Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:42, курсовая работа

Краткое описание

Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

_аза_стан Республикасында_ы несие ж_йесi.doc

— 658.50 Кб (Скачать документ)

        Несиенің мәнін тану оның негізін  ашады, яғни несиелік қатынастар  туындайтын базада қарастыруын  ұйғарады. Несиенің мәнін ашып  көрсететін, несиенің негізін құрайтын  база неден тұратынын О.И.Лаврушкин  оның қайтарылуын есептеді. Ол  несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Несие ақшасын жарату, алу және оны пайдалану – қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық – несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

        Несиенің қайтарылуы – уақытша  пайдаланған нсиеленген құнды  несие берушіге қайтару процесі.  Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол  құнның ауыспалы айналымда аяқталатын  материалдық процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процес болып табылады, яғни оны мәмленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісім шартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

        Несиенің әлеуметтік – экономикалық  негізі оның қоғамдық сипатқа  тән екендігінде. Банкке, несие  берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез келген сәтте өзіне несие берушілерге талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылуы сияқты, несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау нәтижесінде оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады: несие беруші мен қарыз алушының несиелік құннның төлем мен жеделдікке негізделіп қайтарылым қозғалысына байланысты экономикалық қатынастар екендігінде.

     Несиенің  тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие – бұл несие капиталының қозғалысы. Несие кпиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал - бұл өз - өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал, капитал - өзінен - өзі өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы –несие капиталының өзінен - өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен - өзі өсім бере алмайды. Несие –кеңейтілген қайта өңдіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым –қатынасты көрсетеді.

      Несие  мәні қатынастардың несиенің  –қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма  – қол ақша, мақсатты сипат  сияқты маңызды принциптерімен анықталады. Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.

       Несиенің  қайтарылу принципі – қарыз  алушының несиені пайдаланғаннан  кейін несие берушіге уақытында  қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімде берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Несиенің  төлемділігі – қарыз алушыға  берілген несиенің уақытында  қайтарылуын және одан табыс  түсіруге несие беруші де, оның  тиімді пайдаланылуына қарыз  алушы да ынталы болады.

      Несиенің  жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген уақытта емес, несие келісім шартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді. Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз ету принципі несие келісім шартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.

       Несиенің  мақсатты сипаты несие берушіден  алынған қаражаттың мақсатқа  сай пайдалану қажеттілігін білдіреді.  Несие келісім шартындағы сәйкес  бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай – ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.

      Бұл  принциптердің барлығы бір –  бірімен өзара байланысты және  олардың бір уақытта қызмет  етуі несиенің мәнін ашады.  Осы принциптердің біреуі бұзылса онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады. 

 

        1.3 Несиенің формалары мен түрлері.

        Несиенің формасы - бұл несие қатынасының сырттай нақты көрніс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді.Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.

        Таңдап алынған жіктеу өлшеміне  қарай несиенің мынадай ең  маңызды формаларын бөліп көрсетуге  болады.

          - қызмет саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие ;

          - несие мәмілесінің обьектісіне қарай – ақшалай және тауарлық несие ;

         - несие қатынасының субьектісіне қарай – банктік, коммерциялық,         

            халықаралық, тұтынушылық несиелер.

 1 1.3 сызба. Несиенің негізгі формалары.       

               

 

                          Несие формасы



 

       Ұлттық

      Халықаралық



Ақшалай

Тауарлық

Ақшалай


 

Банктік

Коммерциялық

Тауарлық


 

Мемлекеттік

Тұтынушылық

Аралас


 

Ипотекалық

Лизингтік


 

Тұтынушылық


 

 

       Несиенің  тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарғанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Осы заманғы іс - тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал – жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын - теріннен кейін қайтарып отырады.

       Несиенің  тауарлы формасының негізінде  ақшалай несие формасы пайда  болып,дамиды. Ол осы заманғы нарықтық  шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша  айналыс пен төлемнің жалпыға  тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдалынады.

       Несиенің  тауарлық және ақшалай формаларымен  қатар олардың аралас формасы  да қолданылады.

         Несие формаларының көптеген  түрлері болады. Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық - ұйымдастырушылық белгілері бойынша несиеніңіс – тәжірбедегі нақты қосымшасы.

        а) Қазақстанда несие түрлері  былайша жіктеледі: несиелеу обьектінің  экономикалық белгілері бойынша:

          - айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несиелер;

          - негізгі құрал - жабдықтарды қалыптастыруға берілетін несиелер;

          - ТМҚ шұғыл қажеттілікке, сондай - ақ, нормативтен тыс қорлардың   

             уақытша қажеттілікке берілетін несие;

          - өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;

          - жол үстіндегі есеп айрысу құжаттары аясында берілетін несие,  

            аккредитивтер;

- төлем несиелері.

        ә) қамтамасыз етілуі бойынша:   

- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ - пен, кепілдікпен, сақтандыру келісім шартымен толық қамтамасыз етілген;

          - ішінара қамтамасыз етілген;

          - қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік.

        б) қайтарылу  мерзімі бойынша:            

          - қысқа мерзімді;

          - орта мерзімді;

          - ұзақ мерзімді;

        в) өтелу  тәртібі бойынша: 

          -   бөліп - бөліп төлеу;

          - бір жолғы өтеу;

          - кезен  сайын бір қалыпты өтеу.

        г) тәуекелді  деңгейі бойынша:

          - субстандартты;

          - стандартты;

          - күмәнді;

          - сенімді;

         - сенімсіз;

         - ұзартпалы.

       д) ақылығы  бойынша:  

         - қалыпты пайыздық мөлшерлемесі;

         - жоғары пайыздың мөлшерлемесі;

         - төмен пайыздың мөлшерлемесі;

         - пайызсыз.

        е) салалық бағыты бойынша:         

         - сауда - саттық несиесі;

         - өнеркәсіп  несиесі;

         - ауыл шаруашылық несиесі; 

         - құрылыс несиесі;      

ж) ашылатын шот түрлері бойынша:

      - жай ссудалық  шот бойынша несие;

      - арнайы ссуда  шоты бойынша несие;

      - контокоррентік  шот бойынша несие;

      - овердрафт бойынша  несие;

      - несие желісі  бойынша несие.

    Несиенің айрықша түріне  жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен  немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады. Ломбардтық несие негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.

     Жаңартпалы несие – ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісім сөзсіз автоматты түрде беріледі.

    Несие желісі қарыз  алушының алдындағы несие ұйымының  оған несие келісім шартының  белгіленген әрекет ету кезеңі  ішінде белгілі бір мақсатқа  және келісілген мөлшерде несиені  беру жөніндегі заң тұрғысынан  рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді. Овердрафт несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісім шарт шегінде беріледі.          

     Несиенің басқа формаларына  қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Комерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субьекті коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады. Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету. Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады. Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістің ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады. Қазақстанда ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының құлдырауынан, шаруашылық байланыстардың бұзылуынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасындағы сенімнің азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды. Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы алғашқысына вексельді, яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді. Бұл векскль банктен атаулы құннан төмен бағы бойынша ескерілуі мүмкін немесе оның кепілдігімен банк несиесін алуға болады. Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен әрдайым аралас болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі