Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:20, лекция
Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
2. Кәсіпорынның топтастырылуы
Тақырып 1. Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы
Жоспары:
1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
2. Кәсіпорынның топтастырылуы
Лекция мақсаты: Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғары пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.
Лекция мазмұны: Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
1.1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүие ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға – экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға – еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғары пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.
Кәсіпорындардың өзін -өзі қаржыландыру және өзін өзі басқару жағдайында жұмыс істейді. Барлық кәсіпорынға жалпы белгі тән:
- өндірістік – техникалық бірлік; - ұйымдастырушылық бірлік;
- экономикалық бірлік.
Әр
мемлекеттің халық
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі ұлттың бақуаттылығының және мемлекеттің гүлденуінің маңызды шарты. Мемлекеттік басқару органдары кәсіпорынның экономикалық іс-әрекетін заңдар мен мөлшерлік(нормативтік) құжаттар арқылы реттеп отырады. Шаруашылық субъектілері функциясының (қызмет етуінің) жүзеге асыруының екі негізгі моделі бар:
1-директивті
;
2-әлеуметтік нарықтық
Екі модель бойынша
Нарықтық экономикадағы кәсіпорындарды түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Меншік формасы бойынша кәсіпорындар мемлекеттік және жеке болып жіктеледі. Егер шаруашылық субъектінің жарғылық қорында (капиталында) мемлекеттік және жеке меншік үлесі болған жағдайда, онда олар меншіктің аралас формасы деп аталады. Ал коммуналдық және республикалық дегеніміз – бұл мемлекеттік меншік формасының түрлері. Сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктер меншігі бар. Осы текті меншік нысанындағы кәсіпорындардың негізгі мақсаты пайда табу және капиталды ұлғайту емес, шаруашылық одақтардың, және осы текті құрылымдардың жарғылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорынның шаруашылық формасы (түрі) бойынша-акционерлік қоғамдар (ААҚ және ЖАҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, унитарлы кәсіпорындар, жалдамалы кәсіпорын, кооперативтер, толық серіктестік, коммандитті серіктестік және т.б болып жіктеледі..
Кәсіпорын көлемі бойынша ірі, орта және шағын болып топтастырылады. Кәсіпорынды көрсетілген топтардың біріне топтастыру белгісі – заңдылық актілерде көрсетіледі. Шағын кәсіпорындардың нығаюына және дамуына ықпал ететін салықтық жеңілдіктер немесе басқа да ынталандырушы механизмдер түріндегі ынталандыру шаралары жиі қолданылады.
1.2. Кәсіпорынның топтастырылуы
Нарықтық экономикадағы
Шетел капиталының қатысуы бойынша кәсіпорындар бірлескен және шетелдік болып жіктеледі. Бірлескен кәсіпорындар мемлекет территориясына орналасады және жарғылық капиталда шетел инвесторының үлесі болады. Шетелдік кәсіпорындар жарғылық капиталының жүз пайызы дерлік басқа мемлекеттің заңды және жеке тұлғасына тиесілі бола
Салалық белгісі бойынша кәсіпорындарды материалдық өндіріс саласына (денсаулық сақтау, білім беру, сауда, ғылым, мәдениет және т.б) жатқызуға болады, өз кезегінде әр сала бірнеше құрылымдық салаларға жіктеледі. Мысалы: өндірісте шикізат сипатына немесе дайын өнімнің пайдалану мақсатына қарай көмір, энергетика, металлургия, машина жасау, химиялық, жеңіл және тамақ өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі сияқты көптеген салалық бөлімшелерін бөліп көрсетуге болады. Машина жасау саласының өзі станок жасау, автокөлік жасау, трактор жасау, прибор жасау және т.с.с. болып жіктеледі. Салалық жіктеу кәсіпорын құрылымын және оның іс-әрекетінің көрсеткіштерін статистикалық сипаттау үшін қолданылады.
Бірлестіктердің түрлері бойынша кәсіпорындар өндірістік, республикалық, аймақтық, ұлттық немесе трансұлттық компаниялардың құрамына кіреді. Сондай-ақ концерн, консорциум, холдинг деген түрлерін атап өтуге болады. Концерннің құрамына бір (немесе бірнеше) салаға жататын кәсіпорындар кіреді. Концорциум құрамына кәсіпорындардан басқа банк, қаржы, сақтандыру құрылымдары кіреді. Ал холдинг кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін басқару мақсатында меншік иелерімен құрылады. Қаржы-өндірістік топтарға өндірістік және банктік капитал біріктіріледі.
Кәсіпорын көлемі бойынша ірі, орта және шағын болып топтастырылады. Кәсіпорынды көрсетілген топтардың біріне топтастыру белгісі – заңдылық актілерде көрсетіледі. Шағын кәсіпорындардың нығаюына және дамуына ықпал ететін салықтық жеңілдіктер немесе басқа да ынталандырушы механизмдер түріндегі ынталандыру шаралары жиі қолданылады.
Шағын – кәсіпорындардың
ең көпсанды формасы және көптеген
елдерде басқа кәсіпорындар формаларының
қалыптасу негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында
Орташа кәсіпорындарға адамдар саны 51-ден 250 адамға дейінгі, бір бағытта маманданған, яғни тауардың 1-ден 3 дейінгі түрін өндіретін кәсіпорындар жатады. Берілген кәсіпорындардың активі алпыс еселік есепті айлық көрсеткіштен асады.
Ірі кәсіпорындарға орташа тізімді адам саны 251-ден жоғары, активі алпыс еселік есепті айлық көрсеткіштен асатын кәсіпорындар жатады. әдетте олар жаппай өндірістің стандарттық өнімдерін өндіруге маманданған.
Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі қорлары
Жоспары:
Лекция мақсаты: Негізгі қордың әртүрлі тобының оның жалпы құнына қатынасы негізгі қордың құрылымы деп аталады. әртүрлі сала мен кәсіпорындардағы негізгі қордың құрылымы бірқатар факторларға байланысты әрқалай болып келеді. Мұндай факторларға шығарылатын өнімнің күрделілігі , конструкторлы-технолгиялық ерекшелігі, өндірістің типі , технологиялық процестің материалдар және қолданылатын машина жабдықтардың техникалық деңгейі, өндірісті құрамдастыру деңгей, кәсіпорындарды орналастыру т.б. жатады.
Лекция мазмұны: Негізгі қор дегеніміз өндірістік процеске ұзақ уақыт бойы қатынасатын, өзінің құныны дайын өнімге тозуына қарай біртіндеп өткізетін және натуралды заттық формасын сақтайтын өндірістік қордың бір бөлігі. Негізгі қор өндірістік процеске қатысу сипатына байланысты өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
2.1. Негізгі қордың мәні мен мазмұны
Өнімді дайындау процесіне қатынасатын барлық материалдық элементтердің жиынтығы өндіріс құралдарын береді. Өндіріс құралдары еңбек құралдары және еңбек заты болып бөлінеді. Еңбек құралдары негізгі өндірістік қордың заттық мазмұныны құраса, еңбек заты өндірістік айналым қорының заттық мазмұнын құрайды.
Негізгі қор дегеніміз өндірістік процеске ұзақ уақыт бойы қатынасатын, өзінің құныны дайын өнімге тозуына қарай біртіндеп өткізетін және натуралды заттық формасын сақтайтын өндірістік қордың бір бөлігі. Негізгі қор өндірістік процеске қатысу сипатына байланысты өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Материалдық өндіріс сферасында қолданылатын негізгі қорлар өндірістік деп, ал халықтың тұрмыстық және мәдени қажетін қанағаттандыру үшін қолданылатындары өндірістік емес деп аталады. Мысалы өндірістікке (өндіріс үйлері, қондырғылар, өқұрал-жабдықтар т.б.) жатады. өндірістік емеске кәсіпорынға қарайтын және оның балансына кіретін (тұрғын үй, бала бақшалары, мәдениет үйлері, стадиондар және олардың жабдықтары) жатады.
Негізгі қорлар қолданылу бағытына және натуралды – заттық
белгілеріне қарай келесі топтарға топтастырылады:
1. Өндірістік үйлер
2. Қондырғылар
3. Тасымалдау қондырғылары;
4. Машина жабдықтар оның ішінде:
а) күш машиналары
б) жұмыс машиналары
в) өлшеуші және реттеуші приборлар мен қондырғылар, лабораториялық жабдықта
г) есептегіш техника
д) басқада машина жабдықтар
5. Көлік құралдары
6. Инструмент
7. Инвентарь
2.2. Негізгі қорды бағалау, негізгі қордың табиғи және моральдық тозуы, негізгі қордың амортизациясы және негізгі қорды пайдалану көрсеткіштері.
Негізгі қорларды есепке алу және бағалау натуралды және құндық әдісте жүзеге асырылады. Еңбек құралдарын натуралдық көрсеткіш арқылы бағалау жүзеге асырылатын өндірістік процестің технологиялық ерекшелігіне байланысты және ол негізгі қордың жекеленген топтарын есепке алу мен жоспарлау үшін, өндірістік қуатты есептеу үшін, жабдықтардың қолданылу деңгейін ианықтау үшін т.б. қолданылады.
Негізгі қорларды ақшалай немесе құндық бағалау олардың жалпы көлемін, динамикасын, құрылымын және дайын өнімге өткізілетін құнын анықтау үшін қолданылады.
Негізгі қорды құндық бағалаудың үш түрі бар:
1. толық бастапқы құн арқылы бағалау
2. қалпына келтіріу құны арқылы бағалау
3. қалдық құн арқылы бағалау
Өндіріс процесінде негізгі қорлар табиғи және моральдық тозуға ұшырайды. Физикалық тозу деп негізгі қордың тұтыну құнын жоғалтуын айтады. Моральдық тозу деп ғылымның жетістікткріне байланысты негізгі қордың өндірістен шығарылуын айтады.
Негізгі қор құнының өндіріске
біртіндеп енгізілуі –
4. Айналым қаржысын
пайдалану тиімділігі
Лекция мақсаты: Кәсіпорын айналым қорын мөлшерлеу мақсаты – айналым өндірістік қорына және айналым қоры экономикалық ресурстардың өнімдерін қарызға беруде өнімнің үздіксіз процесін және өткізілуін қамтамасыз
Лекция мазмұны: Кәсіпорынның айналым қаржысы деп, оның өндірістік айналым қоры мен айналыс қорын құрауға авансаланатын ақашалай қаржысын айтады. Айналым қоры деп әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылатын, өзінің құныны өндірілген дайын өнімге толығымен тұтастай өткізетін, натуралды заттық формасын сақтайтын өндірістік қордың бір бөлігін айтамыз.