істеу  тәжірибесі

Жоғары

Техникалық тәжірибенің жеткіліксіздігі

1.2

Этикалық қасиеттер

Жоғары стандарттарға  ие қасиеттер 

Айтарлықтай жоғары емес


  

Кесте 6 - Кәсіпорын қызметінің тиімділігін кәсіпкердің жеке тұлғалық қасиеттері бойынша бағалау критерийлері

 

Кәсіпкердің жеке тұлғалық қасиеттері

Тиімді кәсіпорын

Тиімсіз кәсіпорын

1

Мақсаттарға қол жеткізу  деңгейі

Қол жеткізіледі

Оқта – текте қол  жеткізіледі

1.1

Тәуекел деңгейі

Ақталған тәуекел

Тәуекел дәрежесі барлық уақытта дәл сесптеле бермейді

1.2

Түңіліске деген қатынас

Шығармашылық белсенді

Тоқырау  жиі болады


Кесте 7 - Кәсіпорын қызметінің тиімділігін стратегиялық факторлар бойынша бағалау критерийлері

 

Стратегиялық  факторлар

Тиімді кәсіпорын

Тиімсіз кәсіпорын

1

Өзгермелі шарттарға  бейімделу дәрежесі

Жоғары тез бейімделу мүмкіндігі

Төмен, өзгерістерге жай  жауап қайтару

1.1

Қызмет көрсету деңгейіне  деген қатынас

Сервис жоғары деңгейде

Маңыздылығы аз фактор ретінде  қарастырылады

1.2

Уақыт факторы

Озық режимде жұмыс істеу

Кешіккен режимде жұмыс  істеу

1.3

Технология деңгейі

Теңдесі жоқ технологиялар

Кең таралған технологиялар

1.4

Келешекке бағдарлану

Жаңа мүмкіндіктердің  іздестірілуі

Жаңа енгізілімдердің  жоқ болуы


 

 

2.2 Павлодар  облысындағы шағын және орта  бизнесті дамыту перспективалары  мен мемлекеттік қолдауы. 

 

Үкімет шағын және орта бизнесті қолдау бойынша мынадай шараларды ұсынуда: өтеуін төлеу, жеңілдетілген жағдайларда меншікті жалға беру, екінші деңгейдегі банктерден несие алу, мемлекеттік және басқа тапсырыстар алуға тендерлер өткізу. Жергілікті үкімет органдарының белсенді қолдау көрсетулерінің арқасында Қазақстанның солтүстік аймақтарының спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, бұл жерде кәсіпкерліктің барлық түрін және бірінші кезекте шағын және орта бизнесті дамытудың алғы шарттарын құруға болатындығын айтуға болады.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша  шетелдік тәжірибені ескере отырып өткізілген талдама негізінде Павлодар қаласында  мақсаттық кешенді шағын кәсіпкерлікті  қолдау бағдарламасы дайындалды және ол жерде алдын-ала төмендегідей қосалқы бағдарламалар қарастырылған:

- шағын және орта бизнестің аймақтық инфрақұрылымын дамыту;

- шағын және орта бизнесті қолдау саласында да нормативті-құқықтық базаны

жетілдіру;

- кәсіпкерлік қызметтің реттелуін ұйымдық және ғылыми-әдістемелік

қамтамасыз ету;

- шағын және орта кәсіпорындардың өндірістік және инновациялық қызметтерін дамыту мен оларға қаржылай қолдау көрсету;

- шағын кәсіпкерлікке қаржы-несиелік қолдау көрсету;

- шағын және орта бизнесті ақпаратпен қамтамасыз ету және кадрлар даярлау;

- шағын кәсіпорындар жұмысшыларының әлеуметтік жағынан қорғалуын     

қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнеске қатысты қолайлы психологиялық климат пен   

қоғамдық пікір қалыптастыру.

Павлодардағы кәсіпкерлер арасындағы жүргізілген сауалдар бойынша инфрақұрылымды жақсарту шағын және орта бизнестің маңызды мәселелерінің ішінде бесінші орынға ие (салықты қысқарту; ақша тұрақтылығы, бюракраттық бақылаудың қысқаруы; несие алу мүмкіндігін жақсарту сияқты мәселелерінен кейін). Мұны сұралғандардың 42% атап өтті.

Сұралғандардың 69% несие алудың қиындығын ерекше атап өтті. Расында бүгінгі күні шағын бизнес субъектілеріне несие беру тиімсіз және баяу жүргізіліп отыр. Бизнес – жоспардың банкте бекіту процесінің қиындығы, сонан соң ол жоспарды кәсіпкерлікті дамыту қорында қабылдауы, бюракраттық жұмыстар несие алуды бірнеше айға созады. Нәтижесінде кәсіпкердің уақыты да, қаражаты да шығындалады.

Банктердің 2004 жылдың 1 қаңтарында берген несие көлемін өткен жылдың осы уақытымен салыстыратын болсақ, несие берудің  төмендегенін байқауға болады. (кесте 8)

 

Кесте 8 – Павлодар  облысы бойынша шағын кәсіпкерлікке берілген несиелер

 

Көрсеткіштер

01.01.2004

01.01.2005

Ауытқулар

1. Банктерден берілген  несие млн. теңге

18512,8

18314,6

-198,2

2.Бюджетке төленген  төлемдер млн. теңге 

16963,7

19875,1

2911,4


 

Павлодар қаласының  Халық Банкінің мәліметтері бойынша  қысқа мерзімді несие үлесі 59%-ды, орта және ұзақ мерзімді несие үлесі 41% құрады. 2004 жылдың салалары бойынша қысқа мерзімді несие саудаға (орта есеппен 58%) ; орта және ұзақ мерзімді несие ауыл – шаруашылығына бағытталды (орта есеппен 35%). Қазақстандағы микронесиелеу бағдарламасы 1997 жылы жоба түрінде, республиканың бес оңтүстік облыстарында басталған болатын. 1998 жылдың басында микронесиелеу ауқаттылығы төмен 6200 азаматты қамтыды. 2000 жылы олардың санын 150 мың адамға жеткізу жоспарланды. Елімізде микронесиелеу секторын дамыту, біздің ойымызша, тек қана банктік ресурстарды пайдалы таратып орналастыруға ғана емес, ең бастысы – несие берудің жасырын нарығын жоюға әсері тиер еді. Егер жасырын қарыз берудің жарналық проценті айына 5-10% болса, онда Европаның Қайта құру және Даму Банкі  микронесиелеу бойынша жарнасы (жылына 15-18%) жаңа кәсіпкерлер үшін тиімді болып келеді.

Қолданыстағы заңға  сәйкес, шағын бизнес кәсіпорындарына  серіктестік немесе өндірістік кооператив нысанында тіркелген, жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын (банк пен сақтандыру , ойын және шоу-бизнес саласында айналысатындардан  басқа) заңды тұлғалар жатады. Олардың активтерінің жалпы құны бір жыл ішінде орташа есеппен 60000 еселік көрсеткіштен жоғары болмау керек.

2004 жылдың 1 сәуіріне Статистикалық  тіркелім деректері бойынша облыста  бизнеспен шұғылданатын 6646 шағын  кәсіпорын тіркелген, олардың  77,2 %-ы жұмыс істейді, яғни экономикалық  қызметті іске асырып жатқан немесе әлуетті жүзеге асыра алатын 5132 жұмыс істейтін кәсіпорындардың 2762 (53,8%) белсенді болды, бұл өткен аймен салыстырғанда 0,4 %-ға аз және өткен жылдың сәйкес күніне қарағанда 13,9 %-ға көп.

 

Сурет 3 – 2003-2004 жылдардағы шағын бизнестің белсенді кәсіпорындар санының серпіні

 

          Белсенді кәсіпорындардың жартысынан  көбі (52,1%) суда саласында, автомобиль  мен үй шаруашылығында пайдаланатын  бұйымдарды жөндеуде мамандандырылады. Бұл сауда қызметімен шұғылданудың оңайлығымен түсіндіріледі, өйткені мол күрделі қаржыны талап етпейді, әрі ақшалай қаржы айналымын неғұрлым қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Шағын және орта бизнес – экономика тұрақтылығының кепілдігі