Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:20, лекция
Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
2. Кәсіпорынның топтастырылуы
Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру әртүрлі әдістермен жүзеге асады: ағымдық, партиялық, жеке немесе біркелкі, олар өзара жұмыс орнын мамандандыру деңгейімен, операциялардың уақыт бойынша үйлесуімен, өндірістік процестің үздіксіздік дәрежесімен ерекшеленеді.
Өндірістік
процестің үздіксіздігін
Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісін экономикалық жағынан үш жағдайда қолдануға болады: біріншіден, ұзақ уақыт бойы ағымдық желісті жұмыс орнымен жоғары деңгейде қамтамасыз ететін массалы немесе ірі сериялы өндірістің болуы; екіншіден, конструкциялардың және технологиялық процестердің дұрыстап өңделуі, себебі, өнімді дайындау конструкциялары мен технологиялық процестердің күрт өзгеруі өндірісте жоғалулардың болуына әкеліп соғуы; үшіншіден, ағымдық желісті жұмыс орнымен қамтамасыз етуді нақты ұйымдастыру, олардың материалдармен, бөлшектермен жабдықталуы.
Өнеркәсіпте ағымдық желістің әр түрі қолданылады. Ағымдық желістің классификациялық формасының негізіне оның ұйымдастырылуына әсер ететін белгілер келтірілген: өндірісті мамандандыру дәрежесі, өндірістік процесті синхронизациялау деңгейі, ырғақты ұстап тұру әдісі, еңбек заттарын қозғалту әдісі, конвейер қозғалысының сипаты, операцияларды орындау орыны, еңбекті механизациялау және автоматизациялау деңгейі, операциялардың өзара өндірістік байланыс дәрежесі.
Өндірісті мамандандыру дәрежесіне байланысты ағымдық желістер бір және көп затты болып келеді.
Бір затты ағымдық
желіс деп ұзақ уақыт бойы бір
бұйымның немесе бөлшектің өңделуін
айтады. Мұндай желістер көбінесе массалы
және ірі сериялы өндірісте
11.1. Өндірісті шоғырландыру, өндірісті мамандандыру, өндірісті кооперациялау және өндірісті құрамдастыру.
Өндірісті шоғырландыру дегеніміз – кәсіпорында өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған процесс. Шоғырландыру ірі өндіріс пен кәсіпорындарды қалыптастыру және дамытумен сипатталады. Өндірісті шоғырландыру өнімділігі жоғары техниканы неғұрлым тиімді пайдалануға және қоғамдық еңбек өнімділігінің тоқтаусыз өсуіне мүмкіндік туғызады.
Кәсіпорындағы шоғырландыру келесідегідей түрде дамиды;
Өндірісті шоғырландыруға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:
- машиналардың санын ұлғайту;
- өндірістік қуаты жоғары машина, жабдықтарды пайдалану;
- өзара байланысты
өндірістің құрамдастырылыуын
Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштері ( өзіндік құн, пайда, рентабельділік, еңбек өнімділігі, материалсыйымдылығы және басқа). Шоғырландырудың дамуымен кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштері, оның оптимальды көлеміне жеткенге дейін жақсарады, кейін оның төмендеуі мүмкін.
Өндірісті мамандандыру – бұл бірыңғай өнімді өндіру немесе жекеленген технологиялық операцияны орындау процессі. Мамандандыру еңбек бөліністері нәтижесінде пайда болды. Жеке еңбек бөлінісі нәтижесінде өнеркәсіп салаларға бөлінді. Бірді еңбек бөлінісі нәтижесінде мамандандырылу кәсіпорын ішінде іске асырылды. Өнеркәсіпте өндірісті мамандандыру үш формада жүзеге асырылады: 1.заттық; 2. детальдық;
3. технологиялық.
Мамандандырудың экономикалық тиімділігі:
Өндірісті кооперация – бұл өнімді бірлесіп дайындайтын кәсіпорындар арасындағы байланыстың бір түрі.
өндірісті кооперация салалық және аймақтық принципі бойынша жіктеледі. Салалық принципі бойынша сала ішіндегі; территориялық принципі бойынша аудан ішіндегі және аудан аралық болып бөлінеді.
Өндірісті құрамдастыру – бұл мамандандырылған өндірісті бір шаруашылық кешенге біріктіру процесі.
Құрамдастыру келесі түрлерге бөлінеді:
- өндіріс қалдықтарын пайдалану негізінде;
- шикізатты кешенді пайдалану негізінде;
- шикізатты өңдеудің
Кәсіпорындағы
Құрамдастыру - өндірісті ұйымдастырудың экономикалық тиімді формасы. Оның экономикалық тиімділігі еңбек құралдарын, еңбек затын, жұмыс күшін ұтымды пайдаланумен қамтылған.
Тақырып 12-13. Негізгі өндірісті ұйымдастыру
Жоспары:
1. Негізгі өндірісті
ұйымдастыруды жетілдірудің
2. Негізгі өндірісті ұтымды ұйымдастырудың принциптері.
3. Өндірістік цикл.
4. Өндірістің типтері
және оның техника –
5. Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісі.
Лекция мақсаты: Негізгі өндірісті ұйымдастыру мақсаты-барлық өндірістің элементтерін тиімді пайдалануға, өнім өндіруді көбейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға жағдайларды жасау.
Лекция мазмұны: Технологиялық циклдің ұзақтығы орындалатын жұмыстың еңбек сиымдылығына және өңделетін бөлшектерлің бір операциядан екінші операцияға, бір жұмыс орынынан екінші орынға өту әдісіне байланысты болады, яғни өндірістік процестегі еңбек заттарының қозғалу түріне қарай
12.1. Негізгі
өндірісті ұйымдастыруды жетілд
- барлық операциялардың бір уақытта орындалуы;
- операцияларды үйлестіру;
- жұмыс орнын
және машиналарды тар
Негізгі өндірісті ұйымдастырудың мақсаты-барлық элементтердің қолданылуын, өнім шығаруды көбейтуді, еңбек өнімділігін арттыруды, өндірістің тоқтап тұруын төмендетуді қамтамасыз етеді.
Ғылыми техникалық прогрестің қазіргі жағдайында негізгі өндірісті тиімді ұйымдастырудың негізгі принциптері төмендегідей:
Процесті мамандандыру
(жұмыс орнын)-әрбір жұмыс
Өндіріс процесін мамандандырудың сандық деңгейі мамандандыру
коэффициентімен ( ) сипатталады, ол келесі формуламен анықталады
Мұндағы: талданып отырған кезеңдегі өндірістік бөлімшелерде өңделетін операциялардың бөлшектерінің саны; М-өндірістік бөлімшелердегі жұмыс орнының саны.
13.1. Өндірістік цикл. Өндірістің типтері және оның техника – экономикалық сипаттамасы. Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісі.
Технологиялық циклдің ұзақтығы орындалатын жұмыстың еңбек сиымдылығына және өңделетін бөлшектерлің бір операциядан екінші операцияға, бір жұмыс орынынан екінші орынға өту әдісіне байланысты болады, яғни өндірістік процестегі еңбек заттарының қозғалу түріне қарай. Еңбек заттарының қозғалуының келесі түрлерін көрсетуге болады:
Қозғалыстың реттік түрінде заттардың өңделуі партия бойынша ретімен орындалады.
Қозғалыстың параллельді түрінде еңбек затының әр операциясында өңделуі және бір операциядан басқа операцияға орнын ауыстыруы дана бойынша орындалады.
Еңбек затының параллельді қозғалысында өндірістік циклдің мынадай бөліктері мен элементтерге бөлінеді: жабылмайтын циклдің бөлігі-бұл бірінші еңбек затының соңғы операциядан тыс барлық операциялардың өтуін құрайды. Бұл циклдің бөлігін-циклдық жіберу (цикл запуска) деп атайды, яғни ол барлық жабдықтардың жұмысқа қосылғанына кеткен уақытты көрсетеді. Циклдің жіберуін сипаттайтын қисық сызық-жіберудің сызығы (линия запуска) деп аталады.
Параллельді-реттік түрі еңбек заттарының бөлек операцияларды аралас өңдеу қозғалысын мінездейді.
Өндірістік процестің құрамдас бөліктері. Өндіріс берілген шикізатты дайын өнімге айналдыратын күрделі процесс. Ол жекеленген жұмыс орны мен өндіріс бөлшектерінде іске асатын жекеленген процестердің қатарынана тұрады.
Сонда өндірістік процесс дегеніміз әртүрлі, бірақта өзара байланысты еңбек процесі мен табиғи процестің жиынтығы, бұл процесттер арқылы шикізат дайын өнімге айналдырылады.
Өндірістік процесс: негізгі, көмекші, қызмететуші, қосалқы процестердің жиынтығынан тұрады.
Негізгі процеске – шикізаттың дайын өнімге айналу процесі жатады.
Көмекші процесс - өнім өндіру
мен байланыссыз, негізгі өндіріске
қызмет көрсетумен айналысады. Мысалы:
негізгі өндірісті
Қосалқы процесс шикізаттың дайын өнімге айналуына жағдай жасайды. Бірақ онда қолданылатын шикізатта, одан өндірілетін өнімді кәсіпорынның негізі өндірістен алынатын қалдықтар қолданылады.
Нан өнімдері жүйесіндегі негізгі процесс сатыларға, жекеленген процестерге және операцияларға бөлінеді.
Саты дегеніміз - өндірістік
процестің технологиялық
Өндірістік процестің негізі алғашқы звеносы өндірістік операция.
Өндірістік операция дегеніміз – бір немесе жұмысшы тобымен жекеленген жұмыс орнында бір еңбек құралымен еңбек затын өңдеу процесін айтады.
Бір жұмыс орнында бірнеше операция ретімен тізбектелген түрде орындалатын болса онда оны жекеленген процесс немесе жұмыс циклі дейді.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік процесс әртүрлі операциялардың жиынтығынан тұрады. Оларды екі негізгі белгісі бойынша топтастыруға болады.
Бірінші қолдану бағыты бойынша;
Екінші орындалу әдісі бойынша;
Қолданылу бағыты бойынша өндірістік процестегі барлық операциялар үш негізгі түрге бөлінеді: технологиялық, бақылау, қозғаушы. Орындалу әдісіне байланысты өндірістік операциялар келесі түрлерге бөлінеді: машинамен, машина – қол, қолмен.
Тақырып 14-15. Көмекші өндірісті ұйымдастыру
Жоспары:
1. Жөндеу шаруашылығын ұйыдастыру.
2. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру.
3. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру
Лекция мақсаты: Құрал-жабдық шаруашылығының рационалды түрде ұйымдастырылуы кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін жоғарылатудың маңызды шарты болып табылады.
Лекция мазмұны: Өндіріс процесінде түрлі машиналар, аппараттар, механизмдер бірте –бірте тозады, өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Құрал жабдықтардың бастапқы қасиеттерін қайтару үшін, оларды уақытылы жөндеу қажет.
14.1. Жөндеу шаруашылығын ұйыдастыру.
Өндіріс процесінде түрлі машиналар, аппараттар, механизмдер бірте –бірте тозады, өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Құрал жабдықтардың бастапқы қасиеттерін қайтару үшін, оларды уақытылы жөндеу қажет. Сонымен қатар белгілі бір мерзім ішінде олар бұзылмай жұмыс істеуі керек. Осы мәселелердің бәрін кәсіпорынның құрал жабдықты жөндеу шаруашылығы атқарады. Машиналар ман механизмдердің ең тиімді жөнделуінің жолы ретінде алдын-ала жоспарлы жөндеу жүйесі қарастырылады.