Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 11:44, курсовая работа
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.
Кіріспе...................................................................................................................3
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері........................................5
1.2 Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекетті........12
1.3 Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері және ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесі...........................................................................................17
2 Еңбек нарығының қазіргі экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.1 ОҚО демографиялық жағдайын талдау………………………………………23
2.2 ОҚО еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау………………………26
2.3 Еңбек нарығының кадрлық қамтамасыз етілуін талдау……………………..28
3 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек нарығын реттеу және тиімді қолдану мәселелері……………………35
3.2 ОҚО жас еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуда мемелекеттік қолдау
шараларының бағыттары………………………………………………………..37
Қорытынды……………………………………………………………………...40
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………...................................................42
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет
ету еркешеліктері.............
1.2 Еңбек нарығының негізгі
1.3 Еңбек нарығының қазіргі
түрлері, үлгілері және
шетелдік
тәжірибесі....................
2 Еңбек нарығының
қазіргі экономикалық
2.1 ОҚО демографиялық
жағдайын талдау………………………………………
2.2 ОҚО еңбек нарығының
негізгі көрсеткіштерін талдау…
2.3 Еңбек нарығының кадрлық қамтамасыз етілуін талдау……………………..28
3 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек нарығын реттеу
және тиімді қолдану
3.2 ОҚО жас еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуда мемелекеттік қолдау
шараларының бағыттары………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………..................
Кіріспе
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Дамыған және дамушы елдердің
тәжірибесін үйренуде жүйелік және
нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы
еңбек нарығын реттеудің
Еңбек нарығының басты құрамдастары – еңбекке деген жиынтықты сұраныс пен еңбектің жиынтықты ұсынысы. Олар қиылыса отырып, еңбекке деген негізі қанағаттандырылған сұранысты (бос жұмыс орындарын толтыру) қалыптастырады, сонымен қатар әр уақытта қанағаттандырылмаған еңбектің ұсынысы (жұмыссыздық) мен еңбекке деген сұраныс (бос жұмыс орындары) сақталынады. Бұл құрамдастар өз бірлігінде жиынтықты еңбек нарығының сиымдылығын анықтайды.
Еңбек нарығының негізін
қалаушы сипаттамасы
ОҚО облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік
және жинақталған тәжірибелік
Жұмыстың мақсаты ОҚО облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
-еңбек нарығы мен
халықты жұмыспен қамтудың
-еңбек нарығын реттеудің
қызмет ету тетіктерін және
әлеуметтік – экономикалық
-облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
- ОҚО облысындағы еңбек
нарығының қазіргі жағдайына
талдау жасап, тиімділік
-облыстағы халықты
жұмыспен қамтудың облыстық
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі
теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері
Еңбек нарығының пайда
болуы жұмыскердің еркіндігімен
Еңбек нарығының басты құрамдастары – еңбекке деген жиынтықты сұраныс пен еңбектің жиынтықты ұсынысы. Олар қиылыса отырып, еңбекке деген негізі қанағаттандырылған сұранысты (бос жұмыс орындарын толтыру) қалыптастырады, сонымен қатар әр уақытта қанағаттандырылмаған еңбектің ұсынысы (жұмыссыздық) мен еңбекке деген сұраныс (бос жұмыс орындары) сақталынады. Бұл құрамдастар өз бірлігінде жиынтықты еңбек нарығының сиымдылығын анықтайды.
Еңбек нарығының әрекет етуінің негізіне басқа да өндірістік факторлар нарықтарындағыдай, тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетулер нарықтарының әрекет ету механизмдерінің негізіндегі принциптер жатады. Сұраныс пен ұсынысты талдау осы және басқа да нарықтарды зерттеудің негізгі әдістері болып табылады. Бірақ, еңбек нарығы әрекет етуінде өзінің ерекшеліктері бар. Ол жұмысшы күші тауарының үдайы өндірісінің сипаттамасы мен ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктер 1 суретте көрсетілген.
Осылайша, еңбек нарығы
әлеуметтік-экономикалық
1 cурет. Еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері
Ескерту: Сүрет пайдаланылған әдибиет көздері негізінде авторлармен жасалған
«Еңбек нарығы» және «жұмысшы күші» түсініктері көп жағдайда теңестіріліп, синоним ретінде пайдаланылады. Бірақ, көптеген зерттеушілер жұмысшы күшінің нарығы еңбек нарығының құрамдас бөлігі ғана, ал нарықтың өзі екі нарықтың – жұмысшы күші және жұмыс орындары нарықтарының жиынтығы деп санайды
«Жұмысшы күшінің нарығы» түсінігі біздің ойымызша барынша кең және еңбек етуге жарамды барлық халықты қамтиды. Еңбек процессінде адам өзінің еңбекке деген қабілеттілігінің бәрін, яғни өзінің жұмыс күшін пайдаланады. Бірақ, еңбек процессіне әрбір адам қатыса бермейді. Халықтың айтарлықтай бөлігі өзінің еңбекке деген потенциалды қабілеттілігін жүзеге асыра бермейді. Сонымен қатар, еңбек процессіне қатысушы жұмысшы күші шектеулі уақыт қана еңбек етеді, көп бөлігі адамның басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалады. Міне, сондықтан біз «жұмысшы күшінің нарығы» және «еңбек нарығы» терминдерінің әр түрлі мағынасы бар деп есептейміз. Егер «жұмысшы күшінің нарығы» оның еңбек және оқу процессіне тікелей қатысуына байланыссыз барлық еңбек потенциалын қамтитын болса, онда «еңбек нарығы» онда тек экономикалық белсенді (еңбекпен айналысатындар мен жұмыссыздар) халықтың қатысуын білдіреді. Өз кезегінде «жұмысшы күші» түсінігі еңбек нарығының қалыптасуының өзіндік теориялық потенциалы бола тұрып, сәйкесінше функционалдық жүктемеге жауапты және демографиялық аспектіге ие болады. «Еңбек ресурстары», «еңбек күшінің нарығы» және «еңбек нарығы» түсініктерінің негізгі айырмашылығы, экономикалық қызметтің негізінде еңбек ету, еңбектің жатқандығын білдіреді. Осыған байланысты еңбек нарығында жұмысшы күші, еңбек ресурстары сатылмайды, адамның нақты еңбек етуге деген қабілеті сатылады. Дегенмен еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастыру керек.
Өз кезегінде еңбек нарығы ешқандай жасына байланысты шектеусіз халықтың тек қана экономикалық белсенді бөлігін қамтиды. Оған қатысушылардың саны жұмысшы күшінің санынан әлдеқайда төмен.
Еңбек нарығының негізін
қалаушы сипаттамасы
Экономиканы тұрақтандыру жоспарында монетаризм тұрақтандырушы бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Еңбек нарығы үшін осы тектес бағдарламалардың типтік мысалдары: мемлекеттік әлеуметтік шығындардың, субсидиялардың қысқартылуы, еңбек ақы өсімінің шектелуі.
Бүгінгі таңда неоклассикалық көзқарастар экономикалық теорияда басым болып отыр. Еңбек нарығының казіргі заманғы неоклассикалық моделі – бұл В. Парето-Д.Хикстің шекті пайдалылық теориясы және П.Хейненің ұтымды күтулер теориясымен толықтырылған, классикалық түрдегі еңбек нарығының моделі. Берілген модель идеалды деп есептеледі және оны неоклассиктер қолдайды. Бірақ, олардың ойлары бойынша еңбек нарығындағы экономикалық саясаттың мақсаты сұраныс пен ұсыныс механизмінің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін себептерді мүмкіндігінше болдырмау. Осыдан шығатын маңызды мақсат еңбек нарығының барынша икемділігіне қол жеткізу – еңбек ақы мен пайдаланатын еңбек санының өзгеруінің есебінен нарықты шұғыл қолдау қабілетінің бар болуы.
Еңбек нарығының әрекет етуін талдау барысында батыстық мамандар жеке тұлғаның мінез-құлқындағы психологиялық мотивтерге көңіл бөледі. П. Хейне айтқандай, жұмысқа орналасу шығындары сияқты одан бас тартудың шығындары да әртүрлі адамдар үшін біліктілік бұл, еңбек өтілі, жасы, жанұя алдындағы міндеті, табыстың басқа да көздері, құнды бағыттары, сол адамның қандай да біреудің ойын бағалайтын көзқарастары сияқты факторларға байланысты әр түрлі болады/.
Жаңалықтапқыштардың, ғалымдардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің, өндірісті ұйымдастырушылардың, кәсіпкерлердің еңбектері шығармашылық түрге жатады. Шығармашылықтың жоғарғы белгісі ретінде өнер болып саналады, себебі онда қайталану болмайды және осы өрістегі шығармашылық өнімі сонымен бірге жеке бастың, авкестенің тұлғасының бейнесі болып табылады. Қазіргі экономикада шығармашылық элементер маңыздылығының бір белгісі ретінде жұмыскердің жалпы табысындағы қаламақы түрінде түсетін еңбекақы үлесі болуы мүмкін. Бұл аспектіде шын бәсекелестік пен құқықтық мемлекет жағдайында қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлердің пайдасы авторлық қаламақы түрінде болады.
Сонымен, еңбек ресурстары- жеке кәсіпорын, халық шаруашылығының өрісі немесе оның территориялық бірлік ауқымында қоғамдық өндіріске қатысатын жеке жұмыскерлердің жиынтығы. Еңбек нарығы жұмыскерді өндіріс құралдарынан, ең бастысы жерден, айыру кезінде пайда болды. Алайда, заң түрінде еркін болғанымен, өндіріс құралдарынсыз ол өмір сүруге қаражатсыз қалды. Аштан өліп қалмау үшін, ол өзінің еңбекке қабілеттілігін немесе жұмыс күшін сатуға мәжбүр болды. Осылайша нарыққа жаңа ат берген жаңа тауар пайда болды. Алайда жаңа тауар және жаңа нарық атауы бойынша зерттеушілер арасында келіспеушілік орын алды. Ғаламат ағылшын экономистері, саяси экономканың классиктері А.Смит және Д. Рикардо қарастырып отырған нарықта тауар еңбек, «еңбек өзінің табиғи және нарықтық бағасына ие» деп санады. Осындай пікірді қазіргі уақытта экономиклық ойлардың неоклассикалық өкілдері ұстануда.