Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.
Кiрiспе
1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері
2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3
3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
«Қазақтелеком» АҚ -да бөлiстiрiлмеген пайда 2007 жылы 23140 млн тенге болса, 2008 жылы 22269 млн тенге құрады. Бұл мәлiметтер кәсiпорын қызметiнiң кеңейгендiгiн көрсетедi.
Меншiктi капитал үлесiнiң өзгерiсiне iшкi баға беру ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi қарыздарды қысқарту немесе ұлғайту қажеттiлiгiне бағытталады. Құралдардың жалпы көздерiне (авансталған капиталда) сырткы қарыздар, несиелер, кредиторлық қарыздар үлесi несие үшiн және дивидендке проценттiк ставкалар қатынасынан тәуелдi.
Егер несиеге проценттiк ставкалар дивидендке проценттiк ставкалардан төмен болса, тартылған құралдарды рационалды түрде ұлғайту керек. Ал керiсiнше жағдай туындайтын болса , меншiктi капиталды пайдаланған жөн. Авансталған капитал құрылымы осы қарастырылған жағдайлардан тәуелдi болады.
Қаржылық есептеме активтерiнiң қалыптасу көздерiнiң құрылымын зерттеу үшiн келесi аналитикалық кестенi қарастырамыз. (Кесте 8).
Кесте 8 мәлiметтерiнен көрiп тұрғанымыздай, есептiк жыл iшiнде кәсiпорын мүлкiнiң көздерi 83525 млн тенге немесе 91,8 %-ке көбейген. Бұл өсiм негiзiнен тартылған капитал өсiмi есебiнен қамтамасыз етiлген, тартылған капитал көлемi 2008 жылы- 111228 млн тенге, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 73489 мың тенге немесе 1,9 есеге көп болып табылады.
Бұл периодта тәуелсiздiк коэффициентi 0,585- тен 0,362- ге дейiн ,яғни 0,223 пунктке қысқарған. Егер 2007 жылы оның деңгейi минимальды мәнге сәйкес келсе (0,5) , 2008 жылы бұл деңгеймен салыстырғанда 0,14 пунктке қысқарды, бұл кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының нашарлағанын көрсетедi. Оны барлық авансталған капиталдағы тартылған капиталдың үлес салмағы көрсетiп отыр. Ол тәуелсiздiк коэффициентiне керi көрсеткiш. Оны тәуелдiлiк коэффициентi деп атауға болады.
Ол келесi формула бойынша анықталады.
Кт= немесе Кт= 1-Кн
Мұнда:
Кт- тәуелдiлiк коэффициентi
Тк- тартылған капитал
Ак- авансталған капитал (нәтиже,баланс валютасы)
. Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы суммасында қарыз үлесiн сипаттайды.
Бұл үлес неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсiпорынның сыртқы қаржыландыру көздерiнен тәуелдiлiгi көп болады.
«Қазақтелеком» АҚ -да оның денгейi :
2007 жылы : 0,415=
2008 жылы : 0,638=
2007 жылы 0,415=1-0,585
2008 жылы 0,638=1-0,362
8 кесте
Бұл коэффициент деңгейi 2008 жылы кәсiпорын өзiнiң қаржылық тәуелсiздiгiн жоғалтқанын көрсетедi.
Кәсiпорының қаржылық тұрақтылығын бейнелейтiн келесi көрсеткiш- қаржыландыру коэффициентi. Ол меншiктi капиталдың тартылған капиталға қатынасымен сипатталады.
КҚ=
Кқ- қаржыландыру коэффициентi
Мк- меншiктi капитал
Тк- тартылған капитал.
Олардың арасындағы ара- қатынас 2:1 болу керек. Бұл коэффициент денгейi неғұрлым жоғары болса, соғұрлым банктерге және инвесторларға кәсiпорынды қаржыландыру сенiмдi болады.
«Қазақтелеком» АҚ - да 2007 жылда ол 1,411-ге тен болды (53261:27209), ал 2008 жылда 0,569 (63297:111228), яғни оның денгейi жыл iшiнде 2,5 есе қысқарған.
Егер кәсiпкердiң басқа бiреудiң капиталынан көрi, өзiнiң капиталы көп болса, ол жақсы жұмыс жасайды. Бұл принцип негiзiнде нарықтық қарым- қатынастар құрылған. Егер қолда үлкен емес капитал болса, көп пайда табуға болады.
Капитал құрылымы қалыптасуының оңтайлылығын анықтау үшiн жоғарыда келтiрiлген коэффициенттермен қатар инвестициялау коэффициентiн пайдаланған жөн. Ол меншiктi капиталдың негiзгi капиталға (негiзгi құралдар) қатынасымен анықталады.
«Қазақтелеком» АҚ -да ол 2007 жылы 1,969 тен болса (53261:27053), 2008 жылы- 1,428 (63297:44317) болды.Бұл мәлiметтерден көрiнiп тұрғандай , меншiктi капитал тек негiзгi құралдар сатып алуға емес, сонымен бiрге кәсiпорынның қаржылық есептемесiнiң басқа да активтерiнiң қалыптасуына, соның iшiнде ағымдық активтерге де жұмсалады.
Қаржыландыру коэффициентiне керi көрсеткiш қарыздық және меншiктi кұралдардың ара-қатынас коэффициентi, ол тартылған капиталдың меншiктi капиталға қатынасымен анықталады.
Кқ/м=
Мұндағы:
Кқ/м- қарыздық және меншiктi құралдардың қатынас коэффициентi.
Тк- қарыздық құралдар (тартылған капитал)
Мк- меншiктi құралдар (меншiктi капитал).
Бұл коэфффициент есептiк жылда кәсiпорын активтерге салынған меншiктi құралдардың әрбiр тенгесiне канша қарыздық құралдар тартқанын көрсетедi. Есептемелер бойынша «Қазақтелеком» АҚ -да ол келесi мәлiметтермен сипатталады:
2007 жыл 0,71 (37739:53261)
2008 жылы 1,76 (111228:63297)
Бұл коэффициент мәнi көрсетiп тұрғандай, есептiк мерзiм басында кәсiпорын активтерге салынған меншiктi құралдардың әрбiр тенгесiне, қарыздық құралдардың 0,71 теңгесiн тартқан.
Кәсiпорынның тәуелсiздiк (автономия) дәрежесiн сипаттайтын негiзгi көрсеткiштердiң бiрi- қаржылық тұрақтылық коэффициентi. Ол жалпы авансталған капиталда меншiктi және ұзақ мерзiмдi қарыздық құралдардың үлесiн көрсетедi, яғни келесi формула бойынша есептеледi:
Кқт=
Мұнда:
Кқт-қаржылық тұрақтылық коэффициентi
Ұм- ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер (ұзақ мерзiмдi несиелер және қарыздар)
Ак-авансталған капитал
«Қазақтелеком» АҚ -да бұл коэффициент шамасы
2007 жылы: 0,742=
2008 жылы: 0,430=
Оның денгейi есептiк мерзiмде 0,312 пунктке төмендеген, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының нашарлағанын көрсетедi.
Кәсiпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштермен қатар, қалыптасу көздерiнiң бөлек топтарының құрылымындағы өзгерiстердiң әр түрлi тенденцияларын сипаттайтын көрсеткiштердi қолдану керек. Мұндай көрсеткiштерге ен алдымен ұзақ мерзiмге қарыздық құралдарды тарту коэффициентi жатады. Ол ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер көлемiнiң меншiктi капитал және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер суммасына қатынасымен анықталады. Оны есептеу формуласы:
Кұ/т=
Мұндағы:
Кұ/т- ұзақ мерзiмге қарыздық құралдарды тарту коэффициентi
Мк- меншiктi капитал
Ұм-ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер.
Бұл коэффициент меншiктi капиталмен қоса,қаржылық есептеменiң активтерiн қаржыландыру үшiн тартылған ұзақ мерзiмi несие және қарыздар үлесiн көрсетедi. Бiздiң талдап отырған кәсiпорында бұл коэффициент:
2007 жыл : 0,212=
2008 жыл: 0,156=
Оның денгейi 0,056 пунктке қысқарған. Ол кәсiпорынның жаңа ұзақ мерзiмдi несие және қарыз алуға көзiн болмағанын көрсетедi.
Меншiктi, қарыздық (тартылған) және жалпы (авансталған) капитал қатынастарын бейнелейтiн коэффициенттер мен қалыптасқан жағдай меншiктi және қарыздық капиталдың (мiндеттемелер) құрылымын талдауды талап етедi.
Меншiктi капиталды талдау. Кәсiпорынның жеке құралдарының пайда болу көздерi болып бiздiң отандық тәжiрибеде жарғылық қор, резервтiк қор, арнайы жұмсау қорлары, мақсатты қаржыландыру және түсiмдер, арендалық мiндеттемелер, бөлiстiрiлмеген пайда (баланс пассивiнiң I-шi бөлiмiнде көрсетiледi), сонымен бiрге құрылтайшылармен есептесу, болашақ уақыт табыстары, тұтыну қоры, болашақ шығындар және төлемдер резервтерi, сенiмсiз қарыз бойынша резервтер (баланс пассивiнiң II-шi бөлiмiнде көрсетiледi) табылады. Активтердiң қалыптасу көздерiнiң барлығын екi топқа бөлiп қарастыруға болады. «Меншiктi капитал» және «тартылған капитал», жоғарыда аталған кейбiр статьялар меншiктi құралдар көзi бола алмайды. «Жарғылық капитал» статьясын қозғамай-ақ, оның мәнi кәсiпорынның шаруашылық формасынан және меншiк формасынан тәуелдi (мысалы, арендалық) әр түрлi болуы мүмкiн, айта кетейiк, мұнда кәсiпорынның меншiктi құралдарының нақты көздерi көрсетiледi. Ал «болашақ шығындар және төлемдер резервтерi» статьясын қарастыратын болсақ, меншiктi құралдар көздерiнiң құрамына кiрiстiру негiзсiз болып табылды. Кәсiпорын жұмысшыларының демалыстарын төлеуге кететiн резервтелген сумма бұл негiзiнен кәсiпорынның өз жұмысшылары алдындағы кредиторлық қарызы болып табылады.
Кесте 9-де «Қазақтелеком» АҚ 2007 , 2008 жылдарға меншiктi капиталының қозғалысы көрсетiлген. Меншiктi капиталды қарастырған кезде меншiктi айналым құралдарында болған өзгерiстерге аса көңiл аударылады, яғни меншiктi капиталдың қандай бөлiгi иммобилизацияланған сипатта бекiтiлмей, және қандай бөлiгi осы құралдармен еркiн бақылайтындай формада екенiн анықтайды. Меншiктi айналым құралдарының немесе функцияланатын капитал көлемiн анықтау үшiн, меншiктi капитал суммасынан баланс активiнiң бiрiншi бөлiмiнiң («Негiзгi құралдар және айналымнан тыс активтер» ) нәтижесiн алып тастау керек.
Кесте 9
«Қазақтелеком» АҚ –ның меншiктi айналым құралдарын 9-шi кестеде келтiрiлген мәлiметтерден көруiмiзге болады (Кесте 10). Кесте 10 мәлiметтерiнен көрiнiп тұрғандай, бұл көрсеткiште жыл iшiнде өзгерiстер болған. Егер 2007 жылы меншiктi айналым құралдары 15379 млн тенге суммасында болса, 2008 жылы меншiктi капитал баланс активiнiң бiрiншi бөлiмiн 8320 млн тенгеге жаппаған. Тәжiрибеде күрделi салымдарды қаржыландыру үшiн және негiзгi құралдар сатып алу үшiн ұзақ мерзiмдi несиелер және қарыздар қолданылады, олар меншiктi капиталға қосылады. «Қазақтелеком» АҚ -да ұзақ мерзiмдi қарыздар болған, олардың көлемi 2007 жылы 14300 млн тенге, ал 2008 жылы 11700 млн тенге болды. Қаржыландырудың осы тартылған көзiн есепке ала отырып, алдыңғы көрсеткiштердiң мәнi анықталады. Ол «таза мобильдi құралдар» немесе «таза айналым капиталы» деп аталады.
Бұл көрсеткiш абсолюттi болып табылады, оның өсуi- жағымды, ал азаюы- жағымсыз тенденция. «Қазақтелеком» АҚ -да оның көлемi 2008 жылы 3380 млн тенге (63297+11700+71617), ал 2007 жылы ол 29679 млн тенге құрады (53261+14300+37882), яғни 8,8 есе қысқарған.
Кесте 10
«Қазақтелеком» АҚ-ның меншiктi айналым құралдарының бар болуы және қозғалысы
№ | Көрсеткiштер | 2007 жылы млн тенге | 2008 жылы млн тенге | Жыл iшiнде өзгерiстер (+,-) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Меншiктi капитал | 53261 | 63297 | +10036 |
2 | Ұзақ мерзiмдi активтер (баланс активiнiң I-шi бөлiмi) | 37882 | 71617 | +33735 |
3 | Меншiктi айналым құралдары | 15379 | -8320 | -23699 |
Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары