Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін банктік несиелеудің өте зор маңызы бар. Ол ұйымдардың тауар алмасуларына, сонымен қатар қарыздық ресурстарды даму мақсатында пайдалану үшін тиімді.
Несиелеу банктің аса тұғырлы қызметі ретінде өндірістік процестің үнемі даму жолында болуын, халық шаруашылық экономикасын дамытуда және де кіріс әкелетін өзге де операцияларды жүргізуде маңызды орын алады. Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар жасалған, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Бөлім Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің теориялық негіздері
1.1 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің негізгі мәні........................................................7
1.2 Корпоративтік борышкерлерді несиелеу шарттары мен этаптары......................................13
1.3 Несиелендіру мәселелері ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде...............................................................................................................18

2 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–экономикалық сипаттамасы
2.1 «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–құрылымдық сипаттамасы....................23
2.2 «Альянс Банкі» АҚ-ның экономикалық нәтижелері........................................31

3 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары
3.1 «Альянс Банкі» АҚ-да корпоративтік борышкерлерді несиелеу операцияларының ұйымдастырылуы......................................................................................................40
3.2 «Көктем» АҚ негізінде несиелік қабілеттілікті бағалау..................................50
3.3 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің даму перспективасы және несиелеу механизмін жетілдіру................................................................................................57
Қорытынды мен ұсыныстар......................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

занды дипломка.doc

— 572.50 Кб (Скачать документ)

-        несие шарттарының орындалуын және өтелуін қадағалау.

Несие алуға өтініш. Несие  алғысы келген клиент банкке өз өтінішін ұсынады. Өтініште алғысы келген қаржы  мөлшері, мақсаты, уақыты көрсетіледі. Сонымен қоса банк қаржы алу себебінің  құжаты мен қаржылық есепті талап  ете алады. Бұл құжаттар өтініштің маңызды бөлігі. Олардың тиянақты қорытындысы келесі сатыларда жүргізіледі. Банк өкілі қарыз алушымен алдын – ала сұхбат жүргізе отырып, келісімнің тиімділігін анықтайды. Өтінішке қосымша тіркелетін құжаттарға келесілер кіреді:

1) Қаржылық есеп. Соңғы 3 жылдағы кірістері мен шығыстарының есебі. Теңгерім жыл соңында жасалады және активтер құрамын, кәсіпорынның міндеттері мен капиталын көрсетеді. Кіріс және шығыс есептері бір жылдық айналымды қамтиды, сонымен қатар кәсіпорынның кірістері мен шығыстары, таза пайдасы, қаржысының бөлуі баяндалады.

2) Кассалық түсімдердің  қозғалыс есебі. Кәсіпорын баланстың  екі мерзіміне құралады және  қордың қозғалыс өзгерісін анықтайды.  Бұл есеп ресурстарды пайдалану  бейнесін, қордың құрылу мерзімін  және кассалық түсімдердің жетіспеушілігін анықтайды.

3) Ішкі қаржылық есеп. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  толық, дәлірек көрсетеді және  ресурс қажеттілігінің жылдық  қорытындысын береді.

4) Ішкі басқару есебі.  Жылдық балансты дайындау біраз  уақыт алатындықтан банк кәсіпорын басшылығы үшін дайындалатын жедел есепті талап етуі мүмкін. Бұл операциялар, инвестициялар дебиторлық және кредиторлық қарыздарды көрсететін құжаттар.

5) Қаржыландыруды болжау. Болжам болашақ саттықтың бағасын,  шығындарды, дебиторлық қарыздарды, қолма – қол ақшаның қажеттілігін тағы да басқаларды анықтап отырады.

6) Салық декларациясы. Бұл қосымша ақпарат алудың  маңызды көзі. Мұнда өзге құжаттарда  тіркелмеген мәліметтер болуы  мүмкін. Сонымен қатар, қарыз алушының  салық салуда жалтарғандығының бар жоғын көрсетеді.

7) Бизнес жоспар. Жаңадан  құрылып жатырған кәсіпорындарда  қаржы есебі және өзге құжаттары  бола алмағандықтан банкке өздерінің  бизнес жоспарын ұсынады. Бизнес  жоспарда несиені алу мақсаты,  операцияларын журізу әдістері  тағы да сол сияқтылары көрсетіледі.

Өтініш несиелендіру қызметкеріне түскеннен кейін, ол қарап шығып болашақ қарыз алушымен, яғни кәсіпорын басшысымен көзбе – көз сұхбат жүргізеді. Бұл сұхбаттың маңызы зор. Өйткені, несие өтінішінің көптеген маңызды бөліктерін анықтауға, қарыз алушының психологиялық портретімен танысуға, кәсіпорынның басқарушы құрамының дайындығын және болашақта дами алуының шынайы бейнесін көрсетеді.

Клиенпен сұхбат жүргізу. Сұхбат барысында кәсіпорын жұмысының барлық аспектілерін білуге тырыспау керек; Сұхбат алушы банк үшін маңызды деген сұрақарды қоюы керек; Сұрақтарды алдын – ала топтарға бөліп алу қажет. Мысал ретінде келесі сұрақтар көрсетіледі:

Клиент және оның кәсіпорны  жөнінде мәлімет;

  • фирма жеке ме, біріккен кәсіпорын ба, корпорация ма;
  • кәсіпорынның құрылған уақыты;
  • айналысатын шаруасы;
  • иелері кім, қанша акция ұстауда;
  • менеджерлерінің мамандануы және еңбек тәжірибесі;
  • кәсіпорын табысты ма;
  • негізгі тұтынушылары;
  • өнім қандай шарттарда сатылады.

Несие алу бойынша  сұрақтар:

  • кәсіпорынның банктен алғысы келетін сомасы;
  • бұл сомма қалай есептеледі;
  • қаржылық болжамы дұрыс құрылған ба;
  • қарыз алудағы шарттарды ескерген бе;
  • клиент қарызды банке уақытылы қайтара ала ма.

Несиені өтеу бойынша  сұрақтар:

  • клиент несиені қалай өтейді;
  • операция барысында кәсіпорын қанша табыс түсіріп отырады;
  • клиенттің несиені өтеудің арнайы көзі бар ма;
  • кепілгер болатын жақ бар ма және оның қаржылық жағдайы;

Қарызды қамтамасыз ету  бойынша сұрақтар:

  • кепілге қоятын мүлік;
  • қамтамасыз ететін тұлға:
  • кәсіпорын клиенттің толық бақылауындама және оны сатуға боладыма;
  • мүлікті сатуға өзге біреудің рұқсаты керек пе;
  • кепілдік болатын мүліктің бағасын қалай есептейді.

Клиенттің өзге банктерге  қатысы жөнінде:

  • қазіргі уақытта клиент өзге қандай банктермен байланыста;
  • қарыз алу бойынша өзге банктерге жолықты ма;
  • клиент неге осы банкке келді;
  • өзге төленбеген несиелері бар ма.

Несиенің қабілеттілігімен танысу және тәуекелді бағалау.Толық сұхбат жүргізілген соң несие инспекторы несие беру немесе өтінішті қабылдау жөнінде шешім қабылдайды. Өтінішті қабылдамаған жағдайда клиентке оның себебін түсіндіру керек. Жүргізілген сұхбаттан соң несие инспекторы клиентпен жұмысты әрі қарай жалғастыруды шешсе, несие досьесін толтырып, клиент ұсынылған өтініші мен құжаттарын несие қабілеттілігін анықтайтын бөлімге жібереді. Бұл жерде қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайымен тереңірек танысады. Бұл жерде несие инспекторы бөлім қызметкерлерінің қайсысы экспертиза жүргізуге жақсы үйлесетінін тағайындайды.

Егер клиенттің ұсынып отырған қамтамасыз ету мүлкін бағалау керек болса, тәжірибелі аналитиктің қорытындысына жүгінеді. Өйткені бұл қиын процедура болып табылады. Ал егер несие агенствосынан мәлімет алу керек болса, мұнымен жай қызметкер айналыса алады. Несие инспекторы қызметінің жоғары деңгейде болуы оның дұрыс қызметкерлерді таңдап қоя білуінде жатыр.

Несие қабілеттілігін анықтау  бөлімінің қызметкері ең алдымен өз банкінің мұрағатына сүйенеді. Егер клиент бұрын соңды несие алған болса, мұрағатта барлық мәлімет сақталып тұрады, сол арқылы қарыз уақытылы төленіп отырды ма, өзге бұзушылықтар орын алды ма біліп отырады.

Өзге де мәліметтерді клиенттің бұрынғы қаржы немесе банк ұйымдарынан да алуға болады. Сонымен қатар несие қабілеттілігінің анықтау бөлімі арнайы мамандандырылған несие агенстволарының қызметіне жүгініп, кәсіпорынның қаржылық жағдайы жөнінде мәлімет ала алады. Есепте кәсіпорын тарихы, оның операциялары, өндіріс нарығы, филиялдары, қарыз мөлшерлері және т.с.с баяндалады.

Өтінішті қабылдау барысында  несие инспекторы жоғарғы қызметтегі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуге және компанияны жұмыс орнын қарауға құқылы. Кәсіпорынның әкімшілік, маркетинг және операциялық, қаржылық ісінің қызметкерлер біліктілігін анықтау да өте маңызды.

Келісім – шарт аяқтауға дайындық. Өтініш сәтті аяқталған соң банк несие келісім – шарттарын дайындайды. Банк қаржының құрамын көрсетеді:

  • несие түрі;
  • сомма;
  • мерзімі;
  • өтеу әдісі;
  • қамтамасыздандыруы;
  • несие бағасы;
  • т.б. шарттар.

Осылай бөліп қарастыру несие келісім – шартқа  оң әсер етеді. Егер банк келісім – шартта өте аз  мерзімді көрсетсе, қарыз алушының дұрыс жұмыс атқаруына капитал жетейді. Содан өнім ұсынуы немесе қызмет көрсетуі жоспарлағандай өспейді. Ал керісінше банк клиентке жеңіл шарттар ұсынса, қарыз алушы ұзақ уақыт бойы алған несиесін бақылаусыз ұстауы мүмкін. Несие сомасын дұрыс анықтап алмау да көптеген мәселелерге әкеледі.

Несие инспекторының алғашқы қадамы – несие түрін анықтау. Бұл несие мақсатына, операция түріне, қаражаттың не үшін керектігіне, несиені өтеу түріне байланысты.

Несие түрін анықтаған  соң несие инспекторы несиені беру немесе бермеу туралы қорытынды шығарады. Егер клиенттің қандай болмасын бір жағдайы банк саясатына қарсы келсе, несие беруден бас тартылады. Сондықтан несие инспекторы соңында барлық жиналған мәліметтерді сараптап, соңғы шешімді қабылдайды.

Егер қорытынды оң нәтижелі болса, онда соңғы несие шарттарымен танысуға жіберіледі де, келісім – шарт банктің қаржы комитетіне бекітілуге жіберіледі.

Несие келісім – шартында екі жақтың да барлық шарттарын көрсететін құжат тіркеледі. Оның негізгі бөлімдері:

  • куәліктер мен кепілдіктер;
  • несие сипаттамасы;
  • міндетті шарттары;
  • тыйым салынған шарттары;
  • несие шарты орындалмаған жағдайы;
  • шарт бұзылғанда қолданылатын санкциялар.

«Куәліктер мен кепілдіктер» бөлімі қарыз алушы үшін мыналарды білдіреді:

  • сертификатының растығын;
  • несие келісім – шартына отыра алуын;
  • салық салуда қарызының жоқтығын;
  • активтарын пайдалануына толық құқығын;
  • банкке белгілі активтен өзге активінің жоқ екендігін.

«Несие сипаттамасы» бөлімінде несие шарттары, қаржы  түрі, сомасы, несие өтеу түрі, пайыз мөлшерлемесі көрсетіледі.

«Міндетті шарттар» бөлімінде қарыз алушының барлық несиені өтеу мерзімінде орындауы қажет ережелері анықталады.

«Несие шарты орындалмаған»  бөлімінде шарт орындалмаған немесе келісім бұзылған жағдайлар болса баяндалады.

Несие келісім шарттарының бәрінде жоғары да аталған бөлімдер бола бермеуі дмүмкін. Келісімге банк өкілі және кәсіпорын, керек кезінде кепілгер де қол қояды. Соңында барлық құжаттар жинағының бір данасы клиентке, екіншісі банкте қалады. Артынан бұл құжаттарға кәсіпорынның есебі, жазбалары, телефон сұхбаттары т.с.с тіркеліп отырады.

 

 

1.3 Несиелендіру мәселелері ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде

 

Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан  халқына Жолдауындағы міндеттерді  шешу ең бірінші мемлекеттік және мүдделі органдардың жұмысының келісімділігі және тиімділігіне байланысты болады. Тәжірибе көрсеткендей, дағдарысқа қарсы шараларды жедел жүзеге асыру үшін жұмыстың жаңа әдістерін енгізу қажет.

Азаматтар мен Үкіметтің  дағдарысқа қарсы бағдарламасына қатысатын шағын және орта кәсіпкерлік құжаттарын рәсімдеу мерзімдері мен әкімшілік кедергілерді барынша қысқарту үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті Қазақстан қаржыгерлерінің ассоцияциясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тұрақтандыру бағдарламасының серіктестері – екінші деңгейдегі банктерде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс орындары ашылып, олар жеке және корпоративтік борышкерлерге ХҚКО қызмет түрлерін, оның ішінде жылжымайтын мүлік, кепіл және корпоративтік борышкерлерді тіркеу бойынша қызметтер көрсетуде. Шағын және орта бизнес үшін несиелерді рәсімдеу және ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін қажетті құжаттарды қабылдау және беруді ХҚКО жедел топтары екінші деңгейдегі банктерде жүзеге асырады. Сонымен қатар, қызмет көрсету мерзімдері санатына қарай тиісінше 15 күннен 7 күнге және 5 күннен 3 күнге дейін қысқартылды. Жекелеген қызметтер 1 күн ішінде көрсетілетін болады.

Президенттің Қазақстан  халқына Жолдауында көрсетілгендей, дағдарысқа қарсы жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті өндірушілердің қоры барынша қолданылуы керек. Жолдауда «Егер бүгінгі таңда тиісті өндірістер жоқ болса, оларды құру қажет, бұл бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады» делінген. Бүгінгі таңда, заңшығарушылық деңгейде жаңа бизнес ашу үшін барынша ыңғайлы және жедел жағдайлар жасалған.

Өткен жылы «Корпоративтік борышкерлерді мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңға түзетулер енгізілді және олар кәсіпорындарды тіркеуде кездесетін әкімшілік кедергілерді төмендеткен болатын. Енді, республикада орта және ірі бизнес субъектілерін тіркеу үшін бірегей мерзімдер енгізілді. Кәсіпкерлердің фирмалары бірыңғай жарғы негізінде жұмыс істеген жағдайда тіркеу куәлігін он күн емес, бар болғаны 3 жұмыс күні ішінде ала алады. Фирманы салықтық қарызы болған жағдайда да тіркеу мүмкіндігі берілді, тек, қарыз көлемі 1 айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Кәсіпорынды тіркеу куәлігі  мен құрылтай құжаттарының көшірмесін алу да жеңілдетілді. Бұл үшін қажетті құжаттардың тізімі заңнамалық түрде бекітілді. Бизнесмендерге жекелеген инспекторлардың заңсыз талаптарын орындап, бұл рәсімге қажетсіз көптеген құжаттарды беру қажеттілігі болмайды. Заңды тұлғаны тарату үшін қажетті құжаттар тізімінен статистикалық карточка алып тасталынды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша атқарылған тағы бір шара – корпоративтік борышкерлер, филиалдар және өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу үшін төлем ставкаларын төмендету болды. Бұрын тіркеу сомасы айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланыст болып, 20 000 теңгені құрайтын, енді кәсіпкерлер фирмасын тіркеу үшін 7 600 теңге, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері одан да аз – 2 280 теңге төлейді.

Дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыру аясында корпоративтік борышкерлерді мемлекеттік тіркеуді жеңілдету мәселелері бойынша Заң жобасы дайындалды. Жобаның мақсаты – шағын бизнес субъектілерін тіркеу мерзімін 3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін, басқа корпоративтік борышкерлер үшін 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту, жарғылық капиталдың 25 пайызын құрау туралы міндеттемені жою және жарғылық капитал мөлшерін 100 айлық есептік көрсеткіштен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 127300 теңгеден 12730 теңгеге дейін қысқарту болып табылады. Қазіргі уақытта заң жобасы келісімнен өтуде.

ХҚКО қызметіне электрондық  қызметтерді енгізу бойынша Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бірлескен  жобаны атап өткім келеді. Алғашқы  электронды қызмет – жылжымайтын  мүліктің бар-жоғы туралы ақпараттық анықтама беру қызметімен Астана тұрғындары қолдана алады. Электронды сандық қолы бар азаматтар бұл қызметті Интернет арқылы ала алады. Интернетке қол жетімділігі, электрондық санды қолы жоқ азаматтардың ХҚКО барып, 30 минут ішінде заңдық күші бар анықтама алу мүмкіндігі бар.

Информация о работе Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары