Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 09:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………….....................…………….......…….3
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық мәні........................................4
1.2. Дағдарыстың себептері..................................................................................6
ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы ………..........................................8
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы...............................................9
2.3. Дағдарыстан шығу кілті..............................................................................15
2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі...............…………......24
2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.................................................28
ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару тиімділігі.......................29
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлары........................................32
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Kursavoy.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)

Бүгiнгi проблемалар және бiздiң оларды қалай шешiп жатқанымыз - кемелдiктiң және бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң тұрақтылығының сынағы. Бiз бұл сынақты тапсырамыз деп ойлаймын. Бiзге өз дамуымыздың жаңа кезеңiне кiруге және бiздiң жетiстiктерiмiздi еселеуге тура келедi. Мұны да орындайтынымызға сенiмдi. Белгiлеген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн бiздiң халқымыздың топтасқандығы қажет. Сондықтан да барша қазақстандықтарға аталған шараларды жүзеге асыруға кiрiсуге, еңбекқорлық пен табандылық танытуға, ұсынақты болуға, жақындарына, көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге және қамқорлық жасауға шақырылуда.

Үкiметпен және жергiлiктi органдармен бiрлесiп адамдардың нақты проблемаларын шешу, дағдарысқа қарсы шаралардың iске асырылуын, осы мақсаттарға бөлiнген бюджеттiк  қаражаттың жұмсалуын айрықша бақылауға алу керек.

 Қазiр халық туралы  кiмнiң шын мәнiнде ойлайтыны,  ал кiмнiң - ойламайтыны сөзбен  емес, iсте тексерiледi.

Планета тарихындағы аса қатал дағдарысты еңсеру жолында бiрiгудеміз. Мемлекет қазiр нақ осыны жасап отыр. Елде тыныштық пен келiсiмдi сақтау маңызды мiндет болып қалады.

Бүгiнде бүкiл дүние  бiр-бiрiне қарап отыр. Дағдарыстың бетi қалай болар екен, одан қай мемлекет қалай шығар екен деп бақылауда. Сан түрлi саясаткерлер, сарапшылар Қазақстан қазiргiдей қиындықтан өтер ме екен, осы кезде ел бiрлiгiн сақтап қалар ма екен, бұл ел өзiнiң мемлекеттiлiгiн құрметтей бiлер ме екен деп тұрған сын сағаттар бар. Қазiр алып бара жатқан қиын ештеңе жоқ. Жерiмiз кең, елiмiз бай, iстеген адамға далада да, қалада да жұмыс жетiп жатыр. Бел шеше кiрiсiп, бiлек сыбанып жұмыс iстейтiн кез келдi. Бiр-бiрiмiзге қарайласатын, көмектесетiн, ағайыншылықты танытатын кез дәл осы кез.

Қиындық атаулыны жеңетiн  бiр-ақ күш бар, ол - бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты кажет болса, тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет. 
       Ел басына күн туған нелер бiр қилы замандарда да халқымызды ұлт ретiнде сақтап қалған осы ынтымағы мен бiрлiгi емес пе едi? 
     

"Мың өлiп, мың  тiрiлген" қазақ халқы кеңес дәуiрiндегi басқа түскен үлкен нәубет жылдарында да өзiнiң елдiгiн ыңтымақ пен бiрлiктiң арқасында сақтай бiлдi. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында өзге республикаларда қантөгiстер мен қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бiрлiктiң арқасында жас мемлекетiмiздi жасақтап, өтпелi кезеңнен шығынсыз өттiк емес пе?! Бүгiнгiдей қиын-қыстау кезiнде мен туған халқымның ынтымақ пен ауызбiршiлiк таныттырды. [4]

 

 

ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның  әсері

2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы

  Дағдарысты еңсеру және ел экономикасын тұрақтандыру жөнінде мемлекеттік және қоғамдық институттардың күштерін топтастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы наурыздың 10-ындағы № 275-ші Қаулысымен ҚР Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Дағдарысқа қарсы Кеңес құрылды.

Кеңестің басты міндеті:

- үкіметтік және үкіметтік  емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың  күштерін топтастыру, мемлекеттік-жеке  әріптестіктің тетіктерін оңтайландыру, экономиканың бәсекелестік салаларын  және іскерлік белсенділігін дамыту үшін жағдай туғызу;

- олардың тиімділігінің  мониторинг негізінде дағдарысқа  қарсы шараларды жүзеге асыруға  бағытталған кәсіпкерлік салалардағы  нормативтік-құқықтық актілерге  түзету енгізу;

- дағдарыстан кейінгі  дамудың келешегін есепке ала отырып, толыққанды бәсекелестік орта қалыптастыру үшін жағдай жасау;

- кәсіпкерліктің дамуын  тежеп отырған әкімшілік кедергілерді  түбегейлі жою жөнінде ұсыныстар  жасау.

Премьер-Министрдің шешіміне сәйкес Кеңесте Үкіметтің шешімімен  жекелеген, оның ішінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша жобалар қаралуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  Индустрия және сауда министрлігі  Кеңестің жұмыс органы болып табылады.                                                          

Кеңестің мүшелері –  оның жұмысына тартылған министрлер, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері.    Кеңес қызметі басталғалы 5 отырыс өткізілді.

2011жыл наурыздың 13-і мен 17-сі аралығындағы Кеңес отырысында төмендегі мәселелер қаралды:

- отандық тауар өндірушілерді  қолдауға бағытталған кешенді қорғау шаралары;

- Қазақстан Республикасындағы  рұқсат беру жүйесін жетілдіру  тұжырымдамасын жүзеге асыру  туралы;                        

- экономиканы тұрақтандыру  жөніндегі шараларды жүзеге асыру  туралы;  

- мемлекеттік бақылау  және қадағалау жүйесін жетілдіру туралы;

- экономиканың шикізаттық  емес секторын дамытудың кешенді  қадамдарын үйлестіру және қамтамасыз  ету жөніндегі шаралар туралы.

2009 жылғы сәуірдің 10-ындағы  және 2009 жылғы мамырдың 8-індегі кеңесте  «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына түзетулер және жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту жөніндегі шаралар қаралды. [5]

 

2.2.  Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы

 

Дағдарыс өз ауқымына дәйектiлiкпен Америка континентiн, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкiл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдiк экономика өз құлдырауында әлi шыңырау түбiне жеткен жоқ.

Осынау жаһандық дағдарыстан кейiн әлемдiк қаржы жүйесi, бәлкiм, мемлекеттердi саяси басқаруда өзгеретiнiне сенiмдiмiн. Көпшiлiк экономиканы "қолмен басқару" қажеттiгiне келiп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды iсiне айналуда. 
      Сондықтан да тереңде түбегейлi көзқарас әлемдiк қоғамдастықта әлемдiк нарықтық экономиканың келесi бұрылыстарында бiздi қауiпсiздендiру жолын табуға көмектеседi. Сондықтан ұсынылған түбегейлi шаралар әлемдiк қоғамдастықта талқыланатын болады. Жалпы ұсыныс - бұл жаһандық проблемаларды шешу iзденiсiне қосқан үлесiміз. Бiрақ та бүгiнгi нақтылық мынадай, әлемдегi iскерлiк белсендiлiктiң қысылуы мұнай мен металға деген сұраныстың төмендеуiне соқтырды. Ал бұлар - Қазақстан экспортының негiзi. 
       Бiр жылда мұнай бағасы 4 есе дерлiк, металл бағасы 2 есе дерлiк құлап түстi. Бiздiң негiзгi сауда-саттық әрiптестерiмiз әрi жақын көршiлерiмiз - Ресей мен Украина өздерiнiң ұлттық валюталарын 40-45 пайызға құнсыздандырды. Сондықтан да бiз өзiмiздiң тауар өндiрушiлерiмiздiң мүддесi тұрғысынан теңгенiң құнсыздануына баруға мәжбүр болдық. Өйтпесек қазақстандық өнiм өзiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтар едi. Бiз елдiң алтын-валюта резервiн жұмсауды жалғастыра берер едiк.     

  Өкiнiшке орай, қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының салмағы әлсiремей тұр. Бiрақ та мынаған сенiмдi болуға тиiссiздер, бiз бұл сынақтарға дайын ғана емеспiз.  Бiз оларды өңсеремiз және осы дағдарыстан әлдеқайда күштi және өркендi мемлекет болып шығамыз.

Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжам айтқан Халықаралық валюта қоры Орталық Азиядағы ең ірі экономика болып есептелетін Қазақстанның болашағы тартымды дегенді мәлімдеді. Олардың бағалауынша, әлемдік қаржы рыноктарындағы жағдай Қазақстан экономикасына да әсер етіп отыр және мұнай мен шикізат бағасының төмендеп кетуінен елдегі ІЖӨ көрсеткіші бәсеңдеуі мүмкіндігін атап көрсетеді. Мемлекет құрған тұрақтандыру қорлары банктердің капитал-дануын күшейтіп, оларға қолдау көрсетеді. Тұтастай алғанда, біз алдағы жыл Қазақстанға оңай соқпайтынын түсініп отырмыз, бірақ орта мерзімдік көрсеткіште жағдай айтарлықтай өзгермейді. Мұнай мен металл бағасының арзандап кетуінен шикізаттық компаниялардың акциялары да құнсызданып жатыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 10 қазанда несие рыногындағы дағдарыстың және экономикалық тоқыраудың әсерінен еліміздегі қор индекстерінің барлығы құлдырады. Атап айтсақ, Темірбанктің (22,4 пайызға), Центркредитбанктің (20,2 пайызға), Қазкоммерцбанктің (17,4 пайызға), Kazakhmys Pls (15 пайызға), “Қазмұнайгаз” өндіру барлау” АҚ-тың (13 пайызға), БТА банктің (8,8 пайызға), Халық банкінің (4,6 пайызға), сондай-ақ “Қазақтелеком” АҚ-тың жай акцияларының бағасы төмендеді. 
Президенттің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында әлемдік қаржы дағдарысы туралы шындықты, “қазіргі қиындықтар – бұл біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ” деп барша қазақстандықтың алдына үлкен міндет жүктеліп отырғандығын айтты. [6]

Қазақстан Республикасының  ұлттық өндірістерінің даму 
проблемалары

 
Ұлттық бюджетке әсері:

Қазіргі күні әлемдік  экономикалық қатынастарды жаңаша таразылау қажеттілігі анық болып отыр.

Себебі, үстіміздегі жылы әлемдік экономиканың өсуі баяулауы және қазақстандық экспорт бойынша энерге-тикалық және минералды ресурстарға сұраныстың төмендеуінің байқалуы мен ұлттық валюта – теңгенің құнсыздануы. 
 Тұтастай республика бойынша үстіміздегі жылға республикалық бюджеттің нақтыланған болжамы 1 триллион 529,5 миллиард теңге болды, яғни бұрынғы бекітілген көрсеткішке қарағанда 371,1 миллиард теңгеге азайды. Бұл мынадай факторлардың әсерінен туындап отыр. 
2008 жылдың қорытындысы бойынша есептерді нақтылау есесінен кірістер 176,9 миллиард теңгеге кеміту жағына қайта қаралды. Сол сияқты, экономиканың өсу қарқынының төмендеуі 62 миллиард теңгеге тарта мөл-шерде шығындарға әкеледі. Сыртқы сауда айналымы көрсеткіштерінің және теңгенің АҚШ долларына бағамының өзгеруі кіріс бөлігінде 22,8 миллиард теңге мөлшерінде шығынға әкелетін болады. Сондай-ақ тау-кен секторы бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салық көлемі 90 миллиард теңгеге төмендетілді. Бұл минералды шикізатқа ағымдағы бағалар бойынша есептелген салық ставкасын азайту есебінен болды. Бұл жерде мыс, хром, мырыш және қорғасын сияқты қатты пайдалы қазбалар сөз болып отыр. 
2009-2011 жылдарға арналған қолданыстағы бюджетті нақтылау және Мемлекет басшысы Жолдауының тұжырымдарын іске асыру барысында жекелеген шығыстарды жалпы сомасы 297,4 миллиард теңгеге арттырылды. 
Құнсыздануға байланысты инфляцияның болжамды деңгейі 11 пайызға дейін өсу жағына түзетілді және қалыптасқан жағдайды негізге ала отырып, республикалық бюджет шығыстарын түзетудің негізгі бағыттары: 
- өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру – 140,0 млрд теңге; 
- инфляцияның болжамды деңгейінің өсуіне байланысты әлеуметтік төлем шығыстарын индекстеу – 11,2 миллиард теңге; 
- үздік студенттерді оқудың ақылы нысанынан мемлекеттік білім грантына ауыстыруды қамтамасыз ету – 3,2 миллиард теңге; 
- тұрғын үй-коммуналдық сектордағы проблемалық мәселелерді және бас-қаларын шешу 79 миллиард теңге болды. 
Тұтастай, бюджеттің кіріс бөлігінде жоғарыда аталған шығындарды және шығыс бөлігіндегі қосымша қажеттерді ескере отырып, өтемақы үшін жалпы қажетті сома 668,5 миллиард теңгені құрады. 
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, аталған қажеттерді жабудың бірінші көзі 2009 жылға арналған бюджетте бекітілген 843 миллиард теңге мөлшеріндегі кепілді трансфертке қосымша үстіміздегі жылы шикізат секторына түсімдер есебінен құралған, Ұлттық қордан 347,9 миллиард теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт болып табылады. 
 Қосымша бөлінетін нысаналы трансферт Мемлекет басшысы жария еткен жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейінің елеулі төмендеуіне жол бермеу және дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдайлар жасау стратегиясын іске асыру көзі болып табылады. Бұл ретте, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына жинақталған және 3,3 триллион теңге құраған Ұлттық қордың активтері өзгеріссіз қалады.

 Мемлекет басшысының  Жолдауында Ұлттық қорға ағымдағы  барлық түсімдер екі жыл бойы  дағдарысқа қарсы ша-раларды іске  асыру үшін нысаналы трансферттер  түрінде толығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды. Екінші көзі бюджеттің өз ішінен табылды. Үкімет оны бюджеттің жекелеген шығыстарын оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды, бұл тағы да 320,6 миллиард теңгені жұмылдыруға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, республикалық бюджет тапшылығы түзетілген бюджет деңгейінде сақталып отыр, ол – 573,6 миллиард теңге (ІЖӨ-нің болжамдық мөлшеріне 3,4 пайыз). Сол сияқты жергілікті бюджеттерге берілген субвенциялардың мөлшерін бекітілген көлемде сақтау ұсынылып отыр, ол – 526,9 миллиард теңге. Яғни, бұрын қолданыста болған Бюджет кодексіндегі сияқты жаңа Бюджет кодексінен де өз көрінісін тапқан саясат әрі бюджетаралық қатынастар туралы екі, үш жылдық заңды қабылдау арқылы сақталды, ол тұрақты өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді. [7]

 
Банк жүйесіне әсері

Банк – бүгінгі  таңдағы қаржы ресурстарына кәсіби негізде айналысатын институт. Сондықтан  олар өз тәуекелін жан-жақты ойластырады. Қазір еліміздің екінші деңгейдегі банктерінің шетелдерден алған қарыздарын қайтаруға толық мүмкіндіктері бар. Үстіміздегі жылғы қазан айының соңына дейінгі деректер бойынша банктердің сыртқы қарызы 42 миллиард доллардан 36,27 миллиард долларға дейін азайды. 2009 жылы банктер сыртқы 10,6 миллиард доллар көлеміндегі қаржыны қайтарды. Бұл ретте банк активтерінің сапасы ерекше рөл ойнайды. Оған рейтинг агенттіктері де ерекше мән береді. Сондықтан Үкімет банк активтерінің сапасын көтеруге ерекше мән беріп отыр. 
 Ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына қауіп немесе себептер жоқ, өйткені іргелі факторлар өзгерген жоқ. Ұлттық Банктің алтынвалюта қоры резервінің төмендеуі Ұлттық қордың активтерінің тиісінше өсуімен дәйектеледі. Олардың өзіндік жиынтық көлемі 37 млрд. АҚШ долларынан астам қаражатты құрайды (ЖІӨ 42 пайызы).

Дағдарыс банк жүйесіне әсер етпей қоймады, себебі банктердің табысы 2008 жылдың тоғыз айы ішінде алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе азайды. Қор жиынтығының қысқара түскеніне қарамастан, банктер экономиканы кредиттеуді жалғастыруда. Несие беру бюросы (ПКБ) ҚР Халық Банкі анықтамалары бойынша, Қазақстанның несие жүйесінде халықтың экономикалық белсенділігінің 42 % қатысуда (3 455 мың адам). Банктерге қарызгерлер басым қатарын құрылысшылар құрайды — 52,1 млрд. теңге (2008 жылы — 7,8 млрд.), тамақ өнеркәсіптері — 6,2 млрд., металлургия — 3,9 млрд., ауыл шаруашылығы — төрт млрд. теңге. Қазақстанның банктік секторы өзгеріп отырған жағдайға дер кезінде және тиісінше назар аудара білді. Заем алушыларға талап күшейтілді, несие портфелінің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар қолға алынды. Үкімет және Ұлттық Банк тәуекелдікті дер кезінде бағалайды. Ұлттық Банк қысқа мерзімді тұрақтандыру шаралары ретінде банктерге қайта қаржыландыру түрінде төлем қабілетін ұсынады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық даму қарқынын қолдау мақсатында Үкімет бюджеттен қайтарым негізінде қаражат бөледі. 2008 жылдың аяғына дейін 1 млрд. АҚШ доллары, ал 2009 жылы – 3 млрд. АҚШ долларынан кем емес қаржы бөлінген. Бұл қаражат мына мақсаттарға бөлінеді: 
- біріншіден, ипотекалық рыноктың тұрақтылығын төмендетуге жол бермеу және құрылыста үлестері бар азаматтар құқығын қорғауға; 
- екіншіден, өздері үшін қолайлы жағдайды қарастыра отырып, шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыруды жалғастыруға; 
- үшіншіден, экономиканы әртараптандыру үшін маңызды мәні бар перспективалы инвестициялық жобаларды қаржыландыру. 
Қаржылық көмектің банктерге берілуін, кейбір сарапшылар бұл қаржы экономиканың нақты салаларына жетпестен бұрын екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздарын жабуға кетеді дейді. Осы ретте ақша қазақстандық банктерге көмек көрсету үшін емес, ал экономиканың нақты секторына бөлінетін болады. Банктер осы қаражатты пайдалануда қаржылық делдал болады. Кейбір банктер мемлекет меншігіне алынады дегенді де естідік, дегенмен де қаржы саласына көрсетіліп отырған көмектің механизмі мемлекеттің банк капиталына толықтай ықпал жасауына мүмкіндік бермейді. Бұл уақытша шара болып табылады. Жағдай дұрысталғаннан кейін мемлекет қолындағы акцияларды банктер қайтадан сатып алады. Сонымен қоса екінші деңгейдегі банктер мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмекті алмауға да ерікті. 
Мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі қағидаттары тең қаржыландыру, мемлекет пен бизнестің әріптестігі, тәуекелділікті барабар бөлу және жауапкершілік болып табылады.

Информация о работе Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері