Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:59, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін банктік несиелеудің өте зор маңызы бар. Ол ұйымдардың тауар алмасуларына, сонымен қатар қарыздық ресурстарды даму мақсатында пайдалану үшін тиімді.
Несиелеу банктің аса тұғырлы қызметі ретінде өндірістік процестің үнемі даму жолында болуын, халық шаруашылық экономикасын дамытуда және де кіріс әкелетін өзге де операцияларды жүргізуде маңызды орын алады. Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар жасалған, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Бөлім Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің теориялық негіздері
1.1 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің негізгі мәні........................................................7
1.2 Корпоративтік борышкерлерді несиелеу шарттары мен этаптары......................................13
1.3 Несиелендіру мәселелері ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде...............................................................................................................18
2 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–экономикалық сипаттамасы
2.1 «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–құрылымдық сипаттамасы....................23
2.2 «Альянс Банкі» АҚ-ның экономикалық нәтижелері........................................31
3 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары
3.1 «Альянс Банкі» АҚ-да корпоративтік борышкерлерді несиелеу операцияларының ұйымдастырылуы......................................................................................................40
3.2 «Көктем» АҚ негізінде несиелік қабілеттілікті бағалау..................................50
3.3 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің даму перспективасы және несиелеу механизмін жетілдіру................................................................................................57
Қорытынды мен ұсыныстар......................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................66
31 желтоқсанда, келісімдер
10 ақпанда Альянс Банкі меншік қаражаты есебінен шағын және орта бизнеске (ШОБ) кредит беруді қайта бастау жөнінде хабарлады.
30 наурызда Альянс Банкі берешекті қайта құрылымдаудың аяқталғандығы туралы хабарлады.
Берешекті қайта құрылымдау Жоспары бойынша барлық шараларды орындау нәтижесінде Альянс Банкі капиталды 547,9 млрд. теңгеге ұлғайтты, ал оның меншік капиталы едәуір 50 млрд. теңгені құрады.
Қайта құрылымдау нәтижесінде борыш мөлшері 4,5 млрд. АҚШ долларынан (есептелінген пайыздарды қоса) 1 млрд. 80 млн. АҚШ долларына дейін қысқарған, оның ішінде: 850 млн. доллар – еуробондтар бойынша ескі борыш, 85 млн. – нақты сауда қаржыландыру, 145 млн. – бағынышты 20 жылдық облигациялар.
Барлық шаралардың аяқталуымен «Альянс Банкі» АҚ акциялары төмендегідей болып бөлінді:
1 сәуірде Банк тұрғындардан және корпоративтік борышкерлердан депозиттер қабылдауды қайта бастады.
17 мамырда Жеке тұлғаларды кредиттеу қайта басталды.
Альянс Банкі ШОБ секторының клиенттеріне мамырда борышын өсімпұлсыз және пайызсыз өтеу мүмкіндігін ұсынды. Акция төрт айдан аса уақытқа созылды және оған берешекті қайта құрылымдаудың әр түрлі нұсқаларын көздейтін 4 опция енді. Акция шарттарын өз кәсіпорындарының кредит тарихын қалпына келтірген және негізгі борыш бойынша 730 млн. теңгеде сомасын өтеген 229 клиент пайдаланды.
Альянс Банкі қазақстандық нарықта проблемалық бөлшек қарыздардың пулын сату бойынша ерекше мәміле аяқтады. Банк капиталына нәтиже сәйкес 14 миллиард теңгені құрады, сонымен қатар осы мәміленің арқасында проблемалық қоржын едәуір азайды.
Альянс Банкі шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін Инвестициялық бағдарлама шеңберінде Азия Даму Банкінің серіктесі болды. Бағдарлама шеңберіндегі қарыз қайта құрылымдау кезінен бастап сыртқы қаржыландыруды тарту бойынша алғашқы сынақ болды.
«Альянс Банкі» АҚ 9 ай үшін 16,6 млрд. теңге мөлшеріндегі пайдамен ХҚЕС бойынша есепті бекітті. ХҚЕС бойынша меншік капиталының тапшылығы 78% қысқарды.
2011 жылғы өзінің сыртқы
2012 жылы Сәуірде «Альянс Банкі» АҚ 2011 жыл үшін халықаралық қаржы есебінің стандарттары бойынша (ХҚЕС) аудиттелген біріктірілген есепті жариялайды. Жылдың басты нәтижесі болып ХҚЕС бойынша меншік капиталын қалпына келтіру табылды: капитал тұтас алғанда 106 млрд. 67 млн. теңгеге ұлғайды және 2011 жылдың 31 желтоқсанына 1 млрд. 32 млн. теңге (2010 жылдың 31 желтоқсаны жай-күйі бойынша ХҚЕС бойынша капитал тапшылығы 105 млрд. 35 млн. теңге) құрады.
«Альянс Банкі» АҚ ХҚЕС бойынша активтері 24% ұлғайды (102,3 млрд. теңгеге) және 2011 жылғы 31 желтоқсан бойынша 529 млрд. 888 млн. теңгені құрады.
Сонымен қоса Банкінің кредит қоржының көлемі (қалыптасқан провизияларды алып тастаумен) 77 млрд. теңгеге немесе 30% – 328 млрд. 784 млн. теңгеге дейін ұлғайды.
Міндеттемелер 0,7% (3 млрд. 763 млн. теңге) 528 млрд. 856 млн. теңгеге дейін төмендеген. Қысқарту негізінен бағынышты борыш мөлшерінің және борыш құнды қағаздары бойынша міндеттемелердің төмендеуі есебінен жүрді.
Ағымдағы шоттардың және клиенттер депозиттерінің мөлшері 41% (85,4 млрд. теңгеге) 294 млрд. 237 млн. теңгеге дейін ұлғайған.
«Альянс Банкі» АҚ 2011 жылғы ХҚЕС бойынша пайдасы 39 млрд. 887 млн. теңге құраған.
«Альянс Банкі» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банкілердің бірі болып табылады, сонымен қатар банкілік қызмет көрсету нарығында 19 жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді.
Бүгінде «Альянс Банкі» АҚ активтер мөлшері бойынша елімізде жетiншi орында және бөлшек нарықта артықшылық фокуспен бизнестің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ ШОБ субъектілерін кредиттеуде әмбебап қаржы институты ретінде дамуда.
«Альянс Банкі» АҚ мажорлық акционері болып Банкінің 67% жай және 67% артықшылықты акцияларына ие «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-әуқат қоры табылады. 33% жай және 33% артықшылықты акциялар миноритарлы акционерлерге тиесілі.
«Альянс Банкі» АҚ төмендегілерге қатысушы болып табылады:
«Альянс Банкі» АҚ ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға, сондай-ақ депозиттерге орналастыру үшін қаржы қаражатына сенім білдіретін «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ екінші деңгейдегі банкілер тізбесіне енгізілген болатын.
«Альянс Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының 51 қалалық және ауылдық елді мекендерінде 19 филиалдар және 108 бөлімшелер есептелетін тармақталған филиалдық желіге ие болып отыр. Сонымен қатар 953 банкомат, оның ішінде 322 қолма-қол (cash-in) қабылдап алу қызметімен, сондай-ақ қолма-қол ақша беретін пункттердегі 135 POS-терминалдар және сауда-сервис кәсіпорындарындағы 696 POS-терминал есептелінетін көлемді эквайрингтік құрылғы желісіне ие.
Халықаралық және акционерлік бастамадағы коммерциялық банктердің құрылуы кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның бос ақшалай қаражаттарын аккумуляциялау (жинақтау) мақсатында және оларды халық шаруашылығы, кәсіпорын немесе аймақтар салаларының қажеттіліктеріне тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асалы.
Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы АҚ-мен жалпы бекітілген баскару сызбасына сәйкес келеді. Коммерциялық банктердің жоғары органы болып жылына 1рет өтетін акционерлердің жалпы жиналысы табылады. Онда сенімхат негізіндегі банк акционерлерінің барлық өкілдері қатысады. Кәсіпорын басшылары акционерлердің қатысуы міндетті емес. Жалпы жиналыс банк акционерлерінің төрттен үш бөлігі қатысқан кезде, оның қатарына берілген сұрақтарды заңды түрде шешіледі.
Банк іс-әрекетінің жалпы басшылығын банктің кеңесі шешеді. Оған сондай ақ банк басқармасы жұмысына бақылау жіргізу жүктелген. Кеңес құрамы, оның мүшелерін таңдау тәртібі және мерзімі коммерциялық банк жарғысымен анықталады.
Банктің кеңесі банк іс әрекетінің жалпы бағыттарын, несие жобаларының және өзге де банк жоспарларын қарастырады, банктің кірісі мен шығысы есебін бекітеді, банк филиалдарын ашу және жабу жөніндегі сұрақтарды, сондай ақ банк іс әрекетімен, даму перспективасы және клиенттер арасындағы өзара байланыспен байланысты сұрақтарды қарастырады.
Коммерциялық банктің іс әрекетіне басқарма жетекшілік етеді. Ол жалпы акционерлер жиналысы және банк кеңесі алдында үлкен жауапкешілікке ие. Басқарма басқарма прецедателінен,оның орынбасарынан және өзге мүшелерінен тұрады. Әдетте Коммерциялық банк басқармасының құрамына біршама күрделі банк қатысушыларының өкілдері кіреді.
Банк басқармасы отырысы үнемі жіргізіліп тұрады. Шешім дауысының көптігіне байланысты қабылданады. Тең дауыс болған кезде прецедатель дауысы шешуші болып есептеледі.
Егер де басқарма мүшелері немесе оның мүшелері басқарма шешімімен келіспейтін болса, онда олар өз ойларын кеңеске немесе жалпы жиналысқа білдіре алады. Бұл жерде соңғы шешімді банк кеңесі шешеді. Басқарма шешімі банк басқармасы Төрағасының бұйрығы болып табылады. Ревизиялық комиссия қатысушыларының жалпы жиналысымен таңдалады және банк кеңесіне есеп береді. Банк басқармасы ревизиялық комиссияға тексеруге қажетті материалдарды міндеттейді. Жүргізілген тексеріс нәтежиесін комиссия банк басқармасына жібереді. Коммерциялық банктердің ревизиялық комиссиясының басты тапсырмасы-теріс пайдаланушылықты болдырмайтын жағдай туғызу. Ревизиялық комиссия жылдық есептеулер мен банк балансы бойынша қорытындылар шығарады. Ревизиялық комиссия қорытынды шығармай банк ьалансын жалпы акционерлер жиналысы растамайды.
Ірі банктер көбінесе функционалды белгілері бойынша құрылатын, басқармалардан, депортаменттерден және бөлімшелерден тұрады. Олардың басшылары осы бөлімшелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Департаменттер директоры, басқарма бастығы және олардың орынбасарлары, бөлімшелермен қызметтердің іс әрекетін үйлестіреді, олардың жұмысына кеңес береді, бағалайды және бақылайды. Бөлімдердің саны банк іс әрекетінің көлемі мен сипатына, банк операцияларының күрделілігі мен клиенттерге көрсететін қызметтердің әртүрлігіне байланысты.
Коммерциялық банктегі есептер Ұлттық Банк бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Банктер ҰБ-ке немесе оның басқармасына, (Коммерциялық банктердің орналасқан жеріне байланысты) айдың алғашқы күніне баланс, 4 кварталға айналым ведомостісін және жылға бухгалтерлік есеп беруді ұсынады.
Коммерциялық банктер жұмысын жария ету мен олардың қаржылық жағдайы жөнінде ақпараттарға қол жеткізу мақсатында акционерлердің жалпы жиналысымен расталған жылдық баланс, кіріс және шығыс шоттары баспада басылып шығуы қажет,(ондағы мәліметтердің аудиторлық ұйымдарымен расталғаннан кейін. Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы Акционерлік қоғаммен жалпы бекітілген баскару сызбасына сәйкес келеді.
Акционерлер жиналысы кеңес (басқарма) құрамынан банктік қызметіне шұғыл жетекшілік етуге банк басқармасының төрағасын сайлайды.
Ірі банктер функционалдық белгісі бойынша құрылатын бөлімше мен басқармадан тұрады. директорлар кеңесі іс-тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банктің басқару құрылымын құрады. Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымын төмендегі сызбадан көре аламыз (сурет 2.1).
Сурет 2.1 - Коммерциялық банкті басқарудың ұйымдық-экономикалық құрылымы
Басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
Директорлар кеңесінің негізгі қызметтері мынадай болып табылады: банктің стратегиялық мақсатын анықтау және банк саясатын құру, жетекшілік органға адамдар іріктеу, комитеттерді құру,қарыздық және Инвестициялық операцияларды бақылау, кеңес беру, банктік қызметтерін тексеру және т.б. қызметтер атқарады.
2.2 «Альянс Банк» АҚ-ның қаржылай жағдайын талдау
Альянс Банкінің миссиясы - әрбір клиент үшін банкілік қызметтердің алдыңғы стандарттарына сәйкестене сенімді серіктес болу.
Банкінің даму перспективаларының көрінісі:
Альянс Банк өз міндетін Қазақстан Республикасының қоғамдық сапалы банк өнімдеріне деген сұраныстарын қанағаттандырудан көреді, банк ұжымының қызметінің негізгі көрсеткіштері елге банк барлық Клиенттері мен серіктестіктеріне деген пайдалығығы деп есептейді. Тек осындай пайдалылық жағдайында ғана Альянс Банк әділ сыйақы алуына сенімді бола алады.
«Альянс Банк» АҚ –ы тез дамып келе жатқан 2-ші деңгейлі Қазақстан банктерінің бірі болып табылады және банк қызметтері нарығында 19 жылдан астам жұмыс істеп келеді.
Өтімділікті камтамасыз ету және іріс алу мақсатында банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операциясының мазмұнын анықтайды. Коммерциялық банктің активті операцияларының құрамына тәуекелді активтердің көлеміне, активті операциялардың немесе өтімділіктің түрлеріне байланысты топтастыруға болады. Банктің активтерін 4 категорияға бөлуге болады:
1. Кассадағы қолма-қол ақша;
2. Бағалы қағаздарға инвестиция;
3. Ссудалар;
4. Ғимараттар мен құрылыстар.
Активтердің тиімді құрылымын сақтау және оны белгілеу кезінде әрбір банк бойынша мәселелер туындатады.
Банктер активтердің тиімді кұрылымын белгілей отырып, өтімділік талаптарын, яғни олардың мерзімдері, үлгілері мен сомаларын ескеру арқылы міндеттемелерге катынасы бойынша жоғары өтімді және өтімділігі аз қаржылардың жеткілікті көлеміне ие болу талаптарын орындауға тиісті.
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады.
Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80 %) құрайды.