Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 12:59, курсовая работа
Шағын кәсіпкерлікті қамтыған қиындықтар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және мемлекеттік сектордың оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жібері. Ал қазіргі кезде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптасты және мемлекет тарабынан, сонымен қатар бизнестің өзі де ары қарай жылдам дамуы үшін іс - әрекеттер жасалынып жатыр.
Кіріспе 5
1 Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта бизнестің рөлі 7
мен мемлекеттік реттеуінің теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні 7
1.2 Шағын және орта бизнесті басқарудың ерекшеліктері 9
1.3 Шағын және орта бизнесті басқару жүйелерін жобалаудың 12
функционалдық және құрылымдық тәсілдері
2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жағдайын талдау 18
2.1 Шағын және орта бизнес қызметінің тиімділігін бағалау 18
2.2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту 24
перспективалары мен мемлекеттік қолдауы
2.3 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес дамуын мемлекеттік 29
реттеуін талдау
3 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің проблемалары және оларды 33
шешу жолдары
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша А. Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша шағын 40
бизнестің даму индексі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта бизнестің рөлі 7
мен мемлекеттік реттеуінің теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта бизнестің
экономикалық мәні
1.2 Шағын және орта бизнесті
басқарудың ерекшеліктері
1.3 Шағын және орта бизнесті
басқару жүйелерін жобалаудың
функционалдық және құрылымдық тәсілдері
2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жағдайын талдау 18
2.1 Шағын және орта бизнес
қызметінің тиімділігін
2.2 Павлодар облысындағы шағын
және орта бизнесті дамыту
перспективалары мен мемлекеттік қолдауы
2.3 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес дамуын мемлекеттік 29
реттеуін талдау
3 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің проблемалары және оларды 33
шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Қосымша А. Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша шағын 40
бизнестің даму индексі
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Шағын және орта бизнес – экономика тұрақтылығының кепілдігі". Мен курстық жұмыста келесі сұрақтарды қарастырдым: әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта бизнестің рөлі мен мемлекеттік реттеуінің теориялық негіздерін, Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жағдайын және Қазақстандағы бұл кәсіпкерліктің проблемалары мен оларды шешу жолдарын. Нарық жағдайындағы экономикада менің курстық жұмысымның тақырыбы маңызды рөл атқарады. Өйткені, еңбекке қабілетті халықтың айтарлықтай бөлігін жұмысқа тартады, экономикалық дағдарыс жағдайында оның тіршілік етуіне қол ұшын береді, халықтың ең белсенді бөлігінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасап және табысқа жетулеріне мүмкіндік тудырады. Нарықтың экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерліктің ұлттық экономикада маңызды міндеттер атқаратынын куәландырады. Яғни, бұл ұсыныс пен сұранысты баланстау арқылы нарықтық қатынастарды жаңадан өндірудің ерекше механизмін қамтамасыз етеді, жалпы ұлттық өнімнің жартысынан көбін өндіреді, 70% - ке дейін жаңа жұмыс орындарын ашады, инновациялық потенциал мен адами ресурстарды активтендіруге ерекше ықпал етеді.
Жұмыс барысында Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын реттейтін факторлардың келесі бағыттар бойынша классификациясы жасалды: әлеуметтік – экономикалық, саяси, құқықтық, кадрлік, ұйымдық, психологиялық. Шағын жән орта бизнесті салыстыру кезінде шағын бизнестің бірқатар артықшылықтары айқындалды, оларға: серпінділік, икемділік, тауар түрлерін тез ауыстыру қабілеті, технология саласында және басқа қызмет салаларында жаңалықтар енгізуге бейім болу, еңбек ұжымында тұрақты қатынастардың орнатылуы, зор көлемді төрешілдік құрылымдарының болмауы және кәсіпорынды басқаруға тікелей қамту.
Өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуы – экономиканың дамуына оң ықпал етеді; бәсекелестік орта дамиды; қосымша жұмыс орындары пйда болады; құрылымдық қайта құру жанданады; тұтыну секторы кеңейеді. Кіші кәсіпорындардың дамуы тауар мен қызмет нарығының толығуына, экспорттық мүмкіндіктердің жоғарылауына, жергілікті шикізаттық ресурстарды пайдалануына алып келеді.
Шағын және орта бизнесті аймақтық басқару үшін аймақтық шағын бизнесті дамыту орталықтарын құру керектігі белгілі. Олардың міндеттері: шағын және орта бизнесті дамыту қорларын құру, бизнес ашу туралы кеңес беру арқылы көмек көрсетулерді ұйымдастыру, бизнес – инкубаторлар құру, бизнес семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, пайдаланылмайтын алаңдарды сату бойынша тендерлер ұйымдастыру жатады.
Шағын және орта бизнесті бағалау, оның тиімділігін анықтау үшін негізгі критерийлер ескерілуі керек. Олар: саланың күйі мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсекекеге қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критерийлер мен стратегиялық сипаттар. Мұндай талдау кәсіпорын жұмысының тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы, облыстық ұйымдық-құқық түрлерін салыстырмалы талдау оның мүмкіндіктерін анықтауға, тәжірибе ретінде әрі қолдануға негіз болады.
Шағын кәсіпкерлікті қамтыған қиындықтар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және мемлекеттік сектордың оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жібері. Ал қазіргі кезде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптасты және мемлекет тарабынан, сонымен қатар бизнестің өзі де ары қарай жылдам дамуы үшін іс - әрекеттер жасалынып жатыр.
1 ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ РӨЛІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
Шағын және орта бизнес – нарықтық экономиканың генетикалық негізін құрайды. Шет елдерде оның дамуы үшін өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап орталық және аймақтық мемлекеттік басқару органдарының мамандандырылған жүйелері мен тікелей және жанама қаржылық қолдау жүйелері құрыла бастады. Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған бюджет туралы заңда белгіленген жылына 65000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен
капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық
тамақтандыру мен қызметтер салаларында туады. Бірақ нарықтық
экономиканы реформалау
бойынша жүргізілген
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мүддесі мынаған саяды:
- ел экономикасының құрамдас бөлігі болып, экономиканың дамуы мен тиімділігі деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді, көбінесе өзінің жеке қаржы көздерін пайдаланады;
- бюджетке салық төлеуші болып саналады, мұның өзінде экономиканың басқа секторынан өзгешелігі, салық төлеу мүмкіндігі оңтайлық деңгейге жеткен жоқ;
- орташа және ірі бизнестер үшін қай жерде мамандар мен капитал жинақталса, экономиканың сол секторы болып шығады;
- қай жерде мемлекет әрекеті немесе ірі және орташа бизнес тиімсіз болса, рыноктың сол секторында игіліктерге деген сұраныстарды қанағаттандырады;
- қай жерде бәсекелі
орта тұрақты сақталса, негізгі
азық – түлік пен азық –
түлік емес тауарлардың,
- еңбек бөлінісін тереңдетіп жән
Бүгінгі таңда Батыста түзілген құрылымдарда, шағын кәсіпорындардың ең кемі 2 үлкен тобы бар. Бірі – ірі индустрияларға негізгі өнім жеткізіп беруші ролін атқарады, екіншісі қауіп-қатерге қарамастан тәуекел ете отырып өндіріс пен қызмет көрсету өрісінде, сондай-ақ нарықта жеке өз бетінше жұмыс істейді.
Шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген 6 қызметтерден көрінеді.
Біріншіден, шағын өндіріс
нарық коньюктурасының
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықы жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның, үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60 % және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.
Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың 50% келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палороид» типті фотоаппараттар).
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кезінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.
Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда бәсекеге қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі анықтаманы беруге болады:
Менеджерлер командасы деп тек қорларды таба алатын ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік күрестегі өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек шағын және орта бизнесті дамыту және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті мамандар тобын айтамыз.
Команда негізгі және жетілген саласына сәйкес еңбек тәжірибесіне машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие болуы керек.
Шағын және орта бизнесті қозғаушы күштерінің екінші қозғаушы күші – бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік «жарылыс» нәтижесінде пайда болған «үнсіз» төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орынды ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп, ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа қуаттарға, объектілерге деген қажеттілік пайда болғанда, құрылыстар мен ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда, тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда құрылыс бизнесі үшін де мүмкіндікті мезгілінде байқау ғана емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.
Шағын және орта бизнесті қозғалысқа келтіретін қозғаушы күш – бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылады: шағын фирмалардың негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, ал жалға алынуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелікке жету.
Осындай көзқарастардың арқасында қаржылық қорлардың қажеттілігін қысқартып, тәуекелді елеулі түрде азайтуға болады.
1.2 Шағын және
орта бизнесті басқарудың
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар.
Басты дәлел- шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін алты жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ-жарты жылдан бір жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар – бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95 %-ы шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Шағын бизнес кәсіпорындары 70 %-ы жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн.адам өздеріне және 46 млн.адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істеу процесінде менеджменттің нәтижесіздігі мына негізгі үш бағыттан көрінеді: стратегиялық сипаттың жетіспеушілігі, басқарушылық сипаттың жетіспеушілігі, басқарушылық сипаттың жетіспеушілігі, қаржылық есептік кемшіліктер.
Тіркеу барысындағы тіркеу жинағы жарнасының шектен тыс жоғары болуы және бюрократтықтың шектен тыс болуы шағын кәсіпкерлікте жұмысбастылар санының төмендеуіне әсер етеді.
Жеке меншік кәсіпкерлер мен фермерлік шаруашылықты сөз еткенде, республикадағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың кең тараған түрі ретінде отбасылық бизнеске назар аударуға тура келеді. Бизнесті ұйымдастырудың бұл әдісін, әсіресе ауылды жерлерде қазақ отбасыларындағы туыстық қатынастардың беріктігімен, үлкендерді құрметтеу, бір отбасы мүшелерін тұтас бір шаруашылықты игере алу мүмкіндігі мен түсіндіріледі. АҚШ-тағы миллиондаған айналымы бар тез дамушы корпорацияларға айналған 500-ге жуық табысты компаниялардың үштен бірі – отбасылық бизнес кәсіпорындары.
Информация о работе Шағын және орта бизнес – экономика тұрақтылығының кепілдігі