Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:20, лекция

Краткое описание

Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.

Содержание

1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
2. Кәсіпорынның топтастырылуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Копия УМКД ЭКиОРГпро-ва.-2011г.doc

— 334.50 Кб (Скачать документ)

 

3.1. Айналым қаржысының мәні мен мазмұны.Айналым қаржысын қалыптастырудың көздері.

Кәсіпорынның айналым  қаржысы деп, оның өндірістік айналым қоры мен айналыс қорын құрауға авансаланатын ақашалай қаржысын айтады. Айналым қоры деп әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылатын, өзінің құныны өндірілген дайын өнімге толығымен тұтастай өткізетін, натуралды заттық формасын сақтайтын өндірістік қордың бір бөлігін айтамыз.

Кәсіпорынның айналым  қоры үш бөлімнен тұрады:

- өндірістік запастар

- бітпеген өндіріс  және өздерінің дайындаған жартылай  фабрикаттары

- болашақтың шығыны

Өндірістік запастар – ьұл өндірістік процеске жіберу үшін дайындалған еңбек заттары: шикізат, негізгі және қосалқы, отын, сатып алынған жартылай ерекшелігіфабрикаттар, буып – түю бұйымдары, ыдыстар, негізгі қорды ағымдағы жөндеуге бағытталағн запас бөлшектер.

Бітпеген өндіріс және өздерінің дайындаған жартылай фабрикаттары – бұл өндірістік процеске енгізілген еңбек заттары: өңдеу және жинақтау процесіндегі материалдар, бөлшектер бұйымдар. Өздерінің дайындаған жартылай фабрикаттары – бұл бір цехта өңдеуден толығымен өткен, бірақ кәсіпорынның басқа цехтарында әрмен қарай өңдеуді қажет ететін еңбек заттары.

Болашақтың шығыны –  бұл берелген уақыт ішінде өнімнің  жаңа түрін дайындауға және игеруге  жұмсалатын шығын.

Тақырып 4. Кәсіпорынның кадрлары

Жоспары:

1. Кадрлар және олардың  кәсіпорындағы топтастырылуы

2. Еңбек өнімділігі

3. Кәсіпорындағы кадр  саясаты

Лекция мақсаты: Кадр – бұл өндірігш күштердің басты элементтерінің бірі. Өндірістің тиімділіг мен сапасы осы кадрлардың құрамына, саны мен квалификациясына, мәдени техникалық деңгейіне байланысты болады

Лекция мазмұны: Өнеркәсіптік - өндірістік персонал - өндіріспен және оған қызмет етумен айналысады. Бұған негізгі және көмекші цехтардың, лабораториялардың , ғылыми – зерттеу және тәжірибе конструкторлық бөлімдердің, есептеу орталықтарының, басқару аппаратының жұмыскерлері жатады.

4.1. Кадрлар  және олардың кәсіпорындағы топтастырылуы

Кадр – бұл өндірігш күштердің басты элементтерінің бірі. Өндірістің тиімділіг мен сапасы осы кадрлардың құрамына, саны мен  квалификациясына, мәдени техникалық деңгейіне байланысты болады. Осы саладығы  кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері өндірістік процеске қатысу сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал және өнеркәсіптік-өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Өнеркәсіптік - өндірістік персонал - өндіріспен және оған қызмет етумен айналысады. Бұған негізгі және көмекші цехтардың, лабораториялардың , ғылыми – зерттеу және тәжірибе конструкторлық бөлімдердің, есептеу орталықтарының, басқару аппаратының жұмыскерлері жатады. өнеркәсіптік емес персоналға – кәсіпорынға қарайтын, оның балансында тұрған тұрғын үй комуналды шаруашылықтарының денсаулақ сақтау мекемелері мен профилакториялардың, оқу орындарының, бала бақшаларының жұмыскерлері жатады.

Өнеркәсіптік - өндірістік персонал орындалатын жұмыстың сипатына байланысты екі негізгі топқа жұмысшылар мен қызметкерлерге жіктеледі. Жұмысшылар негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.  Негізгі жұмысшылар – шикізатты дайын өнімге айналдыру процесіне тікелей қатынасады. Көмекші жұмысшылар - өнімді өндіруге және өткізуге жағдай жасайды.

Қызметкерлер басшылар, мамандар, қызметшілерге жіктеледі. Басшыларға- кәсіпорынды және олардың құрылымдық бөлімдерін басқару қызметінде қамтылғандыр және олардың орынбасарлары жатады.  Мамандарға – инженерлі техникалық жұмыспен қамтылғандар, экономистер, бухгалтерлер, заң қызметкерлері т.с.с. жатады. Қызметшілерге – құжаттарды дайындаужәне әзірлеу есеп және бақылау, шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлер жатады.

  • Еңбек өнімділігі және оны жоғарлатудың жолдары.
  •      Еңбек өнімділігі  – бұл нақты еңбектің өнімділігі, жемістілігі, ол шығарылған  өнім санымен  есептеледі немесе бір дана өнімді өндіруге кеткен уақыт есебімен есептеледі. Еңбек өнімділігі  жұмысшылардың еңбек іс-әрекетінің өнімділігін анықтау үшін қажетті  маңызды экономикалық көрсеткіш болып табылады. Ол жеке жұмысшылардың, сондай-ақ кәсіпорын ұжымының   еңбек тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

    Жалпы еңбек өнімділігінің  өсімін  төмендегі  негізгі  формалармен  көрсетуге болады:

    - материалдық және  еңбек  ресурстарын  үнемдеуге әсер ететін еңбек шығындарын, өндіріліп жатқан тұтыну құнының  бірлігіне қатысты  қысқартуда;

    - шығындарға емес, еңбек  нәтижесінде көрініс табатын  тұтыну құны массасының өсімі;

    - жиынтық еңбек шығындарын  қысқарта отырып тірі және  заттай  еңбек  арасындағы  қатынасты өзгерту;

    - қосымша өнімнің мөлшері  мен массасының ұлғаюы.

    Еңбек өнімділігінің  деңгейін өлшеу кезінде өнімнің  және жұмыс уақытының қандай бірлікті көрсететін білу қажет.  Кәсіп орында шығарылған өнімдердің бір аттас  және біркелкілігіне қарай еңбек өнімділігінің деңгейін натуралды түрде анықтауға болады. Егер шығарылатын бір-аттас өнімдер белгілеріне қарай бөлінетін болса, онда еңбек өнімділігінің деңгейі натуралды шартты бірлікпен өлшенеді.

    Еңбек өнімділігін, кәсіпорын  деңгейін де негізгі екі көрсеткіштер арқылы есептеп көрсетуге болады. Бірінші өнім, екінші еңбек сиымдылығы. Өнім дегеніміз әрбір жұмысшының белгілі жұмыс уақытында өндірген өнім көлемі, ол төмендегідей формуламен есептелінеді.

                    ЕӨ = Ө / ЕШ

    Мұнда,  Ө- өнімді өндіру (выработка)

                 ЕШ- өндірілген өнім көлемі осы  өнімді өндіруге кеткен жұмыс  уақыт.

    Еңбек сиымдылығы – бұл еңбек  өнімділігіне кері көрсеткіш. Оны жұмыс  уақытын, өндірілген өнім көлеміне бөлу арқылы табады, ол әрбір өнімді өндіруге кеткен уақыт шығынын көрсетеді. Еңбек өнімділігін есептеудің мұндай әдістемесі жалпы өнім құнының бұрынғы еңбек үлесінің өзгеруіне әсерін жою мақсатында қолданылады.

          Еңбек өнімділігін өлшеу кезінде жұмыс уақытының бірлігі ретінде өткерілген адам-сағат, адам-күш болып көрсетіледі. Жұмыс уақытының бұл бірліктері орташа сағаттық, орташа-күндік және орташа айлық жылдық тоқсандық болып есептеледі.Бұл көрсеткіштер мағынасы жағынан әртүрлі болып келеді.

           Орташа сағаттық өнімділік – бір сағат ішінде таза жұмыс уақытын және өндірілген өнім көлемін бөлу арқыры қандай да бір кезең ішіндегі нақты түрдегі адам-сағат арқылы еңбек өнімділігін анықтайды.

           Орташа күндік  өнімділік - қандай да бір кезең ішіндегі өндірілген өнім көлемін бөлу арқылы атқарылған еңбектің адам-күнмен есептелуі. Атқарылған жұмыс уақыты бұл нақты күрделі өткерілген сағат қана емес, сонымен қатар жұмыс күні ішіндегі атқарылмаған уақыты да қосылады, сондықтан орташа күндік өндіру орташа сағаттық өндіру деңгейімен және жұмыс күнінің нақты түрде жалғасумен байланысты болады.

           Орташа айлық (тоқсан, жылдық) өнімділік бұл зерттелетін кезең ішіндегі өндірілген өнімнің көлемін бөлу арқылы жұмысшылардың орташа саны және орташа күндік өндірумен байланысты, сонымен қатар бір адамға шаққандағы орташа жұмыс күнімен есептеледі.   

    Еңбек өнімділігін  жоғарылату ел экономикасын дамытуда шешуші роль атқарады. Бүгінгі таңда  экономиканы  интенсивті дамыту жолына  түсірумен  байланысты оның маңыздылығы арта түсуде. Еңбек өнімділігін өсімі- объективті экономикалық заңдылық, ол кез-келген экономикалық формацияларда әрекет  ете береді. Яғни, еңбек өнімділігін  жоғарылату шаруашылықтың кез-келген  жүйесі үшін экономикалық  қажеттілік болып табылады. Шаруашылықта қазіргі жағдайда еңбек өнімділігін  жоғарылату экономикалық өсімділіктің бірден-бір көзі болып  табылады. Себебі, өндіріліп жатқан  өнім көлемі  мен ұлттық табыс  екі фактордың әсерінің нәтижесінде ұлғаяды, еңбек өнімділігін  жоғарылату және жұмысшылар санын көбейту. Алайда, бүгінгі  таңда еңбекке жарамды  жұмысшылар санын көбейту  мүмкіншілігі шектеулі. Бұл мүмкіншілік болған жағдайда  экстенсивті даму жолы бүгінгі даму кезеңінде  тиімсіз болып табылады. Сондықтан еңбек өнімділік өсімі  өндіріс көлемі мен ұлттық табысты жоғарылатудың негізгі қайнар көзі  болып отыр. Еңбек өнімділігінің өсімі жұмысшылардың еңбекақысының жоғарылауына әсер етеді. Бұл процестің маңызды ерекшелігі еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығын, еңбекақы мен  еңбекшілердің шынайы табысының ұлғаю қарқындылығымен  салыстырғандағы  озу жылдамдығы.

    Тақырып 5. Өндірісті материальды – техникалық қамтамасыз ету

    Жоспары:

    1. Өндірісті материальды  техникалық қамтамасыз етудің  міндеттері

    2. Материалдық ресурстарға  қажеттілікті анықтау

    3. Материальдық запастар  және оларды басқару

    Лекция мақсаты: Материальды - техникалық қамтамасыз ету кәсіпорынды өнімді дайындауға қажетті материальдық ресурстармен уақытылы жабдықтауға, материальдық ресурстарды ұтымды пайдалану, соның ішінде ресурстардың жоғалымын минимумға дейін төмендетуге, жеткізудің үзілу қаупін төмендету мақсатында жеткізушілермен жұмысты жүзеге асыруда қажет.

    Лекция мазмұны: Қазіргі кездегі материальды – техникалық қамтамасыз етуде қызметтің келесі үш бағыты бөлінеді.. жоспарлау; басқару және есеп; материальдық операциялар, яғни тауарлардың қозғалуы бойынша шаралар. МТҚ қызметінің жоспарлаудағы қажетті алғашқы мәлімет, бұл тұтынушылар. 

    5.1. Өндірісті  материальды техникалық қамтамасыз  етудің міндеттері

    Материальды - техникалық қамтамасыз ету кәсіпорынды өнімді дайындауға қажетті материальдық ресурстармен уақытылы жабдықтауға, материальдық ресурстарды ұтымды пайдалану, соның ішінде ресурстардың жоғалымын минимумға дейін төмендетуге, жеткізудің үзілу қаупін төмендету мақсатында жеткізушілермен жұмысты жүзеге асыруда қажет. Отандық кәсіпорындар үшін нарықтық қатынасқа көшкенге дейін материальдық ресурстарды орталықтандырылған және қорлық бөлістіру тән болды.

    Қазіргі кездегі материальды  – техникалық қамтамасыз етуде қызметтің  келесі үш бағыты бөлінеді.. жоспарлау; басқару және есеп; материальдық операциялар, яғни тауарлардың қозғалуы бойынша шаралар. МТҚ қызметінің жоспарлаудағы қажетті алғашқы мәлімет, бұл тұтынушылар.  Олардың сұранымы нәтижесінде өнімге тапсырыстар жасалады яғни тапсырыстардың көлемі, номенклатурасыжәне дайындау мерзімі.

    Материалды-техникалық жабдықтау ұйымдарының шаруашылығын талдау айналым шығындарын төмендетуге, өндірістен тыс шығындарды және жоғалтуларды болдырмауға, еңбек, материал және қаражат ресурстарын пайдалануда үнемдеу тәртібін сақтауға келісім міндеттемелерін және еңбек ақы, пайда және табыстылық бойынша жоспарлауды орындауға көмектеседі.

    Кәсіпорындарда нарық  жүйесіндегі экономикалық талдау, жоспарлауда, басқаруда, бақылауда және шаруашылық қызметте жоғары нәтижелерге қол  жетуде маңызды құрал болып табылады.

    Материалды-техникалық жабдықтаудың болашақтағы технико-экономикалық  көрсеткіштердің негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады.

    - жабдықтау – сату  ұйымдарының шаруашылық қызметінің  барлық жабдықтарын зерттеудің  кешенді сипаты;

    - құрамына жүйелі келу  негізінде талдаудың оперативті, алғашқы шаруашылық-аралық, салыстырмалы түрлерін интенсивті дамыту;

    - тереңгі резервті  анықтау, оларды іске асыру  шаруашылықты ұтымды жүргізу,  қолдағы ресурстарды жан-жақты  пайдалану үшін қажет.

    Материалдық ресурстарды  үнемдеу жолдары өте көп. Олардың негізгі бағыттарын төмендегідей көрсетуге болады:

    • қалдық пен шығынды қысқарту;
    • ақауы бар өнімдерді жою;
    • шикізат, материал және олардың алмастырушылардың жаңа түрлерін қолдану:
    • жаңа технология еңгізу;
    • екінші реттік шикізатты пайдалану.

    Үнемдеу резервтерін шоғырландыруға ең көп жерді материалды – шикізаттық және энергетикалық ресурстарға бағалардың өзгеруін көрсетеді.

    Үнемдеу резервтерінің  көп түрлігін 2 түрге бөлуге болады: біріншіге, өндіріс технологиясын  және пайдалануды жетілдіремеуден  болатын энергия материалдар, шикізаттын тікелей шығындарын және қалдықтарын жатқызуға болады. Оған жаңа өндірістік тұтыну қалдықтарын қосамыз.  Үнемдеу резервтерінің екінші түріне материалдық шығындарды қысқартудың көрінбейтін мүмкіндіктері жатады, олар белгілі шаралар кезінде ғана кезде түседі. Мысалы, өнімнің бір түрін материалды өз қажет ететін өніммен алмастыру.

    Үнемдеудің әлеуетті резервтерін мөлшерлік бағалау  кезінде ресурстарды сақтаудың  негізгі бағыттары ішінен келесілерді  айрықша көрсету қажет:

    • Материалдық ресурстарды пайдалану коэффициентін көрсетуге әкелетін, ұйымдастыру және ғылыми-техникалық шаралар арасында шикізат, материалдар, энергиясын қалдықтарының және қамтамассыз шығындарының болуын қысқарту;
    • Көлемді өсіру және екіншілік материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеру (соның ішінде жаңа өнімді жасау бойынша шаралар арқасында);
    • Шикізат және материалдар запастарын оларды оптималдау және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және энергетикалық қалыпты түрлерін едәуір тиімділерін алмастыру арқасында қысқарту;
    • Шикізат, материалдар және энергияның қалыпты түрлерін едәуір тиімділерінен алмастыру;
    • Өндірісті кеңейту және шикізат материалдардың жаңа прогрессивті (соның ішінде жасанды) түрлерін пайдалану;
    • Ұзақ уақыт пайдалану өнім сапасын көтеру есебінен тұтынушылық құнның қосалқысына есептегенде шикізат, материалдар және энергияға қажеттілікті қысқарту және тағы басқалары материалдық ресурстарды тиімді пайдалану, шешу, мүмкіншілікті іздеу және үнемдеу жолдарын анықтау, әрі жұмысшылардың еңбек ақы қорын көбейту мәселесі, ресурстарды жұмыс орындарында үнемдеумен байланысын анықтап, кәсіпорын табыстылығын өсіруіне әсерін анықтайды. Нәтижесінде кәсіпорын өндірісті материалдық ресурстармен дер кезінде қамтамасыз етуі және қосалқы қажеттілігі, айналым қордың айналым уақытының қысқарту жолдары анықталады. Сонымен қатар қаржы мәселесі де шешіледі.

    Информация о работе Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы