Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:42, курсовая работа

Краткое описание

Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

_аза_стан Республикасында_ы несие ж_йесi.doc

— 658.50 Кб (Скачать документ)




 


   

Қазақстанның несие жүйесі орталық  банк - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен, екінші деңгейлі 35 банктен, олардың ішінде 2 мемлекеттік, 83 несиелік серіктестік, 157 микронесиелік ұйымдар, 75 ломбард, «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастаған пошталық - жинақ жүйесі, 36 сақтандыру компаниясы, 16 мемлекеттік емес жинақ ұлттық қоры, Қазақстанның мемлекттік қоры және басқаларынан тұрады.  

     Қазақстан да несие теориясын жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен үкіметі ақша – несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994 –1997 жылдардың жартысында өршіген инфляцияның басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.                                                                                                                                                                                                                  

    

     1.2. Несие қажеттілігі және оның мәні. 

     Несие – ақша сияқты экономикалық дәреже болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде блады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және тағы басқа) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар – ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

      Несиенің  обьективті қажеттілігі табиғи  және ақшалы түрде жүзеге асатын  ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті  шығарып тастайды. Ол капитал  түрлері үнемі ауысып тұратынын  ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі  тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А – Т - Ө - Т – А капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде – дайын өнім жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорындарда және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы –оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай - ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы болып табылады. Капитал түрлерінің аусуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.

        Қызмет процесінің бағыттылығы  ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, айналым саласы үшін – тауарлы және ақшадай болуын талап етеді. Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорлардымодернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал – жабдықтарды ауыстыру және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып отырады.

       Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар- жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және тағы басқа туындауы мүмкін.

      Капитал  айналымында және ауыспалы айналым  процесінде ақшалай қаражаттың  босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былай көрсетуге болады.

Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы мен  қайтуы болады. Сондықтан бір кәсіпорын  басқа кәсіпорынға қарағанда  бұрынырақ тауар сатушы ретінде  және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.

         Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы  және оларға деген қажеттілік  тек материалдық өндіріс саласы  мен айналымда ғана туындамайды.  Ол мемлекетте, бюджеттік және  қоғамдық  ұйымдарда, сондай –  ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және бәрі бірдей сәйкес келмейді. Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама - қайшылық шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаллыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі. Жеткіліксіз шамада несиенің обьективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

       Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие берушімен қарызға алушы- экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуыға материалдық жағынан кепілдік беретіндербес заңды субьектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары  керек. Ф.Энгельс «Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алғаш шығуы керек» деп жазды.

        Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны алуда несиелік қарым – қатынастар туындайды. Осылайша, экономикалық негізбен пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің обьективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді. Несие обьективті қажеттіліктен туындаған және қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушішер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым - қатынасты білдіреді. Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсету керек:

- несие мәмілесі тұтасымен  алғанда несиенің мәнін ашуы  керек.Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін     жоғалтатынын білдіреді;  

 - несиенің мәнін талдауда несиенің құрлымын, қозғалыс сатыларын   несиенің негізін қарастырған жөн.

      Несие  өзгермейтін, тұрақты болып қалатын  - құрылым. Несие бір - бірімен өзара әрекет ететін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субьектілері, субьектілерге несие берушімен қарыға алушы жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды, оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады. Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алғаны болуы да мүмкін.

      Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені қарызға алушыға емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.

      Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарыз алушы қарызға алынған меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді. Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретіне олар, оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болып табылады.

       Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрлымының элементі алыс - берістің обьектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны - несиеленген құн болып табылады.

      1 1.2 сызба. Несиенің құрлымы.

 

               Несиенің құрылымы



Қарызға алушы





   Несие беруші

       Несиеленген құн


 

     Несиленген  құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. Содықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

          Осылайша несиеленген құн өндірістік  қорлардың ауыспалы айналымының  үздіксіз болуын қамтамасыз етеді  және олардың қозғалысындағы  іркілістерді жояды. Бұл жағдайда  бастапқы несиеленген құн ғана  емес, сонымен қатар қскен пайызбен  қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.

         Несиенің қарастырылған құрлымы  оның біртұтастығын анықтайды.Ол  элементтерінің бірлігін болжайды.

         Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:

                Но- Қан- Нn... Рб... Нқ...- Бқ,        

  Мұндағы:   

              Но- несие орналастыру ;

              Қан – қарызға алушының несиені алуы ;

              Нп  - несиенің пайдаланылуы ;

              Рб    - ресурстарды босату ;

              Нқ   - несиенің қайтарылуы ;

              Бқ    - банктің аталмыш қарызды алуы.

        Несиеленген құнды орналастыру  Он – несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жинақталуы, яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.

         Несие алу (Қан) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді.

         Несиені пайдалану (НП) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Бр) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталуы актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдаланылу процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.

        Несиенің қайтарылуы (Нқ) уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.

        Уақытша пайдаланылғаннан кейін  (Нп) құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің қайтарылуы (Нқ) және несие берушінің алған қаражаты (Қан) сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.

        Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген  құнның толық айналымының бір  бөлігі болып саналатын несиенің қозғалысын көруге болады, ол тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші қарыз алушыға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі