Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:59, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін банктік несиелеудің өте зор маңызы бар. Ол ұйымдардың тауар алмасуларына, сонымен қатар қарыздық ресурстарды даму мақсатында пайдалану үшін тиімді.
Несиелеу банктің аса тұғырлы қызметі ретінде өндірістік процестің үнемі даму жолында болуын, халық шаруашылық экономикасын дамытуда және де кіріс әкелетін өзге де операцияларды жүргізуде маңызды орын алады. Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар жасалған, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Бөлім Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің теориялық негіздері
1.1 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің негізгі мәні........................................................7
1.2 Корпоративтік борышкерлерді несиелеу шарттары мен этаптары......................................13
1.3 Несиелендіру мәселелері ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде...............................................................................................................18
2 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–экономикалық сипаттамасы
2.1 «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–құрылымдық сипаттамасы....................23
2.2 «Альянс Банкі» АҚ-ның экономикалық нәтижелері........................................31
3 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары
3.1 «Альянс Банкі» АҚ-да корпоративтік борышкерлерді несиелеу операцияларының ұйымдастырылуы......................................................................................................40
3.2 «Көктем» АҚ негізінде несиелік қабілеттілікті бағалау..................................50
3.3 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің даму перспективасы және несиелеу механизмін жетілдіру................................................................................................57
Қорытынды мен ұсыныстар......................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................66
Несиелеу объектісі, сонымен қатар, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын корпоративтік борышкерлердің сатып алатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
Мына объектілер несиелеуге қабылданбайды:
Әдетте, ссудаларды қарыз алушыларға беру, бұрын берілген ссудалар бойынша мерзімі өтіп кеткен қарызының шартында жүзеге асырылады. Жеке жағдайларда, егер қарыз алушылар ұзақ мерзім бойына қарызы болмаса және ол жақын уақытта өтелетін болса, ссудалар банк басшыларының шешімімен берілуі мүмкін.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары тұрақсыз қаржылық жағдайдағы, төмен рентабельділігі бар қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек қана оның қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі–бір аймақтың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілігінен туындауы мүмкін.
Несиелеуді экономикалық–
Демек, несиелік механизмге несиенің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және мазмұны және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.
Несиелік механизм банктердің дербес несиелік саясаттарымен, банктік қызметке байланысты заңдармен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады.
Жалпы алғанда, несиелеу
элементтерін (субъект, объект, қамтамасыздандыру)
бір-бірінен ажыратуға
Осы сұрақтардың шеңберінде несиелеу жүйесінің тағы бір элементі туындайды – бұл сенім. Ол несие түсінігінің өзінен пайда болады: латын тілінен аударғанда «credo» «сенемін» дегенді білдіреді. Несиелеуде екі жақ – несие беруші мен қарыз алушы қатысатыны белгілі. Олардың арасында ссудаланатын құн қозғалысы жүреді.
Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың зайымдық және меншікті қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім – шартта анықталады.
Шаруашылық айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге, сондай-ақ берілуге жататын несие мөлшеріне әсер етеді.
Қазіргі кездегі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді. Бүгінгі жағдайдың бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы – ол уақытта несиелік мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Шынында да төменгі банктермен жинақталатын барлық ресурстар КСРО Мемлекеттік банкі Басқармасында орталықтандырылған түрде жинақталып, қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп отырған. Сондай несиелеу шегінде сол немесе басқа аймақтың клиенттерін несиелеген. Банк бөлімшелерінің ол уақыттарда қаражат жинақтауға деген ешқандай да мүдделері болмаған және олардың активтері пассивтерінен тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған қаражаттарына байланысты. Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасқан пайда мөлшерін көрсетеді.
Қазіргі кездегі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.
Қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.
Қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен банк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.
Қалыптасып отырған қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі – бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы–материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.
Жаңа несиелеу жүйесі дәтүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде қамтамасыз етілу қағидалары және мерзімділік, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың бірқатарының мазмұны түбірімен өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.
Несиелердің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болады. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.
Қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.
Жалпы алғанда, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды .
1.2 Корпоративтік борышкерлерді несиелендіру шарттары және этаптары
Несие шарттарының өзіндік мағынасы оның базалық элементтері, яғни несие объектісі, субъектісінің негізінде орын алады.
Бұл банктің кез – келген клиентті несиелендіре алмайтынын білдіреді. Несие алғысы келетіндер саны көп болғанымен, олардың ішінде сенімді және несие уақытылы, үстемдік пайыздарымен төленіп отыратындай болуы тиіс. Банк несиелік қатынасқа түсерде қарыз алушымен оның несие қабілеттілігін, өтімділігін, тауар нарығының жағдайын, өткен жұмыс тәжірибелерін де ескеретіндігі таң қалдырарлық жағдай емес.
Тағы бір айта кетерлік жағдай, ол несиенің объектісі болып табылады. Несие объектісі ретінде қарыз алушының кез – келген қажеттілігі бола бермейді, ол оның уақытша төлемдік қиындықтарына, өнім айналысы мен шаруашылығын жандандыруына қажет болуы керек.
Несие жүйесінің тағы бір аса маңызды бір бөлігі – келісімшарт. Шаруашылық қажеттіліктерінен туған банктер тұтынушлардың талаптарын орындауға тырысады. Сонымен қоса несиелеу шартының екінші басында несиелеуші банк тұрады. Кей жағдайда банк пен клиенттің талаптары сәйкес келмей жатады. Банк өз қаржысын кімге ұсынатынын өзі шешсе, тұтынушының талабы көбіне шектеулі. Банктер, өзіміз білетіндей, белгіленген шекте, өз қаржы ресурстарының көлемінде және орталық банктің экономикалық нормасы шегінде қызмет етеді.
Тұтынушыға берілетін несие көлемі банктің өзіндік және тарлған қаражат өтімділігі, пассивтері мен активтерінің уақытына тікелей байланысты.
Қарыз алушыны несиелендіру ондағы тәуекел деңгейіне қарайды. Банк қарызды тәуекелі жоғары, қайтарымдылығына кепіл жоқ клиентке ұсынбайды. Клиент өз мүмкіншілігін, өзінің төлем қабілеттілігін бағалай білуі керек.
Несиелеудің тағы бір шарты оның қайтарымдылығы және жедел болу жатады. Егер клинет шарттардың бірін бұзса, келісім – шарт орындалмайды. Мұндай жағдайда банк өз қызығушылығына қарай несиелік шартты бұзып, несиенің тез арада қайтарылуын талап ете алады.
Қазіргі таңда несиелеу үшінші тұлғаның болуын, кепілдік затты талап етеді. Бұл несие қайтарылмай қалу тәуекелі туындағанда келісім – шарттың сенімдірек болуын қамтамасыз етеді.
Екі жақтың несиелік қабілеттілігін жоспарлау бұл келісім – шарттың негізі болып табылады.
Несиелеудің шарттары:
- келісім – шартта екі жақтың қарым – қатынасын жоспарлау.
Несиелік процесс алғашқы ссуданның берілген күнінен басталады. Дегенмен, осы кезге дейін де, содан кейінгі уақытта да банк пен клиент арасында несиелік қатынас жүріп отырады.
Несие алу ұсынысы банк тарапынан да, тұтынушы тарапынан да болуы мүмкін. Дамыған нарықтық қатынастар орын алған жерлерде банк өзіне клиент іздейтін жағдай көп орын алады. Клиентке өз қаражатын ұсына отырып, мақсат – міндеттерін, шарттарын да ескереді. Банк қызметі нарығын танып – білу, жеке тұтынушыларды бірігіп қызмет ету ұсыныстарының бәрі арнайы несиелік ұсыныс орындалмас бұрын анықталады.
Қазіргі таңда елде неиені алғысы келетіндер көп болып отыр. Жеке өндіріс иелері де, үкімет орындары да дағдарысты қатты сезінуде. Қазақстанның коммерциялық банктерге клиент іздеуге тура келмейді, керісінше қаржы алғысы келетіндер саны артып отыр.
Қазақстан экономикасының шынайы бейнесі қаржы мен өндірістің дағдарысын сезініп отырғанын көрсетеді.
Несиелендіру сатылары:
Несиелендірудің процесін бірнеше сатыларға бөліп қарастыруға болады. Оның әр қайсысы несиелеудің сенімділігін және пайдалылығын анықтап отырады: