Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 09:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………….....................…………….......…….3
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық мәні........................................4
1.2. Дағдарыстың себептері..................................................................................6
ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы ………..........................................8
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы...............................................9
2.3. Дағдарыстан шығу кілті..............................................................................15
2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі...............…………......24
2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.................................................28
ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару тиімділігі.......................29
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлары........................................32
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Kursavoy.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)

Инвестицияға әсері;

 
Дағдарыс барысындағы экономикалық деңгейді тұрақтандырып қалу үшін еліміздегі шетелдік инвестиция көздерінің санын азайтып алмау маңызды болып табылады. Қазақстан экономикасы инвестиция үшін жеткілікті ішкі резервтерге негізделген. Ал барлық өңдеуші ссектор қазір инвестицияға зәру. Сондықтан оны пайдалану тиімдірек болар еді.

Ұлттық қорды қалай  құру керек» деген мәселені екі бөлікке  бөлу қажет. Біріншісі – оны қалай  құру, екіншісі – оны қалай пайдалану  керек деген. Экономистер, Ұлттық қордағы қаржыны бірнеше бөлікке бөлуді ұсынған болатын. Біріншісі – тұрақтылықты (мұнайдың әлемдік бағасы төмендеген жағдайда) қамтамасыз ететін Ұлттық қор, мұнда ЖІӨ-нің 10-12 пайызын осында сақтау, қалған қаржыны екі бөлікке бөлу керек. Оның екіншісі – таза инвестициялық (инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін, мысалы мұнай химиясы өндірістерін салу үшін инвестор іздеп жатырмыз, автомобиль жолдарын салуға, т.б.).

Сыртқы қаржылық ресурстарға  қол жетімділік жағдайында кәсіпорындар мен халықтың депозитінің артуы экономиканы кредиттеудің маңызды көздері бола алады. Инфляциялық үдерістерді төмендету үшін Ұлттық Банк ұстамды-қатаң қаржылық-кредиттік саясат жүргізуді жалғастырады, ал Үкімет орнықты фискалдық саясатты қамтамасыз етеді. Үкімет экономикадағы, еліміздегі инвестициялық климатты жақсартуға және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған жүйелі реформаларды жалғастырады.

Электр энергетикасы, теміржол және автомобиль көлігі, телекоммуникация мен байланыс инфрақұрылымдарын  дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады. Бұл шаралар экономиканың өнімділігін арттыруға және толықтай алғанда оны әртараптандыруға қызмет етеді. 2008 жылы инвестиция көлемінің өсімінің негізгі капиталы 4,6% құрады. Бүтіндей сыртқы айналым 2008 жылы 109,1 млрд. долл. құрады. Дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспар жүзеге асырылды. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгені құрайды. 
Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімділік береді. Қаражаттың басқа бір көзі — бұл бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режімінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылануда. Барлық басым емес шығындар — әкімшілік, инвестициялық және басқа шығындар — нөлге теңестірілуде

2007 жылдың ортасынан  бастап, Қазақстанның экономикалық  тез өсуіне жаһандық дағдарыс қолайсыз әсер етті. Капиталдың құйылуының төмендеуі, мұнайға және басқа да шикізат өнімдеріне әлемдік бағалардың құлдырауы, сондай-ақ, қолайсыз сыртқы жағдайлар, көбі күткендей, 2009 жылы өсу қарқынының 2-3 % азаюына әкелді. Дағдарысты экономикалық жағдайларға жауап ретінде, Қазақстанның үкіметі қаржылық секторды тұрақтандыру және ауыл шаруашылығын, өндірісті және өнеркәсіптің инфрақұрылымын қоса алғанда, нақты экономиканың стратегиялық секторларын қолдау жолымен жаһандық дағдарыстың Қазақстанның экономикасындағы салдарымен күресудің үйлестірілген және мақсатты шаралардың кешенін жасады. Ағымдағы экономикалық саясаттың басым бағыттары – бұл экономиканы әртараптандыру, атап айтқанда, елдің табиғи ресурстарға тәуелділігін азайту үшін өндірістің басқа салаларын нығайту. [8]

 

 

Қазақстанның экономикасы, 2008 жылғы негізгі көрсеткіштер:

  • ЖІӨ* (1-12′2008) – 135 млрд.USD
  • Өнеркәсіп өндірісі – 84 млрд.USD (өсім 2,1 %)
  • Негізгі капиталға инвестициялар – 31,7 млрд.USD (өсім 4,6%)
  • Орташа жалақы – 59 722 теңге
  • Елдің халықаралық резервтері, Ұлттық қордың резервтері – 46,7 млрд.USD (31.12.2008 ж. жағдай бойынша)
  • Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (%) -10.5 (2008 ж. жағдай бойынша)
  • Тікелей шет елдік инвестициялар, 2008 –19.8 млрд. АҚШ долл.
  • Сыртқы сауда айналымы, 2008 – 109,1 млрд.USD (өсім 39,9 %)
  • 283744 заңды тұлға тіркелді [9]

 

2010 жылдағы сыртқы  қарыз

 

  • 2010 жылдың 9 ақпанда - Қазақстан банктерінің сыртқы қарызы   28,5 миллиард долларға қысқарды.
  • Мемлекеттің сыртқы қарызы өсіп  100 миллиард долларға жетті.
  • 2010 жылдың 17 наурызында  Қазақстанның сыртқы қарызы шамалы ЖІӨ тең.
  • 2010жылдың 9 шілдесінде Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы $110,7 миллиард доллар болып 5,8 % өсті. [10]

 

• 2012 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш пен барлық нысандағы меншік субъектілерінің борыштарын қамтитын Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 123,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 66,6 пайызына тең. Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлімдеді. Қазір барлық елдердің сыртқы борышының жиыны 59,4 триллион доллармен бағаланады. Ал, әлемдік елдермен салыстырсақ, Қазақстан борыш көлемі бойынша 36-орында тұр. Қаржы министрі осылай деді. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан қарыздарының жалпы ішкі өнімге қатынасы осыдан 10 жыл бұрынғы деңгейге дейін төмендеген. . [16]

 

                               2.3. Дағдарыстан шығу кілті

 

Бүгінде елдер мен  континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат  әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет. Осыған байланысты айыптылар мен кінәлілерді іздеу қажетсіз іс.

Қазір осындайлық қуатты әлемдік катаклизмді туындатқан жүйенің терең ақаулықтарын анықтауға, ең бастысы – оларды толық жою  жолдарын іздестіруге жұмылу маңыздырақ. Бұл үшін біздің түбегейлі жаңа, әлемдік экономиканың, саясаттың және жаһандық қауіпсіздіктің басқаша құрылған моделін жасау шебінде тұрғанымызды мойындаудың батылдығы болуы керек.    Егер біз Ескі әлемнің жетілмеушілігін еңсерудің бірегей мүмкіндігін тиімді пайдаланып, Жаңа әлем құрудың шынайы ниетінде болсақ, басқаша жол жоқ.     Бұл үшін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың орасан зор күш-жігерін, интеллектуалдық және материалдық ресурстарды жұмылдыру және көп уақыт қажет болатыны түсінікті.

 

 Бізге түбегейлі  жаңа қисынды құру және әзірге  шартты түрде жаһандық (немесе  ұлы) Транзит әлемі деп атауға  болатын осы өткел бойынша  ортақ жаңа “қозғалыс ережесін”  әзірлеу қажет болады. Бірақ та  алдымен осынау жаһандық дағдарыстың,  оның бастауларының алғашқы себептерін белгілеп көрейік.

 Терең әлемдік ақау  Еуразияның ұлы бір ойшылы  бұдан бір жарым ғасыр бұрын  былай деген екен: “Сыртқы күш  дегеніміз – ішкі күштің туындысы”.  Бұл ойды басқаша айтсақ, “Сыртқы  дағдарыс дегеніміз – ішкі  дағдарыстың туындысы” екенін әбден анық пайымдауға болады. Сондықтан да қазіргі жаһандық дағдарыс – бұл мүлде қандай да бір табиғи апат емес және жағдайлардың кездейсоқ қиылысының нәтижесі емес, бәзбір терең ішкі ақаулықтың заңды сыртқы салдары. Содан да біз оны нақты айқындап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі бастау алған әлемдік валюта-қаржы жүйесін жөндеу жөніндегі біздің бүкіл күш-жігеріміз тек косметикалық сипатта ғана болады. Бұл жағдайда біз жоймаған ақау кейін де жиілей түсетін және салдары әлдеқайда ауыр болатын жаңа дағдарыстарды туындата береді. Солай болып отыр, бүкіл біздің әлеміміз күтпеген ретте және байқаусызда жаһандық дағдарыс туннелінің “кіреберісінен” өтіп кеткен, ал одан “шығар есік” бүгінде ешкімге дерлік көрінбей тұр. Бұл, бәлкім, біз бүгінгі әлемге, сол секілді болашақ Жаңа әлемге бұрынғыша ескі ойлау құралдарының оптикасы арқылы қарайтынымыздан орын алған болар. Бірақ та түбегейлі жаңаруды бастау үшін бізге бүкіл ойлау жүйемізді жаңарту керек.

Тиісінше барлық ұғымдарды, категорияларды, теорияларды, кестелерді, ойлау тұжырымдарын және жаңа дүниенің деректері мен құбылыстарын белгілейтін терминдерді жаңарту керек. Әлемдік дамудың негізіне не алынған? Оның дамуының ядросы мен моторы – бұл туындаған әлемдік байлық ретіндегі әлемдік капитал. Ал бұл капиталдың негізіне не алынған? Жауап – әлемдік валюта жүйесі. Ал әлемдік валюта жүйесінің негізіне не алынған? Оның негізінде туындату және айналу тетіктері – заңдар, ресімдер, эмитенттер, арналар, пайдаланушылар және с.с. жатыр.

Жеті қарапайым сұрақ  Біздің ойлануымызды түбегейлі жаңартуды, мәселен, әлемдік валюта жүйесін сауықтырудың мәнін барынша айқын және түбегейлі түсіндіретін мына жеті қарапайым сұраққа адал жауап беруден бастауға болар еді.

1. Қазіргі де-факто  бар әлемдік валюта заңды де-юре  болып табыла ма? Әлемдік валюта туралы әлемнің көптеген елдерінің басшылары қол қойған және әлемнің көптеген парламенттері бекіткен әлемдік заңның жоқ жағдайында заңдылықтың мұндай деңгейі туралы айтуға әзірге тура келмейтіні белгілі. Қазіргі бар әлемдік валюта әлемдік заң тұрғысынан оның заңдылығы де-юре анықтала алатын әлемдік заң пайда болғанға дейін де-факто туындағандықтан, оны “заңға дейінгі” ретінде анықтаған дәлірек болар еді. Сондықтан Жаңа әлемнің валютасы әлемнің көптеген елдерінің басшылары қол қойып, әлемнің көптеген парламенттері ратификациялайтын Әлемдік валюта туралы бүкіләлемдік заңның негізінде жүзеге асуы тиіс. Бұл ретте әлемдік валюта ретінде әлемнің кез келген мемлекетінің ұлттық валютасын пайдалану нәтижесіз болады. Бұл заң оның қағидаттық тұрғыда ұлттықтан жоғары мемлекетаралық мәртебесін және арнайы құрылған бүкіләлемдік Эмиссия орталығы оның эмиссиясы қағидаттарын нақты да бір мәнді анықтай алар еді. Мұндай жүйе адамзат тарихындағы алғашқы абсолюттік тұрғыда заңды және жария әлемдік валютаның негізі бола алар еді.

2. Әлемдік валюта эмитентінің  қызмет ресімі шынайы демократиялық  болып табыла ма? Әлемнің бір  де бір халқы әлемдік валюта  эмитентінің шешімдерін қабылдауға  да, қызметіне де қатыспайтыны  айдан анық. Сондықтан да ескі  әлемнің әлемдік валютасы эмитентінің қызмет ресімдері қай жағынан да немесе қай тұрғыдан да демократиялық болып табылмайды. Осыған байланысты жаңа әлемдік валютаны пайдаланушылар – барлық негізгі субъектілер әлемдік валюта туралы заңға сәйкес оның эмиссиясын және қатаң демократиялық ресімдер бойынша әрекет ететін эмитенттерін басқарудың демократиялық органдарын құра алар еді.

3. Әлемдік валютаның  сұранысы мен ұсынысының баланс  тетігі бәсекеге қабілетті және  еркін болып табыла ма? Осынау  рыноктың барлық қатысушыларының  бәсекелі қызмет ережелерін белгілейтін және бақылайтын әлемдік институттар құрылғанға дейін әлемдік валютаның әлемдік рыногы бәсекелі бола алмайтыны және ондай деп мойындалмайтыны анық. Ал енді осынау міндетті бәсекелестікті арнаулы қадағалау органы, мәселен, Бүкіләлемдік монополияға қарсы валюта комитеті қамтамасыз етіп, қатаң бақылай алар еді. Әлемдік валютаның қазіргі бар рыногы оның мүмкін болатын барлық эмитенттеріне тең құқықты қамтамасыз ете алмайды.

 Еркін рынокта қандай  да бір сатушылар тобы үшін  қандай да бір артықшылықтарға, сондай-ақ әлемдік валюта ретінде қызмет ететін валютаның сатып алу қабілеті мен тауар айырбастау қызметіне жария және жария емес шектеулерге үзілді-кесілді тыйым салынатыны белгілі. Мұндайдың байқалмайтыны және мұндай рынок еркін емес болып табылатыны айқын. Әлемдік валюта рыногы шартты түрде алғанда Бүкіләлемдік рынок еркіндігі комитетінің заңы бойынша бағамдала алар еді. Осынау абсолютті түрде еркін рынокта әлемдік валютаның кез келген эмитенттер немесе сатушылар тобы үшін кез келген артықшылықтарға үзілді-кесілді тыйым салынуы тиіс.

4. Әлемдік валюта рыногы  өркениетті болып табыла ма? Өркениетті  рынокта ойын ережесі оған  қатысушылардың барлығының (сатушылар  мен сатып алушылардың) ешкімнің  жеке мүддесіне нұқсан келтірмейтін  ортақ шарты негізінде белгіленеді және сақталады. Әлемдік валюта рыногында мұнда ештеңе байқалмайтыны анық. Демек, бүгінде әлемдік валюта рыногы өркениетті болып табылмайды.

 Жаңа әлемдік валюта  рыногында ойын ережесі заң  бойынша белгіленіп, оның барлық  қатысушыларының (сатушылар мен сатып алушылардың) ортақ шарты негізінде сақталуы тиіс.

5. Әлемдік валютаның туындату  жүйесі және эмиссиясы оның  негізгі пайдаланушы субъектілерінің  (елдердің, компаниялардың және азаматтардың) және тұтастай алғанда әлемдік  қоғамдастықтың бақылауында болып табыла ма? Жоқ, оны негізгі пайдаланушы субъектілердің қандай да бір топтары, тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастық ешқандай бақыламайды. Бұл тұрғыда әлемдік валютаның эмиссия жүйесі мүлдем бақылаусыз болып табылады. Жаңа әлемдік валютаның барлық негізгі субъектілерінде – пайдаланушыларында (елдерде, компаниялар мен азаматтарда) оның туындатылуын эмиссиясы мен айналымын аталған заңмен арнайы көзделген тұрақты әрекет ететін бақылаушы құралдарын жасауға құқығы болуы тиіс. Эмитенттің қызметі сондай-ақ биліктің барлық үш тармағының: заң шығарушы да, атқарушы да, сот та тармақтарының бақылау шегінде болуы тиіс.

6. Әлемдік валютаның туындатушы  жүйесі және эмиссиясы оның  негізгі пайдаланушы субъектілерінің  (елдердің, компаниялар мен азаматтардың) және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың алдында жауапты болып табыла ма? Әлемдік валютаның эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің алдында да, тұтастай әлемдік қоғамдастықтың алдында да ешқандай жауапты емес. Бұл тұрғыда әлемдік валюта эмитенттері мүлдем жауапсыз, мұның өзі жаһандық дағдарысты туғызды да. Әлемдік валютаның барлық жария және заңды эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялар мен азаматтардың) алдында және бүкіләлемдік қоғамдастықтың алдында өз әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін толық мәнінде жауапты болуы тиіс, оны заң бойынша іс жүзінде, мәселен, Бүкіләлемдік валюта арбитражы қамтамасыз ете алар еді.

Информация о работе Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері