Экономикалық категория ретінде еңбек ақының мәні және оны реттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 20:53, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезенінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен кәсіпорынның өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Яғни өнеркәсіп орындарда еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастыруда, тек жекелеген жұмысшылардың ғана емес, тұтас өндірістегі жұмыстың қарқыны мен нәтижесін көтеруге сонымен қатар жұмысшыларды ынталандыру жүйесін, құрылымын ұйымдастыруға, жетілдіруге мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

енбек акыны мемлекет негизинде реттеу.doc

— 549.50 Кб (Скачать документ)

    Еңбек ақыны дифференциялдау факторы, жұмыс күші сұранысы мен ұсыныс  факторының құрама бөлігі болып табылады. Еңбектің әр түрлі нарығында сұраныс пен ұсыныс шарттары неге ерекшелінеді? деген сұрақ туу мүмкін. Бұл сұраққа жауап беру үшін, еңбектің белгілі бір түрінің сұранысы мен ұсынысы негізінде жатқан факторларды зерттеу қажет.

     Еңбек ақыны дифференциялауда объективті факторларын зерттеу, еңбек ақыны реттеуде сапалы әрекет етуін, оның құқықтық жүруін, нормативті және келісім аспектілерін қоса бағалауға мүмкіндік береді.

Жоспарлы экономикада іс жүзінде барлық экономикалық пропорцияларды анықтауда мемлекеттік реттеу шешуші роль ойнайды. Заңды және нормативтік актілердің жиынтығы, сондай-ақ директивті мекен-жайлық тапсырмалар жүйесі арқылы мемлекеттік органдар еңбек ақы саласындағы негізгі параметірлерді анықтады: жұмыскерлердің тарифтік ставкалары мен қызметтік окладтарының көлемі, еңбек ақы қоры, орташа еңбек ақының белгілі бір деңгейіне жеткен кездегі тапсырма, сый ақы қорларының көлемі. Мұндай жағдайларда еңбек ақының кейбір шағын мәселелерін ғана шаруашылық жүргізуші субъектілер өз бетінше шешті, мысалы, жұмыскерлердің сый ақылары мен сыйлықтарының  нақты нысандары (формалары) мен көлемін таңдау, еңбек ақыға қосымша және үстеме төлемдердің  жекелеген түрлерін белгілеу және тағы сол сияқты.

Нарықтық экономика жағдайында, дамыған елдердің тәжірибесі көреткендей, мұндай үдерістерді негізгі реттеуші нарықтық механизмдер болып  қызмет етеді. Мемлекеттік реттеу мұнда, әдетте, көмекші роль атқарады және нарықтық  реттеуіштер үшін қажетті құқықтық басқару жүйесін  қалыптастырады.

      Бүгінгі күні  ТМД-ға мүше елдердің ғалымдары  мен  мамандарының  басым көпшілігінің ой-пікірі еңбек төлемін  реттеудің екі әдісі бар дегенге кеп түйіседі, олар: мемлекеттік және ұжымдық келісім-шарттық. Принциальдық жағынан еңбек ақыны ұйымдастырудың мұндай жолы объективті түрде қажет, өйткені экономикалық дамудың бүгінгі кезеңінде еңбек нарығының толық дамымаған жағдайында еңбек ақыға қатысты үрдістерге (процестерге) мемлекеттің әсер етудегі белгілі бір әрекетін жоққа шығаруға болмайды.

     Еңбек ақыны реттеудің негізін қалаушы екі әдісі туралы айта отырып, Қазақстан Республикасы мен  ТМД-ға мүше бір қатар елдерде экономиканы және әлеуметтік-еңбек қатынастарын қайта құрудың ерекшеліктері еңбек ақыны реттеудің жаңа модификацияларының пайда болуына әкелгендігін атап өткен жөн. Осы берілген нақты жағдайда еңбек ақыны реттеудің тағы екі әдісі туралы сөз болып отыр, бұл- әкімшілік және жеке келісім-шарттық.

Олардың біріншісінің мәні Қазақстан Республикасында жүргізілген экономикалық қайта құрулардың барысында тіпті кәсіпорында кәсіподақ ұйымы бар болса да, ұжымдық келісім-шарт жасалмауы мүмкін болатын жағдай қалыптасқандығын  көрсетеді. Оның үстіне, кәсіподақ ұйымдары немесе жұмыскерлердің мүддесін қорғайтын басқа да органдар, анау айтқандай, барлық  шаруашылық жүргізуші субъектілерде құрыла бермейді. Мұндай жағдайға  республикада әрекет етуші (күшіндегі) «Ұжымдық келісім-шарттар туралы» және «Кәсіптік одақтар туралы» заңдар жол береді. Мысалы, «Ұжымдық келісім-шарттар туралы» заң, егер ұжымдық келісім-шарттың екі жағының ешқайсысы келіссөздер жүргізу және келісім шарт жасасу турвалы бастама танытпаса, ұйымда ұжымдық келісім-шарт жасауға міндеттемейді. «Кәсіптік одақтар туралы» заңның  сегізінші бабында «Кәсіптік одақ он адамнан кем болмайтын азаматтар тобының бастамасы бойынша құрылады, олар құрылтайшылық съезд (жиналыс) шақырады, онда жарғы бекітіліп, жетекші органдар құрылады» деп айтылған. Соның арасында меншікті жекешелендірудің және мемлекетсіздендірудің (мемлекет қолынан алудың), сондай-ақ шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде республикада жұмыскерлер саны он адамға  дейін болатын жүз мыңдаған шаруашылық жүргізуші субъектілер жұмыс істеп жаиқандығы баршаға белгілі. Демек, осы сияқты кәсіпорындарда еңбекпен қамтылған жұмыс басты жалданушы жұмыскерлердің едәуір бөлігі әрекет етуші заңдарға сәйкес кәсіптік одақтар құру мүмкіндігінен айырылған. «Ұжымдық еңбек даулары және көтерілістер (бас көтерулер) туралы» заңда кәсіподақтардан басқа, жұмыскерлердің құқықтарын кәсіпорында құрылатын басқа да өкілетті органдар қорғай алады. Осы сияқты өкілетті органдардың ұйымдық нысандары (формалары) заңмен белгіленбеген, сондықтан да шаруашылық  жүргізуші субъектілерде, тәжірибе көрсеткендей, еңбек ұжымдарының кеңестері және басқа да құрылымдар құрылады. Мысалы, ««КазТрансОйл» мұнай тасымалдау Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы келісім бойынша Қоғам мен филиалдардың орталық аппаратының еңбек ұжымы өкілдері сол ұжымның құқықтары мен мүдделерінің өкілетті өкілдері болып табылады. Басқа жағынан алсақ, тіпті ірі кәсіпорындарда да жұмыскерлердің өкілетті органдарының құрылмауы жиі кездеседі. Осыған қатысты мысал ретінде республикада кондитерлік өнім өндірісі бойынша аса ірі кәсіпорын болып табылатын «Рахат» Акционерлік Қоғамын айтуға болады. Мұнда еңбек қатынастарының барлық мәселесі жұмыскерлерің еңбек ақысын реттеуді қосқанда, таза әкімшілік әдіспен – бұйрықтармен, құзырлықтармен және жұмыс берушінің басқа да актілерімен шешіледі. Келісімдік емес жолмен, яғни еңбек ақыны әкімшілік реттеудің мүмкіндіктері « Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы»

заңның нормаларында да кездеседі. Берілген заңдық актінің 15 бабының 4 тарабында келісімдердің жұмыс берушілердің  тиісті атқарушы органдарына жүреді, олар екі жақтың тиісті өкілдерін келіссөздер арқылы олардың атынан келісім-шарттардың мәліметтерін құрып бекітуге өкілдік береді, сондай-ақ келісімдердің күші оған жасалып қойғаннан кейін келіп қосылған субъектілерге жүреді делінген. Демек, өз атынан тиісті келісімдер жасауға өкілдік бермеген және оларға келіп қосылмаған жұмыс берушілер тек еңбек заңының  талаптарын ұстана отырып, кәсіпорында еңбек ақыны өз бетінше ұйымдастыра алады.Осыған ұқсас, кәсіподақ ұйымы немесе жұмыскерлердің басқада өкілетті органдары құрылмаған кәсіпорынның қызметкері де дәл солай ұжымдық келісім-шарттық қатынасқа қатысу мүмкіндігінен айырылған.

     Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде болса,шаруашылық жүргізуші субъектілерге еңбек ақыны ұйымдастыру  саласында іс жүзінде шектеусіз құқықтар берілген кезеңде еңбек ақының нақты көлемі ұжымдық-келісім шарттың (олар, жоғарыда айтып өткендей, көптеген кәсіпорындарда тіптен жасалынбайды да) шегінде емес, жұмыс берушінің нақты жұмыскермен келісуі жолмен анықталатындығы жиі кездеседі. Дәл осы бағыт «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңға негізделген.

    Берілген заңды акті арқылы жаңа ұғым-жек еңбек келісім-шарты іске енгізілді, оны жазбаша түрде жасалатын жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы екі жақты келісім деп түсінуге болады,ол бойынша жұмыскер жұмыс берушінің актілерін орындай отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмысты атқаруды міндетіне алады,ал жұмыс беруші уақытылы және толық көлемде жұмыскерге еңбек ақы мен заңда және екі жақты келісімде қаралған өзге де ақшалай төлемдерді төлеп отыруды,еңбек туралы заңда және ұжымдық келісім-шартта қаралған еңбек жағдайын қамтамассыз етуді міндетіне алады. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңда белгіленген жеке еңбек келісім-шартының бұрынғы  жұмыскерді жұмысқа қабылдау тәжірибиесімен арада ортақ ештеңе жоқ. Ол кезде жұмыс берушінің атына өтініш беріледі,ары қарай тиісті бұйрық шығарылады,онда жұмыскердің өзінің еңбек міндеттерін орындауға тиісті кәсібі немесе қызмет бабы және еңбек ақы көлемі көрсетіледі.

    Жеке еңбек келісім-шарытында  ауыр климаттық жағдайдағы жерлерде, ауыр физикалық жұмыстарда және  зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін, сондай-ақ еңбектің интенсивтілігі үшін қосымша төлем белгілеу мүмкіндігі қаралады.

 Демек, еңбек туралы әрекет етуші заңның жағдайында еңбек ақыны жеке келісім-шарттық реттеу сапалық жағынан жаңа деңгейде көрінеді.

    Еңбек ақыны реттеудің аталған әдістерінің әрбір қайсысы тиісті деңгейде қабылданатын  нормативті-құқықтық құжаттардың тиісті жүйесі арқылы іске асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 кесте - Еңбек ақыны реттеудің әдістері

 

 

Реттеу әдістері

 

Іске асыру нысандары

 

Мемлекеттік

 

 

 

 

1. Заңмен белгілінетін ең төменгі  еңбек ақы

2. Заңдар

   3.Қазақстан Республикасы Президентінің                                             Жарлықтары мен Қаулылары

4. Үкіметтің қаулылары

5. Нұсқаулық-әдістемелік материалдар

 

Ұжымдық келісімдік-        шарттық

   1.Келісімдер (бас,салалық, аймақтық,                              корпоративтік)

  1. Ұжымдық-келісім шарттар
  2. Кәсіподақ ұйымдары жоқ кәсіпорында жасалатын келісімдер

 

Әкімшілік

 

1. Бұйрықтар,құзырлықтар,еңбек ақы туралы жұмыс берушімен (оның өкілімен) бекітілген шарттар

 

Жеке келісім-шарттық

 

1. Жеке еңбек келісім-шарты


 

     Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу ең төменгі еңбек ақы көлемін заңды түрде бекіту, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Президентінің  заңдарын, жарлықтарын, бұйрықтарын, Үкіметтің Қаулыларын, Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік даму  Министрлігі мен басқа да ведомствалар (заңды органдар) бекітетін нұсқаулық-әдістемелік материялдарды қабылдау негізінде жүзеге асырылады.

 

 

Келісім – шарттық

реттеу




Мемлекеттік

реттеу




 



 

                  Басты келісімдер





 

         Салалық келісімдер






 

          Аймақтық   келісімдер




 


Әкімшілік

реттеу




 

Ұжымдық келісім - шарттар






 

 

Жеке еңбек – келісім шарттар




 


 

 

 

1 сурет – Қазақстан Республикасында  еңбек ақыны реттеу


 

     Еңбек ақыны реттеу әдістерінің өзара байланысы сонымен бірге олардың арасындағы айырмашылықтардың шекарасын анықтаудың жиі қиындық тудыратынынан байқалады. Мысалы жеке келісім – шарттық реттеу әкімшілік және ұжымдық келісім – шарттық реттеу әдісімен өте ұқсас, өйткені жеке  келісім – шартта  көрсетілген еңбек ақы шарттары ұжымдық  келісім – шартта жасалған шарттарға немесе жұмыс берушінің бекіткен еңбек ақы туралы шрттарына негізделуі мүмкін. Басқа жағынан алғанда, жұмыс беруші әрекет етуші заңға сәйкес және еңбек келісім – шартын жасау кезінде әрбір нақты жұмыскерге  еңбек ақының көлемі мен шарттарын өз бетінше белгілеуге құқылы.

Қазақстанда еңбек ақының  мемлекеттік реттеу тетігінің  негізгі элементтері мына схемада көрсетілген.

 


 

 

 

 

 

 

Минималды тұтыну бюджеті жұмыс күшінің ұдайы өндірісін және жұмысқа жарамсыздардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін минималды игілік және қызметтердің ақшалай бағамын білдіреді. Дәл осы көрсеткіш азық-түлік мөлшері және өндірістік емес тауар мен қызметтерді енгізген әлеуметтік мөлшер,стандарт болып келеді.

    Минималды тұтыну  бюджеті тұтыну себеті  негізінде  есептеледі.Тұтыну себеті екі  түрлі болады: тіршілік етуге   адамның алғашқы қажетін қанағаттандыратын  минималды қаражат жиынтығын  құрайтын минималды түрі және адамның жан-жақты қажеттерінен белгіленетін ұтымды (рационалды) түрі.Минималды тұтыну себеті құнының негізінде кедейшілік шегі-минималды тұтыну бюджетінен төмен болмайтын шекара белгіленеді.

    Қазақстан Республикасында  ең төменгі еңбек ақы еңбек ақы төлеу саласында мемлекеттік реттеу элеметтерінің бірі болып келеді. Ең төменгі еңбек ақы жұмыскердің қалыпты жағдайдағы өндірісте жұмсаған  қарапайым жұмыс күшінің  әлеуметтік нормадағы ең аз мөлшердегі құны болып табылады. Ең төменгі еңбек ақы мөлшері бүкіл республика аумағына ортақ Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленеді. Ең төменгі еңбек ақы мөлшерін белгілеуде төмендегі мақсаттар еске алынады :

- қарапайым жұмыстарды атқаруда жұмыскер еңбегін қанамау;

- еңбек ақыны төмендету арқылы бәсекелестікке жол  бермеу;

- ең төменгі жалақыны көтеру арқылы жалпы еңбек ақыны көтеру;

- экономиканың дамуына байланысты, оның ішінде ұлттық табыстың өз дәрежесінде бөлінуіндегі әлеуметтік саясатты әділетті жүргізу.  

         Ең төменгі еңбек ақы нормасын  белгілеуде әртүрлі жағдайлар есепке алынады. Әсіресе, елдің экономикалық жағдайы басты назарға ұсталады. Басқа да дамыған елдерде де осы принцип қолданылады.

Ең төменгі еңбек ақы шегін белгілеудің әртүрлі жолдары бар;

- аз еңбек ақы алатын жұмыс күшімен бәсекеге түсе алмайтын әлсіз топтарды әлеуметтік жағынан қолдау жасау;

- әділ еңбек ақы жүйесін белгілеу (мамандарға, қызметкерлерге);

- еңбек ақының  барлық базалық құрылымын белгілеу ;

-  макроэкономикалық саясаттың құралы есебінде  зор ұлттық мақсаттарға жету үшін экономикалық дамуды реттейтін ұлттық табыстың бөлінуіндегі  еңбек ақының аз мөлшерін белгілеу.

         Жоғарыдағы жолдардың алғашқы  екеуінде ең төменгі еңбек  ақыны белгілеу жекеленген  өндіріс  саларына , кәсіби топтарға жалпыға  бірдей белгіленеді .

         Ғаламдық тәжірибеде ең төменгі  еңбек ақы мөлшері әртүрлі  жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік  алымдар есептеудің құралы есебінде  пайдаланылады. 1989 жылғы Еуропалық  одақтың бастамасы бойынша Халықаралық  Комиссияның қорытындысымен ең  төменгі еңбек ақы ұлттық орташа еңбек ақының  68 %  құрауға тиіс делінген. Осы қағида дамыған елдерде  мұқият сақталып келумен қатар кейбір елдерде одан көтеріңкі болып белгіленген. Мұның өзі ең төменгі еңбек ақының мөлшерін көтеру арқылы да халықтың  әлеуметтік жағдайын көтеру мүмкіндігін көрсетеді. Қазақстан Республикасында 1991 жылдан бастап ең төменгі еңбек ақы мөлшері жыл сайын қайтадан қаралып, прогрессивті бағыт алып келеді. Еліміздегі жоғарғы инфляцияның әсерінен ең төменгі еңбек ақы ең төменгі күнелтіс шегі нормасынан кем болып та қалады. Соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының жоғарылауы, еліміздегі өндірілетін мұнайгаздың шетелдерге шығарылуы зор табыстарға жетелеуде. Осының нәтижесінде ең төменгі жалақы мөлшерінде жыл сайын өсіп келеді. Ең төменгі еңбек ақы мөлшері мен ең төменгі  айлық есептік көрсеткіштерін кесте жүзінде кескіндесек :

Информация о работе Экономикалық категория ретінде еңбек ақының мәні және оны реттеудің теориялық негіздері