Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері


2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3


3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

 

мерзiмдi қаржылық салымдар жыл iшiнде 2847 млн теңгеге немесе 25 %-ке төмендедi. Айналым құралдарының мобильдiк коэффициентi (ағымдық активтер), олардың ең мобильдi бөлiгiнiң (ақша құралдары және қысқа мерзiмдi қаржылық салымдар) ағымдық активтер құнына қатынасымен анықталады, 2,7 есе қысқарып, 8,1 % құрады.

Ең мобильдi құралдар суммасының азаюы және айналым құралдарының (ағымдық активтердiң) мобильдiлiк коэффициентiнiң төмендеуi кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiнiң нашарлағанын көрсетедi.

Бiрақ, нарық жағдайында айналым құралдарының төмен мобильдiлiгi барлық жағдайда жағымсыз бағаланбайтынын ескеру керек. Есептiк шотта құралдардың қалдықтарының аз болуы немесе тiптi олардың болмауы кәсiпорынның төлем қабiлетi жоқ деген сөз емес.

Тұрақсыз жеткiзулер және инфляция шарттарында кәсiпорындар өз ақша құралдарын өндiрiстiк запастарға және тауар - материалдық құндылықтардың басқа түрлерiне салуға мүдделi, олардың нарықтық бағасы тұрақты өсуде. Осыдан басқа өндiрiстiң жоғары тиiмдiлiк деңгейiнде кәсiпорынға өзiнiң бос ақша құралдарын өндiрiстiк қызметке емес, кәсiпорынды кеңейту және техникалық жағынан қайта қаруландырумен байланысты күрделi салымдарды қаржыландыруға бағытталған тиiмдi болады.

«Қазақтелеком» АҚ-да материалдық айналым құралдары жыл iшiнде 67,8 %-ке өсiп жыл соңына 55718 млн теңге құрады. Оның үлесi 8,4 пунктке қысқарса да, көлемi жоғары болып қалады (54,1%). Мұндай жағдай артық, көп жатып қалған құндылықтар, сұранысы жоқ немесе сұранысы шектеулi дайын өнiмдер, шикiзаттың, материалдардың, аяқталмаған өндiрiстiң т.б материалды құндылықтардың барын немесе жоқтығын анықтау мақсатымен, материалды-айналым құралдарының құрамын және құрылымын терең талдауды қажет етедi. «Қазақтелеком» АҚ-да материалды ағымдық активтер негiзiнен өндiрiстiк запастар есебiнен ұлғайды, олардың көлемi 2008 жылы 23465 млн теңге құрады, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп.

Бұл жағдайда баға факторының ролi сөзсiз, бiрақ кәсiпорында натуралды сипатта өндiрiстiк запастар көлемi ұлғайған.

Дебиторлық қарыз суммасы өстi. Оның көлемi 2007 жылы 8515 млн тенге болса, 2008 жылы 36636 млн тенге болды, яғни 4,5 есе өскен, нәтижесiнде, ағымдық активтердiң жалпы құнында оның үлесi 16,0 %-тен 37,6 %- ке дейiн, яғни 2,6 пунктке өскен. Дебиторлық қарыз нелiктен өскенiн қарастыру керек, ол үшiн бұл статьяны толық зерттеп, қарыздарды жабу перспективасын бағалап және оның құрамындағы сенiмсiз қарыздарды анықтау керек, егер олар болса.

Үлкен дебиторлық қарыз нәтижесi ақша құралдарының төмендеуi болып табылады.Есептiк жылда кәсiпорын ақша құралдарын  жоғарыда аталған мақсаттарға жұмсады деп айтуға болмайды. 4225 млн тенге суммасындағы ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар алдыңғы жылда жасалған, ал қысқа мерзiмдi қаржылық салымдар 2008 жылы 221 млн тенге болды, бұл 2007  жылмен салыстырғанда тек 52 млн тенгеге өскен.

Өтiмдi емес, қиын өткзiлетiн тауар-материалды құндылықтардың болуы, дебиторлық қарыздың үлкен көлемi, әсiресе оның сенiмсiз бөлiгi айналым құралдарының айналымдығының бәсеңдеуiне әкеледi және кәсiпорынның қаржылық жағдайына жағымсыз әсерiн тигiзедi.

Осылайша, ағымдық активтердiң және мүлiктiң мобильдiлiгiнiң өсуiне қарамастан, кәсiпорын басшылығына, оның құрылымындағы өзгерiстердiң негiзiн және себептерiн бағалау керек, әсiресе дебиторлық қарызды талдауға көп көңiл бөлу керек, себебi  кәсiпорын мүлкiнiң жалпы құнындағы дебиторлық қарыз үлесi, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын басты көрсеткiштердiң бiрi болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ-да кәсiпорынның барлық активтерiнiң құнында дебиторлық қарыздың үлес салмағы 2007 жылы 9,3 % құрады (8515/91000), ал 2008 жылы 22,1 % (38636/174525). Бұл көрсеткiштiң 2,3 есе өсуi кәсiпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын бейнелейдi.

Қарыздарды жай және ақталмаған қарыздар деп бөледi. Ақталмаған қарызға претензия бойынша , материалдық шығындарды жабу бойынша (құндылықтар жетiспеушiлiгi, бүлiнуi және жоғалуы) қарыздар жатады.

Ақталмаған дебиторлық қарыз айналым құралдарын заңсыз алу формасын және қаржылық тәртіпті бұзуды сипаттайды. Осыған байланысты ақталмаған қарыздарды анықтауымыз керек. Дебиторлық қарыздың құрамы және құрылымындағы өзгерiстерге баға беру үшiн баланс активiнiң үшiншi бөлiмiнiң мәлiметтерi бойынша келесi аналитикалық кестенi қарастырамыз (Кесте 7).

Кесте 7 мәлiметтерi дебиторлық қарыздың құрылымында өзгерiстер болғанын көрсетедi. Сатып алушылармен және мердiгерлермен тауар, қызмет көрсету үшiн есптесулердiң үлес салмағы жыл iшiнде 51 %-тен 33,8 %-ке дейiн, яғни 17,2 пунктке қысқарса, берiлген аванстар бойынша 15,6 %-тен 30,4%-ке дейiн, яғни 14,8 пунктке және алынған вексельдер бойынша 28,5 %-тен 31,0 %-ке  дейiн, яғни 2,5 пунктке өстi. Жалпы осы үш статья бойынша үлес салмақ дебиторлық қарыздың жалпы көлемiнде сол деңгейде сақталған. (95,1%-98,2%), есептесу формаларындағы өзгерiс кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiнiң нашарлағанын көрсетедi.

Дебиторлық қарыздың құрамы және құрылымымен жалпы танысқаннан кейiн оның нақты құны тұрғысынан баға беру керек. Бұл барлық дебиторлық қарыз қайтарылмауы мүмкiндiгiмен байланысты. Оның қайтарымдылығы бұрынғы тәжiрибе және ағымдық шарттар негiзiнде анықталады. Мұнда бухгалтерлiк тәуекелдiлiк пайда болады, оның мәнi өткен, бұрынғы тәжiрибе болашақ шығынға адекватты шара болмайды, ал ағымдық шарттар толық есепке алынбауы мүмкiн. Оның нәтижесiнде айтарлықтай шығындар болады. Дебиторлық қарыздың қайтарым мүмкiндiгiнiң нақтылығын бiлу керек. Қарыздың қайтарылмау процентiнiң есебi бiрнеше жылдардың орташа мәлiметтерi бойынша жүргiзiледi.

«Қазақтелеком» АҚ -да 3 жыл мәлiметтерi алынған, олар 1,9 %, 3,3 %, 6,8 % құрады. Үш жыл iшiнде дебиторлық қарыз қайтарымдылығының орташа процентi 4,0 %-ке тең. Бiрақ зерттелiп отырған мерзiмге механикалық түрде таратпау керек. Нақты шарттарды есепке алу керек, мысалы қарыздарды қайтармау процентiнiң белгiленген өсiм тенденциясын есепке алу керек.

Дебиторлық қарыздың өтiмдiлiк көрсеткiшi оның ақша құралдарына айналу жылдамдығын бейнелейдi, яғни бұл да айналымдылық. Осылайша, дебиторлық қарыздың сапасының және өтiмдiлiгiнiң көрсеткiшi оның айналымдылығы болады.

Айналымдылық коэффициентi өнiм өткiзуден (қызмет көрсетуден) түскен табыс көлемiнiң орташа дебиторлық қарызға қатынасымен анықталады. Оның формуласы келесi түрде болады:

 

                  Кд=                                                                                            (7)

 

Кд- дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициентi

Р- өнiм өндiру (қызмет көрсетуден) түскен табыс.

Зд- орташа дебиторлық қарыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл коэффициент қарыз қанша рет пайда болып және қарастырылып отырған мерзiмде кәсiпорынға канша рет түсетiнiн көрсетедi.

Дебиторлық қарыздың айналымдылығы күнмен де есептелуi мүмкiн (Од) Бұл көрсеткiш оны қайтаруға қажеттi күндердiң орташа санын көрсетедi. Мерзiмдегi күн санын және айналымдылық коэффициентiнiң қатынасы ретiнде анықталады.

 

Од=Д :       немесе     Од=                                                 (8)   

Мұндағы:

З-мерзiм соңына қарыз суммасы

Д-мерзiм ұзақтығы.

Р- өнiм өндiруден (қызмет көрсетуден) түскен табыс.

 

Берiлген есептемеде қарыз мерзiм соңына алынғандықтан, ең соңғы мәлiметтерге көңiл бөлу керек.

«Қазақтелеком» АҚ -да жыл iшiнде орташа дебиторлық қарыз 23575,5 млн теңге, ал өнiм өткiзуден түскен табыс 187408 млн тенге құрады.

Осыдан Кд=187408 : 23575,5=7,9

Бiр айналым ұзақтығы (күнмен есептегенде) Од=360 : 7,95 =45

Алдыңғы жылда ол 42 күн құраған, онымен салыстырғанда дебиторлық қарыздың айналымдылығының бәсеңдеуi байқалады. Оған себеп болуы мүмкiн:

-көрсеткiштердiң төлем қабiлеттiлiгiнiң нашарлауы

-сатып алушыларға өнiмдi уақытында жеткiзбеу

-төмен сапа немесе басқа да келiсiмдiк мiндеттемелердi бұзу есебiнен, алынған өнiмге сатып алушылардың ақша төлеуден бас тартуы.

«Қазақтелеком» АҚ -да төлемдер кешiгуi үш және одан көп ай құрайды.

Мерзiмi өтiп кеткен дебиторлық қарыздың болуы кәсiпорын басшылығына оны қайтаруға шаралар қолдану керектiгiн көрсетедi.

Баланс активтерiнiң талдауын аяқтай отырып, оларды бейнелейтiн көрсеткiштердi қарастырған жөн.

Баланс активтерiнiң пайда болу көздерiн талдау.

Ендi баланс активтерiнiң пайда болу көздерiнiң талдауын өткiземiз. Мұнда ескеретiн жағдай, кәсiпорынның мүлкiнiң түсуi, құрылуы, сатып алынуы меншiктi немесе қарыздық (тартылған) капитал есебiнен жүзеге асуы мүмкiн, олардың ара- қатынасы кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының мәнiн ашады.

Нарықтық қатынастар шарттарында кәсiпорын қызметi және дамуы өзiн-өзi қаржыландыру есебiнен, яғни жеке капитал есебiнен жүзеге асырылады.  Меншiктi қаржылық ресурстардың жетiспеушiлiгi жағдайында қарыздық құралдар тартылады.  Осы шарттарда сыртқы қарыздық көздерден қаржылық тәуелсiздiк үлкен мәнге ие, бiрақ сыртқы қарыздық көздер болмаса кәсiпорынның қызмет етуi қиынға соғады.

Сондықтан, қаржылық есептеменiң ағымдық активтерiнiң құрылу көздерiн шектеу керек. Олардың минимальды бөлiгi таза айналым капиталының есебiнен (жеке айналым құралдары) өндiрiстiк бағдарламаны жүзеге асыру үшiн норматив құралады.  Бөлек кезеңдерде пайда болатын, минимальды қажеттiлiктен жоғары ағымдық активтерде қосымша қажеттiлiк банк несиелерiмен және кредиторлық қарызбен жабылады.  Банк несиелерi де, кредиторлық қарыз да қарыздық құралдарға жатады.

Кәсiпорынның қаржылық есептемесi активтерiнiң қалыптасу көздерiн талдау процесiнде меншiктi және қарыздық капиталдың фактiлiк көлемi, есептiк жылда олардың өзгерiсiнiң себептерi анықталады, оларға сәйкесiнше баға берiледi.  Мұнда меншiктi капиталға басты назар аударылады, себебi меншiктi құралдардың көздерiнiң запасы қаржылық тұрақтылықтың запасы болып табылады.  Меншiктi капиттталдың тек фактiлiк көлемiн ғана емес, сонымен бiрге кәсiпорынға кәсiпорынға авансталған капиталдың жалпы суммасында оның үлес салмағын анықтау керек.

Арнайы әдебиетте бұл көрсеткiш әр түрлi атқа ие (меншiк коэффициентi, тәуелсiздiк коэффициентi, автономия коэффициентi), бiрақ оның мәнi бiр - ол бойынша кәсiпорын қаншалықты қарыздық құралдардан тәуелсiз екенiн және меншiктi құралдарды басқару қабiлеттiлiгiн көрсетедi.

              Тәуелсiздiк коэффициентi- меншiктi капиталдың барлық авансталған капиталға қатынасымен анықталады.

 

Формуласы : Кн=                                                                             (9)

Мұндағы :

Кн – тәуелсiздiк коэффициентi

Ск –меншiктi капитал

Ак – авансталған капитал (нәтиже, яғни баланс валютасы).

Оның өсуi кәсiпорынның қаржылық тәуелсiздiгiнiң өсуiн және болашақ уақытта қаржылық қиыншылықтар тәуекелдiлiгiнiң төмендеуiн көрсетедi. Батыс экономистерiнiң көзқарасы бойынша , тәуелсiздiк коэффициентiн жоғары деңгейде ұстап тұрған жөн. Бұл өз алдына құралдар көздерiнiң тұрақты құрылымын ұстап тұруға мүмкiндiк бередi.

Осындай құрылымды инвесторлар және қарызгерлер жақтайды, себебi ол кәсiпорын тарапынан өз мiндеттемелерiн төлеуге кепiлдiгiн көтередi. Кәсiпорынның меншiктi құралдары неғұрлым көп болса, соғұрлым оған тұрақты қызмет етуге және нарық шарттарын жеңуге оңай болады.

Сондықтан көптеген кәсiпкерлер әр түрлi резервтiк қорлар құру жолымен және жарғылық қорға бөлiстiрiлмеген пайданы тiкелей аудару жолымен меншiктi капитал суммасын өсiруге тырысады.

Қаржылық талдау бойынша әдебиеттердiң бiрнеше авторларының ойынша, дамыған нарықтық қатынастар шарттарында қызмет ететiн кәсiпорындар үшiн, инвесторлар және кредиторлар алдында тұрақты қаржылық жағдайды қамтамасыз ететiн , жеке капиталдың олардың жалпы суммасына қатынасына көлемi 0,6 деңгейi болу керек.

Профессор А.Д.Шеремет бұл көрсеткiштiң минимальды мәнiн 0,5 деңгейiнде, яғни кәсiпорын өзiнiң меншiктi құралдарымен барлық мiндеттемелерiн жабады.Сондықтан құралдардың көздерiн және құрылымын зерттеп, баға беру керек, оларды орналастыруда оңтайлылықты орнатуға мүмкiндiк бередi.Нарықтық шаруашылық жағдайында ол iшкi және сыртқы ақпаратты пайдаланушылармен жүргiзiледi.

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы банктер және кредиторлар авансталған капиталдың жалпы суммасында меншiктi капиталдың үлесiнiң өзгеруiн қаржылық тәуекелдiлiк тұрғысынан, келiсiм- шарт жасасу негiзiнде бағалайды.

Меншiктi капиталдың үлесi азайған жағдайда, тәуекелдiлiк дәрежесi өседi.

Кәсiпорын капиталының құрылымын зерттеу кәсiпорын қызметiнiң кеңеюi немесе тарылуын қарастыруға мүмкiндiк бередi. Қысқа мерзiмдi несиелердiң қысқаруы және меншiктi капиталдың ұлғаюы кәсiпорын қызметiнiң қысқаруының сипаты бола алады. Бiрақ бiрден мұндай нәтижеге келуге болмайды, себебi бұл құралдардың үлесi басқа факторлар әсерiнiң астында болуы мүмкiн- несиеге проценттiк ставкалар және дивидендтерге проценттiк ставкалар.

Кәсiпорын қызметiнiң кеңеюi немесе тарылуы жөнiнiде қорытынды жасауға негiзгi бағыттаушы бөлiстiрiлмеген пайда болып табылады.

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары