Еңбек нарығы және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 11:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері........................................5
1.2 Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекетті........12
1.3 Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері және ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесі...........................................................................................17
2 Еңбек нарығының қазіргі экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.1 ОҚО демографиялық жағдайын талдау………………………………………23
2.2 ОҚО еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау………………………26
2.3 Еңбек нарығының кадрлық қамтамасыз етілуін талдау……………………..28
3 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек нарығын реттеу және тиімді қолдану мәселелері……………………35
3.2 ОҚО жас еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуда мемелекеттік қолдау
шараларының бағыттары………………………………………………………..37
Қорытынды……………………………………………………………………...40
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………...................................................42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері.doc

— 806.50 Кб (Скачать документ)

ХІХ ғасырда ғаламат  неміс экономисі, философ және әлеуметтанушы  К. Маркс «Капитал» еңбегінде  нағыз тауар еңбек емес, жұмыс  күші - еңбекке қабілеттілік болып  табылатыны көрсетті. Осыдан кейбір экономистер еңбек нарығы деп атаса, К. Маркс ілімінің ізбасарлары жұмыс күшінің нарығы деп атады. Кеңестік экономикалық әдебиеттерде соңғы терминді көпшілік қабылданған болатын.

Отандық экономикалық әдебиетте  радикалды экономикалық реформалар кезінде, аталған нарықты қалай дұрыс айтуға болады деген сұрақ бойынша пікірталас қайта басталды. «Еңбек нарығы» немесе «еңбек күшінің нарығы». Онда қандай тауар сатылады? Сонымен бірге экономикалық әдебиеттерде (шетел және отандық) «еңбек ресурстарының нарығы» және «еңбек қызметінің нарығы» терминдері пайда болды. Көп жағдайда аталған барлық терминдер синоним ретінде қолданылды. Сонымен бірге олардың әрқайсысы әр түрлі экономикалық мағына беретінін аңғару қиын емес еді. Олардың негізінде жатқан «еңбек күші, еңбек», «еңбектік қызмет», «еңбек ресурстары» тең емес. Сонымен, жұмыс күші – бұл еңбекке деген қабілеттілік; еңбек – адамның қажеттілігін қанағаттандыратын, табиғат затын өнімге айналдыруға бағытталған мақсатты қызмет. Еңбектік қызмет – бұл термин «еңбек» терминіне жақын, алайда  қызметтің бұл түрі қажеттілікті жүзеге асыру барысында қолданылатынын көрсетеді, яғни игілікті заттай түрде емес, қызмет түрінде - мысалы: оқу, ем алу, көлік, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. түрінде көрінеді. Еңбек ресурстары – бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын   халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер – 16-58 жас аралығында еңбекке қабілетті, І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.

Егер сату-сатып алу  нысаны болып табылатын тауарды  анығырақ бөліп алсақ, аталған проблеманы дұрыс шешуге болады. Қазір отандық экономикалық әдебиетте екі көзқарас басым. Біріншісі тауар шығаруға әлеуетті еңбекке қабілеттіліктер – жұмыскер күші болып табылады десе, екіншісі тауар деп еңбекті санайды. Бірақ оның жақтастары, еңбекті мақсатты қызмет үдерісінде тауар ретінде қарастыру қиын екенін түсіне отырып, тауар ретінде «әлеуетті еңбекті» санайды.

Қазіргі адам өзінің көптеген қабілеттеріне ие бола отырып, еңбек  үдерісінде олардың барлығын қолдана  бермейді. Еңбек нарығы, біріншіден, еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден  адам қабілеттерінің бір бөлігін қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының нарығы, еңбек қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің нарығы  терминдерін синоним ретінде пайдалануға болатын, өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады. Сонымен бірге «еңбек нарығы» термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде кең етек алғанын атап өту керек.

Сонымен, еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік қатынастардың жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін білдіретін, орталық қатынас ретінде жұмыс күшінің өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы қатынас орнатылады. Бұл қатынастың іске асуы жұмыс күші ретіндегі  тауары мен өмірлік қаражаттарға сұраныс – ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады. 

Нарыктық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды  орынға ие. Бұл нарықта мемлекеттік  ұйым және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы тұрғындардың жұмысбастылық  деңгейі және еңбекақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбастылығы, оның ұлғайымы өндірістің қажетті жағдайын қалыптастырады.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі мамандарды іріктеу, дайындау және қайта дайындау, оларды жұмысқа  орналастыру мен материалдық  көмекке кететін қоғам шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен  тығыз байланысты. Сондықтан тұрғындардың жумысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде негізгі мәселе болып табылады.

Еңбек нарығы - бұл жұмыс  күшін адамның еңбек ету қабілетін  тауар түрінде сатуға және сатып  алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары мамандықты талап ететін еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады. Жұмыскерлерге және олардың еңбегіне, сапасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді ынталандыру аса маңызды орын алады. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді. Оның зор дамуына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.

Экономикада тұрақты  түрде үнемі экономикалық өсім бола бермейді. Кейде экономикалық тұрақсыздық, яғни жумыссыздық, инфляция, өндіріс  деңгейінің төмендеуі, бағаның өсуі орын алады. Еңбек нарығында жұмыссыздық  айқын білінеді.

Жұмыссыздық - қоғамдағы  аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Егер жұмыс күшінің ұсынысы сұраныстан көп болса, онда жұмыссыздық көбейеді деген ұғым бар. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір шамасы болады. Егер жұмыссыздар сол шамадан асып кетсе, онда нарықтық экономикаға зардабын тигізеді, ал кажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Нарық экономикасы сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарық экономикасына жұмысқа қабілеті бар қызметкерлер ғана қажет.

Халықты жұмыспен қамту  өте өткір проблеманың бірі болып  отыр. Оның түп негізі елімізде жаңа жұмыс орындарын кұрудың экономикалық және құқықтық тетіктері әлі толыққанды жазылып, жасалмағанында жатыр. Өйткені жұмыспен қамту туралы заң өкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан жаңа заң кабылдау күн тәртібінде тұруға тиісті.

Қазақстанда еңбек нарығы енді қалыптасып келеді, сондай-ақ онда көптеген құрамдасы жоқ. Ол өзіне  жұмыс күші қозғалысын бақылау қызметін жүктейді. Халықтың жұмыспен қамтуды өсірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

Дамыған елдерде соңғы 20-25 ж. ішінде жұмыссыздық деңгейі  айтарлықтай өсіп отыр (8-12%), бұл өз кезегінде біліктілігі жоқ жұмысшылардың  жұмысқа орналасу мүмкіндігін  төмендетеді  және біліктілігі жоқ мамандар арасындағы төлемақының көлемі төмендейді.

Көптеген дамушы және дамыған елдердегі тәжірибе кейнсиандық  теорияның нәтижесін мойындатады, яғни теория бойынша капитализм тұсында  толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін тетігі жоқ екенін дәлелдейді. Бірақ жұмыс орынның аса көп болуына ұмтылу кез-келген елдің жұмысбастылықты реттеудің негізгі саясаты болып табылады. Мысалға: Швеция үкіметі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін басым секторларды несиелендіру туралы  белсенді өнеркәсіптік саясатын жургізеді. Ал, Корей Республикасы, Гонконг және Тайвань тәжірибелері үздіксіз өсу нәтижесінде жұмысбастылықты (2-6%) артыруға, жылына жұмыссыздықты (2,5%-ға дейін) төмендету, еңбек өнімділігін артыру мен еңбекақыны өсіруге болатындығын көрсетеді. Мұндай өсу шағын шаруашылық өнеркәсібіне негізделіп, ол экспортқа бағытталады.

Бұрынғы өндірісті реттеу жүйесінен бас тарту жұмысбастылықтың құрылымын қайта құруына жол  береді. Егер жиырмасыншы ғасырдың  90-шы жылдың басына дейін республикадағы жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі ірі өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарға шоғырланса, одан кейін  мемлекеттік меншіктің азаюына және жеке кәсіпорынлардың пайда болуына байланысты еңбек нарығындағы  жағдай күрт өзгерді.

Қазақстандағы еңбек  нарығының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік мәнге ие болатын мәселе жасырын жұмыссыздық немесе толық емес жұмысбастылық. Ол өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне, әр түрлі экономикалық және қаржылық жағдайлармен байланысты болып отыр. Еске түсіретін болсақ 1998 жылы Қазақстандағы жасырын жұмыссыздық деңгейі 3,2% болды. Ресми емес жұмысбастылық әлеуметтік амортизатор рөлін атқарып, халықтың өмір сүру деңгейін  төмен көрсетуге себеп болып отыр. Сонымен қатар ол әлеуметтік және құқықтық қорғау шеңберін кеңейтіп, қылмысты құбылыстардың орын алуына жағдай жасап отыр. Осыған байланысты қарсылық және құқықтық саясат көптеген кәсіпорындардың екі жақты бухгалтерия жүргізуіне институттық орта құрумен жағдай күрделене түсу нәтижесінде жалпы еңбек қатынастарының жүйесі еңбек туралы заңға бағынбайтындай және өзіндік жеке мөлшерлермен реттеліп, ол көп жагдайда қылымысты жағдайлармен сипатталады. Бұл жұмыстың жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр және еңбек нарығын қылмысты топтардың басқаруына  жол ашып отыр. Бұл жағдай көптеген өндірістердің уақытша тоқтап, ондағы жұмыскерлердің мәжбүрлі түрде демалысқа шығуымен және еңбекпен қамтамасыз етілмегендіктен елден мәжбүрлі миграциясын тудырып отыр. Осылайша, жұмыс күшін біртіндеп босату, артық жұмыс орындарын сақтау, оның екінші реті, бейресми түрлерін азайту Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу үлгісін сипаттайды. Ол экономика және қоғамның  реакциясы ретінде және өтпелі кезеңде әлеуметтік және экономикалық тиімділік арасындағы байланысты тұрақтандыруға, экономиканың қайта құрылуы мен адам әлеуетін сақтаудың қажеттілігін қамтамасыз ететін институттардың жоқтығымен сипатталады.

Егер жұмысты жоғалту  өндірістің циклдық төмендеуінің нәтижесінде  орын алған болса, онда жұмыссыздық  бойынша жәрдемақы тиімді деп  саналар еді. Бірақ жеткілікті жұмыс орынның болмауы жүйелі трансформациямен байланысты болса, оған жаңа тиімді шаралар қолдану керек болады.

      Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз - азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі - деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.

Жұмысбастылық саясатының сұрактарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономиакалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.

Экономикалық тұрғыдан  жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.

Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынадай түрлері  бар: жалпы білім беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер  қатарындағы қкызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен  ауруларды бағып - күту, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.

Еңбек нарығы бойынша  қызметтердің ерекшеліктерінің екінші тобы тауар болатын жұмыс күшінің  ерекшеліктеріне байланысты. Олардың  арасынан келесілерді атап айтуға болады:

- тауар түріндегі жұмыс  күшінің иесінен ажыраспауы. Еңбек  нарығында сатып алушы белгілі бір уақыт арасында жұмыс күшін пайдалануға құқық алады. Алайда сатып алушы жұмыскердің құқығын бұзбауы тиіс. Оларды бұзғаны үшін жұмыс беруші заң бойынша жауап беруі мүмкін. Онымен бірге, жұмыскердің кәсіпорынға деген ниеті түзу болуға тиісті, оның жоғалуынан кәсіпорын экономикалық зардап шегуі мүмкін. Жұмыскер ереже бойынша жұмыс атқара отырып, қайтарымы әртүрлі жұмыс істеуі мүмкін.

-кәсіподақ, жұмыс берушілер  бірлестігі, тармақтанған заңнама  жүйелері, әлеуметтік – экономикалық  бағдарламалар сияқты әртүрлі институттық құрылымдардың көптігімен байланысты, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қатынастарды белгілеу тәртібінің қажеттілігі;

-ұжымдық келісім шарттан  жеке келісім-шартқа өту жүйесіне  байланысты, жұмыс күшінің әртүрлі  кәсіпкерлік – мамандық деңгейінің айырмашылығымен, еңбекті ұйымдастырудың, әртүрлі технологияларды ендіруге байланысты жеке адамның мәмілесін көрсететін денгейдің өте жоғары болуы;

-мәміленің ақшалық  емес жағын көрсететін аспектілердің  атқаратын рөлінің маңыздылығы  (еңбек жағдайы, жұмыс орнын сақтау кепілдігі, кәсіптік өсу болашағы).

 

 

1.2 Еңбек нарығының  негізгі құрамдастары және олардың  өзара 

             әрекетті 

 

Еңбек нарығының кез  келген жүйе секілді өз құрылымы болады. Ол әртүрлі елдерде біртекті элементтерге ие болса да, сонымен бірге біршама өзгешеліктері болуы мүмкін. Нарық құрылымын талдаудың мақсаттарына байланысты оны әртүрлі көрсеткіштер бойынша жүргізуге болады. Алайда, ең алдымен, қай елге қатысы болмасын және басқа да ерекшіліктеріне байланыссыз еңбек нарығының құрылымын анықтау қажет. Оны қазіргі өркениетті еңбек нарығының қызметі үшін қажетті маңызды құрамдастар бойынша жасауға болады:

  • нарық субъектілері;
  • заң мөлшерлері, экономикалық бағдарламалар, үш жақты келісімдер және ұжымдық келісімдер;
  • нарық тетіктері (жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік);
  • жұмыссыздық және соған байланысты әлеуметтік төлемдер;
  • еңбек нарығының инфрақұрылымы;
  • қызметтің балама басқа түрлері.

Еңбек нарығының субъектілері. Еңбек нарығының субъектілеріне жалдамалы қызметкерлер, жұмыс берушілер және мемлекет жатады.

Жалдамалы жұмыскерлер  – еңбек нарығының ең көп тараған  субъектілер бөлігі. Олардың өндіріс  құралдары жоқ, өздерінің жұмысқа  қабілеттілігін басқаға сату арқылы өмір сүретін адамдарды жатқызамыз. Олардың әл-ауқаты өзінің жұмыс күшін қаншалықты ұтымды сата алатындығына байланысты – келісім – шарт жасасу, жұмыс алуға байланысты болады. Жұмыс беруші мен жұмыскердің экономикалық теңсіздік жағдайында, жалдамалы жұмыскерлер өздерінің құқықтарын қорғайтын кәсіби ұйым құру арқылы ғана біршама әділ еңбекақыға қол жеткізе алады .Батыс елдерінде өз құқықтары үшін күресте жалдамалы жұмыскерлер жұмыс берушілер мен мемлекет тарапынан біршама жеңілдіктерге қол жеткізді, ең алдымен еңбекақыны жоғарылату және жұмыс күні ұзақтығын қысқарту, жұмыс жағдайын жақсатру және т.б. қол жеткізді.  Алайда ХХ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде бірқатар елдерде, әсіресе АҚШ-та кәсіподақтардың дәрежесі мен олардың қызметі біршама әлсіреді.

 Қазақстанда кәсіподақтар  әлсіз, олар ең маңызды мәселелер  – еңбекақыны жоғарылату, инфляцияға байланысты оны индексациялау, өз уақытында төлеу сияқты мәселелерді шешуде мардымсыз рөл атқарады.

Қазақстанда жалдамалы  жұмыскерлер өз құқықтарын жұмыс  беруші және мемлекет алдында дәлелдеп беруді толық білмейді.

Жұмыс берушілер. Оларға жеке жұмыс жасайтын және тұрақты түрде бір немесе бірнеше адамдарды жалдайтын адамдарды айтамыз. Жұмыс істеп жүрген халықтың құрамында жұмыс берушілердің үлесі аз, 10 % пайыздан аспайды, статистика жұмыспен қамтылғандар ішінді бұл топтың ңақты көлемін бермей отыр. Жұмыс берушілерге өндіріс құралдарының иелері, кәсіпорын иелері, ірі акционерлік қоғамы мен мемлекеттік кәсіпорындардағы жалдамалы басқарушылыр жатады. Олардың біліміне, кәсіпкерлік қабілетіне, кәсіпорынның тиімді қызметі, елдің экономикалық өмірі, стагнация немесе экономикалық өсу, инновациялық негізде өндірістік өсуіне байланысты.

Информация о работе Еңбек нарығы және оның түрлері