Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 09:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………….....................…………….......…….3
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық мәні........................................4
1.2. Дағдарыстың себептері..................................................................................6
ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы ………..........................................8
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы...............................................9
2.3. Дағдарыстан шығу кілті..............................................................................15
2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі...............…………......24
2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.................................................28
ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару тиімділігі.......................29
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлары........................................32
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Kursavoy.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)

7. Әлемдік валюта жүйесі тиімді  де нәтижелі болып табыла ма, яғни оның жұмысының нәтижелері  адамзатты және тұтастай әлемді дамыту мақсаттарына қаншалықты сай келеді? Әлемдік валюта жүйесі жұмысының іс жүзіндегі нәтижелері өркендеу үстіндегі әлемдік капиталдың және тұрақты әлемдік дамудың (бірыңғай әлемдік валютаның да) болуының өзі бүгінде қатерлі болып отырған жағдайға жеткізді. Бұл оның толық тиімсіздігінің айқын дәлелі. Жаңа әлемдік валюта эмитенттерінің іс-әрекеті әлем мен адамзатты дамытудың шешуші мақсаттары мен құндылықтарына әбден сай келуі тиіс. Жаңа әлемдік валюта жұмысының іс жүзіндегі нәтижесі де толық мәнінде тұрақты даму мен өркендеудің жоғары мақсаттары мен міндеттеріне сай келуі тиіс.

Бұл қағидаттар заң бойынша жаңа әлемдік валютаның бүкіл жүйесінің  негізіне де, сонымен бірге оның тиімділігін жүйелі өлшеу мен  түзетудің жүйесіне де алынуы тиіс. Осынау жеті қарапайым сұраққа адал жауаптар жаңа ғасырдың сынақтарына қазіргі бар әлемдік валютаның барабарлығы туралы мәселені таза риторикалық тұрғыға салады. Өткен ғасырдың ортасынан бастап біздің әлем түбегейлі өзгерді және бұл өзгерістердің қарқыны күн өткен сайын өсіп барады. Тек әлемдік валюта ретінде пайдаланылатын валютаның туындату және айналым тетіктері ғана өзгермей қалып отыр, оның жаңару қарқыны әлемнің өзгеру қарқынынан апаттық жағдайда қалып қойған. Яғни әлемдік валюта жүйесі әлдеқашан және қайтпастай болып ескірген, мұны жаһандық әлемдік дағдарыс та қуаттайды. Жаңа әлемдік валюта жүйесінің бүкіл тетіктері ғасырдың, әлемнің және адамзаттың алда болатын сынақтарын озық мониторингтеудің арнаулы негізінің жүйесінде және жоғарыда аталған қарапайым жеті қағидаттың негізінде құрылуы тиіс. Тек осылай ғана әлемдік валютаның жаңа жүйесі әрдайым заманауи және ақаусыз бола алады, жаһандық әлемдік дағдарыстардың емес, әлемнің тұрақты дамуы мен бүкіл адамзаттың өркендеуінің жемісті бастауы бола алады.

Біз қайдан келеміз және қайда барамыз Алдымен осы  кезге дейін Ескі дүниенің моторы және жан-жүрегі жаһандық жеті есе генетикалық  ақауы бар әлемдік валютаға негізделген  әлемдік капитал болып келгенін еске салып өтейік. Бұл әлемді әдет бойынша біз әлемдік капитализм дейміз. Ақаулы валютаға негізделген жаңағы ақаулы капиталды шынайы атымен, мәселен “дефектал” деп атау дұрысырақ әрі адалырақ болатынын түсінсек те әлемдік капитализм деп келеміз. Жуырда бүкіл әлем бойынша жүздеген миллиардерлер санаулы айлардың ішінде олардың бүкіл “ақаулы капиталы” кенеттен бірқыдыру дерлік құлап түскенде өздерінің қиялдағы капиталдарының бүкіл нақты ақаулығын іс жүзінде бастан кешірді. Енді олардың өздері де бұл нағыз “дефектал” екенін айқын көріп отыр.

Алдағы Жаңа әлемнің даму моторы мен жан-жүрегі басқа бір түбегейлі жаңа әлемдік капитал болады. Дәлірек айтсақ – жаңа ақаусыз әлемдік валютаға негізделген өздігінен өсуші әлемдік байлық болады. Осынау түбегейлі жаңа әлемдік байлықты анықтау үшін басқа бір, әлдеқайда баламалы белгіні тапқан дұрыс болар еді. Ертедегі гректер дамудың жоғары кезеңін “акме” деген әдемі сөзбен белгілепті. Біздің ұрпақтарымыз бір кездері осынау жаңа ақаусыз және жоғары “ендігі жерде капитал емеске” дұрыс атау таңдап алатын болады. Бірақ та қазірдің өзінде өз бойына осынау жоғары сапаны – “акмені” қамти алатыны түсінікті: мәселен, акме-капитал, немесе – “акметал”. Сол кезде мұндай түбегейлі жаңа әлемдік “акметал” қозғалысқа келтіретін түбегейлі Жаңа әлемнің осынау болашақ укладын ендігі жерде капитализм деп емес, “акметализм” деп атау дұрыс болар еді.

 Болашақ әлемнің  жаңа даму кезеңі үшін жаңа  белгінің енгізілуімен байланысты  мұндай кәдуілгі емес көзқарас  бізге оның басталуына жақсырақ  әзірленудің, әлемді болашақ жаңартудың  шынайы мәні неде екенін тереңірек айқындап түсінудің іс жүзіндегі мүмкіндігін береді. Ең бастысы біздің қолымызға жаңаруымыз бен жүруіміздің жаңа құралын береді, сол арқылы біз Жаңа әлемде сенімді әрекет ету үшін оны іс жүзінде анықтап, тани аламыз. Біз болашаққа не арқылы өтеміз Жаңа әлемнің біз енді ғана қадам басқан өсу кезеңінің жаңа қасиетін айқындайтын шешуші сөз ретінде “транзит” сөзін алуға әбден болады. Онда ішінара ақаусыз әлемдік валютаға негізделген транзиттік әлемдік байлықтың осынау жаңа түрін біз әзірше “акметал” деп емес, “транзитал” деуімізге келеді. Соған сәйкес транзит уақыты укладының өзін әзірше “акметализм” деп емес, жаңа тұрпаттағы жаңа сападағы әлемдік қаржы инфрақұрылымымен бірге “транзитализм” деп белгілеуге болар еді. Бұл транзиттің басты міндеті мен миссиясы – бүкіл әлемнің ескі жеті есе залалды валютадан әлемдік акме-валютаның жаңа жеті есе ақаусыз жүйесіне экологиялық көшу үшін жағдай әзірлеу. Ең бастысы – әлемдік салмақты өңірлік ұлтүстілік мемлекетаралық валюталық-есептік бірліктер үшін өңірлік және континенталдық Эмиссиялық орталықтар жүйесіне бөле отырып, бұл салмақты әлемдік валютаның ескі ақаулы жүйесінен алып тастау (немесе ең болмағанда қайта бөлу). Өңірлік және континенталдық деңгейде тұтастай алғанда әлемдегі заңдар әрекет етеді. Ендігі жерде әлемде ешқандай да ұлттық валюта әлемдік валюта функцияларын тиімді алып жүре алмайтыны секілді өңірлік деңгейде де ешқандай ұлттық валюта ұлтүстілік мемлекетаралық эмиссиялық орталық эмитенттейтін ұлтүстілік мемлекетаралық валюталық-есептік бірлік беретіндей тиімділікті бере алмайды.

Айта кетейік, Қазақстан 2003 жылдың өзінде ЕурАзЭҚ аясында  бірыңғай ұлтүстілік мемлекетаралық валюталық-есептік  бірлік енгізудің бастамасын көтерген, ол кезде оны “алтын” деп атау ұсынылған. Өңірлік ұлтүстілік мемлекетаралық есептік бірлікті әзірлеу мен құру үдерісі әлемде жүріп жатқалы бірнеше онжылдықтар өтті. Мұндағы алғашқы қарлығаш еуропалық валюталық-есептік бірлік экю (ecu – European Currency Unіt) болды, ол уақыт өте келе толық мәнді еуропалық ұлтүстілік валюта – еуроға айналды. Біз осындай үдерістер қазір барлық жерде – Азияда (acu – Asіan Currency Unіt), Парсы шығанағы ауданында (динара немесе, бәлкім, халиджи немесе джуман), Латын Америкасында (sucre есепті бірлігі бар ALBA ұйымы, испанша Sіstema Unіtarіo de Compensacіon Regіonal-дан) жүріп жатқанын байқап отырмыз. Мұндай үрдіс Африка континентінде де дамып келеді, мұнда әлдеқашаннан бері афроны енгізуге әзірлік жүргізілуде. Өңірлік валюталық интеграцияның осынау барлық үдерістері өз мәні жағынан бүкіл әлем бойынша өңірлік “транзитал” орталықтарын дамытудың маңызды кезеңдері болып табылады. Өңірлік ұлтүстілік есептік бірліктерді енгізуге әзірлік әлемнің түрлі өңірлерінде жаһандық әлемдік дағдарыс басталғаннан әлдеқашан бұрын өрістей түскен. Іс жүзінде бұл ұлтүстілік транзиттік валюталардың өңірлік эмиссиялық орталықтарын қалыптастыру негізінде өңірлік-континенталдық “транзиталдың” даму ядроларын құрудың басталуы. Яғни біздің әлем өзінің жаһандық дағдарысқа енуінен әлдеқашан бұрын ұлтүстілік транзиттік валюталардың өңірлік эмиссия орталықтарын қалыптастыру жолымен өзін-өзі жаңартудың кезекті кезеңіне ойламаған жерден дайындалуда.

Капиталдың Нұх кемесі Бұл әлемдегі өз ұстанымы мен өз жағдайын кез келген субъект және ескі “ақаулы” капиталға иелік  етуші мынадай әсіре көзқарас көмегімен тез түсіне алады: бүгінде біздің бүкіл әлем жаһандық дағдарыстың бүкіләлемдік топан суына жайлап, бірақ тікелей батып барады. Ал “транзитал” – бұл жаһандық дағдарыстың бүкіләлемдік топан суынан активтерді құтқару үшін капиталдың өзіндік бір Нұх кемесі. Сондықтан баршаға өз активтерін дер кезінде “транзиталға” конвертациялауды ойластыру артық болмас еді. Сол ғана, капиталдың осынау Нұх кемесі ғана активтерді құтқарып, оларды толық әрі сақталған күйінде “акметалдың” Жаңа дүниесіне жеткізе алады. Қазақстан өңірлік және континенталдық интеграция бойынша өз әріптестерімен бірге (ТМД, ЕурАзЭҚ, ОАҚ және ШЫҰ) әлдеқашаннан бері ХХІ ғасырдың бірінші ширегінің жаһандық тренд арнасында – өңірлік интеграциялық бірлестіктер қалыптастырудың арнасында келеді. Олардың бәрі, алайда әрқилы әзірлік деңгейінде мемлекетаралық ұлтүстілік есептік-валюталық бірліктердің өз эмиссиялық орталықтары бар өңірлік транзитал аймағы болу мүмкіндігіне ие.

 Қазақстан, әлбетте,  ЕурАзЭҚ және ШЫҰ бойынша әріптестерімен  бірге жаңа сападағы валютаның өңірлік эмиссиялық орталығын құру үшін біртіндеп қолайлы жағдайлар жасауға әзір, бұл валюта өзіне Еуразиялық ұлтүстілік есептік бірлік қызметін ала алар еді, оны осынау сөз тіркесінің аббревиатурасы бойынша ЕҰЕБ деп атауға болар еді. Мұндай бірлік өз эмитенттерінің ерекше де бірегей құрамы бойынша (ЕурАзЭҚ және ШЫҰ елдері және оларға жақын Үндістан мен Пәкстан) бір мезгілде еуроның еуропалық аймағы секілді ұлтүстілік валюталық есептік бірліктің басқа да өңірлік аймақтарына тығыз да табиғи түрде қиылыса алар еді. Өңірдің айрықша географиялық қолайлы орналасуы өңірлік және континенталдық транзиталдардың мүдделерін дұрыс ескерген жағдайда болашақта, ЕҰЕБ негізінде бізді болашақ әлемдік “акме-валютаға” жақындататын континентаралық жаңа транзиттік валютаны жасау үшін объективті алғышарттар болған кезде бірегей мүмкіндіктер бере алар еді. Алайда қазір, жаһандық әлемдік дағдарыс жағдайында, біз үшін бұл да мүлде жетімсіз.

Өйткені өңірлік-континенталдық Транзит орталықтарының бүкіләлемдік желісін (өзіне ескі әлемдік валютаның ақаулы жүйесінің салмағын алатын) қалыптастырумен қатар әлемнің барлық лидерлері бүкіл әлемді жаңа әлемдік акме-валютаның жаңа ақаусыз жүйесіне болашақ көшіруге қатарласқан әзірлікті жүргізуі тиіс, әлемдік жаңа валюта болашақ “акметализмнің” ядросы мен жан-жүрегіне айналады.

Түбегейлі жаңару жоспары (ТЖЖ) Біздің Транзит әлемінде осынау тарихи көшуге әзірлікке сондайлық  та көп уақыт және ресурстар қалған жоқ. Капиталдардың – “транзиталдың” жаңа Нұх кемесін жобалау мен  құруды кеше бастау керек еді. Егер әлемнің барлық лидерлері бүгіннің өзінде бүкіл әлемді “транзитализмнің” ішінара ақаулы дәуірінен “акметализмнің” болашақ әлеміне іс жүзінде көшіруді бастамаса, онда тұрақты даму мен өркендеу туралы мәселе ондаған жылдарға кейінге қалуы мүмкін. Бұл мәселелер барлық аса ірі саяси және экономикалық органдардың, саммиттер мен әлемдік форумдардың – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің, БҰҰ арнаулы сессиясының, “үлкен сегіздіктің” (G8), “үлкен жиырмалықтың” (G20), Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның және басқаларының күн тәртібіне кіруі тиіс. Бұл мәселені практикалық шешуді бастау үшін түбегейлі жаңартудың нақты жоспарын қалыптастыру керек, оның негізіне жоғарыда келтірілген барлық көзқарастар алына алар еді. Ешқандай органдар, ұйымдар немесе саммиттер, егер олар түбегейлі жаңарту жоспарын әзірлемесе және іске асырмаса, жемісті әрі тиімді деп санала алмайтынын түсіну керек. Және ескі әлемдік “дефекталдан” жаңа әлемдік “транзиталға” көшу секілді осынау жаңарту ХХІ ғасырдың бірінші ширегінің жаһандық тренді болуы тиіс. Бұл ретте кез келген деңгейдегі және өңірдегі субъектінің, тұтастай алғанда әлемнің осындай Жаңару жоспары егер онда әлемдік (сондай-ақ өңірлік) валютаның ескі ахуалды жүйесінен жаңа тұрақты және тиімді транзиттік валютаға көшудің шешуші тармақтары жоқ болса, тиімді бола алмайды. Ол сондай-ақ ескі тұрлаусыз және ақаулы валютаны “транзиталдың” жаңа жүйесіне, ұлтүстілік өңірлік транзиттік валюталардың өңірлік эмиссиялық орталықтарын құру мен дамыту сценарийлеріне конвертациялаудың шешуші технологияларын ұсынуы тиіс. Жаңару жоспары, егер ол ұлттардың, халықтар мен елдердің ақаулы капитализмнің ескі укладынан “транзитализмнің” жаңа укладына көшу жөнінде барлық шешуші саяси және барлық деңгейдегі әлеуметтік субъектілерге көмектесудің нақты шараларын көздемейтін болса, ол тиімді бола алмайды. Жаһандық дағдарыс дәуірінде жоғарыда аталған әлемді талдауға, түсінуге және іс жүзінде өзін-өзі жаңартуға деген түбегейлі жаңа көзқарастар барлық деңгейлерде және түрлі органдарда мұндай мәселелерді біртұтас жүйелі, сындарлы және оң тұрғыда қою, талқылау және іс жүзінде шешу үшін бірыңғай негіз қызметін атқарады. Осындай концептуалдық үлеспен қатар Қазақстан бұл мәселе¬лерді шешудің басқа да ең әрқилы ұйымдық формаларын ұсына алады. Біз бүкіл әлем “транзиталының” өңірлік және континенталдық барлық орталықтары мен субъектілерінің күш-жігерін барынша жоғары деңгейде үйлестіру жөніндегі халықаралық форумдарды практикалық өткізуге қатысуға әзірміз. Біз бірлесіп өзіміз ең бастауында болып отырған әлемдік “транзитализмнің” табысты да дер уақытында аяқталу кезеңінің жаһандық және қолданбалы сценарийлерін және “акметализмнің” болашақ әлеміне іс жүзінде көшу траекториясының есептерін зерттеу және жобалау жөніндегі жұмыстарды жүргізе аламыз. ЕурАзЭҚ және ШЫҰ елдері Еуразиялық транзит орталығын құра отырып, Еуразияда, басқа континенттерде ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде транзиттік валюталар мен “транзиталды” табысты дамытудың бастамашылары бола алар еді.

ТЖЖ-ның жаһандық бастамасын бірлесе ұсынып және халықаралық, әлемдік және бүкіләлемдік органдарда, ұйымдар мен форумдарда ілгерілетуді, мәселен, ЕурАзЭҚ елдері, бәлкім, ШЫҰ елдері де жүзеге асыра алар еді. Осы жылғы қаңтардың басында Парижде “Жаңа Әлем, Жаңа Капитализм” саммитінде Еуроодақ¬тың лидерлері осыған ұқсас проблемаларды, алайда басқаша категорияларда талқылағаны белгілі. Неліктен бізге ТЖЖ бастамаларын әлемдік талқылау мен ілгерілету мүмкіндіктерін ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және ЕО құрамындағы үштік күшімен қарастырмасқа?

Парижде өткен пікірталас материалдары бойынша, сондай-ақ басқа елдердегі осындай форумдарда тақырыпты талқылаулар бойынша ой түйсек, біз бәріміз түрлі континенттерде бола отырып, шамамен бір тілде және бір проблемалар туралы айтып жатамыз. Жаңарудың бірегей тәжірибесі Өсе түскен жаһандық дағдарыс әр ай және күндер өткен сайын біздің алдымыздан өзін-өзі жаңартудың барған сайын бірегей де таңғажайып мүмкіндіктерін ашып, осынау аса сирек мүмкіндіктерді іс жүзіне асыруға барған сайын аз уақыт қалдыруда. Бұрын біздің әлемнің ешқашан өз болашағын іс жүзіне асыру се¬кілді өзін-өзі жаңарту үдерісінің мұндай қайталанбас мүмкіндіктері болған емес. Өңірлік интеграциялық бірлестіктердің жаһандық дағдарысты еңсерудегі мүмкіндіктері туралы айтқанда біздің осы алаңдағы жұмыстан және тиімділік үшін жауапкершіліктен өзіміздің ұлттық үкіметтерімізді босатуға құқымыз жоқ екендігі сөзсіз. ТМД елдері соң¬ғы 20 жылда транзит пен жаңа¬рудың бірегей тәжірибесін жинақтады, мұндай тәжірибе әлемнің басқа ешқандай мемлекетінде жоқ. Олар өздерінің бұрынғы “дағдарыстық тәжірибесін”, анығырақ айтқанда, дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесін толық пайдалануы тиіс.

Барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттер секілді Қазақстан  да аса қиын кезеңдерді талай рет  еңсерді. Кеңес Одағы ыдырағаннан  кейін біз іс жүзінде жаңару қиындықтарын бастан кештік, күрделі де қиын реформалардан өттік. Ол кезде шешілуі мүмкін емес көрінген міндеттер шешілді. Сөйтіп біз жеңіп шықтық. Қазір тағы да жеңіп шығу үшін неге соны қайта істемеске?

Оның үстіне қазір  бұл үшін үлкен ресурстар мен  мүмкіндіктер бар. Бұдан он жылдан астам бұрын біз шикізат экспортынан түскен табыстардың елеулі бөлігін жинақтай отырып, арнаулы резервтік Ұлттық қор жасақтауды бастадық. Ол адами өлшемдерді дамыту, болашақ ұрпақтар үшін қорлану үшін де, сол секілді дағдарыстар бола қалса, тұрақтандырушы қызметін атқару үшін де құрылған болатын. Қазіргі уақытта ол негізгі экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды айтарлықтай тұрлаулы серпінде ұстап тұруға мүмкіндік беріп, толық мәнінде жұмыс істеуде.

Информация о работе Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері