Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:42, курсовая работа
Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар.
Жылдың басынан бастап теңгенің номиналдық девальвациясы 3,25% - ті құрайды. Теңгенің орта есеппен алынған айырбастау курсы 12 ай ішінде бір АҚШ доллары үшін 153,86 теңгені құрады. Айдың аяғына қарай ұлттық валютаның ресми курсы бір АҚШ доллары үшін 155,6 теңге деңгейінде белгіленді. 2006 жылғы биржалық операциялар көлемі 2005 жылдың желтоқсандық көрсеткішімен салыстырғанда 72,9% - ке ұлғайяды да, 24,6 млрд долларды құрайды. 2005 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша қор биржасындағы операциялар көлемі 6,3 млрд АҚШ долларын құрайды және өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 24,2% - ке өсті. Биржадан тыс валюталық нарықта 2005 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда операциялар көлемі 32,4% - ке ұлғайды. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап желтоқсан айына дейін банкаралық валюталық нарықтағы операциялар көлемі 4,7 млрд АҚШ долларын құрайды. Сөйтіп, Қазақстанның қаржылық нарығының жалпы дамуы мен елдегі экономиканың жағымды бағыт алуын банктерге дүниежүзілік ішкі нарықтар механизмдері арқылы қаржылық инструментерді белсенді пайдалану жолымен өз қызметін дамытуы мүмкін.
Ұлттық Банктің
пікірі бойынша, банк
Төлем карточкалары. Банк төлем карточкалары бойынша әр уақытта көш басшы болып келеді. Ол 2,4 млн теңгеден астам қаржыны құрайды. Карточкалық есепке түсетін түсімнің көлемі 363 млрд теңгеге жетсе, ал желтоқсан айында клиенттердің есебінен рекордтық көрсеткіш 47 млрд теңгег өсті. Төлем карточкалар бойынша қызмет ету желісі 2005 жылы 585 банкоматқа дейін көтеріліп, 3700 POS терминалдар мен импринттері бар. Қазіргі кезде қондырылған 112 банкомат, сондай ақ қосымша 300 банкомат сатып алынды. 2006 жылы Халық Банкінің 1000 банкоматы іске қосылды. 2005 жылдың 19 сәуірінде Қазақстанда бірінші рет «Мобилдік банкинг» жүйесі кіргізілді жыл бойы «Мобилдік банкинг» жүйесіне Қазақстандағы барлық мобилдік операторлар қосылды. 2006 жылдың қаңтарында мобилдік банкинг жүйесі бойынша миллион хабар жіберілді. Қазақстанда банк шотын мобилді телефон арқылы басқару жүйесінде «VISA CEMEA» мобилдік банк «VERIFIED by VISA» пилоттық жоба негізінде жіберілді. Қазіргі кезде бұл жүйемен 36 мыңнан астам клиенттер жұмыс істейді. Халық банкінің жеткен жетістіктері басқа елдерге, мысалы, Ресей Жинақ банкісіндегі әріптестеріне қарағанда ең аз мерзімде қол жеткізді. Халық банкінің бірінші миллионда жіберілген 10 ай, Жинақ банкі -17 айда қол жеткізді. Ресейлік банктердің төлем есеп карточкасы 1,8 млн- нан 12млн- ға дейін болды. Халық банкінің осы қол жеткізген статистикалық көрсеткіштері, клиенттері үшін ыңғайлы дербес тіркеу нәтижесінде болып отыр. Мұны қазір Халық банкінің барлық банкоматтарында жүзеге асыруға болады.
Халық банкінің сервиске тіркелген төлем карточкасы бар кез келген клиент, кез келген затты сатып алу, төлем төлеу, жалақы алу операцияларын жүзеге асыру барысында мобилдік телефодарында хабар арқылы ескерту алады. Хабар жұмыстың бағасы, орындалу мерзімі, өткізілетін орны туралы ақпарат береді. Одан басқа да берілген хабар сенімсіздік тудырса, онда тез арада 8080 хабарға арнаулы код арқылы карточканың жұмысын тоқтатып, есеп карточкасын басқа біреулердің заңсыз пайдалануына жол бермеу керек. Оперативті хабарлардан басқа «Мобилдік банкинг» жүйесіне қосылу кез келген уақытта банктің қатысуынсыз әртүрлі ақпараттарды білуге хабар жіберу арқылы ақшаның қалғанын, соңғы операциялар туралы мәліметтерді білуге болады. Жақын арада сервистің үшінші этапы – банк кодын клиенттің сим картасына орналастыру, яғни қорғалған төлемдерді және аударылған салымдарды мобилді телефондар арқылы жүзеге асырады. Халық банкі әлеуметтік жауапкершілігін арттыру нәтижесінде 2005 жылдың күрделі де пайдалы құрылымдарымен белгілі болды.
Халық банкінің карточкаларының орны ерекше, мәселен VISA Gold карточкасын пайдалана бастағанына 8 жылдай болды. Әсіресе, шет елде жүргенде бұл таптырмайтын нәрсе. Сонымен қатар VISA Gold карточкасын иеленушілерге қосымша JAPA карточкасы тегін беріледі. Бұл карточка бойынша шет елдік отелдер қызметін 50 пайыздық жеңілдікпен пайдалануға болады және басқа да пайдалы жақтары бар. Мәселен, сақтандыру қызметін пайдалану мүмкіндігін береді. Қажет болған жағдайда, егер шетелде жүргенде осындай мұқтаждық туып қалса, бұл карточкамен кез келген елде көмек алуға болады әрі қосымша AIG сақтандыру қызметі бар.
CARD TO CARD жүйесімен ақша аудару, Халық банкінің төлем карточкасын пайдаланушы клиенттеріне банкомат арқылы бір карточкадан екінші карточкаға ақша аудару қызметін жүргізеді. CARD TO CARD қызметі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: бұл қызмет түріне тәуліктің кез келген уақытында, демалыссыз әрі үзіліссіз қол жеткізуге болады. Операцияны банкомат арқылы, сонымен қатар аударылған ақшаны Қазақстан аумағында ад, шетелдердің бірінде жүріпте қолға алуға болады. Бұл қызметті пайдалана отырып, ақшаны кәдімгідей үнемдеуге болады, өйткені төленетін комиссиялығы өте аз әрі жіберілетін ақша сомасына байланысты емес.
Халық банкі өз клиенттеріне
банкке келместен, банкомат
Халық банкінің банкоматтар арқылы қол жеткізілетін операциялары:
Халық банкі сауда саласындағы
әр турлі елдермен
Сейфтік операциялар, ол банк өз клиенттерінің – жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың материалдық және өзге де құндылықтарының сақталуына мүдделілігін арттыру мақсатында сейфтік депозитарийдің абонент жәшігін келісім – шарт негізінде жалға беру қызметін ұсынады.
Маңызды құжаттар мен құнды заттарды банк депозитарийінде сақтаудың сөзсіз артықшылығы – сенімділік пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі. Бұған қосымша банк депозитарийінің тағы бір басымдығы – құндылықтар мен құжаттарды анонимді түрде сақтау мүмкіндігі және сақтауға салынған заттың құнын жариялау мүмкіндігі. Абоненттік жәшіктерді жалдау мерзімі шектелмейді, клиент оларды өзі қалаған мерзімге пайдалана алады. Бүгінгі күні Банк сейфтік депозитрийдің абонент жәшіктерін неғұрлым кең таралған көрсеткіштер бойынша ұсынады. Жалға берілетін абонент жәшіктерінің түрлері мынадай: кіші сейф, орташа сейф, үлкен сейф.Қазақсатан Халық банкі депозитарийінің сейф жәшіктері барлық жұмыс күндері ашық болады. Жалға берілген сейф жәшігін клиент өзі жеке пайдалана алады немесе тиісті түрде рәсімделген сенім хат негізінде әрекет жасайтын өз өкілдері арқылы қол жеткізуге болады. Сейфтік депозитарий қызметі үшін клиент белгіленген тарифке сәйкес комиссиялық сыйақы төлейді, сыйақы мөлшері жалға берілген жәшік мөлшеріне және пайдалану мерзіміне байланысты болады. Банк абоненттік жәшіктерді рұқсатсыз ашудан сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді. Абонент жәшігінде сақтаулы құндылықтарды клиент қайтыс болу жағдайын ескере отырып, кез келген адамның атына өсиет етуіне болады немесе мемлекетке мұраға қалдыра алады. Абонент жәшігінде сақтаулы құндылықтарды клиент сақтандыру ұйымдары арқылы да сақтауына болады. Жылжымайтын мүлікті пәтер, үй, жер, сату-сатып алу операциялары бойынша төлемді қолма – ақшамен жүргізу үшін клиенттерге сейфтерді пайдалану мен қатар делдалдық қызмет ұсынылады. Аталған қызмет сатып алу – сату мәмлесіне қатысушыларға, яғни Сатып алушы мен Сатушыға тікелей көрсетіледі немесе мәмлені іске асырушы және Банкпен жасалған Жеке сейфті жалға беру туралы шарты бар фирманың өкілі арқылы ұсынылады. Қолма – қол ақшаны сейфке салуды Сатып алушы Сатушының және Банк қызметкерінің қатысуымен жүргізеді. Жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату мәмлесі болмаған жағдайда ғана Сатып алушыға сейф ішіндегілерді алуға рұқсат етіледі. Сатушы сейфтен қолма-қол ақшаны алуды Сатып алушының қатысуымен және нотариалды расталып, техникалық инвентаризациялау бюросында тіркелген жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату туралы шарт ұсынған жағдайда жүргізіледі. Қолма – қол ақша сейфтен алынғаннан кейін Жалға беру шартының талаптары орындалған болып есептеледі.
Аударымдары «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары», «Экспресс- аударыдар», Маниграмма жүйелері боцынша жүргізу. «Экспрессс- аударыдар» жүйесі бойынша ақша аудару, Қазақстанның өз ішінде банк бұл жүйе бойынша ұлттық валютамен және банк шоттарын ашпастан жеке тұлғалардың ақшасын бір-біріне аударады. Жедел аударымдар республика аумағы бойынша 10-15 минуттің ішінде іске асырылады. Аударылатын ақша сомасы шектелмейді. Аударым сомасының пайда болуын тиісті құжаттармен дәлелдеу талап етілмейді. «Money Gram» жүйесі бойынша жеке тұлғалар аударымын қолма – қол шетел валютасымен іске асыру. Маниграмм Халықаралық ақша аудару жүйесі Банкте 4 жылға жуық сәтті қолданылып келеді және жедел жұмыс істейтін әрі сенімді жүйе болып табылады. Халық Банкінің бөлімшесінен рәсімделген жеке тұлғаның шетел валютасындағы ақша аударымы 10 -15 минуттың ішінде кез келген шетелге және «Money Gram» жүйесінің пунктері орналасқан Қазақстан аумағы бойынша жөнелтіледі. Ақшамен қатар клиент алушыға жеделхат түрінде жазылған, көлемі он сөзден аспайтын мәтіндік хабарды тегін жібере алады.
Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасына сәйкес резидент және бейрезидент жеке тұлғалардың Халық Банкі арқылы Қазақстанға немесе Қазақстаннан жіберілетін бір жылғы аударымдарының сомасы 10 000 АҚШ долларынан аспауға тиіс және бұл аталған аударым ақшасын жеке тұлға бір операциялық күнде бір рет ғана жүргізе алады.Мұндай аударымдар кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен және жылжымайтын мүлікке құқық иеленуімен байланысты болмауға тиіс. Сонымен қатар Қазақстан аумағы бойынша шетел валютасындағы бір жолғы аударымдар тек резиденттер арасында немесе бейрезиденттер арасында ғана жасалады. Аударым үшін түрленетін комиссиялық сыйақы аударылатын ақша мөлшеріне қарай ұсталады.
«Жеке
тұлғалардың жедел есеп
Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау. Банк өз клиентінің қолма-қол ақшасы мен шаруашылық қызметтен алынған түсімін оның банк шоттарына қабылдап отырады. Клиенттің өткізген қолма-қол ақшасы операциялық күннің ішінде түскен болса, сол күні бірден шоттарға аударылады, егер ақша операциялық күн аяқталған соң келіп түссе, клиент шотына келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей есепке алынады. Клиенттерге қолма-қол ақша беру алдын ала берілген өтінімге сәйкес орындалады, сонымен қатар Банк қолма-қол ақшаны өтінім түскен күні бірден бере алады, бірақ бұл жағдайда ұсталатын комиссиялық сыйақының тарифі жоғары болады. Кассалық аппараттарын салық органдарында тіркеуден өткізуге тиіс клиенттерге Банк олардың шотқа түсірген қолма-қол ақшасының сомасы туралы растамалық анықтама береді.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі