Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.
Кiрiспе
1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері
2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3
3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
Кәсiпорын активтерiндегi меншiктi айналым құралдарының үлесi 2005 жылы 1,9 % құрады, ал бұл көрсеткiштiң нормативтi мәнi 30 %-тен кем болмауы керек. Бұл қалыптасқан жағдай кәсiпорынның нарықтық экономика шарттарында әрi қарай қызмет етуiнде қауiп төндiредi. Кәсiпорынның нарықтық тұрақтылығы үшiн меншiктi айналым құралдарының бар болуы үлкен мәнге ие болғандықтан, әрi қарай талдау кезiнде оны тудыратын факторларды зерттеу керек және бұл көрсеткiштiң абсолюттi деңгейiнiң қысқару себептерiн қарастыру керек. Осы мақсатпен келесi кестенi құрамыз. (Кесте 11).
Таза айналым капиталының көлемiнiң қыскаруының негiзiгi себебi , кәсiпорын әкiмшiлiгi оның материалды-техникалық базасының дамуына көп көңiл бөлгендiгi болып отыр. Негiзгi құралдардың қалдық құны 2006 жылы 44317 млн тенге құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 17264 млн тенгеге көп, ал анықталмаған күрделi құрылыс көлемi 6539 млн тенгеден 22984 млн тенгеге дейiн өскен, яғни 16445 млн тенге немесе 3,5 есе өскенiн көрiп отырмыз. Меншiктi капитал тек 10036 млн тенгеге өскен, ал ұзақ мерзiмдi қарыздар 2600 млн тенгеге азайған, нәтижесiнде перманенттi капиталдың ұлғаюы тек 7436 млн тенгенi құрады, ал ұзақ мерзiмдi активтер құны 33736 млн тенгеге өскен. Осы екi фактордың әсерi таза айналым капиталының қысқару көлемiн бередi .
7436-33735=3380-29679=-26299.
Талдау кезiнде таза айналым капиталының тек абсолюттi шамасын ғана емес, меншiктi капиталдың жалпы көлемiнде оның үлес салмағын анықтау да керек. Бұл көрсеткiш кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының сипаты болып табылады.
Кесте № 11
Меншiктi айналым құралдарының (таза айналым капиталы) шамасына әсер еткен факторлар
№ | Факторлар | Факторлар әсерiн есептеу | Факторлардың әсер ету деңгейi |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Меншiктi капитал өзгеруi, Соның iшiнде: | 63297-53261 | +10036 |
| 1.1 Жарғылық қор | 13000-13000 |
|
| 1.2 Резервтiк қор | 1235-1014 | +221 |
| 1.3 Арнайы жұмсау қорлары | 12727-15080 | -2353 |
| 1.4 Болашақ шығындар және төлемдер резервтерi | 2184-1027 | +1157 |
| 1.5 Бөлiстiрiлмеген пайда | 34151-23140 | +11011 |
2 | Ұзақ мерзiмдi қарыздардың суммасының өзгеруi | 11700-14300 | -2600 |
3 | Перманенттiк капитал өзгерiсi (стр.1+стр.2) | 74997-67561 | +7436 |
4 | Ұзақ мерзiмдi активтердiң өзгеруi Олардың iшiнде: | 71617-37882 | +33735 |
| 4.1 Негiзгi құралдар | 44317-27053 | +17264 |
| 4.2 Аяқталмаған күрделi салымдар | 22984-6539 | +16445 |
| 4.3 Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер | 4225-4225 |
|
| 4.4 Материалды емес активтер | 91-65 | +26 |
5 | Таза айналым капиталының өзгерiсi | (3380-29679) немесе (7436-33735) | -26299 |
Қарыздық капиталды талдау. Талдауды өткiзу үшiн қарыздық құралдардың бөлек статьяларының есептiк көрсеткiштерiн топтық нәтижелермен салыстыру керек, олардың базистiк көрсеткiштерден өзгерiсiн анықтап, қатысты шамалардың өзгерiсiне баға беру керек. Бұл мақсатпен келесi кестенi құрастырамыз. (Кесте 12).
Кесте 12 мәлiметтерiнен көрiнiп тұрғандай, кәсiпорын активтерiнiң қалыптасу көздерiнiң құрамында негiзгi үлес салмақты қарыздық капитал алады. Егер 2007 жылы оның көлемi 41,5 % болса, 2008 жылы 63,7 %, яғни 22,2 пунктке көп. Ал қарыздық капитал құрамында 2007 жылы ең үлкен үлес салмақты ұзақ мерзiмдi қарыздар алған (37,9), 2008 жылы олардың көлемi қысқарды (27,4) және 10,5 % құрады. Ұзақ мерзiмдi қарыздардың үлес салмағының қысқару себептерiн анықтау үшiн, оларды қайтару мерзiмдерiмен танысу керек және осы негiзде ұзақ мерзiмдi несиелер есебiнен қалыптасатын құралдардың бөлiгi жөнiнiде әңгiме қозғауға болады. Бiзге белгiлi, ұзақ мерзiмдi несиелер 1 жылдан астам уақытқа берiледi және негiзiнен жаңа технологияны еңгiзу бойынша шығындарға, өндiрiстi кеңейту, реконструкциялау, қымбат құрал-жабдықтар сатып алу және т.б мақсатты бағдарламаларға берiледi.
Кәсiпорынның ағымдық және перспективтi төлем қабiлеттiлiгiн талдау.
Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi оның қаржылық тұрақтылығының негiзiгi критериилерiнiң бiрi болып табылады және онымен тығыз байланысты. Оның талдауын құралдардың бар болуы және түсуiн алғашқы қажеттiлiктегi төлемдермен өлшеу жолымен жүзеге асырады. Төлем қабiлеттiлiгiнiң ағымдық және күтiлетiн (перспективтi) түрлерiн ажыратады. Ағымдық төлем қабiлеттiлiгi балансты құру мерзiмiне анықталады. Кәсiпорынның мердiгерлерге, банк несиелерi бойынша уақытынан асып кеткен қарыздары болмаса, оның төлем қабiлеттiлiгi бар кәсiпорын деп есептеледi.
Күтiлетiн (перспективтi) төлем қабiлеттiлiгi нақты болашақтағы мерзiмге анықталады. Кәсiпорынның төлемдiк құралдарын, осы мерзiмдегi жедел (алдыңғы қатардағы) мiндеттемелермен салыстыру жолымен анықталады.
Кесте 12
Төлем қабiлеттiлiк төлем қабiлеттiлiгiнiң коэффициентi арқылы сипатталады, ол қолда бар ақша суммасының белгiлi бiр мерзiмге немесе болашақ уақыттағы жедел мiндеттемелер суммасына қатынасы ретiнде көрсетiледi. Егер төлем қабiлеттiлiгiнiң коэффициентi 1-ге тең немесе 1-ден үлкен болса, кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi бар деген сөз. Егер коэффициент 1-ден төмен болса, талдау процесiнде төлем құралдарының жетiспеушiлiк себептерiн анықтау керек.
Төлем құралдарының суммасын анықтау мәселесi бойынша әр түрлi көзқарастар бар. Төлем құралдарына ақша құралдарын, қысқа мерзiмдi құнды қағаздарды жатқызуға болады, себебi оларды тез уақытта ақшаға айналдыруға болады (егер оның түсуiнде сенiм болатын болса) .
Жедел мiндеттемелерге ағымдық мiндеттемелер кiредi, яғни өтелуге тиiстi мiндеттемелер және қарыздар, банктiң қысқа мерзiмдi несиелерi, қысқа мерзiмдi қарыздар, кредиторлық қарыз және басқа да пассивтер.
Төлем құралдарының жедел мiндеттемелерден көп болуы кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiнiң бар екенiн көрсетедi. Ал төлем қабiлеттiлiгiнiң болмауын банктегi есептiк және басқа да счеттарда ақшаның болмауы, банкке бережақ мерзiмiнен асып кеткен несиелердiң болуы, қаржылық органдарға қарыздар, еңбекақы төлеу бойынша мерзiмдердi бұзу т.б көрсетедi.
Төлем қабiлеттiлiк қысқа мерзiмге талдау жүргiзген кезде нақты түрде көрiнедi (апта, жарты ай).
Есептiк кезең iшiндегi ағымдық төлем қабiлеттiлiк төлем күнтiзбесi көмегiмен анықталады, оның негiзiнде ағымдық оперативтi төлем қабiлеттiлiгiнiң коэффициентi анықталады, банкпен, кредиторлармен, қаржылық және т.б органдармен уақытында есептесудi қамтамасыз ететiн шаралар ұйымдастырылады. Төлем күнтiзбесi аналитикалық есептеме мәлiметтерi, банк выпискалары, төлемдер жеделдiгiнiң картотекасы т.б мәлiметтер негiзiнде құралады. Мұндай есептесулер күн сайын немесе 3-5 күнде 1 рет немесе т.б уақыт өлшемiнде жүзеге асырылады.
1 Есептесуге тиiстi мердiгерлер шоттары | 26260 |
2 Мүлiктi сақтандыру бойынша бережақтар | 702 |
3 Есептiк шоттағы құралдар қалдығы | 2470 |
4 Сатылуға ұсынылған қысқы мерзiмдi құнды қағаздар | 2925
|
5 Өтелуге тиiстi банктiң қысқа мерзiмдi несиелерi | 3653 |
6 Төленуге тиiстi мердiгерлiк құрылыс ұйымының шоттары. | 1456 |
7 Төленуге тиiстi сатып алушылар шоттары. | 93 |
8 Мердігерлерге берiлген вексельдер | 2106 |
9 Өткiзiлген негiзгi құралдар үшiн түсуге тиiстi ақша құралдары. | 6435 |
10 Ақша құралдарының басқа да түсiмдерi | 585 |
11 Салықтар және басқа да төлемдер бойынша бюджетке қарыздар | 8541 |
12 Еңбекақы бойынша төленуге тиiстi бережақтар | 10764 |
13 Әлеуметтiк сақтандыру және қамтамасыз етуге аударымдар бойынша бережақ | 1404 |
14 Түсуге тиiстi өткiзiлген қажет емес материалдар үшiн құралдар | 2691 |
15 Еңбекақы төлеу бойынша депоненттелген бережақ | 143 |
16 Кассадағы ақша құралдарының қалдығы | 494 |
17 Түсуге тиiстi дебиторлық қарыз | 2457 |
18 Мерзiмi асып кеткен шоттар бойынша сатып алушылардан түсетiн түсiмдер. |
Осы мәлiмет негiзiнде төлем құралдарын және жедел мiндеттемелердi анықтаймыз. (Кесте 13).
Осы келтiрiлген мәлiметтерден көрiнiп тұрғандай, қарастырылып отырған мерзiмге кәсiпорын өз мiндеттемелерiнiң 86,3 % өтей алады (47515:55029), ал қарыздардың 13,7 % төленбеген болып қалады және мерзiмi асып кеткен қарыздар құрамына кiредi.
Кесте 14
Ағымдық төлем қабiлеттiлiгiн талдау кезiнде сандық көрсеткiштерден басқа, сандық өлшемi жоқ, сапалық сипаттамаларды да қарастыру керек. Олар кәсiпорынның қаржылық икемдiлiгiнен тәуелдi болады.
Қаржылық икемдiлiк- төтенше жағдайларға байланысты ақша құралдары түсiмiнiң күтiлмеген үзiлiстерiне кәсiпорынның қарсы тұру қабiлетiн сипаттайды.
Ол акционерлiк капиталды ұлғайту, активтердi сату және қайта орналастыру, өзгерiп тұрған жағдайларда өмiр сүру үшiн, кәсiпорын қызметiнiң сипатын және деңгейiн өзгерту қабiлеттiлiгiн көрсетедi. Кәсiпорынның ақша құралдарын қарызға алу қабiлеттiлiгi әр түрлi факторлардан тәуелдi және тез өзгередi.
Ол кәсiпорынның табыстылығы, тұрақтылығы, көлемi, саладағы жағдайы, активтер құрылымы, капитал құрылымымен анықталады.
Ең алдымен ол несие нарығының өзгерiсiнiң жағдайы және бағыттары сияқты фактордан тәуелдi.
Кәсiпорынның қаржылық икемдiлiгiне баға беру кезiнде оның вексельдерiнiң, облигация және артықшылығы бар акциялардың рейтингi, активтердi сату шектеулiлiгi, шығындардың кездейсоқтық дәрежесi, өзгерiп отырған жағдайларға тез бейiмделу қабiлеттiлiгi (мысалы, сұраныстың төмендеуi, қамтамасыз ету көздерiнiң жойылуы) есепке алынады.
Ағымды (қысқа мерзiмдi) төлем қабiлеттiлiк тар түсiнiк, себебi ол перспективаға бағытталмайды.
Кәсiпорынның перспективтi (ұзақ мерзiмдi) төлем қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн (1 жылдан астам) өтiмдiлiктiң динамикалық, статикалық көрсеткiштерi қолданылады.
Нарықтық экономика теориясы және практикасында төлем қабiлеттiлiгiнiң терең және детальды талдауы үшiн қолданылатын басқа да көрсеткiштер белгiлi.
Олардың iшiнде пайда және ақша табу қабiлеттiлiгi үлкен мәнге ие, себебi осы факторлар кәсiпорынның қаржылық денсаулығын анықтау үшiн қажет.
Ақша табу қабiлеттiлiгi дегенiмiз кәсiпорынның болашақта өз қызметiнен пайда алу қабiлеттiлiгi. Осы қабiлеттiлiктi бағалау үшiн ақша құралдарының жеткiлiктiлiк коэффициентi және олардың капитализациясы талданады.
Кәсiпорынның перспективтi төлем қабiлеттiлiгiн анықтау үшiн өтiмдiлiктiң көрсеткiштерi кеңiнен қолданылады. Олар кәсiпорын активтерiнiң ақша құралдарына айналу жылдамдығын және дайындығын көрсетедi.
Өтiмдiлiк кәсiпорын мiндеттемелерiнiң оның активтерiмен жабылу дәрежесiмен анықталады,активтердiң ақшаға айналу мерзiмi мiндеттемелердi жабу мерзiмiне сәйкес келедi. Осы айналым қаншалыкты жылдам өтетiндiгiнен кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi тәуелдi. Басқаша айтсақ,кәсiпорынның өтiмдiлiгi- өз мiндеттемелерiн сәйкес мерзiмде төлеу үшiн қолда бар құралдар (активтердi) тез мобилизациялау мүмкiндiгi деп айтуға болады.
Өтiмдiлiк кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн көрсетедi және жалпы сумма бойынша да, түсу мерзiмдерi бойынша да оның активтерi мен мiндеттемелерiнiң тұрақты теңдiгiн бейнелейдi. Мәнi бойынша кәсiпорын өтiмдiлiгi баланс өтiмдiлiгiн көрсетедi.Сондықтан, кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн бухгалтерлiк баланс көрсеткiштерiн терең зерттеген жөн.
Баланс өтiмдiлiгiн талдау
Өтiмдiлiк дәрежесiне байланысты, яғни ақша құралдарына айналу жылдамдығына байланысты кәсiпорын активтерi келесi топтарға бөлiнедi.
А-1 Ең өтiмдi активтер.
Әлемдiк тәжiрибеде оларға кәсiпорынның ақша құралдарының барлық статьялары және құнды қағаздар кiредi. Ақша құралдары және құнды қағаздар (қысқа мерзiмдi қаржылық салымдар) айналым құралдарының ең мобильдi бөлiгi болып табылады.
А-2 Тез өткiзiлетiн активтер.
Оларға қысқа мерзiмдi дебиторлық қарыз және басқа да активтер жатады. Дебиторлық қарыз бойынша суммалар белгiлi бiр мерзiмде есептiк шотқа түседi және кәсiпорынның өз мiндеттемелерiмен есептесуге жұмсалуы мүмкiн. Уақытында сатып алушылар тарапынан есептiк құжжаттар бойынша, түсiрiлген тауар бойынша мерзiмi өтiп кеткен қарыз жай өтiмдi болады болады, себебi оның төлену мерзiмiнде сенiм жоқ.
Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары