Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:20, лекция
Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
2. Кәсіпорынның топтастырылуы
Тақырып 6. Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек ақысы
Жоспары:
1. Еңбек ақының мәні
және оған әсер ететін
2. Еңбек ақының формасы мен жүйелері
3. Тарифтік жүйенің мәні және оның элементтері
Лекция мақсаты: Еңбек ақының тарифтік жүйесі – еңбектің жағдайына, ауырлығына, қарқындылығына, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігіне, өнеркәсіптік өндірістің ерекшілігіне байланысты жұмыскерлердің әртүрлі топтарымен категорияларына төленетін еңбек ақы деңгейін дифференциациялау мен реттеу үшін қолданылатын нормативтердін жиынтығы.
Лекция мазмұны: Кәсіпорын жұмысшылары үшін жалақы түріндегі еңбекақысы кәсіпорынның өндірістік іс-әрекеттеріне қосқан жеке үлесіне сәйкес алатын, жеке табысы болып табылады.
6.1. Еңбек ақының мәні және оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорын жұмысшылары үшін жалақы түріндегі еңбекақысы кәсіпорынның өндірістік іс-әрекеттеріне қосқан жеке үлесіне сәйкес алатын, жеке табысы болып табылады. Еңбекақының номиналды және шынайы түрін ажыратуға болады. Номиналды еңбекақы- бұл белгілі бір уақыт ішінде жұмысшының өз еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Шынайы еңбекақы- бұл сол кезеңдегі баға деңгейі бойынша еңбекақыға келетін тұтыну және қызмет көрсету заттарының саны. Кез-келген кәсіпорынның еңбекақысын төлеуді ұйымдастыру негізінде-еңбекақы қоры; тарифтік жүйе: еңбекақы жүйесі мен нысаны алынады.
Еңбекақы қоры- жалақы мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді төлеуге арналған қаржы көзі. Ол жұмысшылардың орташа тізімдік санын бір жұмысшының орташа еңбекақысына көбейту арқылы немесе жалпы өндірілген өнім құнын еңбекақы нормативіне , яғни, өндірілген өнімнің 1 теңгесіне көбейту арқылы есептеледі.
Еңбекақының екі негізгі нысаны (формасы) бар: мерзімдік және келісімді.
Еңбекақының келісімді нысаны кезінде -еңбекақы орындалған жұмыстың немесе өндірілген өнімнің әр бірлігіне байланысты анықталады.
Еңбекақы төлеудің бұл нысаны- жұмысшының кәсіптілік дәрежесін арттыруға ынталандыру және оның еңбек өнімділігінің өсіміне мүдделілігін қамтамасыз етеді. Алайда келісімді еңбекақы төлеу жағдайында, өнім сапасының төмендеу, технологиялық прцесстер режимінің бұзылу, қауіпсіздік техника талаптарының қадағаланбауы, материалдық ресурстарды артық жұмсау қаупі туындауы мүмкін.
Келісімді еңбекақы төлеу нысанының төмендегі жүйесі бар: тікелей келісімді, прогрессивті- келісімді, сыйақылық келісімді, аккордтық, жанама-келісімді және т.б. Тікелей келісімді жүйе кезінде- жалақы, өндірілген өнім санын белгіленген ставкаға көбейту арқылы анықталады. Орындалған жұмыс немесе өндірілген өнім бірлігіне көбейтілген ставка төмендегі формула бойынша анықталады:
мұндағы: т- сағаттық тарифтік ставка, теңге.
Ем - сағаттық орындалған жұмыс мөлшері.
Ум - өнім (жұмыс) бірлігіне уақыт мөлшері, сағат.
Прогрессивті- келісімді еңбекақы жағдайында-мөлшерден артық (тыс) орындалған жұмысқа қосымша еңбекақы төленеді.
Сыйақылық-келісімді еңбекақы жағдайында, жұмысшыға негізгі еңбекақысына қосымша, оның сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша қол жеткізген жетістіктеріне байланысты сыйақы түріндегі еңбекақы беріледі.
Жанама-келісімді еңбекақы жағдайында — жұмысшылардың еңбекақысы қызмет көрсету нәтижесіне тәуелді. Аккордтық жүйе жағдайында-еңбекақы көлемі барлық орындалған жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер де, әдетте мерзімдік еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Мерзімдік еңбекақы төлеу нысаны бойынша жұмысшылардың еңбекақысы, өндірістегі іс жүзінде атқарған жұмыс уақытына байланысты белгіленеді. Оның неғұрлым кең тараған екі жүйесі бар: жай мерзімдік және сыйақылық-мерзімдік.
Тақырып 7.Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны
Жоспары:
1.Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік
2.Өзіндік құнды құрайтын шығындардың жіктелуі
3.Өзіндік құнды
қысқартудың көздері және
Лекция мақсаты: Қазіргі нарықтық экономикада, үлкен бәсекелестік деңгейінде әр кәспорын нарықты өз орнын алуға ұмтылады, сондықтан бәсекелестік қабілетке ие болу үшін әрбір шығарған өнімнің өзіндік құны төмен, әрі сапалы болуға ұмтылуы керек.
Лекция мазмұны: Өнімнің өзіндік құнының және өнім құнының арасында сапалы және сандық айырмашылық бар. Сандық айырмашылық кәсіпорындардағы жиналатын жиындар, өнімнің өзіндік құнына кірмейді (әлеуметтік сақтандыру қоры аударымды есептемегенде).
7.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік
Өнімді өндіруге және өткізуге жұмсалатын кәсіпорынның барлық ақшалай түрдегі шығындары
Қазіргі нарықтық экономикада, үлкен бәсекелестік деңгейінде әр кәспорын нарықты өз орнын алуға ұмтылады, сондықтан бәсекелестік қабілетке ие болу үшін әрбір шығарған өнімнің өзіндік құны төмен, әрі сапалы болуға ұмтылуы керек. Жоғарыда аталған өнімнің өзіндік құнға кіретін шығындарының кейбір түрлерін қысқарту, (мысалға өндірістік ақыларды айыппұл, болдырмауға тырысу, штраф) сөйтіп өнімнің өзіндік құнын төмендетуге әр кәсіпорын талпынуы қажет.
Өнімнің өзіндік құны оның құнының бір бөлігі. Ал өнімнің құны өндірістік кәсіпорынның жиналатын пайдасы, осы пайданың бір бөлігі орталықтанған жүйе бойынша халық, мемлекет пайдасына ұласады. Өнімнің өзіндік құнының сомасы мен оның құнының арасындағы айырмашылық өнімнің құнының төмендеу негізі болуы керек.
Өзіндік құнға мыналар кіреді: Жұмсалған шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның құны, машиналардың, үйлердің, ғимараттардың құнынан пайзбен есептеп амортизацияға төленетін төлем және еңбекке төленетін шығындар. Кәсіпорындардың өнім өткізуге, басқару ісіне жұмсаған шығындары мен таза табыстың кейбір элементтері де (әлеуметтік қауіпсіздендіру қорының бөлінген үлесі) өзіндік құнға кіреді.
Тақырып 8. Кәсіпорынның баға саясаты
Жоспары:
1.Баға: мәні, қызметі, факторлары
2 Баға жүйесі
3.Баға саясаты
Лекция мақсаты: Бағалар статистикасы әлеуметтік – экономикалық статистиканың құрамды бөліміне кіреді, ол экономикалық қатынастар сферасындағы іс-әрекет ететін барлық бағалар жүйесін зерттейді.
Лекция мазмұны: Бағалар өндіріс процесінде және тауар айырбастау процесінде қалыптасады, оның экономикалық механизмдегі мәні маңызды. Қазақстан экономикасындағы түбегейлі өзгерістер және оның рыноктық негізіндегі шаруашылық етуге ауысуына байланысты мемлекеттік құрылымы бұрынғы басқару механизмін радикалды сындыруға алып келді
8.1. Бағаның мәні, қызметі, факторлары
Баға – негізгі құндық өлшегіш болып табылады. Бағаның статистиканың объекті ретінде оқытылуы макро және микроэкономика позициясында қарастырылуы керек. Макроэкономика позициясынан бағаға салалық пропорциялар, ұлттық табысты бөлу жүйесі, салық салу және несие беру, шығындардың құрылу реті және тағы басқалар әсер етеді. Микроэкономика позициясынан баға нақты кәсіпорын, фирма деңгейінде қызмет жасап, табысты қамтамасыз ететін механизм ретінде қарастырылады.
Бағалар статистикасы әлеуметтік – экономикалық статистиканың құрамды бөліміне кіреді, ол экономикалық қатынастар сферасындағы іс-әрекет ететін барлық бағалар жүйесін зерттейді.
Бағалар өндіріс процесінде және тауар айырбастау процесінде қалыптасады, оның экономикалық механизмдегі мәні маңызды. Қазақстан экономикасындағы түбегейлі өзгерістер және оның рыноктық негізіндегі шаруашылық етуге ауысуына байланысты мемлекеттік құрылымы бұрынғы басқару механизмін радикалды сындыруға алып келді. Жоспарлы экономика шартында бағалар ортақтандырылып құрылатын. Бағалар жүйесі тізбектеліп, қатарласа кең – байыту және шикізат салаларынан соңғы цикл өніміне және халықтың тұтынатын тауарларына ауысып құрылды. Бағалар жүйесін қайтадан қарастыру 5 – 10 жылда бір рет өткізіліп отырды, олардың арасындағы мерзімде бағалар бір қалыптылығын қамтамасыз ететін принципі ұсталынды. Рыноктық негіздегі шаруашылық етуге ауысқаннан кейін негізгі орынды ерікті бағалар алды.
Тақырып 9. Өндірістің әлеуметтік және экономикалық тиімділігі
Жоспары:
1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні, критерилері және көрсеткіштері
2. Шығындардың жалпы
салыстырмалы экономикалық
3. Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары
Лекция мақсаты: Халық шаруашылығының қаржысын жиынтықты түрде бағалау үшін, ақша қорларының құрамы, кәсіпорынның және халық шаруашылығының жеке салаларының шаруашылық мекемелерінің қаржылық нәтижелері туралы статистикалық ақпараттармен қамтылуы тиіс..
Лекция мазмұны: Қазіргі нарықтық экономика жағдайында өндірістік кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылық, пайда және кіріс көрсеткіштері маңызды орын алады. Мұндағы бұл көрсеткіштердің мөлшері; олардың бір-бірімен қарым-қатнасы кәсіпорынның қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді.
9.1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні, критерилері және көрсеткіштері
Қазіргі нарықтық экономика
жағдайында өндірістік кәсіпорындардың
қаржылық тұрақтылық, пайда және кіріс
көрсеткіштері маңызды орын алады.
Мұндағы бұл көрсеткіштердің
мөлшері; олардың бір-бірімен қарым-
Өндірістік кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің соңғы жүйелеріне пайданың, кірістің, тиімділіктік дәрежесінің, қаржылық жағдайдың қалыптасу және үлестіру көрсеткіштері кіреді. Халық шаруашылығының қаржысын жиынтықты түрде бағалау үшін, ақша қорларының құрамы, кәсіпорынның және халық шаруашылығының жеке салаларының шаруашылық мекемелерінің қаржылық нәтижелері туралы статистикалық ақпараттармен қамтылуы тиіс.
Табыс – төтенше таралған,
кең түрде қабылданатын, сонымен
қатар түрліше маңызда
Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру.
А) Кәсіпорынның табысы = өнімді сатудан түскен табыс + басқадай өткізуден түскен табыс - өткізуден тыс операциялардан алынған табыс
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен сатудан, несиеден алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер.
ЖТ=ТӨҚ - ӨШ
Таза табыс ұғымына жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
ТТ= ЖТ – МШ
Әрбір кәсіпорынның жиынтық
көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.
Пайда дегеніміз – тауар
П= ТӨҚ - ӨШ
Пайда - өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады.
-инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру.
Рентабельділік, тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Ол төмендегіше анықталады.
Р = * 100 , Р = * 100, өлшем бірлігі процент
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату.
Нарықтық қатынас жағдайында кәсіпорын табысының басты көзі қызметін атқаратын пайда, кез-келген ұйымдастыру құқықтық формада жоғарлайды.
Жалпы түрде пайда,- тауар бағасындағы өндіріс шығындары немесе өзіндік құнның үстіндегі артыгы.
Тақырып 10-11. Өндірісті ұйымдастырудың формалары
Жоспары:
1. Өндірісті құрамдастыру
2. Өндірісті мамандандыру
3. Өндірісті кооперациялау
4. Өндірісті шоғырландыру
Лекция мақсаты: Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, өндірісті ұйымдастырудың тиімді әдісі болып ағымдық әдіс табылады, бұл жерде барлық жұмыс процесі бір уақытта, бірдей ритмде орындалады.
Лекция мазмұны: Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру әртүрлі әдістермен жүзеге асады: ағымдық, партиялық, жеке немесе біркелкі, олар өзара жұмыс орнын мамандандыру деңгейімен, операциялардың уақыт бойынша үйлесуімен, өндірістік процестің үздіксіздік дәрежесімен ерекшеленеді.
10.1. Өндірісті ұйымдастырудың формалары.