Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:20, лекция

Краткое описание

Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.

Содержание

1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
2. Кәсіпорынның топтастырылуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Копия УМКД ЭКиОРГпро-ва.-2011г.doc

— 334.50 Кб (Скачать документ)

А) Кәсіпорынның табысы = өнімді сатудан түскен табыс + басқадай өткізуден түскен табыс - өткізуден  тыс операциялардан алынған табыс

  1. өнімді сатудан түскен табыс = өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім + қосылған құн салығы + акциздер + өнімнің өзіндік құны
  2. басқадай өткізуден алынған табыс = негізгі қорларды және басқа да мүліктерді т.б. сатудан түскен табыс
  3. өткізуден тыс операциялардан алынған табыс = құнды қағаздар дивидендтері + жалға алғаны үшін төлем + өсімақы, айыппұл т.б.

Кәсіпорынның  табысы олардың активтерінің артуы  немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Өндірісті ұйымдастырудың формалары

Жоспары:

1. Өндірісті құрамдастыру 

2. Өндірісті мамандандыру 

3. Өндірісті кооперациялау

4. Өндірісті шоғырландыру

Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру әртүрлі әдістермен жүзеге асады: ағымдық, партиялық, жеке немесе біркелкі, олар өзара жұмыс орнын мамандандыру деңгейімен, операциялардың уақыт бойынша үйлесуімен, өндірістік процестің үздіксіздік дәрежесімен ерекшеленеді.

Өндірістік  процестің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, өндірісті ұйымдастырудың тиімді әдісі болып ағымдық әдіс табылады, бұл жерде барлық жұмыс процесі бір уақытта, бірдей ритмде орындалады.

Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісін экономикалық жағынан  үш жағдайда қолдануға болады: біріншіден, ұзақ уақыт бойы ағымдық желісті жұмыс орнымен жоғары деңгейде қамтамасыз ететін массалы немесе ірі сериялы өндірістің болуы; екіншіден, конструкциялардың және технологиялық процестердің дұрыстап өңделуі, себебі, өнімді дайындау конструкциялары мен технологиялық процестердің күрт өзгеруі өндірісте жоғалулардың болуына әкеліп соғуы; үшіншіден, ағымдық желісті жұмыс орнымен қамтамасыз етуді нақты ұйымдастыру, олардың материалдармен, бөлшектермен жабдықталуы.

Өнеркәсіпте ағымдық  желістің әр түрі қолданылады. Ағымдық желістің классификациялық формасының негізіне оның ұйымдастырылуына әсер ететін белгілер келтірілген: өндірісті мамандандыру дәрежесі, өндірістік процесті синхронизациялау деңгейі, ырғақты ұстап тұру әдісі, еңбек заттарын қозғалту әдісі, конвейер қозғалысының сипаты, операцияларды орындау орыны, еңбекті механизациялау және автоматизациялау деңгейі, операциялардың өзара өндірістік байланыс дәрежесі.

Өндірісті мамандандыру дәрежесіне байланысты ағымдық желістер бір және көп затты болып келеді.

Бір затты ағымдық  желіс деп ұзақ уақыт бойы бір  бұйымның немесе бөлшектің өңделуін айтады. Мұндай желістер көбінесе массалы  және ірі сериялы өндірісте қолданылады.

Көп затты ағымдық  желіс деп конструкциясы және технологиясы бірдей бұйым немесе бөлшектердің бір уақытта немесе біртіндеп дайындалуын айтады. Бұл форма орта  және ірі сериялы өндірісте қолданылады.

Ағымдық өндірістің негізгі звеносы-ол ағымдық желіс, яғни технологтялық процестердің дұрыс  жүруін  қадағалап отыратын жұмыс  орынының топтары. Ағымдық желісті құру кезінде ағымдық желістің тактісі, қарқыны, ырғағы, жұмыс орнының саны, конвейер қозғалысының жылдамдығы, технологиялық және көліктік, айналым және сақтандыру бұйымдары есептеледі.

Ағымдық желістің негізгі шамасы болып ағым тактісі  табылады. Ағымдық желістің тактісі деп бірінен соң бірі шығарылатын екі бұйымның арасындағы уақыт немесе басқа аралас бұйымдар операцияларының уақытын айтады. Жалпы түрде ағымдық желістің такт шамасы (Т) келесі формуламен анықталады:

Негізгі өндірісті  ұйымдастыру

Жоспары:

1. Негізгі өндірісті  ұйымдастыруды жетілдірудің мәні.

2. Негізгі өндірісті  ұтымды ұйымдастырудың принциптері.

3. Өндірістік цикл.

4. Өндірістің типтері  және оның техника – экономикалық  сипаттамасы

5. Өндірісті ұйымдастырудың  ағымдық әдісі.

Негізгі өндірісті ұйымдастыру мақсаты-барлық өндірістің элементтерін тиімді пайдалануға, өнім өндіруді көбейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға жағдайларды жасау. Кәсіпорындарда негізгі өндірістің ұйымдастырылуында көбінесе ағымдық әдісі қолданылады.өндірістік ағымның негізгі белгілері:

- өндірістік  процестердің операцияларға жекеленуі;

- әр  операцияны жұмыс орынына, бір  типті машинаға бекіту;

- барлық операциялардың  бір уақытта орындалуы; 

- операцияларды,  бір типті жабдықтар топтарын  өндірістік процестің жүрісі         бойынша орналастыру; 

- еңбек  затының бір операциядан келесі  операцияға тез уақытта өтуі;

- операцияларды  үйлестіру;

- жұмыс орнын  және машиналарды тар мамандандыру.

Негізгі өндірісті  ұйымдастырудың мақсаты-барлық элементтердің  қолданылуын, өнім шығаруды көбейтуді, еңбек өнімділігін арттыруды, өндірістің тоқтап тұруын төмендетуді қамтамасыз етеді.

Ғылыми техникалық прогрестің қазіргі жағдайында негізгі  өндірісті тиімді ұйымдастырудың негізгі  принциптері төмендегідей:

  1. процесті мамандандыру;
  2. пропорционалдылық;
  3. ырғақтылық немесе біркелкілік;
  4. үздіксіздік;
  5. параллельділік;
  6. турадәлдік.

Процесті мамандандыру (жұмыс орнын)-әрбір жұмыс орнындағы  жұмыс аттарын, операциялар санын  қысқарту.

Өндіріс процесін мамандандырудың  сандық деңгейі мамандандыру

коэффициентімен ( )   сипатталады, ол келесі формуламен анықталады

Мұндағы: талданып отырған кезеңдегі өндірістік бөлімшелерде өңделетін операциялардың бөлшектерінің саны; М-өндірістік бөлімшелердегі жұмыс орнының саны.

Өндірістік  процесті ұйымдастырудың пропорционалды принципі деп негізгі және көмекші  өндірістің барлық өндірістік бөлімшелерінің өткізу қабілеттілігі, ал бұл цехтың шеңберінде-участкалар мен линиялардың, құрал жабдықтар мен жұмыс  орындарының бірдей өткізу қабілеттілігін айтады. Өндірістік процестің пропорционалдылық коэффициенті ( ) келесі формуламен анықталады:

мұндағы: нақты операцияны орындау кезінде қолданылатын құрал жабдықтың өнімділігі; линияның өндірістік қуаты.

Көмекші өндірісті  ұйымдастыру

Жоспары:

1. Жөндеу шаруашылығын ұйыдастыру.

2. Көлік шаруашылығын  ұйымдастыру. 

3. Қойма шаруашылығын  ұйымдастыру

2. Қысқаша теориялық  мәліметтер:

Өндіріс процесінде түрлі  машиналар,  аппараттар, механизмдер  бірте –бірте тозады, өз қызметін дұрыс  атқара алмайды. Құрал жабдықтардың бастапқы қасиеттерін қайтару үшін, оларды уақытылы жөндеу қажет. Сонымен  қатар белгілі бір мерзім ішінде олар бұзылмай жұмыс істеуі керек. Осы мәселелердің бәрін кәсіпорынның құрал жабдықты жөндеу шаруашылығы атқарады. Машиналар ман механизмдердің ең тиімді жөнделуінің жолы ретінде алдын-ала жоспарлы жөндеу жүйесі қарастырылады.

Құрал-жабдық шаруашылығының рационалды түрде ұйымдастырылуы кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін жоғарылатудың маңызды шарты болып табылады.

Кәсіпорынның  шамасынан, өндіріс типі мен көлемінен  тыс құрал-жабдықтың шаруашылықтың  қызметіне төмендегі функциялар енеді:

  • құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлау мен нормалау;
  • өндірісті сатып алынған немесе дербес даярланған құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;
  • құрал-жабдықты қайта қалпына келтіру  мен орталықтан ұштау;
  • технологиялық жабдықтаудың нәтижелі қолданылуы бойынша іс- шаралық өңделуі;

Құрал-жабдықтар қалыпты және арнайы болып екіге бөлінеді. Қалыпты құрал-жабдықтардың басым бөлігін арнайы кәсіпорындарда шығарылатын әртүрлі бұйымдарды даярлайтын операцияларға арналған. Арнайы құрал-жабдықтар белгілі бір  нақты бұйымдарды айқын операцияларын орындауға арналған.

Құрал-жабдықпен  айналысудың айқын жүйесін ұйымдастыру, жоспарлау, есепке алу топтастырылады және осының негізінде құрал-жабдықты индексациялау тағайындалады, яғни тип өлшемге сәйкес цифрдың берілуі, құрал-жабдықтың негізгі конструктивті  және эксплуатациялық белгілері.

 

  ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУЛАР

 

Инвестиция салғаннан  түсетін болашақ кіріс құны мына формула бойынша есептеледі:

мұнда    – инвестиция салудан түсетін болашақ кіріс құны;

  – келтіріңді (ағымдағы) құн;

 – банк пайызының деңгейі;

 – болашақтағы инвестиция кірістері  түсетін кезеңдер саны. 

Осыдан келтіріңді (ағымдағы) құн мына формуламен анықталады:

.

Пайыздық және есептік  мөлшерлемелер мына формуламен есептеледі:

,

мұнда   пайыздық мөлшерлеме;

,

мұнда   есептік мөлшерлеме.

Таза келтірінді (ағымдағы) құн былай анықталады:

,

мұнда   – таза келтіріңді (ағымдағы) құн;

 – n жылында жобамен туындаған  ақшалай түсімдер;

 – инвестицияға жұмсалатын бастапқы шығындар.

Кірістің ішкі мөлшерлемесі (IRR) анықталып, инвестицияның тиімділігін  бағалау үшін қолданылады:

, бұл арада 
:

1) егер  , онда жоба қабылданады;

2) егер  , онда жоба қабылданбайдыҢ

3) егер  , онда басқа шешім қабылданады,

мұнда – капитал немесе қаражаттың тиісті қайнар көзінің бағасы.

 

Инвестицияның тиімділігін  бағалау үін, сондай-ақ  келтірінді (ағымдағы) шығын индексі және өтелімділік мерзімі қолданылады. Олардың есептеу формулалары мынадай:

мұнда – келтірінді (ағымдағы) шығын индексі;

мұнда  – инвестицияның өтелімділік мерзімі.

 

 

Тапсырмалар мен  жағдайлар

 

Есепті шешу үлгісі

Тапсырма шарты:

Фенол өндірудің үш әдісі бар: парофаздық, сульфурациялық және кумольдық. Осы  кәсіпорын үшін ең үнемдісі кумольдық  болып табылады. Осы әдісті меңгеру  үшін кәсіпорынға 1900 мың теңге мөлшерінде инвестиция қажет. Меншікті қор есебінен бөлінген немесе несие ретінде банктен алған қаражатты кәсіпорын жыл сайын өнім өткізуден түсетін ақшалай табыс 1-жылы – 320 мың теңге, 2-жылы – 450 мың теңге, 3-ші жылы – 640 мың теңге, 4-ші жылы – 770 мың теңге, 5-ші жылы – 920 мың теңгені құрап, банк несиесі бойынша орташа пайыз 10%-ға тең болған жағдайда бес жыл ішінде өтегісі келеді.

Мұндай талаптарды бұл  жобалар қанағаттандыра ала ма?

 

Шешуі: Мына формула бойынша инвестицияның  өтелімділік мерзімін (ТО) анықтау керек:

мұнда   – инвестициялауға жұмсалған бастапқы шығындар;

  –   жылында жобадан туындаған ақшалай түсімдер

 – банк пайызының деңгейі;

 – болашақтағы инвестиция кірістері  түсетін кезеңдер саны.

Ол үшін, алдымен, формулаға  сәйкес әрбір жылға болашақ ақшалай  кірістің ағымдағы (келтірінді) құнын  есептейміз, яғни дисконттау коэффициентінің  көмегімен оларды бір уақыт сәтіне – оларды дисконттау коэффициентіне көбейтіп, инвестицияның жұмсалған сәтіне алып келеді:

Болашақ ақашалай кірістің ағымдық (келтірінді) құны мынаны құрайды:

 

1-жылда   (мың теңге);

2-жылда   (мың теңге);

3-жылда  (мың теңге);

4-жылда  (мың теңге);

5-жылда  (мың теңге);

Төрт жылда инвестицияның 1669-53 мың теңге сомасы өтеледі:

(мың теңге).

5-ші жылда инвестицияның  230,47 мың теңге сомасы өтелуі  тиіс болады:

1900 – 1669,53 = 230,47 (мың  теңге).

Өтелімділік мерзімінің формуласы бойынша көрсетілген  инвестиция сомасы 5-жылдың қай бөлігінде  өтелетінін анықтаймыз:

230,47 мың теңге: 571,23 мың теңге = 0,4 жыл.

Осылайша кәсіпорын  талаптарына сәйкес инвестициялық  жоба, фенол өндіруде кумольдық әдісті енгізуге бағытталған инвестиция өтелімділік  мерзімі 0,4 жылды құрайды.




Информация о работе Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы