Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 12:59, курсовая работа
Шағын кәсіпкерлікті қамтыған қиындықтар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және мемлекеттік сектордың оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жібері. Ал қазіргі кезде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптасты және мемлекет тарабынан, сонымен қатар бизнестің өзі де ары қарай жылдам дамуы үшін іс - әрекеттер жасалынып жатыр.
Кіріспе 5
1 Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта бизнестің рөлі 7
мен мемлекеттік реттеуінің теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні 7
1.2 Шағын және орта бизнесті басқарудың ерекшеліктері 9
1.3 Шағын және орта бизнесті басқару жүйелерін жобалаудың 12
функционалдық және құрылымдық тәсілдері
2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жағдайын талдау 18
2.1 Шағын және орта бизнес қызметінің тиімділігін бағалау 18
2.2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту 24
перспективалары мен мемлекеттік қолдауы
2.3 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес дамуын мемлекеттік 29
реттеуін талдау
3 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің проблемалары және оларды 33
шешу жолдары
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша А. Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша шағын 40
бизнестің даму индексі
пайдаланады және банк несиелерін тартады, сөйтіп белгілі бір дәрежедегі тәуекелділікпен оларды өндірістің дамуына жұмсайды.
Сурет 2 – Шағын бизнес менеджменті компоненттерінің иерархиялық классификаторы.
Егер фирманың күш салулары сәтті аяқталса, ол төрт сатыға одан ары
өсу сатысына өтеді. Б стратегиясы көбінесе кәсіпорынның одан ары өсу жолындағы алғашқы қадамы болып табылады. Егер фирманың іс-әрекеттері сәтті аяқталмаса, онда кәсіпорын А стратегиясын қолдануға не бір саты арттағы – пайда болу сатысына өтуге немесе банкрот жариялауға, не үшінші бір тұлғаға сатуға мәжбүр болады.Төртінші сатыда – одан ары даму сатысында – басқару қызметін тез өсумен қамтамасыз ету және жылдам өсуді қаржыландыру сияқты проблемалар шешуші тетік болып табылады. Бесінші – жетілу сатысындағы басты проблема, бұл – одан ары тез даму мен шағын кәсіпорынды икемділік, аз көлемділік және кәсіпкерлік белсенділк сияқты артықшылықтарымен қоса сақтап қалу арасындағы тепе-теңдікте ұстау. Жылдам өскендіктен пайда болатын тиімсіз факторлардың әсерінен құтылу үшін кәсіпорын басқару күшін жылдамдатуды қажет. Мұндай реттеу құралдары ретінде келесі шарттарды пайдалануға болады: стратегиялық жоспрлау, мақсаттар бойынша басқару, бюджеттік жоспарлау және құндық талдау.
Бұл сатыда фирма жоғарғы сатылы деңгейде, бөлшектеу дәрежесі жоғары ағымдық және стратегиялық басқаруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті дәрежеде квалификациялық тәжірибеге, басқару қызметкеріне және қаржы ресурстарына ие. Бұл сатыда басқару жүйесі орталықтандырылмаған, басқару субъектілерінің барлығы көрсетілген және жақсы дамытылған. Бизнестің негізін қалаушылар қаржы жағдайында да, ағымдық басқару жағдайында да өзімен-өзі болады. Бұл сатыда кәсіпорын өзінің дамуының ең жоғарғы нүктесіне жетеді. Ол өзінің көлемі жағынан артықшылығын сақтап қалды және қаржы ресурстары мен менеджерлер талантына ие. Егер негізін қалаушыларды бұдан ары да кәсіпкерлік рух жетелесе, олар нарықтық ортаға одан ары енуге күш сала алады. Егер олай болмаса, онда фирма алтыншы консервация сатысына өтеді.
Консервация сатысы жаңартпашылық шешімдердің жетіспеушілігінен тәуекелділігі жоғары дәрежелі әрекеттерден бас тарту сипатында болады. Бұл жағдай ірі фирмаларға көбірек сай келеді, себебі олардың айтарлықтай нарықтағы үлесі мен қаржы ресурстары қоршаған ортада өзгеріс пайда болғанға дейін тыныштық кезеңінде болуға мүмкіндік береді. Бірақ тез өсетін бәсекелестер әдетте қоршаған ортада өзгерістердің пайда болу мүмкіндігін консервативтік фирмаларға қарағанда айтарлықтай тез байқайды, сондықтан қызу бәсекелік күрес жағдайларында тыныштық туралы өте аз айтуға тура келеді.
Бұл бейімде кәсіпкерліктің негізгі концепциялары қарастырылды, сонымен қатар кәсіпкерлік концепциясын менеджмент тұрғысынан Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін қажетті интеграцияланған концепция ретінде қарастыру ұйғарылуда.
1998 жылғы 3 қыркүйектегі №3095 Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлігінің экономикалық зерттеулер институты мен Қазақстанның кәсіпкерлер Форумының Кеңесі бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің басшылығымен «1999-2000 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік шағын кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсету және дамыту бағдарламасы» дайындалды. Көрсетілген шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасында мына бағыттағы жұмысшыларды жүзеге асыру қамтылған:
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту келесі мәселелер жиынтығын шешуді ұйғарады;
- Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарында; Астана, Көкшетау; Арқалық
қалаларында шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалдарын
құру;
- Қарағанды қаласында шағын
кәсіпкерліктің өнеркәсіп
сыннан өткен жобаларын іске асыру;
- Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін шетелден инвестициялар мен техникалық
көмек (көрсету), тарту
бойынша халықаралық қаржы
институттарымен жұмыс
жүргізуді ұйымдастыру
- «ФудМастер» компаниясының
қатысуымен шағын және орта
фермерлерді қаржыландыру
- Салық салу және кеден бажын төлеудің жеңілдетілген тәртібін қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, франчайзинг Ассоциациясын құру, кейіннен ол халықаралық франчайзингтік Ассоциацияға кіруі керек;
- Шағын бизнес субъектілеріне, банкротқа ұшырау процессінде таратылып жатқан кәсіпорындардың талап етілмеген мүлкін беру бойынша акционерлік қоғам түріндегі лизингтік компанияларды құру;
- телекоммуникациялық және электортехникалық саладағы қуаттылықтар негізінде «Индустриалды парк» консорциумын қалыптастыру жобасын іске асыру;
Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша барлық жұмысты мемлекеттік деңгейде шағын кәсіпкерлікті қолдау және табиғи монополияны реттеу жөніндегі Республикалық Агенттік басқарады.
Әр түрлі министрліктер, ведомостер және мемлекеттік органдар бағдарламаны іске асыруға белсенді түрде қатысады, соның ішінде: шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры; Қаржы министрлігі; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі; инвестиция бойынша Мемлекеттік комитеті; Мемлекеттік кіріс министрлігі; Әділет министрлігі; Республикалық ақпараттық-көрме орталығы; энергетика, индустрия және сауда Министрлігі; Көлік және байланыс Министрлігі; Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі; ауылшаруашылық Министрлігі; ПҚ Бас Прокуратурасы; Іскер әйелдер қауымдастығы және басқалар.
2 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Шағын және орта бизнес қызметінің тиімділігін бағалау
Тиімді кәсіпорынның негізгі критерийлерімен сәйкестігі жағынан болашақ кәсіпорынға баға беру үшін саланың жағдайы мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсекеге қабілеттілік деңгейі, басқарушы команданың сипаттамасы, қызметтік критерийлермен және стратегиялық сипаттамалар сияқты факторлар таңдалады. Кез-келген кәсіпкер осындай талдау жүргізуді қажет, себебі бұл кәсіпорынға келешекте тиімділігі жағынан баға беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның әулетінің жоғарылығы оң табысқа жетуге мүмкіндік береді, ал кәсіпорынның әулетінің төмен болуы қандай да бір бизнес-идеядағы алдын-ала бас тарту арқылы фатальды сәтсіздікке ұшыраудан құтылуға мүмкіндік береді. Кейде кәсіпорындар кейбір критерийлер бойынша тиімділігі жоғары кәсіпорындарға сай келмесе де, бірақ сындарлы факторларды жақсы жағына қарай өзгерту мақсаттында оларға аса көп көңіл аудару шартымен құрылуы мүмкін.
Фирма қызметінің тиімділігіне
баға берудің ең басты критерийлерінің
бірі – бұл нарық тауашасының
бар болуы. Сатып алушылардың
жаңадан пайда болатын
Бизнесті бастау үшін сиымды және тез өсетін нарықты іздеген жөн, себебі осы нарықтың кішкентай ғана үлесіне ие болу айтарлықтай және жыл сайын өсетін өндіріс көлемімен қамтамасыз етуі мүмкін. Жыл сайын 30-50 пайыз өсу қарқыны бар нарық жаңа фирмалардың осы нарыққа кірулері үшін тауашалар ашады. Сондықтан мұндай нарық әлдеқашан (нарыққа) орныққан нарық шегі үшін өткір бәсекелестік күрес жүріп жатқан тұрақты нарыққа қарағанда бизнесті ұйымдастыру үшін анағұрлым тиімді.
Қызмет көрсету нарығының үлесі де аз мәнге ие емес. Шетелдік тәжірибеде нарықтағы үлесі 20 және одан да көп пайызды құрайтын кәсіпорындар тиімді (жетекші) болып саналады. Тауар мен қызмет көрсету нарығы үлесінің жоғары болуы өндіріс көлемінің одан әрі өсуін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ кәсіпорынның бағалық құнын да көтереді, бұл жағдайда оның мөлшері фирманың жеке капиталынан асып түседі. Егер фирманың әлеуеті нарық көлемінде бес пайыздан төмен бағаланса, онда бұл аз мөлшердегі нарық үлесін білдіреді, ондай фирмалар шағын болып есептеледі. Әр түрлендірілген даму стратегиясын таңдаған шағын фирмалардың нарық үлесін жаулап алудың орнына бір ғана таңдалған сегментте жұмыс істеуге тырысатындығын атап кету қажет.
Экономикалық көрсеткіштер тобына келесілер жатады: оң ақша ағымына қол жеткізу үшін қажетті уақыт; инвестициялардың рентабельділігі; капиталға деген қажеттілік; ішкі рентабельділік коэффициенті; еркін ақша ағымының сипаттамасы; жалпы кіріс; кәсіпорынның таза кірісі; шығынға ұшырамайтын нүктеге қол жеткізуге қажетті уақыт.
Тиімді кәсіпорындар үшін оң ақша ағымына қол жеткізуге қажетті уақыт екі жыл және одан аз мерзімді құрайды. Егер осы уақыт үш және одан көп жылға созылса, тиісінше тиімділігі жоғары кәсіпорын құру мүмкіндігі де азаяды.
Фирма қызметінің нәтижесін
көрсететін көрсеткішетрдің бірі –
жалпы пайда, ол өнімнің бағасы мен
оның өзіндік құны арасындағы айырымы
ретінде есептеледі. Таза пайда деп
салық төлемінен кейінгі
Келесі көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның пайдасын анықтаймын.
Кесте 1 - Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Жоспар |
Факт |
Өзгеріс |
% |
Салық салынатын табыс |
8715 |
8841 |
126 |
101,44 |
Қосылған құн салығы |
1045,8 |
1060,92 |
15,12 |
101,44 |
Қосылған құн салықсыз түсім |
7669,2 |
7780,08 |
110,88 |
101,44 |
Өзіндік құн |
2650 |
2250 |
400 |
84,90 |
Операциялы табыс |
640 |
650 |
10 |
101,56 |
Операциялы шығыс |
210 |
180 |
-30 |
85,71 |
Жөндеу |
500 |
540 |
40 |
108 |
Банктік марапаттау |
450 |
454 |
4 |
100,88 |
Лизингтік аударым |
100 |
100 |
0 |
100 |
Несиелік төлем |
140 |
140 |
0 |
100 |
Еңбекақы |
1200 |
1350 |
150 |
112,5 |
Депозит |
1300 |
900 |
-400 |
69,23 |
Аванстық төлем |
231 |
350 |
119 |
151,51 |
Баланстық пайда |
5028,2 |
4874,08 |
-154,12 |
96,93 |
Корпоративтік табыс салығы |
754,23 |
731,11 |
-23,12 |
96,93 |
Таза пайда |
4273,97 |
4142,97 |
-131 |
96,93 |
Шығару жолдары:
Жоспар бойынша:
1. ҚҚС= м.т.
2. ҚҚС-сыз табыс=8715-1045,8=7669,2 м.т.
3. Т=7669,2+640+450+1300=10059,2 м.т.
4. Ш=2650+210+500+100+140+1200+
5. БП=10059,2-5031=5028,2 м.т.
6. КТС= м.т.
7. ТП=5028,2-754,23=4273,97
Факт бойынша:
1. ҚҚС= м.т.
2. ҚҚС-сыз табыс=8841-1060,92=
3. Т=7780,08+650+454+900=9784,08 м.т.
4. Ш=2250+180+540+100+140+1350+
5. БП=9784,08-4910=4874,08 м.т.
6. КТС= м.т.
7. ТП=4874,08-731,11=4142,97 м.т.
Осы көрсеткіштерге қарап таза пайда жоспар бойынша факттан көп екенін көрдік. Тұрақты деңгейдегі жалпы пайданың жоғары мөлшеріне ие болу өте маңызды 40-50 % мөлшердегі жалпы пайда ақша ағының қамтамасыз етеді, бұл ресурстарды басқару мен үлкен икемділікті қамтамасыз етеді. Жалпы пайда мөлшерінің жоғары және тұрақты сипатта болуы өз кезегінде кәсіпорынның залалсыздық нүктесіне ертерек жете білуін білдіреді, егер тиімділігі жоғары кәсіпорын жөнінде айтылса, онда екі жыл ішінде, ал тиімділік деңгейі нашар кәсіпорында кештеу орнығады.
Экономикалық талдаудың нәтижесі ретінде кәсіпорынның залалсыздық нүктесіне жету мерзімін сипаттайтын көрсеткіші есептеледі. Залалсыздық нүктесі деп – ақша бірлігінде көрсетілген өнім мен қызмет көрсету көлемін айтамыз, бұл жерде тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы сатудан түскен жиынтық табысқа тең. Сатудан түскен ақша жиынтығы жұмсалған қаражаттан асатын болса, пайданың алынуы қамтамасыз етіледі. Залалсыздық нүктесіне тез жететін жаңадан бастаушы бизнес әсіресе егер ол алғашқы екі жылда жүзеге асатын болса, тиімділігі жоғары деп есептеледі.
Бәсеке деңгейін көрсететін
көрсеткіштерге мыналар жатады: бағаларға,
шығындарға және тарту каналдарына
бақылау жүргізу; салаға кіру бөгеттері.
Тиімділігі жоғары бизнес мүмкіндіктері
өндіріс пен маркетингке
Негізгі бәсекелес тарапынан қызмет көрсету нарығының 40-50 % не одан көп 60 % жаулап алынуы салаға жаңа фирмалардың кіруі үшін маңызды кедергі болады. Негізгі бәсекелестің қатты ықпалы мен билік етуінің шексіз болуына байланысты жаңа кәсіпорындардың нарықтағы тауашаларын табуы қиынға соғады. Сонымен бірге егер негізгі бәсекеге толық қуаттылықпен жұмыс істейтін болса, жаңалықтар енгізуге көңіл аудармаса, өзінің қуаттылығын көбейтуге және алушылардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін елемесе, онда бұл салаға кіру мүмкіндігі пайда болады.
Информация о работе Шағын және орта бизнес – экономика тұрақтылығының кепілдігі