Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 09:36, курсовая работа
Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi.
КІРІСПЕ……………………………………….....................…………….......…….3
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық мәні........................................4
1.2. Дағдарыстың себептері..................................................................................6
ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы ………..........................................8
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы...............................................9
2.3. Дағдарыстан шығу кілті..............................................................................15
2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі...............…………......24
2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.................................................28
ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару тиімділігі.......................29
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлары........................................32
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................36
Обаманың жоспары бойынша,
Құрама Штаттар сан миллиардтаған
долларды айналымға енгізу арқылы дағдарысты еңсермек.
Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея
сынды елдер де екінші реткі жоспарларын
ұсынып қойған. Ондай жоспар біздің елде
де баршылық. Халықаралық валюта қоры
секілді әлемдік ұйымдармен арада келісімдеріміз
баршылық. Дағдарысты еңсеру жағынан келгенде
мемлекетіміз қол қусырып отырған жоқ.
Екінші деңгейдегі банктерді сақтап қалу
және үлескерлердің мүддесін қорғау үшін
үкіметтен арнайы қаражат бөліп қолдау
көрсеткенінің өзі неге тұрады?
Әлем елдерінің көбісі дағдарысты еңсеру
үшін банк арқылы берілетін несиелердің
өсімін төмендету, кәсіпорындарын жандандыру
саясатын ұстанып отыр. Әсіресе, дамыған
елдердің осындай қадамға көбірек баруының
себебі – ондағы валюта қорының молдығына
байланысты болса керек. Айталық, Қытай
елі өзі дағдарысты бастан кешіре отырып,
өзгелерге несие берумен айналысып отыр.
Ресейде де осындай бағыт байқалуда. Мұнай
бағасы өсіп бір кезде баррелі 140 долларға
жетті де, кейін 50 долларға түсіп қалды.
Баға өскен сайын мұнай экспорттайтын
елдердің табыстары еселене түсері белгілі.
Бірсыпыра елдер арнайы қор құрып, ақшалы
болып алды. Біз де ұлттық қор құрдық. Көштен
қалып жатқан жоқпыз.
Қазіргі таңда арнайы қоры бар елдер ұлттық
компанияларына қарыз бере бастады.
АҚШ, Ресей елдері машина жасау өндірісін құлдыратып алмау үшін кәсіпорындарына қаржы бөліп жатыр. Көршіміз Ресейде шетелдік көліктердің бағасы удай қымбат. Оған салынатын салықтың өзі тау-төбе. Сондықтан, жұрт еріксіз отандық көліктерін мінуге мәжбүр болады. Осындай жолмен олар ұлттық өндірістерін қолдаумен қатар, банкілеріне де қолұшын беруде. Несие беру мүмкіндігі болмағандықтан, банктер мемлекеттің қолдауына сүйеніп қана жан сақтауға көшкен.
Экономикалық даму жағынан
келгенде біз өзімізді өзге елдерден
бөліп қарай алмаймыз. Себебі, қазір бүкіл әлем бір-біріне ықпалды.
Мысалы, Ресей, Қытай экономикасының көтеріліп
сергуі – бізге де әсерлі. Олар еңсе көтерсе,
біз де алға қарыштай бастаймыз. Жоғары
дамыған Жапония, Оңтүстік Кореяның дамуының
да бізге игі әсері көп. Себебі, біздің
темірімізді, көмірімізді, мысымызды,
алтынымызды тұтынатын елдердің төлемдік
қабілеті мықты болса, біздің қалтамыз
да қалыңдай түседі.
Қазіргі жай-күйімізді асыра мақтауға
да, тып-типыл етіп даттауға да келмейді.
Кеден арқылы елге кіретін зат, тауарлардың
көлемі бұрынғыдан азайды. Құрылыс өндірісі
тоқыраушылыққа ұшырады. Жұмыс орындары
қысқара бастады. Теміржол арқылы тасымалданатын
жүк көлемі бұрынғыдай емес. Халықтың
сатып алу қабілеті төмендеп кетті. Бұрын
банк несиесіне сүйеніп қана жүргізіліп
келген барлық істе қожырау бар. Пәтер
бағасы төмендегенімен, ипотекаға бас-көзсіз
қойып кететін заман келмеске кетті. Ипотекамен
үй алғандардың дені несиелерін банкке
қайтаруды әлдеқашан тоқтатқан. Енді үкімет
тарапынан халыққа баспанасын қалдыру
жайында нақты шешім қабылдап, оны жүзеге
асырмаса, әлеуметтік дүмпудің аз-ақ алдында
тұрмыз.
АҚШ-тан бастау алған осы дағдарыстың өзі тұрғын үй заемынан туындағанын еске алғанның артықтығы жоқ. Олар үй аламын дегендердің бәріне несие беріп, құрылыс сала берген. Алайда, оның бағасы төлеусіз қалды. Берілген қарыз қайтпаған соң құрылыс жұмысы да тоқтаған. Бізде де осы жағдай қайталанып отыр деуге болады. Қазір тығырыққа тіреліп тұр. Мұндай тығырықтан тез шығудың бір амалы – ең алдымен, құрылыс компаниялары баға саясатын шынайы өмірге жақындатып, қайта белгілеп, қосымша табыс көзін жасауларына болады. Мұны журналистің субъективтік пікірі ретінде емес, әлем экономистерінің тәжірибелік кеңесі деп қабылдаған жөн. [13]
ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару тиімділігі
Қазақстанның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасына негізделетін болады. Ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге, елдің халықаралық беделін арттырып, ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді, прагматикалық және теңдестірілген сыртқы саясат жүргізілетін болады. Қазақстан халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасын және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің сұлбасын қалыптастыру кезінде жаһандық шешімдер қабылдау үдерістеріне қатысу ниетінде.
Қазақстан барлық қазіргі
бар ұжымдық қауіпсіздік жүйелері арасындағы
стратегиялық үнқатысуды жолға қоюға
белсенді жәрдемдесетін болады. Қазақстан өңірлік және жалпыәлемдік
экономикалық үдерістердің жауапты қатысушысы
ретіндегі өзінің рөлін толық көлемінде
сезіне отырып, оны өз тәуелсіздігінің
барлық жылдары бойында мінсіз орындап
келеді.
Сондықтан әлемнің жетекші елдерінің
көшбасшылары мен беделді халықаралық
ұйымдардың басшылары – экономикалықтан
гуманитарлыққа дейінгілердің бәрі –
өздерін Қазақстанның досы санайды.
Біз мұны мақтаныш етуге тиіс. Қазақстанның
жоғары халықаралық беделі 22 біздің
елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға
болуға мүмкіндік берді. Бұл – біз үшін
үлкен абырой.
Бұл – ЕҚЫҰ-ға адамзаттың жаңа тарихындағы
аса күрделі кезеңде төрағалық етудің
аса жоғары жауапкершілігі.
ЕҚЫҰ оған қатысушылардың бірегей географиялық құрамымен – ал бұл үш құрлықта орналасқан 56 мемлекет, мемлекеттердің өзара ықпалдасуының бай тәжірибесімен халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың шешуші тетіктерінің бірі болып табылады.
Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа
қатысты өзіміздің
Қауіпсіздік жөніндегі
аса ықпалды ұйымға қазақстандық
төрағалық мынадай ұранмен өті: “Сенім. Дәстүр.
Ашықтық. Төзімділік”.
Біз көптеген көкейкесті мәселелерді
шешу жолдарын бірлесе іздеп, ықтимал
дағдарысты жағдайлардың алдын алу үшін
бірлескен тетіктерді әзірледік.
Қауіпсіздіктің негіз қалаушы мәселелері бойынша, сондай-ақ Ұйымның өзін дамыту мәселелері бойынша консенсустық алаңды кеңейту және нығайту ниетінде.
ЕҚЫҰ ХХІ ғасырдағы әлемнің көпқырлылығын танитын құрылым болуы үшін бәрін де жасады. ЕҚЫҰ-ға мүше көптеген мемлекеттер Қазақстанның жоспарларына, сонымен қатар, үстіміздегі жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу турал қолдау білдірген.
Саммитте ЕҚЫҰ-ның жауапкершілігі аймағында қауіпсіздіктің көкейкесті проблемаларын, Ауғанстандағы жағдайды және төзімділік мәселелерін талқылау ұсынылды.
ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыз бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігін дамыту мен өркендетуге бағытталатын болды. Елімізді дамытудың жаңа кезеңіне дайын болдық. Ауқымы жөнінен осындай күрделі де ұлан-ғайыр міндеттерді біз бұған дейін шешкен емеспіз. Біз өзіміздің барлық мүмкіндіктерімізді егжей-тегжейлі сараптап, он жыл бұрынға есептеп қойдық. Біз не, қашан, қалай жасалатынын және құрылатынын іс жүзінде айлар бойынша білеміз. Және, ең бастысы, жоғарыда айтылғанындай, біздің барлық іс-қимылдарымыз қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген. Алдымызда қандай қиындықтар тұрғанын білеміз. Әлемдік дағдарыс әлі аяқталған жоқ, бірақ оның өткір
кезеңі артта қалды. Өткен жылдағыдай, форс-мажорлық жағдайлар біздің жоспарларымызға қандай да бір өзгерістер енгізуі мүмкін.
Әркім сапалы медициналық қызметке қолжетімділік
алады.
Балалар бақшасынан бастап университетке
дейінгі сапалы білім бүкіл
еліміз бойынша әр отбасына қолжетімді болады.
Елімізде тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің сапасы айтарлықтай жақсарады.
Зейнеткерлер, мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген отбасылар сенімді қорғалатын болады.
Жастар – біздің болашағымыздың негізі – өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.
2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында айқындалған біздің стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізу жолында жұмыла отырып, біз өзіміздің миссиямызды табысты орындаудамыз – тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құруда.
ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев
жолдауында: біз бірлесіп Қазақстанды табысқа жетуші
жасай алдық және бірлесіп оны өркендеуші
жасай аламыз.
Қымбатты менің отандастарым! Халқымызда
“Ынтымақты елде бақ тұрар” деген дана
сөз бар. Біз қазығы берік, мемлекеттігі
бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің
айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік.
Біз толайым табыстарға қол жеткізіп,
биік белестерді бағындырдық, алайда алар
асуымыз әлі де алда. Біз сияқты халқының
саны аз, экономикасы даму үстіндегі елге
технология ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің
алып мемлекеттері мен төңірегіміздегі
елдер бізбен санасады.
Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. Келер ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз.
Мен осы күндері Қазақстанның бүкіл аумақтарынан мыңдаған хаттар мен жеделхаттар аламын. Әсіресе, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуына және атқарып жатқан жұмысыма байланысты көптеген хаттар келуде. Халықтың көңіл-күйін сіздер түсіну үшін соның біреуін оқып берейін: “Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақ бүгін Еуропаның төріне шықты. Бұл – бүкіл қазақ халқының қуанышы мен мақтанышы. 85 мыңнан астам халқы бар шекараның шебінде, елдің ең шетінде жатқан біз үшін қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың маңызы ерекше. Бұл – халықтың ең басты мақсаты мен мұраты. Қазақ қашан қарт Еуропаның төріне шықпақ түгілі, есігінен бұрын-соңды сығалап көріп еді? Өзіңізге, қазағымызға осы биік мәртебеде абырой берсін.
Бұл жақта еліміз – аман, жұртымыз – тыныш, ең бастысы – балаларымыздың ұйқысы бұзылған жоқ. Аузымызда – тәубеміз, қолымызда қауғамыз, халқымыздың ынтымақ-бірлігі қалыптасты. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен-күнге ілгері басуда. Даламыз – дәнге, өрісіміз – малға, үй-ішіміз – жанға толды ”.
Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінен, батысы мен шығысынан келіп жатқан осындай мыңдаған қолдау хаттар біздің халқымыздың кеңдігі мен шыдамдылығын, сауаттылығы мен мол түсінігін, дүниеде болып жатқан оқиғаларды, ішкі және сыртқы жағдайды қарап, дұрыс аңғарып отырғандығын білдіреді. [14]
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлары
2020 Стратегиялық жоспарын
іске асырудың базалық шарттары
Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге
дайындау және оның сыртқы сынақтарға
тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш
міндетті шешу қажет болады: біріншіден,
бизнес-ахуалды елеулі жақсарту; екіншіден,
қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету; үшіншіден, сенімді құқықтық
орта қалыптастыруды жалғастыру.
Үкіметке 2015 жылы бизнесті тіркеуге және бизнесті
жүргізуге байланысты операциялық шығындарды
30%-ға қысқартуға тапсырылды. Онжылдықтың
соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі
үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс. 2020 жылы
Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген
50 елдің қатарына енуі керек.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын
қамтамасыз етудің маңызы зор. Отандық
қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп,
ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам
банкингінің өңірлік орталығына айналуы
және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының
ондығына енуі тиіс.
Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер
дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары
мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы
керек.
Қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы
міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің
жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз
етуі тиіс.
Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі
тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер
құруға бағытталуы керек. Банктерді ашық
немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан
аулақ ұстау қажет. Банктердің тек қана
банк
қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек. Банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс.
Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір “қауіпсіздік көпшігіне” айналды. Оның ендігі міндеті – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу. Үкімет бюджеттің шикізаттық емес кірістер әлеуетін ұлғайтумен байыпты айналысуы тиіс. Осы онжылдықтың соңында бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек. Одан кейінде оны нөлге дейін жеткізу қажет.
Үстіміздегі жылдан бастап
республикалық бюджетке кепілді трансферт
абсолюттік мөлшерде – 8 миллиард доллар
көлемінде бекітілетін болады.
Бұл трансферт ең алдымен индустрияландыруды
жүзеге асыру мақсаттарына бағытталуы
тиіс.
Бюджетке Ұлттық қордан
ешқандай займдар, өзге де ешқандай қосымша
трансферттер болмайды. Осы көзқарастарды ескере келгенде,
Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай
90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның
өзі ІЖӨ-нің 30%-дан кем емес мөлшерін құрайды.
Үкіметке үстіміздегі жылдың бірінші
тоқсанында Ұлттық қорды қалыптастыру
мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын
маған бекітуге ұсынуды тапсырды.
Тұтастай алғанда 2020 жылға қарай біз экономиканы жеделдете әртараптандырудың төмендегідей негізгі нәтижелеріне қол жеткізуге тиіспіз.
ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс. Экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруашылығында кем дегенде 4 есе артуы керек. ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 25%-дан кем емес мөлшерде төмендеуі тиіс. Кәсіпорындардың инновациялық активтерінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі
керек. 2015 жылдың өзінде-ақ
аграрлық саланың экспорттық әлеуеті
4-тен 8%-ға дейін ұлғайып, құрылыстың
ішкі қажеттіліктерінің 80%-ы қазақстандық
құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілуі
тиіс.
Үкіметтің, барлық деңгейлердегі әкімдердің алдында тұрған нақты міндеттер міне,
осындай. Біз сұрайтындар да міне, осылар.
Сондықтан барлық компаниялар мен кәсіпорындар
басшыларының жауапкершіліктерін арттыру
қажет. Бұл жаһандық мәселе, мемлекеттілік
мәселесі, тәуелсіздік мәселесі.
Бес жылда Үкімет металлургия өнімдерінің
өндірісі мен экспортының екі еселенуін,
химия өнімдері өндірісінің үш еселенуін
қамтамасыз етуі керек. 2015 жылға қарай
бюджет кірістері, шикізатқа тәуелділікті
төмендете отырып, жаңа жобалар есебінен
300-400 миллиард теңгеге өсіп шығуы тиіс.