Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері


2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3


3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

жатады.

        Қазіргі  уақытта   маркетинг  тауарлар  мен  қызметтерді   нарықта  өткізудің   әдістері  болып  қана  қоймай,  одан  да  көп  жағдайлармен  қамтамасыз етеді. Маркетинг -екі жақты процесс, фирмаға  тұтынушылардың  қажеттілігі   туралы   ақпарат   түседі,  осыдан  кейін   фирма  тұтынушыларға  қажетті   тауарлар  мен   қызметтерді   игеріп,  оған  ұсынуы  керек.   Осылайша,  маркетинг  тұтынушы  мен  өндірушінің   қосындысында  негізделген. 

        Егер  кәсіпорын   пайда  табуға  бағытталса,  онда  ол  өнім  сатуы  керек  немесе  қызмет  көрсетуі  керек,  ол  үшін  сатып  алушыны   іздеп,  оның  қажеттіліктерін  анықтау  қажет,  сәйкесінше  тауар  өндіріп  немесе  қызмет  көрсетіп,  бағасымен  келісіп,  оны  нарыққа  жылжытуы  керек.      

 

 

3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану

 

     Акционерлік қоғамдар қазіргі таңда шаруашылық қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі. Акционерлік қоғамдар туралы шетелдік заңнаманың даму тенденциясын бақылай отырып,отандық акционерлік заңнаманы жетілдіруде бірыңғайландыру жөніндегі пікірлер айтылуда.Еуропалық тәжірибеде акционерлік қоғамдар туралы шетелдік заңнаманың даму дәрежесі, Қазақстандық акционерлік қоғамдардың тәжірибелік қызметінде ескерілуі, кез-келген халықаралық қаржы рыногында айналыста болғандықтан қалайтындығымен түсіндіріледі. Ғылымда акционерлік қоғамдардың алғашқы үлгілері туралы біркелкі пікірлер жоқ.Бір ғалымдардың көзқарастары бойынша акционерлік қоғамдар Ежелгі Римдегі серіктестіктерден, келесілері қазіргі кезеңгі акционерлердің мәртебесіне ұқсас несие берушілердің мәртебелері бар мемлекеттік займның ортағасырлық жүйесінен туындаған деген ой білдіреді.  Тарихи талдау акционерлік саланың  қалыптасуына келесі кезеңдердің ықпал еткендігін білдіреді:

                  1)акционерлерлік компаниялардың Ежелгі Рим уақытындағы алғышарттары;

                  2) капиталистік кезең;

                  3)социалистік кезең.

Акционерлік қоғамдардың өзге ұйымдардан айырмашылығы ретінде акцияны шығару танылады, әлбетте, сол уақыттарда акцияның болмағандығы туралы білеміз.

Осы жерде И.Т.Тарасовтың ежелгі римдік societates vectigalium publicorum'ды қазіргі таңдағы сенім серіктестіктестігінің негізі ретінде қарастыруға болатындығы туралы ой-пікіріне қосылуға болады. Серіктестік қызметіне толық серіктестердің міндетті қатысу қағидасын, бұл ұйымның толық серіктестер мен салымшылардан қалыптасатындығын ескере отырып, публикандар серіктестігін тарихтағы алғашқы акционерлік компаниялар деп мүлдем айта алмаймыз.

             

ХVI ғасыр еуропалық мемлекеттер экономикасы үшін жаңа кезең. Бұл әлемдік сауда  аумағының  кеңейтілуімен және еуропалық капиталдың қолданысымен байланысты болды. Еуропаның  экономикалық мүдделерін жүзеге асыру үшін жаңа ұйымдық   нысан, капиталистік элементін қолдануға негізделген кәсіпкерлік бірлестіктің жаңа түрі қажет болды. Бұл нысан тарихи тұрғыдан отаршыл компаниялар болды, кейін жетілдіре келе, ХІХ ғасырда    заң шығарушы мен жаңа құқықтық конструкция "акционерлік қоғам" қалыптасты.

              Англия, Голландия  және басқа да елдер ХVI- ХVII ғасырларда сауда жүргізу және отарларды игеруге өз мемлекеттерінен айрықша құқықтарға ие ірі отаршылды компанияларды құру жолымен жүрді. Ғасыр шеңберінде 60 тектес бірлестіктер құрылып, оның әйгілілері голландтық, ағылшындық және Француздық Ост-Үнді компаниялары болды.

              ХVI ғасырдың  соңы Голландияда өнеркәсіптің, сауда-саттықтың  дамуымен, әсіресе жаңа су жолдары мен жаңа елдердің ашылғандығынан су айналым саласының қарқынды дамуымен сипатталады. Голландияға Бразилия, Үндістан, Африка мемлекеттерімен сауда қатынастарын құруға үміттенуші, кәсіпкерлікпен айналысуға ұмтылушы адамдар жинала бастайды.

Голландтық Ост-Үнді компаниясы 1594 жылы құрылады. 1622 жылдан бастап компанияны басқаруда директорлар  орталықты органының ролі артты. Жыл сайын есеп жүргізетін және өткізілген тексеріс бойынша өз қорытындыларын ұсынатын, құрамында екі қатысушысы бар ревизиялық орган құрылды. Компанияны басқарудың құрылымы екібуынды болды: қатысушылардың жалпы жиналысы, компания директоры. Өзге ұйымдармен салыстырғанда компанияның деңгейін көтеретін және голландтық саудагерлер үшін қызығушылық тудыратын фактор болып компания міндеттемелері бойынша қатысушылар жауапкершілігінің шектеулілігі танылды.

              ХVІІ ғасырдың 30 жылдары Голландияда сансыз банкроттықтардың нәтижесінде көрініс тапқан акционерлік алыпсатарлық уақытша тоқтатылып, ХVІІІ ғасырдың басында қайта жаңғырды.

Англияда акционерлік компаниялар ХVІ ғасырдың соңында және ХVІІ ғасырдың басында пайда болып, алғашқыларының бірі болып сауда жүргізу мақсатында құрылған Ағылшындық Ост-Үнді компаниясы саналады. Ағылшындық Ост-Үнді компанияның құрылуына Ағылшын-Гамбургтік сауда компаниясының құрылуы әсер етті.

              Ю.В.Петровичева өзінің ғылыми еңбегінде Біріккен Корольдікте  (Англияда) компанияларды  құру  және даму тарихи үш кезеңде өтті дейді, олар:

              1. корпорациялардың корольдік грамотамен құрылу кезеңі,

              2. парламент статутының құрылу кезеңі;

              3. нормативтік тәртіппен жауапкершілікті шектеулі компанияларды инкорпорациялау  кезеңі.

              Ағылшындық Ост-Үнді компанияның басты басқару органы  қатысушылардың жалпы жиналысы болды. Жалпы жиналыс жылдық, сондай-ақ кезектен тыс жиналыстың өткізілуі де қарастырылып, ол комитетпен қатар, бас директорды сайлайды. Комитет мүшелері және бас директор бір жылға сайланады.

Англияда Ост-Үнді компаниямен қатар, Оңтүст.ік қоғам, Оңтүстік-Американдық компаниялар әрекет етті. Бұл ұйымдардың Ост-Индтік компаниядан өзгешіліктері болмағанымен, олар корпоративтік қызметтің қалыптасуына әсер етті. Тарихқа назар аударсақ, корпорациялар мен биржалық алыпсатарлықтың сол уақыттарда бірге жүретіндігін байқаймыз. Англиядағы өнеркәсіптік өндірістің дақпырты әр алуан жобаларды қаржыландыру үшін ақшалай қаражатты тарту мақсатында тұлғалардың кең шеңберіне акцияларын сататын компаниялардың пайда болуына әкелді. ХVІІІ ғасырда Англияда көптеген акционерлік компанияларды құру кезінде  бағалы қағаздармен байланысты алыпсатарлық операциялар сансыз қулықтармен ұштасып, нәтижесінде күдікті жобаларға ақшалай қаражаттарын енгізген қатысушылардың арқасында тек компанияны құрушылар ғана табыстарға жетті. Сол тәріздес компаниялардың акцияларының құны бір сәтте жүз процентке көтерілетін және түсетін. Тұлғаларды әрқилы күдікті істерге тарту арқылы, акциямен алыпсатарлықты жүргізу кейін акционерлік компанияларға сенімсіздікті туғызды.

11 маусым 1720 жылы парламентпен "сабынды көпіріктер туралы" әйгілі Babble-Act заңы қабылданады. Бұл заңда мемлекеттің рұқсатынсыз корпоративтік құқықтарға иеленетін кәсіпорындарды жарамсыз ететін, жауапкершілігі шектеулі компанияны құруға тыйым салатын нормалар көрініс тапты. Әлбетте, бұл нормаларды бұзушылар саны көбейген соң, Оңтүстік мұхит компанияларының ұсынысы бойынша Babble-Act'тың маңыздылығын жоғарылататын scire facias деген атауымен бұйрық шығарылады. Бұйрық акционерлер, алыпсатарлар және құрылтайшылар арасында үрей тудырды. 1734 жылы акция және өзге бағалы қағаздармен алыпсатарлықты өткізуге тыйым салушы заң қабылданды. Babble-Act 1824 жылы күшін жоғалтып, ал бұл құрылтайшылықтың аса жайы-луына әкеліп, тек бір жылдың ішінде 101 690 000 фунт стерлинг соммасына акционерлік компаниялардың құрылуына ықпал етті.

Babble-Act'тан кейінгі кезеңде Англияда акционерлік қоғамдардың заңи негізі болмай, сол уақыт аралықтарында жеке компаниялар тек парламент не коронаның рұқсатымен құрылуға құқылы болды. 1856-1867 жылдары "Компаниялар туралы" заң, 1862 жылы Англиядағы акционерлік компаниялардың қызметін реттеуші арнаулы заң қабылданады. Бұл заңның жарық көруі Францияға да ықпалын тигізді. Себебі, дәл сол жылы Франция мен Англия арасында халықаралық шарт жасалып, оған сәйкес ағылшындық қоғамдар өз қызметтерін Францияда жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Голландияда корпорациялардың дамуы жоғары деңгейге жеткенде, Францияда енді ғана корпоративтік қызмет қолға алынды. Корпоративтік құрылым Францияда мемлекеттің қолында болып, оның үстемдік етуі, үнемі компанияларды қадағалауда ұстауы кәсіпкерліктің басқа мемлекеттерге қарағанда өзгеше дамуына әкелді. Француздық компаниялар арнаулы үкіметтік актімен құрылып, мемлекеттің бастапқы кезеңнен қадағалауы компанияларға пәрменді саяси, қаржылық күш берді. Кейбір зерттеушілер компания қызметін заңды реттеу үкімет тарапынан тікелей қадағалау мен қамқоршылыққа айналды деп есептейді. Мәселен, әрбір компанияда мемлекеттік агенттің болуы, артықшылықты компания жалпы жиналысына тіптен корольдің қатысуы тәріздес жағдайлардың болуы кездесетін.

Франциядағы банктік акционерлік компаниялардың бірі Лауевтік банк 23 мамыр 1716 жылы Генуэздік банктің үлгісімен "Лау және К" фирмасы атауымен құрылды. Алғашқыда коммандиттік сипатқа ие болып, 4 желтоқсан 1718 жылы акционерлік компанияға айналды.

Акционерлік заңшығарушылықта аса ірі құбылыс ретінде 1807 жылы Францияның Сауда кодексін қабылдауы танылады. Кодекс жасырын (акционерлік) қоғамның және акциядағы коммандиттік серіктестіктің түсінігін енгізеді.

Code de Commerce акционерлік қоғамдарды заңдастырады. Онда акционерлік қоғамдар үшін құрылудың рұқсат етуші тәртібі қарастырылады. Кодекс қоғам атауы қатысушылар есімдерінен өзгешеленуін, оның қызмет ету пәні көрсетілуін анықтады.  Сондай-ақ, Сауда кодексінде қатысушылардың шектеулі жауапкершілігі, жарғылық қорды қалыптастырушы акциялардың екі түрге (атаулы және ұсынбалы) бөлінетіндігі туралы ережелер көрініс табады. Бұл құжаттың басты өзгешелігі, ол акционерлік қоғамды алғашқы рет жария құқық емес, жеке құқықтың институты екендігін мойындайтындығында.

Наполеон уақытында 1852 жылы жылжымалы несиелендіруді жүзеге асырушы ағайынды Перейерлардың әйгілі акционерлік банкісі ашылады.

Зерттеушілер "компаниялар пайда болған және белсенді қызмет етіп жатқан кездерде, ешкім оларды ерекше ұйымдық-құқықтық нысан ретінде қарастырмады" деп пайымдайды. ХVІ ғасыр соңымен ХVІІ ғасыр басындағы бірде-бір әйгілі ғалымдар акционерлік қоғам тәріздес ерекше құқықтық конструкция туралы сөз қозғамайды. Сондықтан да, отаршылды компанияларды бастапқыда толық және сенім серіктестігінің, сондай-ақ өзге бірлестіктер нысандарының сипатына ие "квази-акционерлік қоғамдар" ретінде қарастыруға болады. Әлбетте, тек отаршылды компанияларға тән белгілер де  оларды ерекше ұйымдық нысан ретінде қарастыруға мүмкін етпеді .

Дегенмен, кейін отаршылды компаниялар акционерлік қоғамдар болып танылғанымен, ХVІІІ ғасырға дейін оларда үлеске бөлінген тұрақты жарғылық қор болған емес. Шектеулі жауапкершілік болса, бұл белгі алғашқы рет Францияның отаршылды компанияларында пайда болды. Голландтық Ост-Үнді компаниясы қатысушылардың шектеулі жауапкершілік қағидасы жөнінде бейхабар болды, бірақ ол іс жүзінде сақталатын. Англияда шектеулі жауапкершілік тек ХІХ ғасырда пайда болды. Отаршылды компанияларды басқару тәртібі, үнемі қазіргі заман акционерлік құқық қағидаларына сәйкес болмағандығын айтып кеткен жөн. Басты қатысушылар компанияны басқаруға қатысып, өзгелер тек соңғы есеппен танысуға құқылы болды. Ал барлығы болса, басқа мемлекеттен алып келген тауар түрінде толық не ішінара дивиденд алып тұрды. Алайда отаршылды компаниялар кейінірек акционерлік қоғамдардың ерекшелеуші  белгісі болатын сипаттарға ие болды. Олардың ішінде - қатысушылардың анағұрлым саны болу мүмкіндігі, мүліктің акционерлерден оқшаулануы, және т. б. белгілер кездеседі. Сондықтан, серіктестіктердің өзге түрлерімен салыстырғанда отаршылды компаниялар таза капиталистік ұйымдық нысан.

Англия, Франция, Голландияда кәсіпкерлік қызмет қарқынды дамып, отаршылық жүйе дамығанда, Германия, Дания, Норвегияда енді ғана корпорациялар туындай бастайды. Олар корпоративтік саланың дамуына ешбір үлестерін қоспаса да, олардың атқарған қызметтері кейін басқа мемлекеттер үшін үлгі болады.Акционерлік қоғамдардың әрі қарай дамуы тарихтағы капиталистік кезеңнің басталуынан кейін мүмкін болды. Өндіруші күштердің өсуі, өнеркәсіптік төңкеріс және Еуропадағы буржуазия-лық саяси төңкерістер "толыққанды" акционерлік компаниялардың туындауына әкелді. Тауар өндіру, сақтандыру, несиелендіру саласындағы ірі мәселелерді шешу қажеттілігі  акционерлік нысанды сол қызметтерді жүзеге асырудағы ең ыңғайлы ұйымдық нысан ретінде танытты. Көптеген авторлар акционерлік қоғамның туындауына әсер еткен бірден-бір фактор - өндірістің капиталистік әдісі деп мәлімдеді. Капиталистік экономикалық қатынастың туындауына ықпал етуші экономикалық табиғат акционерлік қоғам тәріздес ұйымдық-құқықтық нысанның пайда болуы мен дамуына әсер етті.

Акционерлік қоғамдар қазіргі таңда шаруашылық қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі. Акционерлік қоғамдар туралы шетелдік заңнаманың даму тенденциясын бақылай отырып, Еуропалық экономикалық қауымдастық аясында акционерлік заңнаманың жақындасу, бірыңғайландыру жөніндегі мәселелерді ойластыру жөн. Еуропалық тәжірибе, акционерлік қоғамдар туралы шетелдік заңнаманың даму дәрежесі қазақстандық акционерлік қоғамдардың тәжірибелік қызметінде ескерілуі жөн, себебі кез келген акционерлік қоғам өзінің бағалы қағаздарын халықаралық қаржы рынокторында айналыста    болғандығын қалайды.

           Америкада акционерлік қоғамдардың корпорация деген атауы бар.Осы екі атау мағыналас болып келеді. Мысалға, Англияда АҚ деген атау жоқ, оны корпорация атауы алмастырады. Сот корпорацияны заңды тұлға ретінде қарастырады.

Корпорация келісім - шарттарға сотқа шағымдана алады, және де ол салық төлеуге міндетті.

 

 

 

                                                                                                                                                                        Кесте 17

 

Атауы

Жалпы саннан %-і

Млрд $-дағы айналым

Жеке меншік мүлік

54,2%

138

     Серіктестіктер

38,7%

90,4

     Корпорация

7,1%

760

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары