Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:42, курсовая работа

Краткое описание

Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

_аза_стан Республикасында_ы несие ж_йесi.doc

— 658.50 Кб (Скачать документ)

2 – бөлім.  Қазақстан Халық Банкіне экономикалық  сипаттама.

2.1. Қазақстан  Халық Банкінің даму тарихы  және қаржылық жағдайы.

    Халық Банкінің тарихы – бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.

     Еліміздегі  алғашқы жинақ кассасы сонау  1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі  жаңа экономикалық қарым –  қатынастар қалыптаса бастаған  кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған  болатын, кейіннен ұжымдандыру  және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің бөлімшесі ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі төрт жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335 – ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт фабрикалардың өзінен, колхоз -  совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.

      Социалистік  қоғамда қалыптасқан әлеуметтік  – экономикалық және қаржылық  қатынастардың өзі әрбір кеңестік  азаматтың Жинақ банкі салымшыларының  қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.

      Жинақ  кассалары сонымен қатар мемлекеттік  қарыз облигацияларының, басқа да  бағалы қағаздарының кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен айналысты. Сондай – ақ оларға қор операцяларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік несие беру қалыптасып, біртіндеп дами бстады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шағарылды, оның үшеуі – натуралдық түрде болса, екеуі алтынмен есептелген болатын.

     1960 жылдың аяғына  қарай жинақ кассаларындағы салымшылар  саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 – 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805 – ке жетті.

     Қазақстандағы жинақ  ісі мен жинақ кассалары желісінің  кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлестеріне тиді 1960 жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметтерге төлейтін төлем ақыларын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт – фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді.

       Жинақ жүйесінің  одан әрі дамуы үшін ақша  бірлігін күшейтудің маңызы зор  болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген  реформа айналымдағы ақша массасын  бақылау және ақша шығаруды  шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен,  көздеген мақсатқа қол жеткізілмейді,  ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен шектелді.

       1963 жылдан бастап  жинақ кассалары Қаржы министрлігінің  құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің несие ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 1960 – жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына несие беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.

      1988 жылғы банктік  реформа бойынша банк жүйесін  екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы  банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ  кассалары КСРО Жинақ банкінің айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.

      Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздік пен  егемендікке қол жеткізуімен  жинақ ісінің дамуында үшінші  қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.

       1990 жылдың желтоқсанынан  бастап Қазақстан өзінің нарықтық  экономика талаптарына жауап  бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында – ақ «Қазақ ССР – індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым – «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.

      1995 жылдың аяғында  – ақ Қазақстан Халық Банкі  республикадағы ірі операциялық  банк болып танылды. Қазіргі  уақытта Банк қаржы рыногындағы  өзінің сол айқындамасынан ауытқымай,  қол жеткізген жетістіктерін  сақтап қалуға ұмтылып келеді.

     1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998 – 2001 жылдыры кезең – кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.

     2001 жылдың қараша айында өткен сауда – саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцианың бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық бантердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.

          2005–2007 жылдардағы Халық Банкінің даму  стратегиясының негізгі міндеті  – Қазақстанда және онымен  шектесіп жатқан көрші елдердегі  қаржы нарығының барлық сегменттерінде : банк, зейнетақы, сақтандыру, бағалы қағаздар және лизинг саласында қызмет көрсететін әрі клиенттер мүддесін көздеуге бағытталған қаржылық топ құру.

    • Халыққа бөлшек бизнес қызметін көрсету нарығында жетекші банк атану. Ең бастысы – сатулар жүйесін құру, оның арқасында банктің кеңінен таралған бөлімшелер желісінде тұрғындарға қаржылық қызметтің толық жиынтығы ұсынылады;
    • Активтерді басқару нарығындағы өз айқындамасын күшейту (кең мағынада алғанда, оның ішінде зейнетақы қорын, өмірді сақтандыру компаниясын, брокерлік компанияны, активтерді тікелей басқару жөніндегі бөлімшелерді қоса алғанда);
    • Жалпы сақтандыру нарығында табанды да берік айқындама ұстануға қол жеткізу;
    • Нарықтың барлық негізгі сегменттері бойынша кемінде 25 пайыздық үлесті иемдену;
    • Шағын және орта кәсіпкерлерге несие беру нарығында жетекші банктің бірі болу;
    • Ірі экспорттық кәсіпорындарға қызмет көрсетуде жеткілікті айқындама жасау;
    • Қазақстан мен оған шектес өңірде қаржы тобының шеңберіндегі құрылымдық өнімдер бойынша бизнес ашу;
    • Стартегиялық серіктеспен бірлесіп Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бизнесті қолға алу және 5 жылдың ішінде шетелдік бизнестің жалпы өнім көлеміндегі үлесін 30 пайызға жеткізу. Ресеймен саудалық қарым – қатынасқа оның ішінде шекаралық саудаға қызмет көрсету бизнесін құру;
    • Қорландыру мерзімін ұзарта отырып, қор базасын сараландыруды жалғастыру.

            2006 жыл Халық Банкі үшін орнықты түрде дамуға, жетекші айқындамалық көрсеткіштер мен табыс өсімін нығайта түсуге қол жеткізілген кезекті табысты жыл болып табылады. Банктің таза пайдасы мен активтер жиынтығы 70 % - дан астам шамаға өсті, капитал жетімділігі тиісті деңгейде сақталып, 17,1 % болды. Банк ипотекалық несие беру, депозиттер, жалақылық жобалар мен карточкалық өнімдер, зейнетақылық қор мен сату арналары жөнінен, оның ішінде кең таралған бөлімшелер желісі мен банкоматтар ауқымы бойынша жетекші орыннан көріне отырып, Қазақстандық бөлшек бизнес нарығындағы өзінің көш бастаушылық орнын нық ұстап отыр. 2006 жыл банк елеулі жетістіктерге қол жеткізді, атап айтарлық ең басты табыс- Лондондағы халықаралық биржада жаһандық депозитарлық қолхаттарды бастапқы жариялық түрде орналастыруды (IPO), ұсыныс сомасы айтарлықтай шамада асыра отырып, барынша сәтті аяқтады. 2007 жылы  клиентер сұранысына бағдарланған жоспарды одан әрі дамытуды, теңгерімді түрдегі өсіммен қарастырады. Ағымдағы жылдағы табыс Қазақстан Халық банкі үшін басты айқындама, оң мәнді үрдістер болып табылады.

           Негізгі  қаржылық көрсеткіштері: - салық төлемі шегерілген таза пайда көлемі 72% - ға ұлғайып, 27,159 млн теңгеге дейін өсті. Операциялық табыс 66% - ға өсіп, 64,572 млн теңгеге жетті. Таза пайыздық табыс 98% - ға дейін ұлғайып, 38,132 млн теңгеге жетті. Таза пайыздық маржа 7,0% - операциялық шығыс/операциялық табыс- 36,8%. - ROAE – 4,6 пайздық пункте өсіп, 41,8% - ға жетті. Жалпы активтер көлемі 77% - ға өсіп, 991,359 млн теңгеге жетті. Капиталдың жетімділік коэфициенті: 1- деңгей бойынша – 14,0%, 2 – деңгей бойынша – 17,1%.     

            Банктің 2006 жылғы шоғырландырылған  таза табысы 72% - ға ұлғайып, 27,159 млн теңгеге жетті. Банктің бұл көрсеткішке қол жеткізуі ең алдымен таза пайыздық табыстың 98%- ға, ал комиссиялық және алым түріндегі таза табыстың 39% - ға ұлғаюымен тікелей байланысты болып отыр, өз кезегінде бұл аталған көрсеткіштер пайыздық емес шығыстардың 48% - ға және табыс салығы бойынша шығыстың 139% - ға өсуімен ішінара теңгерілді. Қарапайым акцияларды иеленушілер арасында бөлінуге тиіс таза табыс 25,080 млн теңге болды, бұл 2005 жылғы көрсеткішпен (14,200 млн теңге болған) салыстырғанда 77% - ға артық.                                      Операциялық табыс құрамына таза пайыздық табыс, комиссиялықтар мен түрлі алымдар түріндегі таза табыс және басқа да пайыздық емес табыс кіреді, 2006 жылы бұл көрсеткіш 66% - ға өсіп, 64,572 млн теңгеге жетті, 2005 жылы – 38,926 млн теңге болған. Операциялық табыстың 59 пайызын құрайтын таза пайыздық табыс 2006 жылы 98% - ға дейін ұлғайды және 2005 жылы 19,259 млн теңге болса, өткен жылы 38,132 млн    теңгені құрады, ең алдымен бұл несие портфелінің өсімімен табысы жоғары бөлшек несиелер есебінен мүмкін болды.

          Комиссиялықтар мен алымдар түріндегі  таза табыс операциялық табыстың 33 пайызын құрады әрі 2006 жылы 39% - ға өсіп, 2005 жылғы 15,248 млн теңгеден 21,135 млн теңгеге дейін жетті. Бұл табыс бойынша өсімге зейнетақылық активтер мен есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету арқылы алынған табыс нәтижесінің артуы арқылы қол жеткізілді. Операция шығыс көлемі 2006жылы 48% - ға ұлғайды және 2005 жылғы 19,560 млн теңгелік шамадан өткен жылы 28,971 млн теңгеге дейін артты, бұл қызметкерлер санының, жалақы деңгейінің өсуімен және басқа да әкімшілік шығынның артуымен байланысты.

            2006 жыл Халық Банктің банктік қызметтер нарығында шапшаң талпыныс жылы болды. Бұл туралы Халық банкінің бухгалтерлік балансымен куәләндырады.

                                     

                                      Бухгалтерлік баланс.

Млн. тенге

31 желтоқсан

2006 ж

2005 ж

Клиенттік қарыз нетто

596,216

411,097

Барлық актив

991,359

559,665

Клиенттік депозиттер

597,935

323,515

Барлық міндеттемелер

870,732

495,221

Барлық меншікті капитал

120,628

64,444

Барлық меншікті капитал  және міндеттемелер

991,359

559,665


 

Банктің жалпы активтерінің шамасы 2006 жылы 77% - ға өсті және 991,359 млн теңгеге жетті, 2005 жылғы 31 желтоқсанда көрсеткіш 559,665 млн теңге болған. Мұндай шамаға ұлғайту негізінен несие портфелі мен инвестициялық бағалы қағаздар портфелі ауқымының артуы нәтижесінде мүмкін болды. Несие портфелінің өсімі 2006 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 45% - ға артып, 596,216 млн теңгеге жетті, 2005 аяғында бұл көрсеткіш 411,097 млн теңге болған, аталған өсім Банктің несие беру қызметінің айтарлықтай жандандырылуымен, әсіресе, бөлшек несие беру мен шағын және орта бизнес саласындағы несие берудің белсенді түрде жүргізілуімен тығыз байланысты деуге болады. Мұнымен қатар Банктің инвестициялық бағалы қағаздар портфелінің көлемі де өсіп отыр: 2005 жылғы 12,099 теңгеден 2006 жылы 123,338 млн теңгеге дейін өсті сонымен ақша мен оның балама құралының, оның ішінде мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялардың ауқымының өсімі 2005 жылғы 57,102 млн теңгеден 2006 жылы 127,799 млн теңгеге дейін жетті, бұл жағдай өткен жыл ішіндегі депозит базасын жоғары қарқындылығы нәтижесінде Банк өтімділігінің шамадан тыс артуымен байланысты болды. Бөлшек (жеке тұлғалар) банкинг жалпы несие портфелінің 31 пайызын құрайтын бөлшек несие портфелі 2005 жылғы 130,602 млн теңгеден 2006 жылы 197,181 млн теңгеге жетіп, өсім 51% болды. Ипотекалық несиелер бөлшек несиелердің жалпы көлемінің 56% құрады және ауқымы өткен жылы 40% - ға артты, ал тұтыну несиелері портфелінің көлемі 67% - ға өсті. Бөлшек несие бойынша түскен табыс 2006 жылғы жалпы пайыздық табыс ауқымының 41 пайызын құрады, 2005 жылы бұл көрсеткіш 36 пайыз болған.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі