Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 09:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………….....................…………….......…….3
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның экономикалық мәні........................................4
1.2. Дағдарыстың себептері..................................................................................6
ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы ………..........................................8
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы...............................................9
2.3. Дағдарыстан шығу кілті..............................................................................15
2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі...............…………......24
2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.................................................28
ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы саясат және басқару тиімділігі.......................29
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлары........................................32
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Kursavoy.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ

 

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Экономикалық теория пәні бойынша

 

тақырыбы:  «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘСЕРІ»

 

 

 

 

                                                                                            

                                                          

 

 

 

 

                                                                                                                   ОРЫНДАҒАН:

 

                                                                                  Мтқ - 1301 тобының студенті

Мукубаев  Нұрлан

ТЕКСЕРГЕН:

Оқытушы

Темірбек Е.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ……………………………………….....................…………….......…….3

І. Дағдарыстың  пайда болуы.

1.1. Дағдарыс түсінігі және оның  экономикалық мәні........................................4

1.2. Дағдарыстың себептері..................................................................................6

ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның  әсері.

2.1. ҚР  дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы ………..........................................8

2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы...............................................9

2.3. Дағдарыстан шығу кілті..............................................................................15

2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі...............…………......24

2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары.................................................28

ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.

3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы  саясат және басқару тиімділігі.......................29

3.2. ҚР дағдарысқа қарсы стратегиялық  жоспарлары........................................32

Қорытынды..........................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi. Ел болып ол қиындықтарды да еңсерiп өттiк. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезектi дағдарыс тұсында тәуелсiздiгiмiз тағы бiр сынаққа түскен болатын.

Дер кезiнде қабылданған дұрыс шешiм, ұтымды iс-қимылдың арқасында бiз одан да аман-есен өте шықтық.

Бiз осылайша сындарлы жылдар мен күрделi кезеңдерде лайықты  тәжiрибе жинақтап, ысылып, шыңдала  түстiк.Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазiргi әлемдiк дағдарыс та өткiншi құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелiстер кезiнде "көппен көрген ұлы той" деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бiрлiгiн бекiте түскен. Қиындықтарды бiрлесiп жеңiп отырған. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлiнген ауқымды қаражат қазiр отандық экономиканың кiдiрiссiз жұмыс iстеуiне қызмет ете бастады.

Әлеуметтiк кепiлдiктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да бiздiң аман-есен өтетiнiмiз айдай анық.

Дағдарыстар өтедi, кетедi. Ал мемлекет тәуелсiздiгi, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгi қалады. 

Дүние дамуымен есептегенде  жиырма екі жыл деген көп те емес шығар. Бiрақ бiз үшiн үлкен кезең тұтас бiр дәуiрмен барабар.Олай болатыны,  

тәуелсiздiк - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себептi тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша. Халқымыздың басына түскен қандай да бiр сынаққа қарамастан бiз тәуелсiздiгiмiздi нығайту жолындағы жасампаз iстерiмiздi жалғастыра бермекпiз.

Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бiрлiгiнiң арқасында  бiз алмайтын асу, бiз жеңбейтiн  кедергi болмайды.

Iс жүзiнде жиырма екі жыл бойы күннен-күнге бiз сiздермен жаңа елдi құру үстiндемiз.Ашық та өркендi елдi. Жылдан-жылға қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түскен елдi.Саяси тұрақты және өз азаматтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткен елдi. Ешқашан және ешкiм үшiн сыртқы қатер көзi болмайтын елдi.  Ондаған жылдар оза қабылдаған Қазақстанның даму стратегиясы, оны елдiң нақты табыстарына айналдыру тәжiрибесi бiзге өз күшiмiзге деген сенiмдiлiктi бердi, бiз таңдап алған жолымыздың дұрыстығына көз жеткiздiк. Нақ сондықтан да бұдан екi жылдан астам бұрын басталған әлемдiк қаржы рыноктарындағы дағдарыстың әу басында бiз дағдарысқа қарсы шаралардың кешендi жүйесiн әзiрлеп, дәйектiлiкпен iске асырып келемiз.

Ішкi және сыртқы конъюнктураны жiтi қадағалап, еш кiдiрiссiз табанды шараларды қолға алудамыз. Нақ сондықтан да жаһандық азық-түлiк дағдарысы бiз үшiн ұлттық апатқа айналған жоқ.Бiрақ бүгiнде бүкiл әлемдiк экономиканы дiңкелетiп үлгерген экономикалық дағдарыс бiздiң берiктiгiмiздi сынаққа салуда. [1]

 

 

І. Дағдарыстың  пайда болуы.

 

1.1. Дағдарыс  түсінігі және оның экономикалық  мәні.

 

Әлем рыногінде алтынның, мыстың бағасының өсуі – шикізат шығарумен айналысатын біздің ел үшін табыс көзінің өсуіне игі ықпал еткені рас. Алайда, онымен шектеліп қалуға болмайтындығын өмірдің өзі көрсетіп те берді. Кезінде әлем экономистері оны — экономика «қызуының көтерілуі», «голландиялық ауру» деп атағаны кездейсоқтық емес. Бағаның аяқ астынан өсуінің де кері жақтары болады екен. Тек соның жағымсыз жақтарымен есептесіп жұмыс істеген ел ғана тұрақты дами алатындығын соңғы жылдардағы қоғамдық процестер көзге шұқып тұрып көрсеткендей болды. Енді содан сабақ ала білсек, қанеки! Сонымен қатар, күтпеген кері өзгерістер де кездеседі екен. Біздің қазіргі жағдайымыз дәл осы тұсқа келіп тіреліп тұрғандай көрінеді. Олай болса, әлі де еліміздің дамуының қазіргі жағдайын, экономикалық саясатты, жалпы дағдарыстан шығудың кезеңдерін дәлме-дәл анықтаудың маңыздылығы айтарлықтай болмақ. Қарқынды даму болған жерде, оның баяулауының да болатыны заңдылық. Оны айналып өту мүмкін емес. Бұл тұрғыдан келгенде, Елбасы айтқандай, дағдарысты құбыжық етіп көрсетудің еш қажеті жоқ. Экономист мамандардың айтуларына қарағанда, белгілі бір елдің жалпы ішкі өнімінің өсімі екі тоқсан бойы қатарынан төмендеп кетсе — экономикалық баяулауға (recession) ұшырады деп есептеледі екен. Ал, бұл жағдай ары қарай жалғаса беретін болса, экономикалық құлдырауға (defreessiоn) ұшырап, дағдарыс тереңдемек. Бірақ, бұл – әдеттегі көрініс. Барлық елдердің даму тарихында талай қайталанған, қайталана беретін жайт көрінеді. Айталық, біз тамсанатын АҚШ-тың өзінде соңғы 100 жылда экономикалық құлдырау  32 мәрте қайталанған екен. 
 Біз бүгінде дағдарыс деген атауды жиі қолданамыз және бәрін сонымен байланыстырғымыз келеді де тұрады. Шын мәнінде біз ойлағандай  құлдырау расында болып жатыр ма, әлде жоқ па? «Ипотека дағдарысы» деп аталғандықтан да шығар, расында да, қарқынды жүріп келген қ0ұрылыс тоқтады. Жұмыссыздық көрініс берді. Бірақ, біз дәл өткен жылға дейін оны қатты сезінген жоқпыз ғой. Ал, «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүріліп жатқан жұмысқа бәріміз куәміз. Жалпы ішкі өнім қанша пайызға өсті немесе құлдырады? Оны ресми статистикадан қарай салыңыз. Бүлініп кеткен орасан құбыжықты көре қоймайсыз. «Дағдарыстың көкесі алда» деп тағы да сәуегейлік жасауға келмейді. Күрт құлдыраудың немесе қарқынды дамудың игі бетбұрысының болуы да ғажап емес.  Мысалы, мыстың бағасы 2000 долларға құлдырап бара жатып, кенет 10 000 долларға бір-ақ секіріп, өсуі де мүмкін. Немесе құлдырап келіп бір нүктеге тоқтап, тоқыраушылыққа (stagnation) келіп тірелуі де ықтимал. Қалай болғанда да, белгілі мерзімнен соң тоқыраудан шығып, өсуге бет алатыны заңдылық.

Құлдырау өз шегіне жетіп  барып, өсуге қарай бағытталып алғашқы  көрсеткішке қайта оралуын экономистер  қайта өрлеу (recovery) деп атайды екен. Дәл осындай сатыға жеткен экономика  бұрынғысынан да жылдам әрі қарқынды дамуға бет түзейтін көрінеді. Күш алып, дамудың (expansion) осындай сәті қаншалықты ұзаққа созылса, елдің өркендеп-гүлденуі де соншалықты деңгейде алға қарыштамақ. Экономикалық ахуалды жақ- 
сартудың және саясатты тұрақтандырудың мәні де елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы баянды дамуды қалыптастыру болмақ. Бұл орайда, әрине, еліміздегі саясаттанушылар мен экономикалық сарапшы мамандардың қазіргі экономикалық даму көріністерін заңдылық негізінде түсіндіре алмауы көзге ұрып тұрғанын атап айтқан жөн.

1990-жылдары экономикалық  құлдыраудың көкесін бәріміз  де көзбен көрдік. Ақша құнсызданды, мекемелер қызметкерлеріне жал- 
ақы бере алмай қалды. Зейнеткерлер айлап, жылдап зейнетақыларын ала алмай жүрді. Қаланы жарық, су, жылу, газ тапшылығы меңдеді. Бір қойды бір шиша арақ, екі сабынға айырбастаған шопанды көрдік. Елді жаппай жоқшылық пен кедейшілік жайлады. Дәл сондай дағдарыс әлемде 1929-1933 жылдары болған екен. Осы тұста әлем баға жетпес байлығынан айырылған деседі. Бизнес өкілдері жасаған қыруар тауарларын өз қолдарымен жоқ қылған. Өйткені, тауарлары қаптап тұрғанымен, алушы жоқ. Айналымда ақша жүрмеген соң дефляцияға ұшыраған. Осы тұста фермерлер өсірген  шошқаларын қырып, өртеген. Қыруар астық  тонна-тоннасымен  мұхитқа төгіліп жатты.

Ал, осы тұста халықты  аштық жайлаған болатын. Соған қарамастан, кәсіпкерлер тауарларын халыққа  тегін таратуды ойламады. Себебі, қаншама  еңбекпен жасалған байлығымызды өзгеге тегін таратсақ, талас туады, кейін бағаны түсіруді талап етеді, наразылық өршиді деп санады. Бұл дағдарыстың соңы дүниежүзілік екінші соғыспен аяқталғаны белгілі. Олай болса,  еліміздегі 1990-жылдардағы дағдарыстың бейбіт аяқталғанына, тәуелсіздіктің баянды болып сақталғанына шүкіршілік еткен жөн болар. Әйтеуір, үлкен сынақтан аман өткеніміз ақиқат. 
 Расында, дәл қазіргі кезде еліміз үшін тұрғын үй бағасын арзандатуға бағыттаған несиенің ерекше түрін банктердің жасап қолданғаны әлдеқайда тиімді. Себебі, құрылыс «сақалдыға» айналмайды, тез арада пайдалануға беріледі. Адамдар сатып ала бастайды. Бұл дегеніміз – ақшаның іркілісін жойып, экономиканың тамырына қан жүгіртеді. Біз, жалпы, «өнім өндіру арқылы  ғана  елді    дамытамыз» де- 
генді жақсы білеміз және көп айтамыз. Алайда, көзге көрінерліктей іс аз.       

Дегенмен, жақсы жағымыз  да бар. Ол – саясаттың экономиканы емес, керісінше, экономикамыздың өзінің саяси процесті белгілеуі. Мұны, әрине, Президент Н. Назарбаевтың қоғамды тұрақтандыру жолында төккен тер, еткен ерен еңбегінің жемісі деп танығанымыз дұрыс. [2]

 

 

1.2. Дағдарыстың  себептері

 

 Дағдарыс бiзге сырттан келдi. Оның көздерi елдiң iшiнде емес, әлемдiк экономиканың сәйкессiздiгiнде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрiн алдын ала көздеу мүмкiн емес едi.Оны еңсеруге әлемнiң жетекшi экономикалары қазiрдiң өзiнде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкiл әлемдiк IЖӨ-нiң iс жүзiнде 15 пайызын жұмсады. Бiрақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлi өзгеретiн емес.

Бiз әлемдiк қауымдастықтағы  өз ұстанымымызды сақтаймыз.Ұлттық қорды құра отырып, бiз қорланудың мақсатты саясатын жүргiздiк. Бұл қорды құру керек пе, әлде қаржыны баршаға аз-аздап үлестiремiз бе дегенге орай қаншама талас жүргенiн сiздер жақсы бiлесiздер. Қазiргiдей бюджетке алымдар 20 %-ға төмендеген кезде зейнатақы және жалақы төлеумен не iстер едi? 
       Жақсы уақытта осы қорды құра отырып, бiз дұрыс iстедiк. Өзiнiң ертеңгi күнi туралы ойлайтын мемлекеттер осылай iстеуге тиiс. Сол арқылы бiз осы тұрпатты сiлкiнiстер мүмкiндiгiнiң алдындағы экономикамыздың берiктiк қорын қамтамасыз еттiк. Өмiрге қабiлеттi және икемдi экономика жасау үшiн бiз дәйектiлiкпен күрделi құрылымдық реформаларды жүргiзiп, экспорттық әлеуеттi ұлғайттық және әртараптандыруды бастап кеттiк.  Нақ сондықтан да бүгiнде бiздiң айтарлықтай мүмкiндiгiмiз бар және ойластырылған әрi тиiмдi дағдарысқа қарсы саясат жүргiзуге жағдайымыз жетедi.

Көптеген мемлекеттердiң  пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап  берген шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетiн қабылдау болды. [3]

Қазiргi қиындықтар - бұл  бiздiң үлесiмiзге тиген алғашқы сынақ емес.  Өтпелi кезеңнiң аса ауыр дағдарысын бiз 90-шы жылдардың басында еңсердiк.Ол кезде экономиканың құлап түсуi 60 пайызға жетiп, инфляция жылына мыңдаған пайыздармен есептелетiн. Азияның қаржы рыноктары туындатқан екiншi әлемдiк дағдарысты бiз 90-шы жылдардың аяғында еңсердiк. Мұнай бағасы онда бiр баррель үшiн 9 долларға дейiн төмендедi. Бiз зейнетақы мен жалақыны төлей алмадық. Ол қиындықтарды да бiз еңсердiк. 
       Уақыт өтедi, содан кейiн бiз осы дағдарысты да еңсергенiмiз туралы айтатын боламыз. Қалыптасқан жағдайдан объективтi шығындармен, бiрақ та жаңа өсуге әзiр болып шығатын барлық мүмкiндiктер бiздiң қолымызда. 
       Дағдарыстар қайталанатын болады, ал бiздiң мақсат - оны басқаруды үйрену. Әзiрге бiзде бұл орындалуда. Бүгiнде бiз өз күштерiмiз бен ресурстарымызды қайта топтастыруға мәжбүрмiз және бiз мұны сыртқы жағдайлардың ықпалымен iстеудемiз. Алайда бұл бiз өз бағытымызды өзгерттi дегендi тiптi де бiлдiрмейдi. Ол бағыт 2050 жылға дейiнгi елдiң Даму стратегиясында анықталған. Өмiр түзетулерiн енгiзуде. Бiрақ та атап көрсеткiм келедi, ол бұрынғысынша қалып отыр. Барша қазақстандықтардың өркендеуi, қауiпсiздiгi мен әл-ауқатының жақсаруы бiздiң мемлекетiмiз үшiн аса маңызды үш тұғырлы мiндет болып қала бередi. Бiзде дағдарысқа қарсы жоспар бар, мемлекеттiк резервтен жеткiлiктi қаражат бөлiнген. Тұтастай Үкiмет және Премьер-Министр, мемлекеттiк органдардың басшылары, әкiмдер дағдарыстан шығу жөнiндегi белгiленген шаралардың орындалуына тiкелей жауапты болады.

Информация о работе Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері