Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 09:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………….....................…………….......…….3
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық мәні........................................4
1.2. Дағдарыстың себептері..................................................................................6
ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы ………..........................................8
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы...............................................9
2.3. Дағдарыстан шығу кілті..............................................................................15
2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі...............…………......24
2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.................................................28
ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару тиімділігі.......................29
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлары........................................32
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Kursavoy.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз.

Тәуелсіздік шежіресін  парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік.

Өткен ғасырдың соңында  Шығыс Азияда басталған кезекті  дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз  тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық.

Біз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты  тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала  түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық.  
Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.

Олай болатыны, тәуелсіздік  – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен  өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша.  
Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз. Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды.

Іс жүзінде жиырма екі жыл бойы күннен-күнге біз сіздермен жаңа елді құру үстіндеміз. Ашық та өркенді елді. Жылдан-жылға қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түскен елді. Саяси тұрақты және өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен елді. Ешқашан және ешкім үшін сыртқы қатер көзі болмайтын елді.

Ондаған жылдар оза қабылдаған Қазақстанның даму стратегиясы, оны  елдің нақты табыстарына айналдыру  тәжірибесі бізге өз күшімізге деген  сенімділікті берді, біз таңдап алған жолымыздың дұрыстығына көз жеткіздік. Нақ сондықтан да бұдан төрт жылдан астам бұрын басталған әлемдік қаржы рыноктарындағы дағдарыстың әу басында біз дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесін әзірлеп, дәйектілікпен іске асырып келеміз.  
Біз ішкі және сыртқы конъюнктураны жіті қадағалап, еш кідіріссіз табанды шараларды қолға алудамыз. Нақ сондықтан да жаһандық азық-түлік дағдарысы біз үшін ұлттық апатқа айналған жоқ. Бірақ бүгінде бүкіләлемдік экономиканы діңкелетіп үлгерген экономикалық дағдарыс біздің беріктігімізді сынаққа салуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиетер тізімі:

 

 

1. Егемен Қазақстан газеті. «ҚР президентінің халыққа Жолдауы,14 ақпан,            2010ж

2. «Дағдарыстан шығу кілті», Е.Баймырзаев Егемен Қазақстан газеті.

3. Булатов А.  С. Экономика. М., 1999, 786 бет.

4. Дискин И.  Е. Өтпелі экономиканың әлеуметтік  құрылымы // Қоғам және экономика. 1997. № 1-2, бет. 12

5. http://www.minplan.gov.kz/kz/press/58/19435/ [электрондық ресурс]

6.Олег Игнатов,Кирил Мартынов « 2009ж дағдарыс».

http://www.liberty.ru/ 14.12.2010ж

7.«Дағдарыс жайлы толық ақпарат.Біз қорқытпаймыз, біз тек ескертеміз» http://bankir.ru/news/newsline 02.12.2008ж

8.ТҰРАҚТЫЛЫҚ ФЕНОМЕНІ немесе қаржылық дағдарысты ауыздықтаудың қазақстандық моделі 2008-10-14: Егеменді Қазақстан газеті. Авторы: Таңатар Табыннұлы

9. http://www.kaznexinvest.kz/kz/napr/export/analitika/pokazateli.php

10. http://ru.wikipedia.org/wiki [электрондық ресурс]

11. «Егемен Қазақстан», 2009 жылғы 3 ақпан

12. «Дағдарыстан шығу кілті», Е.Баймырзаев Егемен Қазақстан газеті.

13. http://ru.wikipedia.org/wiki [электрондық ресурс]

14. http://www.minplan.gov.kz/kz/press/58/19456/ [электрондық ресурс]

15 .http://www.inform.kz/rus/article/2237785  [электрондық ресурс]

16.http://kaztrk.kz/kaz/news/government/Kazakstannin_sirtki_karizi_-_123_8_milliard_AKSh_dollari.html [электрондық ресурс]

 


Информация о работе Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері