Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:20, лекция

Краткое описание

Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.

Содержание

1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
2. Кәсіпорынның топтастырылуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Копия УМКД ЭКиОРГпро-ва.-2011г.doc

— 334.50 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорынның айналым  қаржысы деп, оның өндірістік айналым  қоры мен айналыс қорын құрауға  авансаланатын ақашалай қаржысын айтады. Айналым қоры деп әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылатын, өзінің құныны өндірілген дайын өнімге толығымен тұтастай өткізетін, натуралды заттық формасын сақтайтын өндірістік қордың бір бөлігін айтамыз.

Кәсіпорынның айналым  қоры үш бөлімнен тұрады:

- өндірістік запастар

- бітпеген өндіріс  және өздерінің дайындаған жартылай  фабрикаттары

- болашақтың шығыны

Өндірістік запастар – ьұл өндірістік процеске жіберу үшін дайындалған еңбек заттары: шикізат, негізгі және қосалқы, отын, сатып алынған жартылай ерекшелігіфабрикаттар, буып – түю бұйымдары, ыдыстар, негізгі  қорды ағымдағы жөндеуге бағытталағн  запас бөлшектер.

Бітпеген өндіріс және өздерінің дайындаған жартылай фабрикаттары – бұл өндірістік процеске енгізілген еңбек заттары: өңдеу және жинақтау процесіндегі материалдар, бөлшектер  бұйымдар. Өздерінің дайындаған жартылай фабрикаттары – бұл бір цехта өңдеуден толығымен өткен, бірақ кәсіпорынның басқа цехтарында әрмен қарай өңдеуді қажет ететін еңбек заттары.

Болашақтың шығыны –  бұл берелген уақыт ішінде өнімнің  жаңа түрін дайындауға және игеруге  жұмсалатын шығын.

Кәсіпорындар өнімді өндіру мен өткізу процесінің үздіксіздігін  қамтамасыз ету үшін өндірістік айналым  қорымен қатар айналыс қорына ие болады. Айналыс қорына - кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім, тиеліп қойылған және жол үстіндегі тауарлар, кәсіпорынның кассадағы және банк есеп шотындағы ақшалай қаржылары жатады. Айналым қорының жекеленген элементтерінің немесе олардың құрамдас бөліктерінің пайыздық ара қатынасы айналым қорларының құрылымы деп аталады.

Кәсіпорынның  кадрлары

Жоспары:

1. Кадрлар және олардың  кәсіпорындағы топтастырылуы

2. Еңбек өнімділігі

3. Кәсіпорындағы кадр  саясаты

2. Қысқаша теориялық  мәліметтер:

Кадр – бұл өндірігш күштердің басты элементтерінің бірі. Өндірістің тиімділіг мен сапасы осы кадрлардың құрамына, саны мен квалификациясына, мәдени техникалық деңгейіне байланысты болады. Осы саладығы  кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері өндірістік процеске қатысу сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал және өнеркәсіптік-өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Өнеркәсіптік - өндірістік персонал - өндіріспен және оған қызмет етумен айналысады. Бұған негізгі  және көмекші цехтардың, лабораториялардың , ғылыми – зерттеу және тәжірибе конструкторлық бөлімдердің, есептеу орталықтарының, басқару аппаратының жұмыскерлері жатады. өнеркәсіптік емес персоналға – кәсіпорынға қарайтын, оның балансында тұрған тұрғын үй комуналды шаруашылықтарының денсаулақ сақтау мекемелері мен профилакториялардың, оқу орындарының, бала бақшаларының жұмыскерлері жатады.

Өнеркәсіптік - өндірістік персонал орындалатын жұмыстың сипатына байланысты екі негізгі топқа  жұмысшылар мен қызметкерлерге жіктеледі. Жұмысшылар негізгі және көмекші  болып екіге бөлінеді.  Негізгі жұмысшылар – шикізатты дайын өнімге айналдыру процесіне тікелей қатынасады. Көмекші жұмысшылар - өнімді өндіруге және өткізуге жағдай жасайды.

Қызметкерлер басшылар, мамандар, қызметшілерге жіктеледі. Басшыларға- кәсіпорынды және олардың  құрылымдық бөлімдерін басқару қызметінде қамтылғандыр және олардың орынбасарлары жатады.  Мамандарға – инженерлі техникалық жұмыспен қамтылғандар, экономистер, бухгалтерлер, заң қызметкерлері т.с.с. жатады. Қызметшілерге – құжаттарды дайындаужәне әзірлеу есеп және бақылау, шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлер жатады.

Өндірісті материалды – техникалық қамтамасыз ету

Жоспары:

1. Өндірісті материальды  техникалық қамтамасыз етудің  міндеттері

2. Материалдық ресурстарға  қажеттілікті анықтау

3. Материальдық запастар және оларды басқару

Қазіргі кездегі материальды  – техникалық қамтамасыз етуде қызметтің  келесі үш бағыты бөлінеді.. жоспарлау; басқару және есеп; материальдық операциялар, яғни тауарлардың қозғалуы бойынша  шаралар. МТҚ қызметінің жоспарлаудағы қажетті алғашқы мәлімет, бұл тұтынушылар.  Олардың сұранымы нәтижесінде өнімге тапсырыстар жасалады яғни тапсырыстардың көлемі, номенклатурасыжәне дайындау мерзімі.

Материалды-техникалық жабдықтау  ұйымдарының шаруашылығын талдау айналым  шығындарын төмендетуге, өндірістен тыс шығындарды және жоғалтуларды болдырмауға, еңбек, материал және қаражат ресурстарын пайдалануда үнемдеу тәртібін сақтауға келісім міндеттемелерін және еңбек ақы, пайда және табыстылық бойынша жоспарлауды орындауға көмектеседі.

Кәсіпорындарда нарық жүйесіндегі экономикалық талдау, жоспарлауда, басқаруда, бақылауда және шаруашылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жетуде маңызды құрал болып табылады.

Материалды-техникалық жабдықтаудың болашақтағы технико-экономикалық  көрсеткіштердің негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады.

- жабдықтау – сату  ұйымдарының шаруашылық қызметінің  барлық жабдықтарын зерттеудің  кешенді сипаты;

- құрамына жүйелі келу  негізінде талдаудың оперативті, алғашқы шаруашылық-аралық, салыстырмалы  түрлерін интенсивті дамыту;

- тереңгі резервті  анықтау, оларды іске асыру  шаруашылықты ұтымды жүргізу,  қолдағы ресурстарды жан-жақты  пайдалану үшін қажет.

Материалдық ресурстарды  үнемдеу жолдары өте көп. Олардың  негізгі бағыттарын төмендегідей көрсетуге  болады:

  • қалдық пен шығынды қысқарту;
  • ақауы бар өнімдерді жою;
  • шикізат, материал және олардың алмастырушылардың жаңа түрлерін қолдану:
  • жаңа технология еңгізу;
  • екінші реттік шикізатты пайдалану.

Кәсіпорын жұмыскерлерінің  еңбек ақысы

Жоспары:

1. Еңбек ақының мәні  және оған әсер ететін факторлар

2. Еңбек ақының формасы  мен жүйелері

3. Тарифтік жүйенің  мәні және оның элементтері

        Кәсіпорын жұмысшылары үшін жалақы түріндегі еңбекақысы кәсіпорынның өндірістік іс-әрекеттеріне қосқан жеке үлесіне сәйкес алатын, жеке табысы болып табылады. Еңбекақының номиналды және шынайы түрін ажыратуға болады. Номиналды еңбекақы- бұл белгілі бір уақыт ішінде жұмысшының өз еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Шынайы еңбекақы- бұл сол кезеңдегі баға деңгейі бойынша еңбекақыға келетін тұтыну және қызмет көрсету заттарының саны. Кез-келген кәсіпорынның еңбекақысын төлеуді ұйымдастыру негізінде-еңбекақы қоры; тарифтік жүйе: еңбекақы жүйесі мен нысаны алынады.

Еңбекақы қоры- жалақы мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді төлеуге арналған қаржы көзі. Ол жұмысшылардың орташа тізімдік санын бір жұмысшының орташа еңбекақысына көбейту арқылы немесе жалпы өндірілген өнім құнын еңбекақы нормативіне , яғни, өндірілген өнімнің 1 теңгесіне көбейту арқылы есептеледі.

Еңбекақының екі негізгі  нысаны (формасы) бар: мерзімдік және келісімді.

Еңбекақының келісімді  нысаны кезінде -еңбекақы орындалған жұмыстың немесе өндірілген өнімнің әр бірлігіне  байланысты анықталады.

Еңбекақы төлеудің бұл  нысаны- жұмысшының кәсіптілік дәрежесін  арттыруға ынталандыру және оның еңбек өнімділігінің өсіміне мүдделілігін қамтамасыз етеді. Алайда келісімді еңбекақы төлеу жағдайында, өнім сапасының төмендеу, технологиялық прцесстер режимінің бұзылу, қауіпсіздік техника талаптарының қадағаланбауы, материалдық ресурстарды артық жұмсау қаупі туындауы мүмкін.

Келісімді еңбекақы төлеу  нысанының төмендегі жүйесі бар: тікелей келісімді, прогрессивті- келісімді, сыйақылық келісімді, аккордтық, жанама-келісімді  және т.б. Тікелей келісімді жүйе кезінде- жалақы, өндірілген өнім санын  белгіленген ставкаға көбейту арқылы анықталады. Орындалған жұмыс немесе өндірілген өнім бірлігіне көбейтілген ставка төмендегі формула бойынша анықталады:

 

 немесе 

 

      мұндағы:  т- сағаттық тарифтік ставка, теңге.

      Ем - сағаттық орындалған жұмыс мөлшері.

      Ум - өнім (жұмыс) бірлігіне уақыт мөлшері, сағат.

Өндіріс шығындары  және өнімнің өзіндік құны

Жоспары:

1.Өнімнің өзіндік құны  туралы түсінік

2.Өзіндік құнды құрайтын  шығындардың жіктелуі

3.Өзіндік құнды   қысқартудың көздері және факторлары

 

Өнімнің өзіндік құнының  және өнім құнының арасында сапалы және сандық айырмашылық бар. Сандық айырмашылық кәсіпорындардағы жиналатын  жиындар, өнімнің өзіндік құнына кірмейді (әлеуметтік сақтандыру қоры аударымды есептемегенде). Ал өнімнің өзіндік құнының сапалық айырмашылығы өнімнің өткізу құнынан тұрады, біріншіден өндіріске жұмсалған  қор шығындары  мен олардың ақшалай түрі арасында белгілі айырмашылықтар бар. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнына, өнімнің өткізуінге байланысты айналыстағы  кейбір элементтерді де қосады, сондай-ақ өндірістік емес шығындар (штрафтар, кәсіпорын кейбір шығындар), өнімнің өзіндік құнына қосылады, соның нәтижесінде  өнімнің өзіндік құны өте жоғары болып кетеді

     Өзіндік құн бағаны анықтау базасы болып табылады. Өндірісті жүргізу құны өзінің тарапынан өнімнің өзіндік құнына үлкен әсер етеді. Өнімнің өзіндік құны мен оның бағасы арасында тығыз байланыс бар, оны төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады. Осындай қарым-қатынас нәтижесінде кәсіпорынның бизнес-жоспары жасалады, онда өнімнің  өзіндік құнын талдағанда және оның бағасын белгілегенде төменде көрсетілген қарым-қатынас нәтижесі ескерілуі қажет. Сонымен өзіндік құн дегеніміз - өнімді өндіруге және өткізуге кеткен таза шығындар.

Өнімнің өзіндік құнын  төмендету кәсіпорын  рентабельділігін арттырудың негізі   болып табылады. Өнімнің өзіндік құны шаруашылық жүргізудің, өндірістік-шаруашылық шығынның төмендету жолындағы күресті қай бағытта жүргізу керектігін анықтау  үшін қажет.

Кәсіпорынның  баға саясаты

Жоспары:

1.Баға: мәні, қызметі,  факторлары

2 Баға жүйесі 

3.Баға саясаты

Баға – негізгі құндық өлшегіш болып табылады. Бағаның статистиканың объекті ретінде оқытылуы макро және микроэкономика позициясында қарастырылуы керек. Макроэкономика позициясынан бағаға салалық пропорциялар, ұлттық табысты бөлу жүйесі, салық салу және несие беру, шығындардың құрылу реті және тағы басқалар әсер етеді. Микроэкономика позициясынан баға нақты кәсіпорын, фирма деңгейінде қызмет жасап, табысты қамтамасыз ететін механизм ретінде қарастырылады.

Бағалар статистикасы әлеуметтік – экономикалық статистиканың құрамды  бөліміне кіреді, ол экономикалық қатынастар сферасындағы іс-әрекет ететін барлық бағалар жүйесін зерттейді.

Бағалар өндіріс процесінде және тауар айырбастау процесінде қалыптасады, оның экономикалық механизмдегі мәні маңызды. Қазақстан экономикасындағы түбегейлі өзгерістер және оның рыноктық негізіндегі шаруашылық етуге ауысуына байланысты мемлекеттік құрылымы бұрынғы басқару механизмін радикалды сындыруға алып келді. Жоспарлы экономика шартында бағалар ортақтандырылып құрылатын. Бағалар жүйесі тізбектеліп, қатарласа кең – байыту және шикізат салаларынан соңғы цикл өніміне және халықтың тұтынатын тауарларына ауысып құрылды. Бағалар жүйесін қайтадан қарастыру 5 – 10 жылда бір рет өткізіліп отырды, олардың арасындағы мерзімде бағалар бір қалыптылығын қамтамасыз ететін принципі ұсталынды. Рыноктық негіздегі шаруашылық етуге ауысқаннан кейін негізгі орынды ерікті бағалар алды.

Баға рыноктік экономикада  өзінің баланстайтын қызметін кең түрде жүзеге асырады. Бұл қызметтің мәні келесіде жатыр: баға көмегімен өндіріспен тұтыныс арасындағы, ұсыныс пен сұраныс арасындағы балансқа жетуге болады. Сұранысты есепке алғандағы тауар ассортиментінің ұлғаюы және сапасының жоғарылауы арқылы баға өндірушіні қызықтыруы керек.

 

Өндірістің  әлеуметтік және экономикалық тиімділігі

Жоспары:

1.Өндірістің экономикалық  тиімділігінің мәні, критерилері  және көрсеткіштері

2. Шығындардың жалпы  салыстырмалы экономикалық тиімділігі

3. Өндірістің тиімділігін  арттырудың негізгі бағыттары

Қазіргі нарықтық экономика  жағдайында өндірістік кәсіпорындардың  қаржылық тұрақтылық, пайда және кіріс  көрсеткіштері маңызды орын алады. Мұндағы бұл көрсеткіштердің  мөлшері; олардың бір-бірімен қарым-қатнасы  кәсіпорынның қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді.

Өндірістік кәсіпорындардың  қаржылық нәтижелерінің соңғы жүйелеріне пайданың, кірістің, тиімділіктік дәрежесінің, қаржылық жағдайдың қалыптасу және үлестіру көрсеткіштері кіреді. Халық  шаруашылығының қаржысын жиынтықты  түрде бағалау үшін, ақша қорларының құрамы, кәсіпорынның және халық шаруашылығының жеке салаларының шаруашылық мекемелерінің қаржылық нәтижелері туралы статистикалық ақпараттармен қамтылуы тиіс.

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен  қатар түрліше маңызда қолданылатын көп мағыналы ұғым. Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру.

Информация о работе Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы