Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:42, курсовая работа

Краткое описание

Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

_аза_стан Республикасында_ы несие ж_йесi.doc

— 658.50 Кб (Скачать документ)

          Меншікті капитал 2006 жылдың аяғында Банктің меншікті капиталының көлемі 2005 жылдың аяғындағы көрсеткішпен салыстырғанда 87% - ға ұлғайып, 120,628 млн теңгені құрады. Мұндай нәтижеге жарғылық капиталды толықтыру және бөлінбеген табыс пен өзге де резервтерді ұлғайту арқылы қол жеткізілді. Банктің жарғылық капиталы 2005 жылдың аяғында 29,016 млн теңге болса, 2006 жылдың басында айырбасталатын артықшылықты акцияларды орналастырғаннан кейін және қыркүйек айында 30 000 000 қарапайым акция, ал желтоқсан айында Лондондағы халықаралық биржада жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) бастапқы жариялық түрде орналастыру (IPO) шеңберінде 55 000 000 қарапайым акция шығарылғаннан кейін 2006 жылдың аяғында жарғылық капитал өсімі 109% - ға немесе 60,684 млн теңгеге жетті.

  Сурет 2.1. 2006 жылғы Халық Банкінің негізгі операцияларының қаржылық көрсеткіштері.            

 

 

    

 

        Халық банкі өзінің клиенттер  базасы мен кең таралған бөлімшелер  желісі жағынан көш бастаушылар  қатарында келе жатқан Қазақстандағы бірден бір қаржылық мекеме болып табылады. Банк бүгінгі күні жеке тұлға – клиенттер мен корпаративтік клиенттерге және шағын және орта бизнес өкілдеріне ауқымды қызмет түрін (банктік қызметтер, зейнетақы қорының қызметі, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызмет, активтерді басқару) ұсынатын әмбебап қаржылық топ ретінде даму қағидасын ұстанып отыр. Халық банкінің бөлшек депозиттері мен ипотекалық несие беру нарығындағы портфелдік үлесі - 20 % - ға жуық. Мұнымен қатар Банк төлем карточкалары нарығының сөзсіз көш бастаушысы болып табылады – бұл саладағы үлесі 50 пайызды құрайды. Өзінің бөлімшелер желісі мен банкоматтар арқылы сондай – ақ соңғы уақытта айтарлықтай жедел қарқынмен дамып отырған «Интернет - банкинг» және «Мобилдік -банкинг» жүйелері көмегімен 6млн - ға жуық клиентке қызмет көрсетуде. Клиенттерге ұсынылатын қызмет ауқымы өте кең әрі сан алуан: банк

өнімдері мен қызметтері, оның ішінде ағымдағы шоттар, мерзімдік депозиттер, тұтыну несиелер, ипотека, кредит және дебет карточкалары, жол чектері, валюта айырбастау, мұның сыртында – 2006 жылдың ішінде іске қосылған бірқатар жаңа карточкалық өнімдер бар. Банктің корпоративтік банкинг бөлімшелері копоративтік клиенттерімен шағын және орта бизнес өкілдеріне, қаржы мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарға көтермелі банк өнімдері мен қызметтерінің бірнеше түрін ұсынады.

           Халық банкінің зейнетақы қоры  ең капиталды қоры болып табылады. Оның төленген жарғылық капиталы 1 млрд теңгені құрайды. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы қордың жеке капиталы 2 828 734 мың теңгені құрайды.

    Зейнетақы  қор жүйесінің 2006 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштері:

  • 168,3 млрд. Теңге оның ішіндегі инвестициялық кіріс 36,1 млрд. теңге, жалпы зейнетақы қорының көлемінің 25,95% - ын құрайды;
  • 42 млрд.теңге зейнетақы активтерінің көлемі бойынша жақын бәсекелесушімен құрайды;
  • 1 459 198 адам, немесе жалпы зейнетақы қорының салымшылары             19,% - ын құрайды;
  • 2005 жылдағы салымшылардың зейнетақы жинақтаушыларының зейнетақы қорының өсімі 38,93% құрайды;
  • 2005 жылғы таза инвестициялық кірісінің өсімі 51,99% - ды құрайды;
  • Зейнетақы салымының жалпы көлемі 24,3% - ын құрайды, 124,7 млрд.теңгені құрайды;
  • 2005 жыл бойынша ай сайынғы зейнетақы салымдарының ортақ көрсеткіші 295 млрд.теңгені құрайды немесе зейнетақы салымдарының айлық көлемінің 26,5% - ын құрайды.

       2003 жылдың  ақпан айы мен 2006 жылдың ақпан  айы аралығындағы Халық банкіндегі  жалпы зейнетақы қорының, зейнетақы  активтері бойынша номиналды  кірісінің орта есптегі коэфициенті  20,64% құрайды.

     2002 жылдың қыркүйек айынан бастап зейнетақы салымдары ай сайынғы түсетін көлемі бойынша алда келуде. Осы жылдың ақпанындағы көрсеткіш 3483615848 теңгені құрайды немесе 26,67% құрайды.Осы көрсеткіштерді мына сызбадан көруге болады.

     2003 жылдың  ақпан айы мен 2006 жылдың ақпан айы аралығындағы инфляцияның жинақталған деңгейі 23,64% құрайды.

 

 

2005 жыл бойынша  негізгі көрсеткіштерінің өзгеру  динамикасы. 

Атауы

Саны

Нарықтағы үлесі

Жылдық өсім

1.1.05

1.1.06

   

Салымшылардың саны

1242881

1459198

19,16%

216,317

17,4%

Зейнетақы қоры оның ішінде салымшының есебінде бөлінген инвестициялық кіріс

121173855000

 

 

 

23777636000

168342666000

 

 

 

36139503000

25,95%

 

 

 

 

23,29%

47168811000

 

 

 

12361867000

38,93%

 

 

 

51,99%

Сомма

5962875000

8247821000

23,05%

2248946000

38,315%

Алымшылардың саны

211366

266409

 

55043

26,04%


 

    Алдыңғы жеті  жылда қор өзінің резервтерімен,  өзінің ішкі потенциалымен өсіп, дамыған болатын. Халық банкінің  зейнетақы қорын республика мен  жақын шетелдің сарапшылары көрсетеді:

  • Қордың салымшыларына қаржылық топтағылардың алғашқысы болып кешенді өнімді енгізеді, қаржы топтарының мүшелерінің айналымдық қызметтерін қосады.
  • Мемлекеттік емес қорлардың ішіндегі алғашқысы болып зейнетақы активтерін өзіндік басқаруға көшірді.
  • Қазақстан Халық банкінің банкоматтары мен интернет банкингісі арқылы жеке зейнетақы шотынан көшірмені алу мүмкіндігін енгізді.
  • Зейнетақы активтерінің көлемі бойынша бірінші орынға шықты және республикадағы ең үлкен қор болды.
  • Республиканың қаржы секторындағы салымшылардың зейнетақы салымы бойынша 1 млрд доллар рекордтық сомаға жетті.
  • Мемлекеттік емес қорлардың ішіндегі бәсекелестік күресте 1 млн салымшы рубежіне жетті.
  • Зейнетақы қорлардың ішінде алғашқылардың бірі болып жарғылық капиталды 1 млрд теңгеге толтырды.
  • «Жыл таңдауы» республикалық конкурсының алты рет «Қазақстандағы №1 зейнетақы қоры» атағын иеленді, нарықты зерттеу Еуропалық орталығының «Еуромаркет» сыйлығымен марапатталды.
  • Ең атақты, ең таза, ашық және атақты қор болып аталған.
  • JAS-ANZ аккредитациясының негізінде халықаралық орган «Total Quality Certification Services International Pty Ltd» сертификаты бойынша ISO 9001 : 2000 стандарты бойынша сапа менеджментінің сертификациясын ойдағыдай өткізді.

         Банктің қызметінің мәні оларды  басқа органдардан ажырататын  қызметтерді орындаудан көрініс табады. Жалпы банк қызметі клиент мүддесі үшін белгілі бір іс - әркеттерді орындаудан сипаттауға болады. Банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдарды тарту мен қарыздарды беру жатады. Банк өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін. Қазіргі кезде банкінің қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Халық банкі бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады. Халық банкінің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады. Халық банкі негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операцияларының барлық түрлерімен айналысады.

       «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет туралы»      Заңға сәйкес Халық банкі мынандай операцияларды орындайды:

  • Ақылы негізде депозиттерді тарату;
  • Клиенттермен банк шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
  • Заңды жіне жеке тұлғаларға несие беру;
  • Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да оперцияларды жүргізу;
  • Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;
  • Клиенттер үшін құжаттар мен бағалықтарды сақтандыру бойынша қызметтер «сейфтік операциялар»   
  • Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
  • Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды басқару;

      2005 – 2006 несиелік нарық. Бұл жылдары банктермен берілетін несиелердің сапасы жақсартылды және олардың қайтарылмау тәуекелі төмендеді. Банктер несиелік қоржынының құрылымында 2005жылдың 31 желтоқсанында стандартты несиелердің үлесі 71,6%, күдіктілердің -          26,4%, үмітсіздердің – 2% құрайтын болды, ал 2005 жылдың басында бұл көрсеткіш сәйкесінше 69%, 28,9% және 2,1% құрайтын болған. Бантке несилік қоржынның құрылымдық өзгеруі дұрыс бағаланды, мұндағы орташа және ұзақ мерзімді несиелер қысқа мерзімді несиелерге қарағанда озық сипатқа ие болды. Орташа және ұзақ мерзімді несилер бұл кезең ішінде 54,2% - ке қысқа мерзімді несиелер 19,4% - ке өседі, орташа және ұзақ мерзімді несиелер бойынша 47,4% - ке  383,4 млрд теңгеге дейін, ал қысқа мерзімді несиелер бойынша 26,2% - ке өсті. Нәтижесінде, орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлестік салмағы 53,2% - тен 57% - ке ұлғайды.

       Валюталардың  түрі бойынша несиелер құрылымында  ұлттық валютадағы несиелердің  өсімі шетелдік валютадағы несиелермен  салыстырғанда озық сипатта болды,  сөйтіп ұлттық валютадағы несиелердің  банк несиелерінің жалпы көлеміндегі  үлестік салмағы 31,5% - ті құрайды, мұндайда шетел валютасындағы несиелер бір жыл ішінде 30,9% – ке 460,5 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Банктер қор базаларының жалғасып, өсімі жағдайларында экономиканың нақты секторын несиелер операциялардың ең париоритетті түрі болып табылады. Ал, 2006жылғы несие қоржыны да недәуір көлемде 61,7%- болды, яғни 428,4 млрд  теңгеге өсті. Оның ішінде халыққа берілген несиелер 127,7% - ға көбейіп, 161 млрд теңгені құрады. Халық Банкінде несиенің заңды және жеке тұлғаларға арналған несие өнімдері бар. Тағы да ұзақ мерзімге, орта мерзімге, қысқа мерзімге берілетін несиенің түрлері бар. Халық Банкінің осы негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша 2005 жылмен салыстырғанда, 2006 жылы несие қоржынының едәуір көлемде ұлғайғандығын осы көрсеткіштер бойынша байқауға болады.

  

      Сурет  2.2.  Халық Банкінің қызметтерінің қаржылық көрсеткіштері.    

            

            Депозит нарығы, бұл жылдары банктердің қорларын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың депозиттік салымдарының өсу есебінен көтеру тенденциясы өзінің жалғасын тапты. Сондағы заңды тұлғалардың да депозиттерінің жылдық өсу қарқыны бірдей болып 35,6% құрайды. Нәтижесінде банк жүйесіндегі резеденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жыл ішінде 35,6% - ке өседі де, 2005 жылдың 31 желтоқсанында 63 млн. теңгеге, шамамен 3,9млрд АҚШ долларына жетеді. Заңды тұлғалар депозиттерінің көлемі жыл басынан бастап 51,1% - ке өсті. 2005 жылы ұлттық валютадағы депозиттердің өсу қарқыны шетел валютасындағы депозиттерге қарағанда озық сипатта болды, соның нәтижесінде олардың үлес салмағы 35,7 % - тен 40% - ке дейін өсті. Жалпы алғанда, ұлттық валютадағы депозиттер жыл басынан бастап 60,7% - тен 241,5 млрд теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер 33,8% - ке өсті. Халықтың мерзім бойынша салымдарының құрылымында мерзімді депозиттердің үлестік салмағының болмашы өсімі байқалды, ал 2006 жылы депозиттік базалардың көлемі 311,6 млрд теңгені құрады. Халықтың салымы 131 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде талап етілетін депозит 36 млдр теңгеге өсіп, халықтың салымы 2005 жылмен салыстырғанда 27 млрд теңгеге өсті. Халық салымдары көлемінің ұлғаюына және олардың мерзімдерінің ұзартылуына байланысты олар банктердің негізгі несиелік қорлары болып қала бермек.

           Валюталық нарық, 2005-2006 жылдары «Қазақстандық қор биржасы» әртүрлі инструменттермен сауда жүргізілеін әмбебап қаржылық нарық ретінде дамуын жалғастырып келетін ол биржа мүшелерінен өздеріне қажетті операциялардың көбін қор биржа сауда жүйесінде жүргізуге мүмкіндік берді. Бір жыл ішінде шетел валютасымен муниципалдық облигациялар мен Қазақстанның халықаралық бағалы қағаздарын қоса, мемлекеттік бағалы қағаздарымен, мемлекеттік емес имиссиялық бағалы қағаздарымен, халықаралық қаржылық ұйымдардың облигацияларымен, мерзімді өзара шарттарымен сауда жүйелі түрде жүргізілді, вексельдердің алғашқы нәтижелі саудасы өткізілді. Қазіргі уақытта қор биржасында 56 қатысушы сауда жүргізеді – бұл 2005 жылдың басындағысымен қосып салыстырғанда 4 есе артық. 2005 жылы нарықтың барлық секторларында қор биржасындағы операцияларының сомалық көлемі    24,6 млрд АҚШ долларының эквивалентіне жетеді, ол болса 2005 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Операциялардың келтірілген көлемі қор биржасының бүкіл тарихындағы ең үлкен жылдық айналым болып табылады.

        Мемлекеттік  бағалы қағаздармен шетелдік  валютамен операциялар жасау,  автоматтық «РЕПО» нарығы бұрынғысынша  кеңінен таралып келеді. Бұл фактіні,  бір жағынан, мемлекеттік бағалы  қағаздарының жоғары өтімділігімен  және сапасымен, басқа жағынан зейнетақы қорлары үшін мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты белгіленген инвестициялау шектерімен, жергілікті қор нарығында Қазақстандық компаниялардың қажетті акцияларының жеткілікті мөлшерде болмауымен түсіндіріледі. 2005 жылдың биржалық нарығындағы басқа да айрықша мәнді оқиғалардың ішінде, «Қазақмыс корпорациясы» ААҚ – ныңмемлекеттік акциялар пакетін нарықта өткізу, облигацияның бір теңгелік номиналды құнына өту жөніндегі биржаның ұсыныстары, өзгертілген листинг ережелерінің күшіне енгізу.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі