Шағын және орта бизнес – экономика тұрақтылығының кепілдігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 12:59, курсовая работа

Краткое описание

Шағын кәсіпкерлікті қамтыған қиындықтар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және мемлекеттік сектордың оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жібері. Ал қазіргі кезде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптасты және мемлекет тарабынан, сонымен қатар бизнестің өзі де ары қарай жылдам дамуы үшін іс - әрекеттер жасалынып жатыр.

Содержание

Кіріспе 5
1 Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта бизнестің рөлі 7
мен мемлекеттік реттеуінің теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні 7
1.2 Шағын және орта бизнесті басқарудың ерекшеліктері 9
1.3 Шағын және орта бизнесті басқару жүйелерін жобалаудың 12
функционалдық және құрылымдық тәсілдері
2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жағдайын талдау 18
2.1 Шағын және орта бизнес қызметінің тиімділігін бағалау 18
2.2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту 24
перспективалары мен мемлекеттік қолдауы
2.3 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес дамуын мемлекеттік 29
реттеуін талдау
3 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің проблемалары және оларды 33
шешу жолдары
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша А. Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша шағын 40
бизнестің даму индексі

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 570.00 Кб (Скачать документ)

Жеке меншік кәсіпкер түріндегі және заңды тұлға түріндегі  шағын кәсіпорындардағы жұмысшылардың  арақатынасын салыстыру үшін мынадай диаграмма жасалды. (Сурет 1)

Шағын кәсіпорындардың мемлекет экономикасына салған салмағы мен рөлінің маңыздылығын өндірілген өнім мен тұрғындарға көрсетілген қызмет көлемінен көруге болады. Ауыл шаруашылығы, көтерме сауда, қызмет көрсету сияқты салаларда өндірілген тауар және қызмет түрлерінің 48%-ы осы шағын кәсіпорындарға тиесілі.

 

 

Сурет 1 – 2003 - 2005жж. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктегі жұмысбастылар санының диаграммасы.

 

Шағын бизнестің басты  ерекшелігі – кірістерге қатысумен  және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғары нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе екі жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір адам.

Қазіргі уақытта әлемнің  көптеген елдерінде шағын бизнес қайтадан өз мәні мен маңыздылығына  ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстар мен  өркениеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда.

Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан  жұмыс табуға жол ашады.

Біздің Республикамыз  үшін шағын бизнестің негізін  қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзингтік келісім ХІХ ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ-үй кешені саласында кең қолданыла бастады.

Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзинг мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с.пайдалану құқығын береді.

Франчайзинг жаңадан  бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа кәсіпорынды  ашу мен жұмыс істеу тәуекелінің  деңгейін айтарлықтай төмендетеді.

Маңызды артықшылық – бұл франчайзер тарапынан жасалатын қаржыландырудың тікелей емес, жанама түріндегі қаржылық қолдау. Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлеу мерзімін ұзарта алады, сөйтіп франчайзингтің айналым капиталының көлемінің көбеюіне әкеледі немесе франчайзинг банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола алады.

Қазақстандық кәсіпкерлер  үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдегі келісім түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе осы бағытта іске асырылуда, бірақ өкінішке орай батыс бизнесмендерінің қолдарындағы Қазақстан нарығы оның әлеуеті мен дамуы туралы алған мәліметтері әлі аз. Шетелдік франчайзилер үшін арзан жұмыс күші мен жоғары білікті мамандардың болуы, қолда бар ресурстар, оңтайландырылған инфрақұрылым, саяси тұрақтылық және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік сая бола алар еді.

Шағын және орта бизнесті басқарудың жүйелік тәсілі. Кәсіпкерлікті  қоғамның экономикалық дамуының негізгі  факторларының бірі ретінде қарастыратын экономикалық дамудың кәсіпкерлік  моделі экономиканың осы секторындағы басқару жүйесінің тиімділігін объективті бағалауға мүмкіндік беретін тиісті методологиялық және әдістемелік база құруды талап етеді. Бұл зерттеудің концепциялық негізі оны кәсіпкерлік-жүйелік тәсілдің принциптері негізінде басқарылатын күрделі жүйе ретінде қарастыру болып табылады. Жүйелік тәсілдемеге сәйкес кез-келген жүйе, соның ішінде кәсіпкерлікті басқару жүйесі де бір қатар белгілермен сипатталады.

Кәсіпкерлікті басқару  жүйесінің тұтастығы дегеніміз  – жүйе қасиеттерінің барлық уақытта  тек қана оның элементтерінің қасиеттерінен тұруын білдірмейді. Кәсіпкерлікті басқару жүйесі  тұтас жүйе ретінде, оны құрайтын элементтерінің қасиеттерінен ерекше жаңа қасиеттермен сипатталады. Барлық элементтер тікелей немесе жанама түрде бір-бірімен байланысты, сондықтан олардың бірінің жойылуы немесе бір элементтің қосылуы жалпы алғанда жүйенің қалған элементтері арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне алып келеді. Әрбір жүйені жүйенің анағұрлым жоғарғы ретті элементі ретінде қарастыруға болады. Кез-келген жүйенің элементтері өз кезегінде анағұрлым төменгі жүйе де бола алады. Кәсіпкерліеті басқару жүйесіндегі жергілікті басқару жүйесі аймақтық басқару жүйесінің элементі болып табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару жүйесінің  элементі болып табылады.

Жүйенің негізгі ерекшеліктерін қарастырайық:

- жүйе элементтерінің арасындағы өзара байланыс – элементтер арасындағы байланыстардың біреуі болса да үзілсе, жүйенің өмір сүру мүмкіндігі жойылады, элементтер арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері өзгеріске ұшырайды. Кәсіпкерлікті басқаруды қамтамасыз ететін қосалқы жүйенің біреуінің  жоқ болуы жалпы басқару жүйесінің жаңылысуына әкеледі.

- жүйе мен ортаның өзара байланысы – жүйенің ерекшеліктері тек қана ортамен өзара әрекет ету процесінде ғана танылады. Кәсіпкер тікелей әсер ететін сыртқы факторлардың (жеткізіп салушылар, бәсекелестер, тұтынушылар, заң және мемлекеттік органдар) сондай-ақ жанама түрде әсер ететін факторлардың (экономикалық жағдайы, саяси факторлар, халықаралық жағдай, әлеуметтік-мәдени факторлар және ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейі) ықпалында болады.

- сатылық – жүйе элементтерін анағұрлым төмендегі деңгейдегі жүйе ретінде қарастыру мүмкіндігі. Бизнесті басқару жүйесінде төменгі басқару органдарының жоғарғыларға өзара бағынышты сатылық жүйесі болып табылатын басқарудың 4 деңгейі бар.

- орнықтылық – жүйенің негізгі міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін, құрылымдық дамуға немесе сақтауға тырысушылық. Бизнесті басқару жүйесінің орнықтылығы, басқарудың қосалқы жүйелерінің құрылуы мен жұмыс істеуі есебінен кепілдендіріледі.

- автономдылық – ішкі тәртіптілікті көбейтуге тырысу, «жетіспейтін» элементтер мен міндеттердің орнын толтыру. Бизнесті басқару жүйесі, ұйымдық құрылымдарын, функционалдық қосалқы жүйелерін, басқару органдарының жүйесін, жүйенің элементтері арасындағы өзара байланыс жүйесін және т.б.қамтитын, өзінің жүйе қалыптастырушы механизмі бар ерекшелендірілген жүйе болып табылады.

Шағын және орта бизнесті басқару – кешенді және жүйелі көзқарасты, сонымен бірге экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік факторларды есепке алуды талап етеді. Осы талаптың барлығына бағдарламалы-мақсаттық тәсіл жауап береді. Бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің құралы ретінде мақсатты кешенді бағдарламалар қызмет етеді. Ол бағдарламалар шағын бизнесті дамыту проблемаларына жауап бере алуы керек. Ол үшін төмендегідей критерийлерге сәйкес келуге тиіс:

Бірінші критерий – бұл  көп аспектілік. Шағын кәсіпкерліктің дамуы, талапқа сай шағын және орта бизнес инфрақұрылымының құрылуын, соның ішінде аналитикалық бизнес орталығын және консалтингтік топтарды қалыптастыру, бизнес-инкубаторларын құру, кәсіпкерлерді дайындайтын, қайта дайындайтын және оқытатын орталықтар ашу; шағын және орта бизнесті қолдау саласында нормативті-құқықтық қолдауды жетілдіруді қамтамасыз  ететін осы бір қосалқы жүйелерді құруда, кәсіпкерлікті дамыту проблемасының көп профильді және қызмет аралық сипатына сай келетін әр түрлі аспектілер талқыланады.

Шағын және орта бизнестің  дамуын басқару проблемасы жаңалылық  критерийіне сай келеді. Бүгінгі  күнде бұл проблеманы шешуге мүмкіндік беретін шағын және орта бизнесті басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі әлі кешенді түрде ұйымдастырылмаған.

Шағын және орта бизнестің  дамуы бірқатар әлеуметтік мәселелерді  шешуге негізделген. Солардың бірі жаңа жұмыс орындарын құрып, сөйтіп жұмыссыздық деңгейін төмендетуіне әсер етеді, сондықтан шағын және орта бизнес әлеуметтік критерий мен тиімділік критерийіне сай келеді.

 

          1.3 Шағын және орта бизнесті  басқару жүйелерін жобалаудың функционалдық және құрылымдық тәсілдері

 

Көп деңгейлі кәсіпкерлікті басқару жүйесін дайындаудың функционалдық тәсілі стратегиялық менеджмент, қаржы менеджменті, ұйымдық менеджмент, бизнес – жоспарын жасау және шағын кәсіпкерлік жүйесіндегі маркетинг сияқты функционалдық қосалқы жүйелерін қалыптастыру арқылы іске асырылады.

Шағын фирманың маркетингтік функциясы, өнім өндіру мен қызмет көрсетудің қандай да бір түрлеріне деген  сұранысты анықтау мақсатында өнімнің  пайда болуынан әлдеқайда бұрын, тиісті маркетингтік зерттеулер жүргізу  қажеттілігінен туады. Мысалы, құрылыста объектілердің тұрғызылуы алдын-ала жасалған шарттар бойынша жүзеге асатындықтан, өндірілген өнімнің тұтынушысы болмай қалу жағдайы, шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда өте сирек кездесетіндігіне қарамастан маркетингтік қызмет күші ауадай қажет. Оның үстіне құрылыс саласында нарыққа және сол уақыттағы сұранысқа белсенді әсер ету үшін тұтынушылардың қалауын қалыптастыруға бағытталған маркетинг концепциясының басым болуы шарт.

Қаржы менеджментінің функционалдық  қосалқы жүйесі, шағын фирма жүйесіндегі қаржы қатынастары мен қаржы ресурстарының қозғалыстарын басқаруға бағытталған. Шағын кәсіпкерлік жүйесіндегі қаржылық менеджменті, қаржы ресурстарын басқару мақсаттарын қалыптастыру және қаржы механизмінің әдістері мен тұтқалары арқылы оларға әсер етуді жүзеге асыру процесі болып табылады. Сонымен, қаржы менеджментінің өзі қаржы ресурстарын басқару стратегиясы мен тактикасын қамтиды. Стратегия күштің барлығын, шешімнің басқа варианттарын шығарып тастай отырып, стратегияда қабылданған шешімдерге қайшы келмейтін варианттарға жұмылдыруға мүмкіндік береді. Тактика – бұл нақты жағдайларда, қойылған мақсатқа жетудің нақты әдістері мен тәсілдері. Ақша айналымының жүзеге асу жағдайларының жиынтығы, қаржы ресурстарының қозғалысы және қаржы қатынастарының жүзеге асырылуы қаржы менеджментінің объектілері болып табылады.

Шағын фирманың қызметін ұйымдастыру функциясы шағын  кәсіпорынның барлық элементтері мен  іс-қимылдарын ретке келтіруді, яғни еңбектің рационалды ұйымдастырылуын, өндірістің шикізат және материалдармен қамтамасыз етілуін, прогрессивті технологиялардың қолданылуын, өндіріс пен басқарудың ең тиімді құрылымын енгізуді жүзеге асырады. өндіріс жүйесінің барлық элементтерін орналастыру, байланыстыру, реттеу және жүйеге келтіру ұйымдастыру функциясының мазмұны болып табылады, ол элементтерге мыналар жатады: адам еңбегі, машиналардың жұмыс істеуі, өндіріс және экономикалық ресурстар. Басқару жүйесіне қатысты ұйымдастыру функциясы басқаруды ұйымдастыру деп аталады. Басқаруды ұйымдастыруды, басқару жүйесін құру немесе қажетті түрде реттелген жағдайға келтіру және басқару процесінің тиімді жұмыс істеу тәртібі мен оны мол күйінде ұстап тұруды қамтамасыз ететін элементтерінің ынтымақтастығының бірлігі деп түсіну қажет.

Кәсіпкерлік қызметіндегі бақылау функциясы, қызметтер тарапынан (өндірістік, коммерциялық қаржылық) қол жеткізілген нәтижелерді бағалау, кәсіпорын қызметкерлерінің соңғы қызмет нәтижелеріне қосқан үлестерін анықтау немесе соңғы нәтижелерге қол жеткізуде кедергі болып отырған проблемаларды саралау мақсатында жүзеге асырылады.

Басқару құрылымы мен  функция, диалектикалық түрде бірігуде. Бұл зерттеуде негізінен формальдық құрылымдар қарастырылады, олардың негізгі міндеті мыналар:

- тапсырмаларды анықтау  және оларды қызметкерлер арасында бөлу;

- белгіленген тапсырмаларды  орындау үшін жеке қызметкерлер  мен топтарға          өкілеттіліктерді тапсыру;

- бөлімшелердің қызметкерлеріне  бақылау жасау;

- нақты процедуралар  мен бұйрықтарда басқару процесін  құжаттау;

- коммуникация жүйесін ұйымдастыру; ұйымдағы басқару деңгейлерінің санын  

анықтау.  

Кәсіпорынның көлемі мен оның даму кезеңі ұйымдық құрылымды  таңдауға айтарлықтай әсер етеді. Шағын  фирмалардың басқарудың ұйымдық  құрылымдары, басқару деңгейлері санының  аз әрі қарапайым болуымен сипатталады. Үлкен басқару құрылымының жоқтығы, шағын бизнес артықшылықтарының біріне жатады, бұл қоршаған орта өзгерістеріне тез жауап беруге, шығындарды айтарлықтай азайтуға және аралық эвеналарды аттай отырып, тікелей басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кез-келген шағын фирма өзінің дамуында 5 сатыдан өтеді:

- негізін қалау;

- пайда болу;

- белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу;

- одан ары қарай даму;

- жетілу.

Пайда болу сатысында  әдетте фирма өз бизнес тұрғысынан өзінің жұмыс істеу қабілеттілігі  мен өмірге төзімділігін көрсетеді. Егер сөз, құрылыс фирмасы туралы болса, онда оның жеткілікті мөлшерде тапсырыс берушілері болады және олардың қажеттіліктері өндірілетін құрылыстық өнімдер мен көрсетулер арқылы қамтамасыз етіледі. Жай ғана сақталып қалудан бастап, шығын және кіріс арасындағы оң балансты табуға дейін шешуші проблемалардың талқылануы орын алады.

Жобаланған көрсеткіштерге қол жеткізу сатысында өз кезегінде кәсіпкердің алдына қойған мақсатына қарай, А және Б деген екі қосалқы стратегияны тап көрсетуге болады. А стратегиясы – кәсіпкердің жаңа бизнесті бастауы, қызметтің басқа түрімен айналысуы және т.б.себептермен бизнестен шығуды жоспарлаған кезде қолданылады. Б стратегиясы – кәсіпорынның одан ары дамуы мен өсуін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкер тарапынан пайдаланылады. Б стратегиясын таңдаған фирма, өзінің бар күшін одан ары өсуге жұмылдырады. Кәсіпкер кәсіпорынның қолда бар қаржы ресурстарын

Информация о работе Шағын және орта бизнес – экономика тұрақтылығының кепілдігі