Экономикалық категория ретінде еңбек ақының мәні және оны реттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 20:53, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезенінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен кәсіпорынның өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Яғни өнеркәсіп орындарда еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастыруда, тек жекелеген жұмысшылардың ғана емес, тұтас өндірістегі жұмыстың қарқыны мен нәтижесін көтеруге сонымен қатар жұмысшыларды ынталандыру жүйесін, құрылымын ұйымдастыруға, жетілдіруге мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

енбек акыны мемлекет негизинде реттеу.doc

— 549.50 Кб (Скачать документ)

 

 

кесте- 2001-2004 ж. арасындағы ең төменгі еңбек ақ және айлық есептік көрсеткіш өзгерістері, мың теңге                                                                                     

 

Көрсеткіштер

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

Ең төменгі еңбек ақы

3484

4081

5500

6600

Айлық есептік көрсеткіш

779

823

872

919




                                                                                

 

   Кестеде көрсетілгендей  ең төменгі еңбек ақы жыл  сайын соңғы жылдары мың теңгеден  астам көтеріліп келеді. Бұл елдің  экономикалық жағдайының күрт  өсуінен болып отыр. Елімізде  төменгі күн көру шегінде табысы  барлар 1996 жылы халықтың 34,6 пайызын құраса, бұл көрсеткіш 2001 жылы 28,4 пайызға кеміді.  2004 жылы халықтың төрттен бір бөлігінің тұтыну себетіндегі ақша шамамен 3017 тенге құрады.  Елімізде еңбек ақы және оның төлену жүйелерін реттейтін негізгі механизм – «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңда толықтай келтіріліп құрылған.

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Еңбек ақыны ұйымдастырудың құқықтық аспектілері

және тарифтік реттеу

 

      Мемлекет жүріп жатқан экономикалық үрдістерге, соның ішінде еңбек ақыны ұйымдстыруға, ең алдымен заңдық және нормативтік актілермен ықпал етеді. Мұнда әңгіме тек еңбек ақыны реттеудің нормативті – келісімдік  үдерісіндегі мемлекеттің орны мен ролі туралы ғана емес, сондай-ақ оның оның қабылдайтын заңды және нормативті актілерінің негізінде еңбек ақы саласында ұйымдар мен  шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін өзіндік    « ойын тәртібін » белгілейтіндігі туралы болып отыр. Бұл жерде мәселенің (сұрақтың)  тарихын еске түсіру артық етпейді.

     Қазақстан  Республикасының тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, республикадағы еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесін қайта құруды үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде, яғни еңбек ақы жүйесін қайта құру басталған кезде, «Кәсіпорын туралы», «Ең төменгі еңбек ақы және еңбек төлемі саласындағы  мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы» және «Ең төменгі тұтынушылық бюджеті туралы» заңдар қабылданған болатын. Жеке алғанда, «Кәсіпорындар туралы» заңда еңбек ақы жүйесінің нысандарын (формаларын), сондай-ақ жұмыскерлердің басқа да табыстарының түрлерін бөлуді  кәсіпорынның өз бетінше белгілейтіндігі анықталған. Мұнда әрбір жұмыскердің табысы оның жеке еңбек үлгісімен  (салымымен), акциядан алатын табыстармен анықталуы, салықтармен реттелуі және ең жоғары өлшемдермен шектелмеуі тиіс еді.

    Келтірілген мәліметтерден қарастырылып отырған заңды  актімен экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға еңбек ақы саласында жеткілікті түрде кең өз бетінше әрекет ету аясы ұсынылғандығын байқау қиын емес. Еңбек ақыға бағытталған  қаржылардың  көлемі бөкіл еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесінде ең шешуші элементтердің бірі бола тұрып, дәл соларға ғана шектеулер қойылады.

   Айтылған осы талаптар өзінің  логикалық жалғасын « Ең төменгі еңбек ақы және еңбек төлемі саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы » заңда тапты. Берілген заңды актіде кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық қызметі тәжірбиесіне меншік нысанына тәуелсіз экономиканың барлық салалары үшін орталықтандврылып белгіленген жұмыскердің  Бірыңғай тарифтік сеткасын  енгізуді қарастырылған. Оны енгізудің тиімділігі үшін заңда келесі шарттар айтылған болатын:

  • ең төменгі еңбек ақының көлемі біліктілігі әртүрлі деңгейдегі жұмыскерлердің жұмыс күшін ең төменгі деңгейде қайта жандандыруды қамтамассыз етудің мемлекеттік әлеуметтік кепілдігі болып табылады;
  • ең төменгі еңбек ақының көлемі жұмыскерлердің біліктілік топтары, салаға жатқызылуы бойынша, сондай-ақ табиғи – климаттық жағдайларын ескере отырып жіктеледі (топтастырылады).
  • кәсіптік-біліктілік топтары және аймақтар бойынша ең төменгі еңбек ақыны жіктеу  тәртібін  Қазақстан Республикасының Үкіметі Кәсіподақтар Федерациясының Кеңесімен келісе отырып белгілейді;
  • еңбек төлем саласындағы мемлекеттік тариф болып, жұмыскерлердің нақты кәсіптік-біліктілік топтары үшін еңбек ақының ең төменгі деңгейлерін анықтайтын айлық тарифтік ставкалар мен қызметтік окладтар табылады;
  • еңбек төлемі саласындағы  мемлекеттік тарифтер ең төменгі еңбек ақының және орталықтандырылып белгіленген, еңбектің күрделілігіне қарай жіктелген Біріңғай тарифтік сетканың тарифтік коэффициенттерінің негізінде анықталады;
  • кәсіпорындар мен ұйымдарға қолда бар қаржылардың шегінде еңбек төлемі  саласындағы мемлекеттік тарифтердің  орталықтандырылып белгіленген ең төменгі көлемін өз бетінше көтеру құқығы берілген;
  • Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлердің еңбек ақы деңгейін Қазақстан Республикасында заңды түрде белгіленген ең төменгі еңбек ақының  көлемінен және оның негізінде есептелінген мемлекеттік тарифтік ставкалар мен окладтардан төмен белгілеуге құқығы жоқ.

    Республикада еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесін қайта құрудың екінші кезеңі  1995 жылы  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,    

    «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» және «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің заң күші бар Жарлығымен мұндай кәсіпорындардың еңбек төлемі саласындағы өз бетіншелігі біршама шектелген болатын.

    Мәселен, шаруашылық жүргізу құқығына  негізделген мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек ақы қорын, сондай-ақ кәсіпорын жетекшісіне, оның орынбасарларына және бас бухгалтерге  қызметтік окладтардың көлемін, сый ақылар жүйесін және өзге де сыйлықтарды мемлекеттік өкілетті орган белгілейді. Еңбек ақының басқа мәселелерін мұндай кәсіпорындар өз бетінше шешеді.

     Жедел басқару құқығының негізінде мемлекеттік мүлкі бар қазыналық кәсіпорындарда өкілетті орган еңбек ақы қорымен қатар тарифтік төлемнің, қосымша төлемдердің, үстеме төлемдердің, сый ақылар мен  сыйлықтардың көлемін анықтайды. Осылайша мұндай кәсіпорындардың еңбек ақы саласындағы құқықтары заңмен қатаң түрде шектеледі. Алайда өз бетінше әрекет етуді шектеудің орны жұмыскерлерге еңбек ақы  төлеу үшін қаржылар жетпей қалған жағдайда тиісті бюджеттің есебінен өтелетіндігімен  толтырылды.

    Шаруашылық серіктестерге  (акционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге және басқаларға) қатысты «Шаруашылық серіктестік туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің  заң күші бар Жарлығымен еңбек ақыны ұйымдастыру мәселелерін реттеуде іс жүзінде толық өз бетінше әрекет ету құқығы берілген. Сонымен бірдей уақытта  Бірыңғай тарифтік сетканың барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге міндетті түрде таралу өрісі  (сферасы) тарыла түсті, ал 1996 жыл ортасынан бастап оның әрекет ету күші  тек бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға ғана жүрді. Мұнда 1997 жылдың 6 ақпанында № 170 «Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Қаулысында меншік нысанына тәуелсіз материалдық  саладағы кәсіпорындардың еңбек ақы мәселелерін  ұжымдық келісім-шарттардың негізінде өз бетінше шешетіндігі анықталған.

     2000 жылға қарай экономиканың нақты секторындағы  шаруашылық жүргізуші субъектілердің  еңбек төлемі шарттарын анықтауда  іс жүзінде өз бетінше әреке етуіне шектеу қойылмады. Жұмыс берушілер тарифтік жүйелерді қолданбауға заңды құқық алды, яғни тарифтік емес еңбек ақы жүйесін енгізді, кәсіптік-біліктілік белгілеріне тәуелсіз жұмыскерлерге  тарифтік ставкалар мен қызметтік окладтардың көлемін өз бетінше белгілей алатын болады. Сонымен бірге сол кезеңде  шығарылған әрекет ету күшіндегі көптеген жұмыстар мен жұмысшылар кәсібінің Бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтамасы мен жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің қызмет бабының біліктілік анықтамасы ескірді, оның үстіне олар шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін ұсынылатын сипатта болды.

     Еңбек ақыны құқықтық реттеу саласында түбегейлі жаңа жағдай тудврған республикада еңбек ақыны ұйымдастыруды қайта құрудың үшінші кезеңі 1999 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңның 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілуінен  басталды. Бір қарағанда, берілген заңды акті бұрынырақ  әрекет ету күшінде болған еңбек ақыны реттеу тәртібіне   елеулі өзгеріс енгізбеді. Бұл заңды актінің 70 бабының 1 тарабында жұмыс берушінің жұмыскердің еңбегін берілген заңға, жеке еңбек және ұжымдық келісім-шартқа сәйкес төлеуі тиіс екендігі анықталған. Мұнда заңның 71 бабында еңбек ақы көлемін жұмыс берушінің өз бетінше белгілейтіндігі және оның Қазақстан Республикасы заңдарымен  белгіленген ең төменгі еңбек ақының көлемінен төмен болмауы тиіс екендігі нақты айтылған.

     Қазіргі жағдайларда еңбектің күрделілігі тәжірибеде қолданылатын тарифтік сеткаларда немесе  кәсіптік-біліктілік  белгілері бойынша еңбек ақыны  жіктеудің (топтастырудың) басқа да нысандарында (формаларында) нақты ескеріледі. Еңбек шарттары  барлық мүмкін болатын қосымша, үстеме төлемдер немесе компенсациялық төлемдердің басқа да түрлерімен өтеледі.

     Ең соңғысы, әртүрлі аймақтардағы жұмыс күшін қайта жандандыру құнындағы аймақтық айырмашылық еңбек ақыға қойылатын аудандық коэффициенттерде, шөлейт, сусыз және биік  таулы жерлерде істеген жұмысы үшін конпенсациялық қосымша және үстеме төлемдердің, сондай-ақ еңбек жағдайы экстремальды жерлерде істеген жұмысы үшін еңбек ақыға қойылатын аудандық және өзге де коэффициенттердің  алынып тасталғандығы  (күшінің жойылғандығын) білдіреді. Оның үстіне, мұнда еңбек ақыны аймақтық реттеуге ерекше көңіл бөлген жөн.

     Ол халықтың материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулерге деген       сұранысындағы айырмашылықтарды, сондай-ақ әр аймақтың табиғи-  климаттық жағдайына негізделген жұмыс күшін  қайта жандандырудың  бірдей емес мүмкіндіктерін  есепке алуға бағытталған. Қазақстанның  табиғи-климаттық жағдайы алуан түрлі орасан үлкен аумаққа орналасқандығы бәріне де аян.

    Еңбек ақыны мемлекеттік-құқықтық реттеу жүйесінде ең төменгі еңбек ақы көрсеткіші аса маңызды орын  алады. Принципиалды түрде ең төменгі еңбек ақы ұлттық қана емес,салалық та, аймақтық та деңгейлерде, сондай-ақ кәсіпорын көлемінде де еңбек ақыны реттеудің бүкіл жүйесіне негіз болуы тиіс. Осыған байланысты заң дайындаушылар мен заң шығарушылардың берілген экономикалық категорияның мәніне көзқарастарының эволюциясына белгілі бір қызығушылық туады.

    1999 жылдың қараша айында «Өмір сүру минимумы туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды, ол республикада өмір сүру минимумын анықтау мен қолданудың құқықтық негізін белгілейді. Осы заңды актінің 5 бабында айлық еңбек ақы мен зейнетақының ең төменгі көлемі оларды өмір сүру минимумының көлеміне дейін кезең-кезеңмен көтеру принципі бойынша өмір сүру минимумының негізінде жыл сайын заңды актімен бекітіліп отырады.

    Еңбек ақыны ұйымдастыру  жүйесінде тарифті еңбек ақы  маңызды орын алады. Ол атқарылатын  жұмыстардың күрделілігін (жұмыскердің біліктілігін), еңбектің  шарттары  мен  интенсивтілігін, оның қолдану сферасының (аясының) маңыздылығын (еңбек нарығында кәсіптің немесе мамандықтың тапшылылығын)  және еңбек үдерісінің (процесінің) басқа да сиппатық жақтарын есепке алатын жүйе болып табылады.

     Төлемді күрделілігіне қарай жіктеу кәсіпорынның әртүрлі білікті қызметкерлерге мұқтаждығын қамтамассыз ету үшін жақсы жағдай жасайды және сол қызметкерге өз біліктілігін арттыруға (көтеруге) ынталандырады. Біліктілікті сипаттайтын негізгі көрсеткіштер жалпы және кәсіптік білім беру мен оқытудың деңгейі мен ұзақтығы, тәжірибиелік жұмыс стажы және жинақталған өндірістік тәжірибе болып табылады.

     Тарифтік жүйе сонымен қатар жұмысты атқарудың өндірістік – техникалық жағдайларының айырмашылықтарын ескеруі тиіс. Еңбек интенсивтілігі орташаға қарағанда  анағұрлым жоғары, физикалық және техникалық жағынан анағұрлым ауыр, қызметкердің өміріне зиянды және қауыпты өндіріс учаскелерінде   (орындарында) жұмыс істейтіндер үшін жоғары еңбек ақы белгіленуі тиіс. Ондағы мақсат тек артық жұмсалатын өмірлік күш-қуаттың (энергияның) орнын толтыру ғана емес, сонымен бірге осы ойындарға (учаскелерге) тарту болып  табылады.

     Тарифтік жүйенің негізгі бағыты еңбек ақыны еңбек нәтижесіндегі жеке айырмашылықтарға қара емес, жұмысты орындаудың мазмұны мен шарттарындағы объективтік айырмашылықтарға қарай жіктеу мәселесін шешу болып саналады.

       Сондықтан тарифтік жүйе әрқашан еңбектің өзіндегі қоғамдық маңызды айырмашылықтар үшін төлем шарттарына қатысты жұмыс беруші мен барлық жұмыскерлердің арасындағы барлық қарым-қатынастарды көрсетеді. Соған байланысты оның көмегімен теңдей еңбек үшін теңдей еңбек ақы төлеу принципі іске асырылуы керек.

      Ары қарай экономикалық реформалардың барысында тарифтік төлем саласында Қазақстан Республикасының заңдары ұйымдық – құқықтық нысандарына (формасына) қарай кәсіпорындарының еңбек ақы қаржыларын қолданудағы өз бетінше әрекетін кеңейту жағына қарай бірнеше рет өзгереді. Нәтижесінде 2000-жылға дейін, республика үкіметі мен тиісті қаулыларында шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыскерлердің еңбек төлемінің (ақысының) шарттарын өз бетінше анықтау құқығы берілді. Басқаша айтқанда, кәсіпорындар мен ұйымдар тек тарифтік қана емес, сонымен бірге рекін еңбек ақы жүйесін қолдана алатын болады. Тәжірибиде (іс жүзінде) мұндай өзбетіншіліктің арқасында еңбек ақы жүйесінің келесі түрлерін қолдануға мүмкіндік туады:

Информация о работе Экономикалық категория ретінде еңбек ақының мәні және оны реттеудің теориялық негіздері