Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:59, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін банктік несиелеудің өте зор маңызы бар. Ол ұйымдардың тауар алмасуларына, сонымен қатар қарыздық ресурстарды даму мақсатында пайдалану үшін тиімді.
Несиелеу банктің аса тұғырлы қызметі ретінде өндірістік процестің үнемі даму жолында болуын, халық шаруашылық экономикасын дамытуда және де кіріс әкелетін өзге де операцияларды жүргізуде маңызды орын алады. Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар жасалған, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Бөлім Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің теориялық негіздері
1.1 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің негізгі мәні........................................................7
1.2 Корпоративтік борышкерлерді несиелеу шарттары мен этаптары......................................13
1.3 Несиелендіру мәселелері ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде...............................................................................................................18
2 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–экономикалық сипаттамасы
2.1 «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–құрылымдық сипаттамасы....................23
2.2 «Альянс Банкі» АҚ-ның экономикалық нәтижелері........................................31
3 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары
3.1 «Альянс Банкі» АҚ-да корпоративтік борышкерлерді несиелеу операцияларының ұйымдастырылуы......................................................................................................40
3.2 «Көктем» АҚ негізінде несиелік қабілеттілікті бағалау..................................50
3.3 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің даму перспективасы және несиелеу механизмін жетілдіру................................................................................................57
Қорытынды мен ұсыныстар......................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................66
Елімізде экономика саласына жетік мамандар үлкен сұранысқа ие болып отыр. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Әділбек Смағұлов осындай бірегей тұлғалар санатына кіреді. Ол кісі кәсіпкерлікті қолдаудың ең тиімді үлгісі – лизинг ұғымын Қазақстанға алғаш жеткізуші. «Қазақстандағы лизингтің атасы» атанған ғалым келесілерге тоқталып өтті.
«Біздің елімізде нарықтық экономиканың шарттарына сәйкес несие ерекше роль ойнап отыр. Осыған байланысты несие мәселесі және оның мәні көптеген отандық және шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілердің негізгі ой бөлісетін саласы болып табылады. Корпоративтік борышкерлерді несиелендіру саласы еліміздің бірден – бір приоритетті бағыты. Корпоративтік борышкерлерді несиелендіруді жетілдіре отырып,біз халықтың әлеуметтік жағдайын көтере аламыз».
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Б. Злябикова[20] «Несие банк қызметінің бірден – бір кілті болып табылады, сонымен қатар көптеген банктердің кіріс алудағы ауқымды көзі болып әрдайым қала береді. Бірақ несие беру кезінде банктің сенімділігі мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төнеді. Бұл үшін несие беру кезінде банк үлкен тәуекелге барады. Сондықтан несие беру кезінде банктің басты тапсырмасы болып табыспен қамтамасыз ететін ссудалық операциялар портфелін тұрақты басқару болады » деп өз көзқарасын білдірген.
Шетелдік тәжірибеші Так Стивен өз ойын былай көрсеткен: «Бүгінде тұтыну несиесі Қазақстан экономикасы мен қаржылық секторын құраушы ең қажет ақша көзі. Қазіргі уақытта тұтыну несиесі дамудың ортаңғы белесінде жүр ».
Елбасы жолдауында даму әлеуеті жоғары ауылдарда инфрақұрылымдарды дамытып, кәсіпкерліктің жаңа жобасын жасап шығару, кәсіпкерлікке үйрету тапсырылған болатын. Осы ретте ауылға өз кәсібін қолға алудың жаңа мүмкіндіктері ашылып отыр, деп атап өтті индустрия және технологиялар министрі Әсет Исекешев.
Ахметова К.Ж. және Күлмамирова М.Ж. «Аз қамтылған халық пен дамушы кәсіпкерлерге мемлекеттік әлеуметтік саясат үлкен қолдау көрсетіп отыр. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті несиелендіруге барлық жағдай жасалған. Бұл микронесиенің дамуына жол ашады» деп өз ойларын айтқан.
Ағылшын экономисі Дж.Лонның ойынша «Несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар» деп қарастырады.
Ұлы экономист Дж. Кейнс [14] пен оның ізбасарлары мынадай қағиданы ұстанған: «Экономиканы несиемен реттеудің принциптерімен негіздеу қажет, экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге болады ».
Ағылшын экономистері Г.Макмед, Ф.Хоутри [9] «Несие пайда әкеледі, сондықтан ол «өндіргіш капитал» болып табылады деген. Ал, банктер «несие фабрикасы» деп көзқарастарын білдірген.
«Несие – бұл
өмір сапасының жоғарырақ
«Жинақ банкі» АҚ-тың Еншілес Банкінде «Жинақ банкі» АҚ ЕБ басқармасының төрағасы Олег Смирновтың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі өткен болатын. Банктің қаржылық жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары және болашаққа арналған жоспарлар кездесудің себебіне айналды.
ҚР экономикасының басым салаларында корпоративтік борышкерлерді несиелеу және тұрақты да қаржылық тұрғыда тұрлаулы кәсіпорындарды несиелеу есебінен несие ресурстарын орналастыру операциялары саласындағы «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің белсенді жұмысының нәтижесінде корпоративтік борышкерлердің несиелік портфелі 7,43 млрд. теңгеге ұлғайған. Қазіргі кезде Еншілес Банктің 25 мың салымшысы бар және ол активтер көлемі бойынша банктер рейтингінде 14-ші орын алғанын, яғни елде корпоративтік борышкерлерді несиелендіру саласының жоғарылап келе жатқанын баяндады.
Жаңа тұрғын үйді алғысы келетіндерге таңдау мүмкіндігі туады. Бұрынғы бюджетті жоспарлау және экономика министрі Қайрат Келімбетовтың сөзі бойынша, қазақстандықтар тұрғын үй нарығында өздері таңдау жасайды, тұрғын үйді қалай алуға болады - ипотекалық несие, тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі, әлде әкімшілік арқылы пәтер сатып алу. Аймақтық атқарушы органдар заңнамаға және үкімет шығарған механизм арқылы құрылыс жұмыстарын анықтап, банк несиелендіру келісімін жүргізеді.
2004 жылдың 25 мамырында
Астана қаласында Қазақстан
«Банктердің ставкаларды түсіруі олардың жаңа тұрғын үй саясатына үлкен қадамы» - деп А.Дунаев айтқан болатын.
Анвар Сайденовтың айтуы бойынша: «Бағдарламамен қатар тұрғын үйлер өздері құрылуда». Ұлттық Банк те бұл реформамен айналысады, тек заңнама негізінде. Капиталды шетелге шығаруды қысқартатын заң жобасы жасалды. Валюталық режимнің жаңа либерилизация концепциясы халыққа ешқандай шектеусіз шетел банктерінде шот ашуға жол ашты. Ал отандық қаржыгерлерде шетел жұмыстарымен ұзақ мерзімді келісім жасауға мүмкіндік береді.Нәтижесінде,бұл тәртіп теңгені толығымен айырбасталатын валютаға айналдырады.
Қазақстан қаржы нарығындағы жаңа өнім - ипотека пайда болды. Ипотека - бұл қаржы нарығына да, жылжымайтын мүлік нарығына да әсер етеді.
Батыс тәжірибешілерінің пікірінше, ипотеканы енгізу және дамыту - бұл ең маңызды саяси шешімдердің нақты бір түрі.
Соңғы уақыттарда жылжымайтын мүлікке бағаның өсуі байқалып отыр. Ипотеканы енгізу - бұл бағаның өсуіне әсер етті деген де пікірлер бар.
Ұлттық Банктің бұрынғы төрағасы Г.Марченко өзінің теледидарға берген сұхбатында, тұрғын үйге бағаның өсуіне мынадай факторлар әсер етеді деп атап өткен. Олар:
«Цеснабанк» АҚ–ның басқарма председателінің орынбасары В.В. Зражевский «Қарапайым несие қызметінің табысты дамуы банктің дұрыс стратегиясының қалыптасу негізіне байланысты » деген болатын.
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жетекші маманы В.А. Бузуев «Несие бұл кез–келген банк үшін ең үлкен негізгі тәуекел. Себебі коммерциялық банктердің кіріс көзінің ауқымды көлемін несие алады. Осының алдын алу үшін мына мәселелерді қарау керек:
Бөлім 2 «Альянс Банк» АҚ-ның ұйымдық – экономикалық сипаттамасы және қаржылай жағдайын талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ ның ұйымдық – экономикалық сипаттамасы
Альянс Банкі өз тарихын 1993 жылғы 7 шілдеде Павлодар қаласында (Павлодар облысы) Қазақстанның алғашқы аймақтық банкілерінің бірі «ИртышБизнесБанк» ААҚ құрылуынан бастады.
1999 жылғы 13 шілде «ИртышБизнесБанк» ААҚ «Семипалатинский городской банк» ААҚ бірікті. Жаңа «ИртышБизнесБанк» ААҚ Алматы, Астана, Екібастұз, Павлодар, Семей және Өскемен қ.қ. филиалдарымен қатар Павлодар қ. бас офиске орналасады. Бірігу 1993 жылдан бастап осы құрылымдармен жинақталған банк қызметінің тәжірибесін интегралдады, сондай-ақ оларды Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысына бағытталған аймақаралық банкіге ауыстырды.
2001 ж. жазында «Иртышбизнесбанк» ААҚ акционерлерінің ауысады. Жаңа иегерлер - құрамында «Алматы Құс» ААҚ, «Астық Астана 2030» ЖШС, «Корпорация Байт» ЖШС және т.б. қазақстандық компаниялардың консорциумы «Иртышбизнесбанк» ААҚ басқаруға аса ірі қазақстандық банкілердің бір қатар жетекші мамандарын тартты.
2002 жыл (13 наурыз) – «ИртышБизнесБанк» ААҚ-нан «Альянс Банкі» ААҚ-на қайта тіркелу. (наурыз - сәуір) Бас офистің Павлодар қ. Алматы қ. көшуі. Банкінің Петропавл қ. (Солтүстік Қазақстан облысы) филиалы ашылды, жарғылық капитал 2,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, Банк тарихында алғаш рет ресей банкілерінің тобынан $6 млн. синдикатталған қарыз тартылды және сондай-ақ 3 млрд. теңге сомаға бағынышты облигацияларды шығару жүзеге асырылды. Жыл қорытындылары бойынша «Альянс Банкі» Қазақстан Республикасының аса ірі он банкілерінің қатарына енеді және активтердің өсу динамикасы бойынша алдыңғы қатарда - 168%.
2003 ж. 2 қыркүйекте Moody’s Investors Service жетекші рейтингтік агенттігі Альянс Банкіне «тұрақты» деген болжаммен алғашқы E+/Ba3/NP кредиттік рейтинг ұсынды.
2003 ж. 19 желтоқсанда Альянс Банкі батыс банктерінің синдикатынан 10 млн. АҚШ доллары сомасына синдикатталған қарыз тартты.
2004 ж. Альянс Банкі банкілік ақпарат жүйесін автоматтандыру және оны сертификаттау бөлігінде бухгалтерлік есепке алудың халықаралық стандарттарына көшті.
Альянс Банкі Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қазақстандық қор жүйесінің ең бірінші қатысушысы болды. (ИККҚЖ).
2005 ж. қаңтарда Банк өз қызметінің нәтижелері бойынша 2002-2003 ж.ж. «The Banker» халықаралық қаржы баспасының нұсқасы бойынша ТМД-да және Орталық Еуропада ең қарқынды дамушы банк деп танылады.
2005 ж. сәуірде Альянс Банкі «Euromoney» халықаралық беделді журналының сыйлығына ие болады. Ол 2 номинация бойынша: Қазақстанда тұрғындарға қызмет көрсету бойынша ең үздік банк және корпоративтік басқару бойынша жетекші банк ретінде белгіленді.
Қазақстанда Альянс Банкі жеке тұлғаларды кредиттеу жөніндегі абсолютті жетекші болды. 2006 ж. 1 қыркүйектің жағдайы бойынша кредиттік қоржын мөлшері жылдың басынан бастап 3,8 есеге ұлғайып, 208,4 млрд. теңгені құрады. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығындағы Банк үлесі 18,2% құрады. Қаңтардан бастап тамыз бойынша берілген Қазақстандағы 30% аса кредит Альянс Банкінде рәсімделген.
2007 ж. мамырында Альянс Банкі Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкінің (ЕҚДБ) тиісті бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік процесін дербес басқару мүмкіндігін алды.
Осы кезге дейін пайдаланылған «Казкоммерцбанк» АҚ байланыс арналарына тоқтамастан, халықаралық VISA International төлем жүйесімен тікелей қосылуды белгілейді. Осы қадам Банкінің төлем карталары үшін транзакциялық операциялар бойынша тарифтердің кешенді төмендеуін хабарлауға мүмкіндік туғызды. Альянс Банкі Лондон қор биржасына (GDR) ғаламдық депозиттік қолхат түрінде 17,4% жай акционерлік капиталды орналастырды. Ұсыныстың жалпы құны 704 млн. АҚШ долларын құрады. 2008 ж. Альянс Банкі тұтынушылық кредиттеу моделін түзетті және дербес тұтынушылық кредиттен жақсы кредиттік тарихы бар клиенттерге жаңартпалы кредит карталарын беруге көшті.
Альянс Банкі меншік
процессинг орталығын жетілдіруді
ойдағыдай аяқтады. Альянс Банкінің
төлем карталарының қызметі «Компас
плюс» ресей компаниясынан
Альянс Банкінің басты акционері – «Сеймар Альянс» Қаржы корпорациясы ақпанда Банк акцияларының бақылау пакетін «Самұрық-Қазына» қорына сату туралы келіссөздер жүргізуді бастайды.
Наурызда экономиканы
қолдау жөніндегі мемлекеттік
Альянс Банкі әлемдік қаржы дағдарысынан туындаған өтімділік проблемасына байланысты сәуірде борышты қайта құрылымдау ұсынысымен кредиторларға жүгінді.
Банкінің жалпы жиналысында кредиторлардың көпшілік дауысы (95,1%) желтоқсанда Қайта құрылымдау жоспарын мақұлдады. Өзгелердің қатарында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен және халықаралық қаржы институттарының тобымен Банкінің акционерлік капиталына енуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.