Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 09:36, курсовая работа
Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi.
КІРІСПЕ……………………………………….....................…………….......…….3
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық мәні........................................4
1.2. Дағдарыстың себептері..................................................................................6
ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы ………..........................................8
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы...............................................9
2.3. Дағдарыстан шығу кілті..............................................................................15
2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі...............…………......24
2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.................................................28
ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару тиімділігі.......................29
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлары........................................32
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................36
Осы заманғы жаһандық проблемаларды жалғыз жүріп шешу өте қиынға түсетіні, тіпті мүмкін болмайтыны айдан анық. Сондықтан да біз жаһандық та, сондай-ақ өңірлік те интеграцияның жақтаушысы болып табыламыз. Және бұл біздің дағдарысқа қарсы шараларымыздың басым бағыттарының бірі. Нақ сондықтан да біз қазір түбегейлі жаңару жоспарларын жаһандық, өңірлік және басқа барлық деңгейлерде әзірлеу жөніндегі бастаманы іс жүзінде толымды ету тұрғысында жұмыс істеудеміз. Бұл бүкіл әлемге транзит кезеңінен тезірек және тиімдірек өтуге мүмкіндік береді.
Және бұл ретте адамзат үшін болмай қоймайтын “акметализмнің”, тіпті, сайып келгенде, оның қалай аталатынына қарамастан, Жаңа әлеміне аяқ басуға сай келетін әзірлікті бастауға мүмкіндік береді. Бұл кімге керек және кімге тиімді ТЖЖ-ның жаһандық бастамасы негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Үшінші мыңжылдықтың күн тәртібін қайта қарау және елеулі түзету жөніндегі жұмысты бастауына болар еді.
Бұл әлем мен адамзаттың
ескі әлемдік “дефектализм”
Мұны нақты экономиканың барлық субъектілері де – мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар жаңа әлемдік транзиттік валютаға негізделген әлемдік “транзиталдың” қағидаттарын іс жүзінде игеру үшін қажет етеді. Транзит әлеміне ғылым мен өнеркәсіпте ғана емес, сонымен бірге әлемдік қаржы және валюта саласында түбегейлі инновациялар талап етіледі.
ТЖЖ әлемдік валюта-қаржы жүйесінің барлық субъектілеріне жаңа әлемдік валюта-қаржы инфрақұрылымы мен архитектурасын инновациялық дамыту жөніндегі күш-жігерді үйлестірудің практикалық құралын береді. ТЖЖ елдер мен халықтарды жақындастырып, оларды өркендеудің ортақ мүдделері негізінде топтастыра алады, қауіпсіз әлемнің жаңа тетіктерін құруға жәрдемдесетін болады. Ақаулығы аз жаңа әлемдік валютаға құрылған берік қаржы-экономикалық іргетас оның негізі болады. Әлемнің жаңа шешуші рыногы Міне, жарты жыл дерліктей барлық калибрдегі, деңгей мен сападағы аса ірі әлемдік субъектілер дағдарыстан шығудың түрлі дауасын іздеп, тұжырымдауға тырысуда. Олардың күш-жігерімен жаңа жаһандық, алайда өте ерекше рынок қалыптасып қалды. Бұл әлемдік дағдарыстан шығудың жаһандық дауалары мен жоспарларының рыногы, дағдарыстан шығу “кілттерінің” рыногы. Ондағы сұраныс әзірге ұсыныстан әлдеқайда артық. Онда екі сектор – кең де тар секторлар айқын қалыптасқан. Бірінші, кеңі – бұл әлемдік валюта-қаржы жүйесін атүсті, косметикалық жөндеудің шешімдері мен дауаларының секторы.
Екінші, тары – бұл біздің әлемнің терең генетикалық ақауларын түбегейлі емдеу мен түзетудің жаһандық дауалар секторы. Біз ұсынған түбегейлі жаңару жоспары – бұл жаһандық әлемдік ақауды түбегейлі емдеудің нақ сол жаһандық дауасы. ТЖЖ – бұл екінші, әлемдік “кілттер” рыногының тар секторының жаңа тауары.
Сөйтіп, түбегейлі жаңару бағдарламасы, бәлкім, әлемдік дағдарыс біздің алдымызға қойып отырған түбегейлі жаңару проблемасын шешудің алғашқы жаһандық кілті болар. Егер қалыптасу үстіндегі әлемдік “транзитал” – бұл шын мәнінде капиталдың Нұх кемесі болса, онда біз ұсынған ТЖЖ – бұл жаңа Нұх кемесін жасау жоспарының алғашқы нұсқасы. Ал егер Еуразиялық “транзитал” орталығы құрылатын болса, ол осынау құтқарушы құрылыстың алғашқы орталығы болуы әбден мүмкін. Мұндай көзқарас бүкіл әлемге барынша тиімді. Біз жаһандық әлемдік дағдарысқа бүкіл әлем болып кірдік және дағдарыстан шығудың осынау жаһандық кілтін бұрауды да біз бүкіл әлем болып қана істей аламыз. Бәрі де бізге байланысты. [11]
2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің ролі
Қазақстан экономикасы мен әлемде қалыптасқан жағдайды талдау еліміздің одан әрі дамуында ескерілуі тиіс сабақ турасында мынадай тұжырымдар жасауға негіз болады. Әлемдік дағдарыстан Қазақстан 7 сабақ алуы тиіс.
Дағдарыс банкирлерге орнықты сценариймен даму қажеттігін аңғартты. Банктердің қорландыру көздеріне және несиелік қоржынды
басқаруға қатысты саясаты сараланған болуы тиіс. Соңғы үш жылдағы несиелеу көлемінің жылына орташа 75 пайыз өсімі негізінен сыртқы қарыздардың есебінен болса, банктердің теңгерім валютасы 70 пайызға, кейде тіпті жыл ішінде екі еселеніп те отырды. Банктердің жиынтық активі ІЖӨ-нен асты, бірақ олардың сапасының нашарлауы себепті мұндай
қарқынды өсім болашақта екіталай болмақ. Дағдарыстан кейінгі ақшаның қымбаттауы банктерді өз стратегияларын қайта қарауға мәжбүрлейді.
Сырттан келетін
қаражат ағымы ылғи да игілік
бола бермейтінін ескеру керек.
Тағы бір қатер – банктердің сыртқы қарыздарына сүйенген, аса жылдам ішкі несиелік экспансияны да қаперден шығаруға болмайды. Несие «жарылысы» түбінде ауқымды қарыз дағдарысымен қатерлі. Бұл тұрғыдан реттеуші органдардың қатаң бақылау және экономикалық негізделген нормативтер мен резерв нормаларын, сондай-ақ ІЖӨ-ге қатысты талаптар белгілеу арқылы сыртқы қарыз алуға деген жаппай ұмтылыстың жолын кесуге тырысуы ақтарлық әрекет.
Қаржы жүйесін валюталық бағам тұрақтылығының тұтқыны қылуға болмайды, ол ұлттық валютаның нығаюы мен девальвациясын салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз өткеруі тиіс. Бұған соңғы жылдары бір-бірінің валюталарына қатысты бағамдары бірнеше рет құбылған, америкалық және еуропалық экономикалар мысал бола алады.
Төлемпаздығын қолдаудың үйреншікті жүйесі сипатындағы капиталдардың үнемі кері қайтуы жағдайында банктік жүйенің орнықтылығын қолдау маңызды. Бұл тартылған қаражаттарды пайдаланудың, сондай-ақ банктердің орта және ұзақмерзімді ликвидтілігін
реттеудің айқын стратегиялық бизнес-жоспарлары болғанда ғана мүмкін болмақ. Мұнымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың салымдары, сондай-ақ ЗЖҚ, Ұлттық қор және мемлекет кепілдігіндегі сақтандыру қорының қаражаттары есебінен құрылған, ұзақмерзімді несиелеу қоры секілді қаражаттың әлдеқайда орнықты көздеріне назар аударған жөн.
Қаржылық «өнертабыстарға» қатысты сабырлы болған ләзім. Тіпті мемлекеттік корпоративтік облигациялар, Ұлттық банк ноталары да (қазақстан үшін олар новация екені шартсыз) – нақты ақша мен тауарлық қамтамасыз ету арасы алшақ, ауадан ақша жасаудың амалы. Әлемдік тәжірибе қаржылық құралдардың жоғары рейтингі (АҚШ қазынашылық облигациялары, МКО, т.т) олардың сенімділігінің кепілі бола алмайтынын көрсетті.
Банктерге өздерінің тәуекелді басқару жүйелерін ағымдағы жағдайға сәйкестендіру керек, соның ішінде жылжымайтын мүлік кепілге қойылса да, қарыз алушылардың несиеқабілеттілігін бағалауда консервативтік қағидаларды сақтау, сондай-ақ қаржылық институттардың, әсіресе сыртқы кредиттік экспансиямен байланысты банктердің сыртқы қарыз алу және тәуекелді басқару қызметін бақылау мен қадағалау жүйесін күшейту қажет.
Бiздiң алдымызда дағдарыс салдарын еңсеру және келесi экономикалық өсуге әзiрлену жөнiнде үлкен мiндеттер тұр. Қазiрдiң өзiнде бiз қабылдағанның бәрi - бұл бүгiнгi дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Мемлекет бұдан ары қарай тоқтап қалмауды, одан әрi жүрудi және дағдарыстан кейiнгi елдiң дамуын қамтамасыз ету үшiн экономиканы одан әрi жаңғырту және жұмыспен қамту стратегиясын iске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынып отыр. Ең қиын жылдары бiз салуды бастап, елдiң жаңа байтағын - Астананы, бiз осыны жүзеге асыра алатынымызға ешкiм сенбеген кезде тұрғыздық. Бiз осыны жасадық, мұны бүкiл әлем көрiп отыр. Келiңiздер, осы жақсы тәжiрибенi жалғастыратын болайық.
Иә, жаңа қаражат қажет. Осы мақсатта дәстүрлi түрде Ұлттық қорға есептелiп келген шикiзаттық сектордың табыстарын 2012-2013 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс болады деп санаймын. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекiтiлiп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгенi қосу қажет.
Бұл - уақытша, бiрақ та қажеттi шара. Бұл ретте бiз қазiргi сәтте бар елдiң жалпы резервiнiң сол көлемiн, яғни 47 миллиард американ долларын сақтаймыз. Бұл бiзге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенiмдiлiк бередi.
Қаражаттың басқа бiр көзi - бұл бюджеттiң барлық шығындық
баптары бойынша қатаң үнемдеу жене аса
қатал қаржы тәртiбi. Осыны ескере отырып
Үкiметке республикалық бюджет шығындарын
оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг
режимiнде бюджеттiк қаражаттың жұмсалуын
жiтi бақылауды тапсырамын. Осыған сондай-ақ
бiздiң депутаттарды да шақырамын.
Қауырт өсу кезеңiнде үйреншiктi болып
кеткен ысырапқорлық ойлы тұтынумен және
үнемдеумен ауыстырылуы тиiс. Ашығын айтайық,
бiзге ақша пайда болған осы жылдары сұраныс
көбейiп, штаттар қампиып кеттi және iссапарлар
саны, әрқилы ауқымды мәдениет күндерiн
өткiзу ұлғая түстi. Осы мәселеде баршаның
ойланғаны керек.
Қаржы тәртiбiн бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиiс. Барлық басым емес шығындар - әкiмшiлiк, инвестициялық және басқа шығындар - нөлге теңестiрiлуi тиiс. Бұл жергiлiктi бюджеттерге де қатысты.
Босаған қаражат бiзге,
ең алдымен, қазақстандықтардың еңбекпен
қамтылу стратегиясын iске асыру
мүмкiндiгiн бередi. Ол бiзге дағдарыс ауыртпалығын еңсеруге
ғана көмектесiп қоймайды, сонымен бiрге
дағдарыстан кейiнгi уақытта экономиканың
тиiмдi дамуын қамтамасыз етедi. Ол әрбiр
қазақстандық отбасына жаңа мүмкiндiктер
беруi тиiс
Жұмыс орындарының жеткiлiктiлiгi Үкiмет
мүшелерi мен әрбiр әкiмнiң Қазақстан экономикасының
тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуге қабiлеттiлiгi
айқындалатын негiзгi көрсеткiш болуы тиiс.
Әрбiр әкiм, әр министр апта iшiнде қанша жұмыс орнының қысқарғанын және жергiлiктi орындарда қаншасын ашқанымызды бiлуi тиiс. Нақ осы тұрлаулы дамудың негiзi болып табылады.
Өңiрлiк жұмыспен қамтылуды және кадрлардың қайта даярлануын қамтамасыз ету үшiн мен Үкiметке кем дегенде 150 жуық миллиард теңге бөлінді.
Жергiлiктi бюджеттерден де жұмыспен қамту стратегиясын бiрлесе қаржыландыруға ресурстар бөлiнуi тиiс.
Жұмысынан айырылғандар үшiн жаңа жұмыс орындарын құратын боламыз. Бiз кем дегенде 350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз, бұл қазiргi қоғамдық жұмыстарды есептемегенде.
Бiзде еңбек рыногын
дамыту үшiн мүмкiндiктер бар, оларды
ойлап табу керек емес. Нақ осыған
бiз қосымша бөлiнген қаражатты
жұмсаймыз.
Бiрiншiден, бұл коммуналдық желiлердi қайта
жарақтандыру және жаңғырту. Бұл - сумен
қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету,
энергетика мен кәрiз сулардың нысандары
мен желiлерi.
Үкiметке әкiмдермен бiрлесiп осы мақсатқа кететiн қажеттi шығындарды анықтауды, жұмыстарды қаржыландыруды ғана емес, сонымен бiрге бюджеттен бөлiнген әрбiр теңгенiң пайдаланылуын қатаң бақылауда қарау.
Бұл көзге көрiнбейтiн
жұмыс, бiрақ та бiзге оны бәрiбiр
iстеуге тура келедi. Ол - болашақ дамудың
негiзi. Бұл қалалар мен жергiлiктi
орындарда орасан көп жаңа жұмыс
орындарын ашудың мүмкiндiгi. Бiз халқымыздың
сатып алу қабiлетiн арттырамыз
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты әлдеқашан-ақ ретке келтiру
керек едi.
Екiншiден, бұл жергiлiктi мәндегi автомобиль жолдарын салу, қайта жарақтандыру және жөндеу, сондай-ақ әлеуметтiк инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңарту.
Бұл ендi ӘКК-лердiң мiндетi, олар халықтың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Мәселенiң қаржылық жағы - Үкiмет пен әкiмдердiң құзырында.
Құрылысы басталған мектептер мен ауруханаларды салып бiтiрілуде. Жағдай осылай болып тұрғандықтан, бiз жаңаларын кейiнге қалып тұр, алайда қаражатты қолданыстағы мектептердi, ауруханаларды, медициналық пункттердi өндеуге жұмсауда. Осылай жұмыс орындарын да құрылуда.
Сондай-ақ, бiз салуды белгiлеген магистралдық автомобиль және темiр жолдарын да тоқтата тұруға тура келедi. Мұның орнына ақшаны облыс орталықтарының, қалалардың төңiрегiндегi жолдарды, ауданаралық жолдарды ретке келтiруге жұмсалынып жатыр. Осылайша бiз тылымызды бекiте түсемiз.
Үшiншiден, әрбiр нақты елдi мекендегi жергiлiктi мәндегi нысандар. Бұл жергiлiктi билiктiң шешуi бойынша жолдарды, клубтарды немесе басқа нысандарды абаттандыру мен көгалдандыру, жөндеу. Бұл мақсаттарға атаулы трансферттер бөлiнуi тиiс.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары ретiнде аудандық мәслихаттарға қаражат бөлiнуi тиiс. Жұмыспен қамтудың жергiлiктi проблемалары мен мәселелерiн шешу үшiн бұл қаражатты қайда жұмсау керек.
Бұл жұмыстың тиiмдiлiгi үшiн дербес жауапкершiлiктi тұтастай әкiмдерге жүктелген.
Аталған барлық
жобаларды iске асыру үшiн бiз
жергiлiктi өндiрiсшiлердiң әлеуетiн
барынша пайдалануға тиiспiз. [
2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары
Бүгінгі бастан кешіп отырған дағдарысымыз бір-екі елді немесе белгілі бір құрлықты ғана қамтып отырған жоқ. Бүкіл әлемдік сипатымен ерекшеленіп отыр. Қазіргі таңда экономикалық дағдарыстан тыс қалып отырған ел әлемде жоқ. Мұның өзі айналып келгенде, экономикалық жаһанданудың көрінісі болса керек. Сондықтан да әр ел дағдарысқа қарсы жоспарларын жасады. Кейбірі, тіпті, екінші мәрте тағы жасап, ұсынып қойды. Мысалы, АҚШ бұрын қаржы министрінің атынан жасаса, енді Обаманың атымен аталатын жоспар жасаған.