Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:20, лекция

Краткое описание

Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.

Содержание

1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
2. Кәсіпорынның топтастырылуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Копия УМКД ЭКиОРГпро-ва.-2011г.doc

— 334.50 Кб (Скачать документ)

Құрал-жабдық шаруашылығының рационалды түрде ұйымдастырылуы кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін жоғарылатудың  маңызды шарты болып табылады.

Кәсіпорынның  шамасынан, өндіріс типі мен көлемінен  тыс құрал-жабдықтың шаруашылықтың қызметіне төмендегі функциялар енеді:

  • құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлау мен нормалау;
  • өндірісті сатып алынған немесе дербес даярланған құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;
  • құрал-жабдықты қайта қалпына келтіру  мен орталықтан ұштау;
  • технологиялық жабдықтаудың нәтижелі қолданылуы бойынша іс- шаралық өңделуі;

Құрал-жабдықтар қалыпты  және арнайы болып екіге бөлінеді. Қалыпты құрал-жабдықтардың басым  бөлігін арнайы кәсіпорындарда шығарылатын  әртүрлі бұйымдарды даярлайтын операцияларға  арналған. Арнайы құрал-жабдықтар белгілі бір  нақты бұйымдарды айқын операцияларын орындауға арналған.

Құрал-жабдықпен  айналысудың айқын жүйесін ұйымдастыру, жоспарлау, есепке алу топтастырылады және осының негізінде құрал-жабдықты индексациялау тағайындалады, яғни тип өлшемге сәйкес цифрдың берілуі, құрал-жабдықтың негізгі конструктивті және эксплуатациялық белгілері.

Құрал- жабдықтың  өндірістік техникалық сипаттамасын топтастырудың  маңызды белгісі болып табылады. Осы белгісіне байланысты ол класстарға, ішкі класстарға, топтарға, ішкі  топтарға, түрлерге, әртүрлілікке бөлінеді. Құрал-жабдықты индексациялаудың бірнеше жүйесі бар:

  • цифрлы
  • әріпті  және
  • аралас

Цифрлы жүйеде құрал  көрсеткіші немесе технологиялық жабдықтау  тек цифрлардан тұрады, ол цифрдың  әрқайсысы классты, ішкі классты, группаны, ішкі топты білдіреді. Бұл ретте құрал-жабдықтың әр көрсеткішіне 0-10-ға дейінгі нөмірлер меншіктеледі, бұл индекстеу жүйесі кейде топтаудың ондық жүйесі деп аталады.

14.2. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру.

Көлік құралдарын тиімді пайдалану үшін келесі шарттарды орындау қажет:

- тасымалданатын жүктің  тізімін анықтау;

- кәсіпорынның жүк  ағымын және жүк айналымын  анықтау;

- жүк ағымының бағытые  анықтау.

Жүктің тізімін анықтау  арқылы жүк айналымының, транспорттық операциялардың уақыт мөлшерін және расценкаларын белгілейміз. Кәсіпорынның  жүк ағымы дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде кәсіпорыннан жөнелтілген жүктің көлемін айтамыз. Кәсіпорынның жүк айналымы дегеніміз – белгілі бір жіберетін және қабылдайтын пункттер арасындағы тасымалданатын жүктің көлемін айтамыз. Көлік құралдарының экономтикалық тиімділігі  келесі көрсеткіштер арқылы анықталады: қайта өңделетін 1 тонна жүктің өзіндік құны, горизонтальды конвейердің өнімділігі, ленталы конвейердің өнімділігі, маятник жүйесіндегі көлік құралдарының саны, шенберлік жүйесіндегі көлік құралдарының саны, маятник жүйесіндегі жүкті тасымалдауға қажетті уақыт шығыны, шеңберлік жүйесіндегі жүкті тасымалдауға қажетті уақыт шығыны.

Машина аппараттар бұл  жүйе бойынша жоспарланған мезгілде белгілі бір кезекпен жөнделеді. Бұл жүйе тек жөндеу жұмыстарынан ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру және техникалық шаралар кешенінен тұрады.

Алдын-ала жоспарлы жөндеу жүйесіне келесі жұмыстар кіреді:

  • екі жөндеу аралығындағы құрал жабдықтарға қызмет көрсету;
  • құрал жабдықтарды жуу, оқтын-оқтын тексеру және басқада профилактикалық операциялар.
  • жөндеу жұмыстары.

Екі жөндеу аралығындағы құрал жабдықтарға қызмет көрсету  дегеніміз, ең алдымен оларды ұқыпты күту, тазалығын сақтау, қажетті  мезгілде майлау, инструкцияға сәйкес қосу. Осы шарттар бұзылған кезде немесе сапалы орындалмаған кезде құрал-жабдықтар жиі бұзылып, мезгілінен бұрын істен шығады. Іс жүзінде бұл жұмыстарды осы машина аппараттармен жұмыс істеп жүрген жұмыскерлер атқарады. Жөндеу шарушылығы тек қана бақылайды.

Екі жөндеу аралығындағы қызметке жоғарыда аталған жұмыстармен  қатар құрал жабдықтардың жұмысын  байқау, реттеу және ұзақ кедергілерді жөндеу жатады. Бұл жұмыстардың барлығын құрал жабдықтарға техникалық қызмет көрсету деп атайды. Бұл жұмыстар өндірістік процестің үзілісі кезінде орындалуы керек.

Құрал жабдықтарды жуу, оқтын-оқтын тексеру және басқада  профилактикалық операциялар белгілі  бір графикпен жөндеу бригадасының күшімен орындалады. Бұл жұмыстар нәтижесінде құрал жабдықтардың дәлдігі, кемшілікткрі, келесі жөндеу жұмыстарының көлемі, мезгілі анықталып, машиналар жуылып, майы ауыстырылады. Олар жұмыс ауысымы біткен кезде орындалады.

Нақты жөндеу жұмыстары  үш түрге бөлінеді:шағын, орташа, күрделі.

Алдын-ала жоспарлы жөндеу жүйесінің нормативтеріне жөндеу циклының ұзақтығы, күрделі жөндеудің саны, ағымдағы жөндеу саны, бір жөндеу циклының ішіндегі жоспарлы тексерудің саны жатады. Көлік құралдары  көлік қызметін және технологиялық қызмет атқарады. Көлік қызметі – шикізатты кәсіпорынға жеткізу, өндіріс қалдықтарын кәсіпорыннан алып кету. Технологиялық қызметі – цехтарды, бөлімшелерді, жұмыс орындарын шикізатпен, жартылай фабрикаттармен үздіксіз қамтамасыз ету. Көлік құралдары келесі факторлар арқылы жіктеледі:

  1. үздікті және үздіксіз қызмет атақаратын көлік құралдары;
  2. қолданылған энергияға байланысты механикалық, электрлік, пневматикалық, гидравликалық және қолды көлік құралдары;
  3. цех ішіндегі, цех аралық және сыртқы көлік құралдары.

15.2. Қойма шаруашылығын  ұйымдастыру 

Қойма шаруашылығы деп  кәсіпорынныңнегізгі және қосалқы цехтарын материалды ресурстармен қамтамасыз ететін және сақтайтын қоймалар кещшенін айтамыз. Кәсіпорындағы қойма шаруашылығының негізгі мақсаты -  өндірісті қажетті материалдармен үздіксіз қамтамасыз ету оларды дұрыс сақтау және үнемді пайдалану, арту және түсіру операцияларын максималды механикаландыру, қойма операцияларының құныны төмендету. Қойма шаруашылығын ұйымдастырған кезде ең алдымен қоймалардыңоптимальды санын анықтау қажет, шикізаттың физико- химиялық қасиеттеріне сәйкес ранайы бөлмелерде сақтау мүмкіндігін қарастырып қоймадағы материалды пайдаланатын объектілерге ыңғайлы орналасуы, қойма қүрал жабдықтарын және аспаптарын белгілеу қажет.

Қоймалар төмендегі  факторлар бойынша жіктеледі:

  • сақталатын материалдардың қасиеттеріне байланысты мамандандырылған және универсалды қоймалар;
  • өндірістік процеске байланысты жабдықтаушы, өндірістік және дайын өнім қоймалары болып бөлінеді;

Қойма шаруашылығы деп кәсіпорынның негізгі  және қосалқы цехтарын материалды ресурстармен қамтамасыз ететін және сақтайтын қоймалар кешенін айтамыз.

Кәсіпорындарда арнайы қоймаларда шикізат, қосалқы материалдар, сұйық отын, қосалқы бөлшектер  және дайын өнім сақталады.

Кәсіпорында қойма шаруашылығының негізгі мақсаты-өндірісті қажетті  материалдармен үздіксіз қамтамасыз ету. Оларды дұрыс сақтау және үнемді пайдалану, арту және түсіру операцияларын максрмалды механизациялау, қойма операцияларынның құнын төмендету.

Қойма шаруашылығын ұйымдастырған  кезде ең алдымен қоймалардың  оптималды санын анықтау қажет, шикізаттың физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес арнайы бөлмелерде сақтау мүмкіндігін қарастырып, қоймадағы материалды пайдаланатын объектілерге ыңғайлы орналасуы, қойма құрал-жабдықтарын және аспаптарын белгілеу қажет.

Қойма бөлмелері кәсіпорынның территориясында келесі шарттарға сай орналасуы керек:

  • өндірістік және қосалқы цехтарға мүмкіндігінше жақын орналасу, жүкті қабылдауға, сақтауға,түсіруге ыңғайлы болу;
  • жүктердің барлық түрлерінің тасымалдануы ыңғайлы болуы;
  • қойма бөлмелерінің мүмкіндігін  толығымен пайдалану;
  • өртке қарсы шаралардың, жарықтығы, вентиляциясы, шикізаттың сақтану кепілдігі;
  • қойма жұмысшыларына ыңғайлы өндірістік жағдай туғызу.

Қоймаларды төменгі  факторлар арқылы жіктеуге болады:

сақталатын материалдардың қасиеттеріне байланысты мамандандырылған және универсалды қоймалардың болуы. Мамандандырылғын қоймаларға-ұн, қант, отын, ыдыс қоймалары жатады. Универсалды қоймаға-неше түрлі машиналарға,қосалқы бөлшектерге, аспаптарға, санитарлы және арнайы киімдерге, концеляр тауарларға арналған қоймалар жатады.

өндірістік процестерге  байланысты жабдықтаушы, өндірістік және дайын өнім қоймалары болып бөлінеді. Жабдықтаушы қоймаларға шикізат, материалдар  және отын қоймалары жатады. Өндірістік қоймаға шикізаттың бөлек түрлеріне  арналған жартылай фабрикаттар қоймалары жатады. Бұл қоймалар өндірістік цехтардың ішінде орналасады.Дайын өнім қоймаларына нан сақтайтын, өндірістік қалдықтарға арналған қоймалар жатады.

Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы   Жоспары:

1. Кәсіпорынның мәні  және сипаттамасы

2. Кәсіпорынның топтастырылуы

        2. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.

Өндірістік жүие ретінде  кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.

Сыртқы ортаға – экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық  жағдайлар жатады.

Ішкі ортаға – еңбек  ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.

Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты  – бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғары пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.

Кәсіпорындардың өзін -өзі  қаржыландыру және өзін өзі басқару  жағдайында жұмыс істейді. Барлық кәсіпорынға  жалпы белгі тән:

- өндірістік – техникалық  бірлік; - ұйымдастырушылық бірлік;

- экономикалық бірлік.

Әр  мемлекеттің халық шаруашылығының негізгі бөлімшесі-кәсіпорын болып  табылады. Кәсіпорындарда тауар өндіріледі, қызмет көрсетіледі, халықтың белсенді бөлігінің  жұмысбастылығына  тікелей  әсер ететін қосымша жұмыс орындарын ашады және тұтынушылық сұранысты қанағаттандырады. Сондай-ақ кәсіпорын мемлекеттік және жергілікті бюджеттің  табыс бөлігін  толықтырушысы болып табылады.

Кәсіпорынның  негізгі қорлары

Жоспары:

  1. Негізгі қордың мәні мен мазмұны
  2. Негізгі қорды бағалау

Өнімді дайындау процесіне  қатынасатын барлық материалдық  элементтердің жиынтығы өндіріс  құралдарын береді. Өндіріс құралдары  еңбек құралдары және еңбек заты болып бөлінеді. Еңбек құралдары  негізгі өндірістік қордың заттық мазмұныны  құраса, еңбек заты өндірістік айналым қорының заттық мазмұнын құрайды.

Негізгі қор дегеніміз  өндірістік процеске ұзақ уақыт бойы қатынасатын, өзінің құныны дайын өнімге тозуына қарай біртіндеп өткізетін  және натуралды заттық формасын сақтайтын  өндірістік қордың бір бөлігі. Негізгі қор өндірістік процеске қатысу сипатына байланысты өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Материалдық өндіріс сферасында қолданылатын негізгі қорлар өндірістік деп, ал халықтың тұрмыстық және мәдени қажетін қанағаттандыру үшін қолданылатындары өндірістік емес деп аталады. Мысалы өндірістікке (өндіріс үйлері, қондырғылар, өқұрал-жабдықтар т.б.) жатады. өндірістік емеске кәсіпорынға қарайтын және оның балансына кіретін (тұрғын үй, бала бақшалары, мәдениет үйлері, стадиондар және олардың жабдықтары) жатады.

Негізгі қорлар қолданылу  бағытына және натуралды – заттық

белгілеріне қарай келесі топтарға топтастырылады:

1. Өндірістік үйлер

2. Қондырғылар

3. Тасымалдау қондырғылары;

4. Машина жабдықтар  оның ішінде:

а) күш машиналары

б) жұмыс машиналары

в) өлшеуші және реттеуші приборлар мен қондырғылар, лабораториялық жабдықта

г) есептегіш техника

д) басқада машина жабдықтар

5. Көлік құралдары

6. Инструмент

7. Инвентарь

Негізгі қордың әртүрлі  тобының оның жалпы құнына қатынасы негізгі қордың құрылымы деп аталады. әртүрлі сала мен кәсіпорындардағы негізгі қордың құрылымы бірқатар факторларға байланысты әрқалай болып келеді. Мұндай факторларға шығарылатын өнімнің күрделілігі , конструкторлы-технолгиялық ерекшелігі, өндірістің типі , технологиялық процестің материалдар және қолданылатын машина жабдықтардың техникалық деңгейі, өндірісті құрамдастыру деңгей, кәсіпорындарды орналастыру т.б. жатады.

Кәсіпорынның  айналым қаржылары

Жоспары:

1. Айналым қаржысының  мәні мен мазмұны

2. Айналым қаржысын  мөлшерлеу

2. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Информация о работе Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы