Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін банктік несиелеудің өте зор маңызы бар. Ол ұйымдардың тауар алмасуларына, сонымен қатар қарыздық ресурстарды даму мақсатында пайдалану үшін тиімді.
Несиелеу банктің аса тұғырлы қызметі ретінде өндірістік процестің үнемі даму жолында болуын, халық шаруашылық экономикасын дамытуда және де кіріс әкелетін өзге де операцияларды жүргізуде маңызды орын алады. Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар жасалған, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Бөлім Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің теориялық негіздері
1.1 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің негізгі мәні........................................................7
1.2 Корпоративтік борышкерлерді несиелеу шарттары мен этаптары......................................13
1.3 Несиелендіру мәселелері ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде...............................................................................................................18

2 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–экономикалық сипаттамасы
2.1 «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–құрылымдық сипаттамасы....................23
2.2 «Альянс Банкі» АҚ-ның экономикалық нәтижелері........................................31

3 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары
3.1 «Альянс Банкі» АҚ-да корпоративтік борышкерлерді несиелеу операцияларының ұйымдастырылуы......................................................................................................40
3.2 «Көктем» АҚ негізінде несиелік қабілеттілікті бағалау..................................50
3.3 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің даму перспективасы және несиелеу механизмін жетілдіру................................................................................................57
Қорытынды мен ұсыныстар......................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

занды дипломка.doc

— 572.50 Кб (Скачать документ)

Кесте 2.1- «Альянс  Банк» АҚ –ның активтері есебінің көрінісі

 

Активтер

2011 жыл                 31 желтоқсан

2012 жыл                    31 желтоқсан

Ауытқуы

млн. тг.

Үлес  салмағы %

млн.тг

Үлес  салмағы %

Абсолют

Өсу қарқыны (%)

(+;-)

Ақшалай қаражат және оның баламалары

16 493

4

17 143

3

650

-13

Өзгерістері пайданың немесе залалдың құрамында бейнеленетін, әділ құны бойынша бағаланатын, қаржы  құралдары

20 101

5

14 695

4

5406

-7

Сату үшін қолда бар  активтер

115 803

24

121 222

22

5419

13

Банкілердегі шоттар мен депозиттер

184

0

329

0

145

-74

Клиенттерге берілген кредиттер

328 784

59

388 930

62

60146

31

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер

22 233

5

21 150

4

1083

-4

Орнын толтыруға жататын  ағымдағы салықтық актив

68

1

81

0

13

-94

Орнын толтыруға кейінге  қалдырылған салық активтері

17 912

 

17 954

3

42

0

Басқа да активтер

8310

2

8505

2

195

5

Активтердің жиыны

529 888

100

590 009

100

73 099

24

Ескерту – автормен «Альянс Банк» АҚ-ның мәліметтері негізінде құрастырылған.


 

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай банктің  активтері 2012 жылғы 31 желтоқсанда 590 млрд. 009 млн. теңгені құрады - 2011 жылдың нәтижелерімен 529 млрд. 888 млн. теңге салыстырғанда 60121 млрд. теңгеге немесе 10 %-ға артып отыр. Бұл ретте Банктің несиелік портфелі (қалыптасқан резервтерді (провизияларды) алып тастағанда) 2012 жылдың нәтижесі 388 млрд. 930 млн. теңгеден 60146 млн. теңгеге немесе 15 %-ға артып, 2011 жылдың қорытындысы бойынша 328 млрд. 784 млн. теңгені құрады.

Ақшалай қаражаттар және олардың баламалары  2012 жылы 17143 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 4% болса, ал 2011 жылы 16 493 млн.теңге болып, үлес салмағы 3% құрап, ауытқуы   650 млн.теңгені құрады.  Өзгерістері пайданың немесе залалдың құрамында бейнеленетін, әділ құны бойынша бағаланатын, қаржы құралдары 2011 жылы 20 101 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 4% болса, ал 2012 жылы 14695 млн.теңгеге кеміп, үлес салмағы 5% болып, ауытқуы 5406 млн.теңгеге кеміген. Сату үшін қолда бар активтер 2011  жылы 115803 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 22%  болса, 2012 жылы 121222 млн.теңгеге өсіп, үлес салмағы 24% болса, ал өсу қарқыны 4,4% құраған. Банкілердегі шоттар мен депозиттер 2011 жылы 184 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 1% -ға дейін болса, 2012  жылы 329 млн. теңгені құрап, үлес салмағы өзгеріссіз қалса, ауытқуы 145 млн.теңгеге өскен.

Материалдық емес активтер мен  негізгі құралдар 2011 жылдары 22233 млн.теңгені құраса, 2012 жылы  21150 млн.теңгеге азайып, негізгі құралдардың 5% азайып есептен шыққанын көруге болады. Орнын толтыруға жататын ағымдағы салықтық актив 2011 жылдары 1 123 млн.тенге болса, 2012 жылы 68 млн.тенгеге азайып, өсу қарқыны 94% азайды. Орнын толтыруға кейінге қалдырылған салық активтері 2012 жылдың көрсеткіші 81 млн. теңгені құраған.  Басқа да активтер 2011 жылы 8310 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 2% болса, ал 2012 жылы  8505 млн. теңгені құрап, үлес салмағы өзгеріссіз қалған.

Пассивті  операция  дегеніміз бұл  банктің  каражат  тартуы.  Олар  өз  карқынына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып, қаражат жұмылдырады. Сонымен қатар банк қорын құрады және оны үнемі ұлғайтып отырады.

Пасивтік  операциялардың негізінде банктің  ресурстары жинақталады. Осыған байланысты пассивтік операциялар негізінде  коммерциялық банктердің активті операциялары негізгі бөлігі іске асады. Сондықтан пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Пассивтік операциялардың нәтижесінде пассивтік  шоттағы немесе активті-пассивті шоттағы  қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен  активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды. Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің  жүргізетін негізгі пассивтік операцияларының  формалары мен  құрылымын келесідей топтауға болады:

- Коммерциялық  банктердің бағалы қағаздарды  алғашқы эмиссиялауы;

- Банк пайдасынан  капиталдарды немесе қорларды  ұлғайту және құру;

- Басқа да корпоративтік борышкерлердан несие алу;

- Депозиттік салымдар.

Осы көрсетілген пассивтік операциялар формасының алғашқы екі нұсқасы арқылы банктің меншікті ресурстары құрылады. Ал келесі екі формасы негізінде заемдық немесе тартылған ресурстар қалыптасады. 

Банктік ресурстары екі көзден құралады: меншік капиталы мен қарыз  ресурстары. Қарыз  ресурстарына: депозиттік салымдар, басқа банктерден алған қарыздары, оның ішінде Орталық банктен де, бағалы қағаздар бойынша операцияларының нәтижесінде тартылған қарыз капиталдары жатады.

Банктің меншікті қаражаты банктің үнемі  тұрақтылығын ұстап тұру кезінде маңызы жоғары. Себебі, меншікті қаражатсыз банк қызметін бастау мүмкін емес. Банктің меншік капиталдарын тартудағы басты әрекеттері дивиденттік саясатқа тікелей байланысты. Нарықтық экономикадағы банктер тұрақсыздықтардан және өзін сақтандыру мақсатында меншік капиталдарын пайдалардың есебінен көбейтуге ынталы болады. Осы қаражаттар негізінен банкте қажетті резервтер құрылады. Банктің меншікті қаражатына жататындар:

- Банктің жарғылық  капиталы;

- Банктің резервтік капиталы;

- Пайда есебінен құрылған  капиталдар;

- Сақтандыру резервтері;

- Бөлінбеген пайдасы.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі болады. Акционерлік  капиталдар мынадай түрлерге бөлінеді:

а) меншікті акционерлік капитал, яғни оған, жай және артықшылығы бар  акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайда жатады;

б) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивидендтер төлеуге, қайтарылмаған  қарыздың орнын жабуға арналып құрылған түрлі резервтер кіреді;

в)   банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері мен облигациялары);

Банктік меншікті капитал негізгі үш қызметті атқарады:

-Қорғаныс қызметі –  банктің зиян шегу немесе борыштық  тұрақсыздыққа ұшырау жағдайында салым иелері мен кредиторлардың мүддесін қорғауда;құрылған резервтер есебінен банктің төлем қабілеттілігін сақтауды іске асырады.

-Оперативтік  қызмет – банк қызметінің қаржылық  негізін қамтамасыз етуге бағытталған.  Бұл қызметті екінші дәрежелі  қызмет ретінде, өйткені активтік  операцияларды жүргізу үшін негізгі  ресурстар ретінде банктің қаражаттарын  тартуда маңызды. 

-Реттегіш қызмет – қоғам банктердің жетістіктерімен қызмет етуіне мүдделілік танытуда, сол сияқты коммерциялық банктер мен басқа да несиелік мекемелердің қызметтеріне Орталық банк тарапынан заңдар және ережелер бойынша бақылау жасап отыруына байланысты сипатталады.

«Альянс Банк» АҚ-ның  2011-2012 жылғы пассивтерінің көрсеткіштері төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте 2.2 - «Альянс Банк» АҚ-ның пассивтерінің көрсеткіштері

Пассивтер

2011 жыл 31 желтоқсан

2012 жыл 31 желтоқсан

Ауытқуы

Сомасы  млн. тг.

Үлес салмағы%

Сомасы, млн. тг

Үлес салмағы%

Абсолют

Өсу қарқыны (%)

(+;-)

Міндеттемелер

           

ҚР Үкіметінен алған  кредиттер

18 666

4

22 389

4

3 723

20

Банкілерден алған кредиттер

3 014

1

2 114

0

-900

-30

Клиенттердің шоттары  мен депозиттері

208 798

49

294 237

56

85 439

41

Өзгерістері пайданың (залалдың) құрамында əділ  құн бағаланатын,  қаржы құралдары

332

0

454

0

122

37

РЕПО мəмілелері бойынша  кредиторлық берешек

59 585

14

56 888

11

-2 697

-5

Шығарылған борышқорлық  бағалы қағаздар

149 557

35

128 048

24

-21 509

-14

Басқа да міндеттемелер

8 239

2

4 031

1

-4 208

-51

Бағынышты борыш

84 427

20

20 695

4

-63 732

-75

Міндеттемелер жиыны

532 618

 

528 856

 

-3 762

-1

Капитал

           

Акционерлік капитал

273 091

64

273 091

52

0

0

Қосымша капитал

1 222

0

1 222

0

0

0

Активтерді қайта бағалау бойынша резерв

-5 861

-1

1 345

0

-4 516

77

Қайта бағалаудан мүлік  құнының өсуі

2 039

0

1 931

0

-108

-5

Қайта құрылымдау бойынша  резерв

-84 955

-20

-25 981

-5

58 974

-69

Жинақталған залал

-290 570

-68

-250 576

-47

39 994

-14

Капитал жиыны

-105 034

 

1 032

 

106 066

-101

Міндеттемелер мен капитал  жиыны

427 584

100

529 888

100

102 304

24

Ескерту – автормен «Альянс Банк» АҚ-ның мәліметтері негізінде құрастырылған.


2012 жылғы 31 желтоқсандағы  кестедегі мәліметтерге сәйкес  ҚЕХС бойынша Альянс Банкінің меншікті капиталы 2011 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 106 млрд. 66 млн. теңгеге артып, 1 млрд. 32 млн. теңгені құрап отыр. 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайына сәйкес ҚЕХС бойынша капитал тапшылығы 105 млрд. 34 млн. теңгені құрады.

Міндеттемелер 2011 жылы 532 млрд. 618 млн. теңгеден  2012 жылы 528 млрд. 856 млн. теңгеге дейін, яғни 3 млрд. 762 млн. теңгеге немесе 0,7 %-ға қысқарған. Қысқару негізінен бағынышты борыш пен борыштық құнды қағаздар бойынша міндеттемелердің төмендеуі есебінен болды. Бұл ретте клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттерінің көлемі 2011 жылғы 208 млрд. 798 млн. теңгеден 2012 жылдың қорытындысы 294 млрд. 237 млн. теңгеге дейін артты, яғни 85,4 млрд. теңге немесе 41 %.

Банктердің  қаражаты 2011 жылы 3 014 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 1% болса, ал 2012 жылы 2 114 млн.теңгені құрап, үлес салмағы өзгеріссіз қалған. ҚР Үкіметінен алған кредиттер 2 жылдағы абсолют ауытқу көрсеткіші 3 723 млн.теңгені құрады, яғни бұл 2011 жылы 18 666 млн.теңге болса, үлес алмағы 4 %, 2012 жылы  22 389 млн.теңге болса, үлес салмағы өзгеріссіз қалған. РЕПО мəмілелері бойынша кредиторлық берешек абсалют ауытқуы 2 697 млн.теңгеге кеміген. Шығарылған борышқорлық бағалы қағаздар 2011 жылы  149 557 млн.тенге болса, ауытқуы 35 %, ал 2012 жылы 128 048 млн.тенге болса, ауытқуы 24 % ке кеміген. Басқа да міндеттемелер 2011 жылы  8 239 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 2% болса, ал 2012 жылы  4 031 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 1% кеміп, өсу қарқыны 51%  азайған, бағынышты борыш 2011 жылы  84 427 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 20% болса, ал 2012 жылы  20 695 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 4% кеміп, өсу қарқыны 75%  кеміген.

Тұрғындарға несие беру көлемі өткен бір жыл ішінде 4 есе, ал кәсіпкерлікті қаржыландыру  2 есе артқан. Банк қол жеткізген ең басты жетістік - бұған дейін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша орын алған капитал тапшылығы мәселесі түбегейлі шешілді.

Коммерциялық  банктердің қаржы нәтижелері деген  түсінік – бұл коммерциялық және банктердің барлық сфераларындағы оның ішіндегі шаруашылық - қаржылық қызметтің  жиынтық қорытындысын қамтып көрсетеді.     

Қаржы нәтижесі жағымды және теріс болуы  мүмкін. Яғни банк есеп беру мерзімінде өз қызметін сауатты ұйымдастыратын болса, онда ол жағымды нәтижеге ие болады. Ол дегеніміз өз шығындарының орнын толтырады және артық пайда табаыды. Сонымен қатар керісінше жағдайлар да орын алып тұрады. Кейбір банктер өз қызметі нәтижесінде зиян шегуі де мүмкін. Мұнда банк шығындары банк табыстарынан асып кетеді.  Дегенмен де егер банк табысты болса, онда осы банктің табыстары есебінен оның барлық операциялық, әкімшілік басқару қоса алғандағы шығындары жабылады,банктің пайдасы құрылады, пассивті және активті операциялардың дамуы мен меншік қаражаттарының көбеюі, өлшемдер, яғни дивиденттер деңгейін анықтайды.

Информация о работе Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары