Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:42, курсовая работа

Краткое описание

Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

_аза_стан Республикасында_ы несие ж_йесi.doc

— 658.50 Кб (Скачать документ)

       Қызметтің  бұл түрі Қазақстан Республикасының  «Қаржылық лизинг туралы» заңымен,  Азаматтық, Салықтық және Кедендік  кодекстермен, «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы»және «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі. Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдалынатын машина құрал – жабдық, сайман үй – ғимараты, көлік құралдары жатады.

        Лизингілік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері комбайн, трактор жіне өзге де ауыл шарушылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар, технологиялар үшін, шағын және орта бизнестің субьектілері пайдаланылады. Лизинг - бұл

мүліктің меншік иесі мен жалдаушының арасындағы келісім. Бұл келісім - мүліктік делдал болып  табылатын лизингілік компания арқылы айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға  беру. Осылайша, лизингілік мәмілеге лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы қатысады.                     

 

 

       1.4. Несиенің қызметі мен заңдары.          

       «Функция»  деген сөз латынның «functio» - дегені - ол «атқару» «жүзеге

 асыру» деген мағынаны  білдіреді. Несиенің қызметтің  айтқанда, әдетте оның мәнің арнайы көрнісі ұғылады. Қызмет несиесінің мәнімен өзара тығыз байланысты, қызметтің несие мәні сияқты мәні обьективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет – қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол – ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән. Ал, шындығында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады. Несие мәнің өзгеруі мен қатар, оның көрніс танытуыда өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс өзінің арнайы көрнісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрніс танытуын сипаттайды. Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М. Тарасов несиені ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән епекшеліктері мен мүмкіндіктері бар. Айырбас фазасында бөлу қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.    

        Несие туралы теорияда, оның атқаратын  қызметінің саны мен мазмұны  жайлы орныққан біркелкі көзқарас  жоқ. Біреулер екі қайта бөлу мен айналымның несиелік құралдарын жасау, басқалары үш түрлі осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады, үшіншілері - төрт және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды бөліп көрсететін көзқарас тарды айтады. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру деп түсіндіреді. Өндірістік қорлар айналымның жанама түрлері бойынша несиенің қызметі ақшаларға да, қаржыларға да - тән бұл біріншіден, екіншіден қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұны да енеді. Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ, несиенің көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да жүзеге асырылады. Қорларды ынталандыру жайлы да осылай деуге болады, осыған қарай отырып, жекеленген ғалымдардың несие дербес қызмет атқара алады дегендерінің негізі жеткіліксіз. Қызмет - қолдағы экономикалық категорияның өзгешелік мәнін таныту болып табылады.                          

       Айналымның  жанама түрдегі қызметі, бақылаумен ынталандыру, экономиканы ретке келтіру тек несиеге ғана емес, баға, қаржы, еңбекақы, бюджет, табыс құндық категорияларына тән. Көптеген пікірлердің орын алып отырғанына қарамастан, несиенің барлыұ формалары мен түрлерінде мәнін ашып көрсететін оның үш түрлі қызметін бөліп қарастырайық, несиенің қайта бөлу қызметі – нақты ақшаны айналымдағы несие құралдарымен ауыстыру және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету. Оның мағынасы қарыз алушыға төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекеттің бос ақшалай қаржыларын несие арқылы шоғырландырып, қарыз беру капиталына айналдыру. Қарыз беру капиталы несие механизмі арқылы халық шаруашылығы салаларының арасында қайта қайтарылуы негізінде несиеге айналды. Қарыз капиталын кәсіпорындар, салалар, халық арасында қайта бөлу жүзеге асырылып, ақша түріндегі капитал аз табыс әкелетін саладан босатылып, банктерде жинақталады да, жоғары дәрежеде табыс әкелетін салаларда жұмсалынады.

        Құндылықтың несие арқылы қайта бөлінуі – салалық, салааралық, аумақтық бағыттарда, несие қатынасының субьектісі іспеттес кәсіпорындар деңгейінде жүзеге асады. Сонымен несие өзінің қайта бөлу қызметінде экономиканы стихиялық түрде реттеуші болып табылады. Алайда, несие кейбір жағдайларда экономиканың тепе - теңдігін де күшейтіп жібере алады.

Нақты айтар болсақ, 1993-1996 жылдары капиталдың өндіріс саласынан  айналыс саласына ауысуы орын алды да өндіріс дағдарысын тереңдете  түсті, яғни несие бұл жылдары  сауда делдалдық салаға ауысып кетіп, нағыз сектор дағдарыс жағдайында қалып қойды. Несиенің қайта бөлу қызметінің ерекшеліктері төмендегідей:

         Біріншіден, несиенің көмегі арқылы  тек мына материалдық игіліктердің  құндылығы, өндіріс құралдары  мен тұтыну заттары, яғни бір жылдың барысында өндірілген ұлттық жалпы өнімдер емес, ел экономикасының өткен кезеңдерінде жасалған құндылықтары қайта бөлінеді.                       

        Екіншіден, несиенің қайта бөлу  қызметі жалпы құндылықты қайта  бөлу емес, уақытша құндылықты қайта бөлуге қатысты.

        Үшіншіден, қайта бөлу қызметінде  уақытша қайта босаған құндылықты  уақытша пайдалануға беру процесі  өте маңызды болып табылады.

        Төртіншіден, несиенің көмегімен  уақытша босаған құндылықты беру  нарықтық экономикаға тән сарапшылардың банктер мен басқа  да мекемелік несиелердің қатынасуымен жүзеге асырылады.

       Несиенің  қайта бөлу қызметі, кез келген  елдің ұлттық экономикасының  толық қанды жұмыс жасауына  өз үлесіне қосады. Несиенің бұл  қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші саласына капитал ағымы болады. несиенің бұл қызметінің, қаржыны қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағым ынесие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.       

     Қазіргі  кездегі нарық шаруашылығындағы  шын мәніндегі ақшалар ел ішінде  айналысқа түспейді,олардың несие  негізінде шығарылғанақша белгілері  айналымда болады. Нақты ақшалардың  шығарылуы, немесе қолма - қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы болып табылады. Несиенің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма қол - ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субьектілерінің жіне халықтың есеп шоттардағы қаржылары банкілердің несиелік ресурсыболып саналып, есеп шоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік байланыстары болып қалады.

      Несиелеу  процесі кезінде ақша массасының құрлымына, төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер – вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаларының түрліше формалары пайда болады. Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды алмастыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді, депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс табады.

       Осы кездегі шаруашылықта қолдағы ақшаны несие операцияларымен ауыстырудың қажетті шарттары жасалған. Ақшаларды бір есеп шоттан екіншілеріне қолма - қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрлымын жақсартуға мүмкіндік туады. Бұл жерде айрықша ескеретін жәйт – несие осы қызметінің барысында ақшаларды жалпылама ауыстыру емес, оларды экономикалық айналымда уақытша ауыстыру қызметін, яғни несие ақшаның рөлін атқарады. Тауарлы – материалдық құндылық алу, қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды төлеу үшін пайдаланады.

       Демек,  нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен  және несиелік операциялармен  алмастыру, негізінен, екі түрлі  жолмен жүзеге асырылады.      

  • Алтынның орнына айналымға экономиканы несиелеу жолындағы несиелік ақшалар шығарылады, олар тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етіліп,   міндетті түрде банктегі эмитентке қайта келіп түсулер қажет.
  • Несиелеу барысында төлем қаржылары жасалады, яғни, қолма - қол ақшасыз есеп айрысуды ұйымдастыруға байланысты айналымға ақшасыз қолма - қол есептер жасалынатын ақшалар келіп түседі. 

       Капиталды  шоғырландыру мен орталықтандыруды  жеделдету несиенің маңызды қызметі  болып табылады. Несие механизмі  қосымша құнды капиталдандыру барысына ықпал етеді.

     Несие капиталды шоғырландырудың аса қуатты факторы ретінде оның жекелеп жинақталуының шекараларын кеңейте түседі. өндірістің ауқымын кеңейту үшін жекелеген шаруашылық кәсіпорындарының, кәсіпкерлердің қаржылары көбінесе жеткіліксіз болып саналатындықтан, әрбір кәсіпорындардың, халықтың шағын мөлшердегі уақытша бос тұрған шашыраңқы қаржылары жұмылдырылып банкілерде жинақталады да, үлкен көлемге жеткеннен кейін ол несие ретінде кең ауқымды ұдайы өндірісте белсенді түрде пайдаланады. Несие жекелеген кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдырудың, монополиялар мен халықаралық компаниялардың жаңа түрлерін құрудың факторларының бірі болып саналады К. Маркстің айтуы бойынша несие «бәсекелестік күресте әрі жаңа, әрі сұрапыл құруға айнала отырып, соңғы нәтижеде капиталдарды орталықтандырудың аса зор әлеуметтік механизмі бола бастайды». Монополизмге берілетін жеңілдік несиелеріне байланысты және шағын тауар өндірушілердің несие алу жағжайларының нашарлауы бір полюсте капиталдың шоғырлануы мен орталықтандырылуының күшейіп, екінші жақтың ойсырауына, тақыр кедейленіп, банкротқа айналуына әкеп соғады.                     

     Несиенің шығындарын  үнемдеу қызметінің іс жүзіне  асуы несиенің экономикалық мәнінен  туындайды. Шаруашылық субьектілеріндегі  ақшалай қаражаттардың түсуі  мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толықтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

     Несиенің  ғылыми – техникалық прогрессті жеделдету қызметі ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай – ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңадық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорын қаржатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.           

        Несие заңдарына ең алдымен несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылуы қатынастарын білдіреді. Қоғамда несиелік қатынастарының пайда болуы капитал айналыстары мен айналымдарының біркелкі еместігін туындайды да,обьективті, қажетті және нақты сипаттарға ие болады. қарыз беру қорының құрылуы жайында да осыны айтуға болады. Несиелік қатынастар пайда болғаннан кейін, қарыз беру қоры да обьективті, қажетті және аса маңызды сипатқа ие болады. Несиелік қорлар ұдайы өндірістің барысында уақытша бос тұратын қаржылардың негізінде құрылып, қосымша қаржыларды қажт ететін дұрыс талаптарды қанағаттандыруға жұмсалуға тиіс. Мұның өзі несиенің белгілі бір шегін сақтап, соған сәйкес сол шекараның бұзылуына жол бермейтін механизм құру қажет. Несиенің пайда болу заңының экономикадағы тауар – ақша қатынастарының дұрыс жұмыс істеуі жағдайында ғана әрекеттік кұші бар. нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе – теңдік қатынастарға негізделген экономика салаларында ғана туындайды. Егер шаруашылық субьектісінің өзі атқарып отырған жұмысының нәтижесі үшін нақты материалдық жауапкершілігі болмаса, несиелік қатынастарының дұрыс жұмыс істеуінің, несиенің қайтарылып келетіндігің кепілдігі болмайды. Несиенің пайда болу заңының бұзылуы экономикадағы қарама – қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.

       Несие  заңдарының басқа да экономикалық  заңдары сияқты жалпыламалық, обьективті, қажеттілік, өте маңыздылық, нақтылық  сипаты бар. Несие заңдарының  өзінің қозғалыс заңдары іспеттес  көрінісі бар. жоғарыда анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие берушіден қарыз алушыға өтіп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие тұрақты түрде қозғалыс үстінде болады. Егер ол бір буында тоқтап тұрып қалса, өзінің мәнін жоғалтып, несие болудан қалады. Сондықтан несиенің қозғалысы обьективті, қажетті, маңызды, жалпылама, нақты дүние. Яғни несиенің қозғалысы оның аса маңызды сипаты, өмір сүруінің заңы.

       Несиенің заңына тән Заң – оның қайта айналып құйылу заңы. Несиенің басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгісі мен ерекшелігі – қайта айналып құйылушылығы. Егер тартылған құндылық бастапқы субьект – несие берушіге қайта айналып келмейтін болса, онда өзінің мәнін жоғалтып, жеке экономикалық категория ретіндегі несие болып аталудан қалады. Тартылған құндылық өзі шыққан пункте қайта оралып келу үшін белгілі бір «жұмыс» істейді, яғни ұдайы өндіріс процесіне қатынасады, пайызын өсіру үшін уақытша пайдалануға берілген бастапқы мөлшерін қайта қайтаруға өзіндік мүмкіндіктер жасайды. Бұл процесте обьективтілік, қажеттілік, жалпыламалық экономикалық талаптардың барлық белгілері бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы – тартылған құндылық заңы. Тартылған құндылық несие берушіден оны алуға дейінгі жолда өзінің тұтынушылық ерекшеліктерін, құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарында бастапқы тепе – теңдік түрін сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын екендігімен бастапқы пукке қайта оралады, және бұл ретте өзінің бастапқы сапасын, әрі жоғары мүмкіндіктерін жоғалтпайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі