Еңбек нарығы және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 11:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері........................................5
1.2 Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекетті........12
1.3 Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері және ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесі...........................................................................................17
2 Еңбек нарығының қазіргі экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.1 ОҚО демографиялық жағдайын талдау………………………………………23
2.2 ОҚО еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау………………………26
2.3 Еңбек нарығының кадрлық қамтамасыз етілуін талдау……………………..28
3 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек нарығын реттеу және тиімді қолдану мәселелері……………………35
3.2 ОҚО жас еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуда мемелекеттік қолдау
шараларының бағыттары………………………………………………………..37
Қорытынды……………………………………………………………………...40
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………...................................................42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері.doc

— 806.50 Кб (Скачать документ)

 

Кәсіптік жоғары білім алуға  тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу немесе  ұлттық  бірыңғай  тестілеу жүргізу және конкурстық негізде  мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.

           Кадрларды даярлау жүйесін әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделіне көшірудің негіздері қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркіндік берілді. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түсті. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде оқиды, оның ішінде 16,4 мыңы  Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ”  халықаралық стипендиясының иегері болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқиды.

Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе,  өңірлік деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы   оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50 %-ы жаңартуды талап етеді.

 

 

мың адам                                                                                                                                                         

 

 

 сурет.  Мемлекеттік колледждерге оқуға  қабылданғандар және бітіргендер

 

 

Соңғы жылдары   аспирантураны   ғылыми дәреже алып бітірушілер 18%-дай  ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазіргі жүйесінің тиімділігінің  төмендігін көрсетеді.

Жоғары оқу орнынан  кейінгі білім беру бағдарламалары  ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың сапасын басқаруға мүмкіндік бермейді. Ғылыми жетекшілердің (консультанттардың), білім және ғылым ұйымдарының аспиранттар мен докторанттарды оқыту нәтижелері үшін  жауапкершілігі төмендеген.

Бірқатар бағыттар, оның ішінде медицина мамандықтары (трансплантология және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдік дене шынықтыру, спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми кадрларға деген тапшылық бар, бұл республикада тиісті ғылыми мектептердің болмауына байланысты. Ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында кадрлардың “қартаюы” орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым докторларының орташа жасы 56 жасты құраса, ал қазіргі уақытта  62 жасты құрайды, ғылым кандидаттарының жасы  тиісінше – 44 және 47 жас.

Білім беруді қаржыландыру. Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Білім беруге арналған мемлекеттің  шығыстары абсолютті артып қана  қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына  қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өсті.

Қазақстандық білім  берудің жаңа моделіне көшуге жағдай жасау үшін экономикалық негізді  нығайту қажет. Бағдарламаны іске асыруға  қажетті қосымша шығыстардың  жалпы сомасы 2004 жылдың базалық бағасында 330 Бағдарламаны толық ауқымда iске асыру, жинақталған тәжiрибенi, еңбек нарығы мен елдегі әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып, оны түзету басталды.

 

Кесте

Білім беру саласын мемлекеттік  қаржыландыру көрсеткіштері

                                                                          

(млн.теңге)

 

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Барлығы

 

Республиклық бюджет

23 379,8

34 036,9

32 150,8

26 216,8

29 484,4

30 501,1

175 769,8

Жергiлiктi бюджет

18 022,4

19 477,3

21 705,1

31 552,5

32 115,6

32 169,3

155 042,2

Мемлекеттiк бюджет

41 402,2

53 514,2

53 855,9

57 769,3

61 600,0

62 670,4

330 812,0


 

Бағдарламаны  2006 -2010  жылдары қаржыландыру көлемі тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлаған кезде нақтыланған.                                             

Жоғары оқу орындарында  сапа менеджментi жүйесiн, институционалдық бағаны және шетелдiк жетекші аккредиттеу  агенттiктерінiң талаптары деңгейiнде  кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын  аккредиттеуді енгiзумен Болон  декларациясының негiзгi қағидаттарын iске асыруға және Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттарына сәйкестікке қол жеткізіледі.

Қазақстан PISA, TIMSS, CIVIC, SITES, LES халықаралық зерттеулер шеңберінде оқитындардың нақты жетістіктерін  салыстырмалы талдауға, жоғары білім  беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі ENQA, INQAAHE және басқа да агенттіктердің халықаралық желілеріне қатысатын  болады.

Біліктілікті арттыру  институттары білім беруді дамыту орталықтарының мәртебесіне өтеді.

2010 жылдың соңына қарай  мектептердегi компьютерлердiң саны                     20 оқушыға 1 компьютерден келетін арақатынасқа  жеткiзiлетiн болады.

Білім  беруді  қаржыландырудың  жаңа  тетіктері  әзірленетін  болады.

        Қазақстан Республикасында бiлiм  берудi дамытудың 2010 жылға дейiнгі  мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде бiлiм берудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазiргi әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалы биiк деңгейiне қол жеткiзілетiн болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Еңбек нарығын  реттеу және халықты жұмыспен  қамтуды жетілдіру жолдары

 

3.1 Еңбек нарығын  реттеу және тиімді қолдану

 

            Қазіргі ғылыми өндірістер еңбек ресурсына жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл арақатынастар макро деңгейінде ұлттық жұмыс күнін ақы төлеуде кемшіліктерінің сақтау саясатын білдіреді. Аралық деңгейде жұмыс ету жағдайлары шартты, ақысы төмен аймақтарға мамандардың жұмыс ету қызығушылығын арттыру. Микро деңгейде ресурстар сапасын білімді жоғарылату жұмыстарын жүргізу керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, еңбек өндіргіштігі мен мамандарының бір жұмыс орнында жұмыс ету ұзақтығымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді.  Арнайы зерттеулер менеджер–маманның бір орында  оптимальды жұмыс ету мерзімі – 4 жыл  болатынына кәгер бола алады. Психология осы уақытта өндірісті дұрыс түсіну және басқару жұмыстарын шешуде қажетті тәжірибеде жинақталатындығын көрсетті, алайда әрі қарай ізденісі кемігендіктен бұл білімдер көрсетілген мерзімнен бастап төмендей бастайды. Сондықтан тігінен (қызметтік өсу, карьерлік ауысу) немесе көлденеңі бойынша (жаңа міндеттер) маманның жұмысқа тұрақты белсенді қатынасын көрсетеді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет . Еңбек ресурстарының тиімділігін қолдану шаралары

 Елімізде жүргізіліп жатқан реформа мақсатты бағдарламаны жәзеге асыруға қарамастан біздің облыста жұмыспен қамту мәселесі өте актуальді екеніне талдау нәтижесі бойынша шешім жасауға болады.

ОҚО облысы бойынша еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартудың негізгі шаралары келесідей болуы керек:

       - облыс  тұрғындары үшін жалпы ұлттық  деңейдегі бос тұрған жұмыс   орындары мен жұмысшыларға қойылатын  талаптар жөнінде ақпараттық  жүйені қалыптастыру;

       - болашақта еңбек нарығының тапсырысына еңбек ресурстарын қайта дайындау;

       - елдің  барлық аймақтарында оның ішінде  ауылдық жерлерде еңбекке сұраныс  пен ұсыныс  бойынша инфрақұрылымды  дамыту;

       - жаңа  жұмыс орындарын ашылуына қолдау  көрсету;

       - салааралық  және кәсіпкерлік еңбек ресурстарын,  еңбектің көші-қонын реттеп қайта  орналастыруға өз әлесін қосатын  іс-шараларын жасап қабылдау;

        - мамандық, тұрақты кәсіп және  алдын-ала сұраныс бойынша, орнынан  босап қалған жұмысшыны қайта дайындау жүйесін және  кәсіптік білім беру мониторингін жасау;

      - еңбек  ресурстар нарығындағы қажеттілікке  қол жеткізу әшін басқару және  қаржыландыру жәйесін жетілдіру  қажет;

Еңбек нарығы және халықты  жұмыспен қамту саласындағы әдерістер  әрқашан әлеуметтік – экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртәрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты. Қазақстандағы еңбек нарығындағы жастардың жағдайын талдау екі тәрлі маңызды жағдайға негізделеді.

Біріншіден, еліміздегі жұмыссыз халық құрылымындағы 15–24 жас аралығындағы азаматтар әлесі 26,3 пайыз болса, 25–29 аралығындағы азаматтар 17,4 пайызды құрады.

       Екіншіден,  ең негізгісі – ел болашағы. Жастар қоғамның саяси экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды, сол себепті әсіресе, біздің елде олар ең қорғансыз топтардың бірі болып табылады. Аталған мәселелердің өзектілігіне қарамастан, ғылыми зерттеулерде оларға өте көп назар аударылмай келеді. Мемлекеттік және облыстық бағдарламалар бюджеттік қаражаттармен қатар жеке кәсіпорындардың, инвесторлардың қаражаттарын тарта отырып, экономиканың келешегі бар, дамыған салаларындағ жұмыс орындарын ашуды және қайта құруды  ынталандырады. Сонымен қатар әлеуметтік сауалнама мәліметтері негізінде еңбек нарығында жастарды жұмыспен қамтуға мәмкіндік беретін төмендегідей бағыттар ұсынылып отыр:

        1. Жастарды еңбек нарығына дайындау. Кешенді зерттеу негізінде жастарды жұмыспен қамту мәселелері көрсетілген (еңбек нарығының жастар сегментіндегі диспропорционалдық, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтылмау себептері, оқып жәрген жастардың негізгі ағымының еңбек саласындағы құндылықтарды бағалау, еңбек нарығындағы әлеуметтік – психологиялық бағыты мен кәсіби біліктілік дайындығы тұрғысынан алғаш еңбек нарығынан шыққан кездегі бәсекелестік қабілеті, сәтті кәсіби өсім факторлары, әлеуметтік дайындық қызметін әйлестіру мәселесі).

         2. Оқу орындары түлектерін жұмыспен қамту мәселелері. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері жоғарғы оқу орындарының тәлектері көп жағдайда оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуды мақсат тұтатындарын көрсетіп отыр (82,5 пайыз), оның ішінде облыстағы жоғарғы оқу орындары тәлектерінің 60,1 пайызға жуық негізгі нормативтері бойынша жұмысқа орналастыруды көздейді.

         3.  Жастарды қолдау бағдарламалары. Әлеуметтік саладағы облыстық ұйымдар жастардың аяғынан тік тұруына және дамуына мемлекеттік қолдау көрсету жәйесін қалыптастыруға белсенді тәрде қатысады, олардың бағдарламалары жастар мәселесінің ерекшеліктерін ескереді. Бірақ жастар әлеуметтік топтардың жасы жағынан ғана емес, өмірге қадам басуға байланысты, оларға тән әлуметтік қызметтері де ерекшеленеді.

 

3.2 ОҚО жас  еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуда  мемелекеттік қолдау шараларының бағыттары

 

Оңтүстік Қазақстан  облысында жастар саясатының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері - жастардың жан-жақты дамуы, олардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін ашу үшін ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

Қойылған мақсатты орындау  келесі міндеттерді шешуді көздейді:

  • мемлекеттің- жастар және жастар ұйымдарымен өзара қарым-қатынас инфрақұрылымын қалыптастыру;
  • мемлекеттік- жастар саясатын жүзеге асыру барысында мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдауда жастар ұйымдарының азаматтық қатысуының үлесін арттыру;
  • жастардың- өзін-өзі әлеуметтік реттеу механизмдерін қалыптастыру;
  • жас- таланттарды дамыту және қолдау;
  • жастарды- экономикалық дамыту және оларды еңбекпен, жұмыспен қамтудың жағдайын жасау;
  • - жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, жас отбасыларын қолдауды және т.б. дамыту бойынша әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралар кешенін өткізу;
  • жастар- саясатын ақпараттық қамтамасыз ету;
  • жастардың- құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • жастар- қоғамдық бірлестіктерімен өзара қарым-қатынасты дамыту және жетілдіру.

Бағдарламаны қаржыландырудың  негізгі көздері болып тиісті бағдарламалар әкімшісі қарастырған  қаражат шегінде, облыстық бюджет, облыстың аудан, қалаларының бюджеттері және заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер белгіленген. Бағдарламаны іске асыру жалпы мынадай қаржылық шығындарды көздейді: 2009 жылы 15 миллион 178 мың теңге, 2009 жылы - 18 миллион 200 мың теңге, 2010 жылы - 20 миллион 940 мың теңге.

Информация о работе Еңбек нарығы және оның түрлері