Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері


2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3


3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

                       Қоғамның  жарияланған  жарғылық   капиталының   мөлшері   шығаруға  жарияланған  барлық   акциялардың  бастапқы  жиынтық  құнына  тең  болады  және   бірыңғай  валютада   көрсетіледі.  Қоғамға  шығаруға    жарияланған  акциялардың   бәрін   немесе   бір   бөлігін   шығаруына   және  орналастыруына  болады.

                       Акционерлердің  жалпы  жиналысында   белгіленген   шығарылатын  акциялар саны шығаруға  жарияланған   акциялардың   шегінде    шығарудың  мерзімдері  мен  шарттары   қоғамның    директорлар    кеңесінің   шешімімен  белгіленеді.  Егер  заңдарда өзгеше   көзделмесе,   шығаруға   жарияланған  барлық  акциялар  орналастырылғаннан  және  төленгеннен  кейін  ғана  акционерлердің  жалпы  жиналысының   шешімі  бойынша  қоғамның  жарияланған  жарғылық  капиталын  көбейтуге  жол  беріледі.

                        Қоғамның  жарияланған  жарғылық  капиталы  жарияланған   және шығарылған (төленген) капиталдың арасындағы  айырманың сомасында  азайтылуы мүмкін. Жарияланған жарғылық  капиталды  «Акционерлік  қоғам туралы»  Заңда  белгіленген  ең  төменгі  мөлшерден  кемітуге  жол  берілмейді.

                      Жарғылық  капиталды  кемітуге  тек  қоғамның  барлық  несие  берушілерін  ол  туралы  30  күннен  асырмай  баспасөз  басылымдарында  хабарландыру жариялау  жолымен    құлақтандырғаннан   кейін   және/немесе   оған   жазбаша  хабарландыру   жібергеннен   кейін   ғана   жол   беріледі. Бұл  жағдайда несие берушілер тиісті міндеттемелерді мерзімінен бұрын  тоқтатуды  немесе  орындауды  және  өздеріне  келтірген  зияндарды  өтеуді  талап етуге құқылы. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының    шешіміне  сәйкес  қоғамның   өз    акционерлеріне   оларға   тиесілі   акциялар  бойынша   төлейтін  сыйақысы  дивиденд  болып  табылады.

                     Дивидендтер ақшамен, сондай-ақ акционердің келісімімен сол  қоғамның бағалы  қағаздарымен төленеді. Егер «Акционерлік  қоғам  туралы»  заңда  өзгеше  көзделмесе   дивидендтердің 1 акцияға  есептегендегі  мөлшерін   қоғамның  директорлар  кеңесі  белгілейді.  Қоғам   дивидендтер   төлеуді  тоқсан  сайын,   жарты   жылда   1  рет  немесе   жыл  қорытындысы   бойынша  жариялауға  құқылы.

                      Жай   акциялар   бойынша   дивидендтер   төлеу   туралы  шешімді,  егер  қоғамның   жарғысында  бұл   мәселені   шешу   акционерлердің   жалпы   жиналысының  құзіретіне  жатқызылмаса  қоғамның  директорлар   кеңесі   белгілейді.Қоғам  акционерлерінің   жалпы   жиналысы   немесе  директорлар  кеңесі өзінің құзіретіне жатқызылмаса қоғамның директорлар кеңесі  қабылдайды.  Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы  немесе   директорлар  кеңесі  өзінің  құзіретінің    шегінде    белгілі-бір    кезеңнің   қорытындылары 

бойынша   жай   акциялар    бойынша    дивидендтер   төлеудің  орынсыздығы

туралы  шешім  қабылдауға  құқылы.

                     Акционерлер қоғам берешегінің  пайда  болатын мерзіміне   қарамастан   алынбаған    дивидендтерді   төлеуді   талап   етуге  құқылы.  Алынбаған  дивидендтер  бойынша  сыйақы  мүдде  есептелмейді.   Қоғамда   айналысқа  шығармаған  немесе  орналастырылмаған, немесе  сатып  алмаған    акциялар   бойынша  дивидендтер  төленбейді.

              Артықшылықты  акциялар бойынша дивидендтерді  төлеудің  тәртібі  мен   ең  төменгі  мөлшері  олардың  эмиссия   проспектілерімен  белгіленеді. Артықшылықты  акциялар  бойынша  есептелінетін  дивидендтің  мөлшері  осы  кезеңдегі  жай  акциялар бойынша  есептелінетін  дивидендтің  мөлшерінен  аз  болмауы  тиіс.  Артықшылықты   акциялардың   иелеріне   есептелінетін  дивидендтер  толық  көлемінде  төленгенге  дейін  жай   акциялар   бойынша   дивидендтер  төленбейді.

              Жалпы меншіктің акционерлік формасы 3 қызмет атқарады. Біріншіден,  ол  капиталды  көбейту  құралы  болып табылады.  Екіншіден,  акционерлерді  өз  меншігін  көбейтуге  және  өндірісті  басқаратын  аппарат  қызметін  бақылауға  итермелейтін  құрал  болып  табылады. Үшіншіден,  шаруашылық мотивацияны құру (бұл жағдайда акционерлер мен  жұмысшылар  бір  тұлға  болады)  құрал  болып  табылады.  Сонымен,  егер  екінші  қызмет  кез-келген  АҚ-ға  тән  болса,  біріншісі  мен  үшіншісі  АҚ-ның  нақты  формасына  (ашық  немесе  жабық)  мүлдем  байланысты  болмауы  мүмкін. 

              Акционерлеу  тек мына  жағдайда  тиімді  болады: егер  акционерлік  формада  бұрынғы  меншік  қатынастары  сақталмаса.  Ал  мұндай  қауіп  мемлекеттік кәсіпорынның акционерленуіне тән, бұл  жағдайда  акциялардың  жартысы  мемлекетте болады.  Мұнда  мемлекетте   акциялардың  51%-ы   сақталатын  ірі  акционерлік  кәсіпорынның  тәжірибесі  айтылған.  Бірақ  мемлекеттік меншікті өткізу формасының көзқарасына мұндай акцио- нерлеудің алға  қадам жасайтыны  айқын. Акционерлеуді   өткізу  барысында  мемлекет  өз  бюджетін  акцияларды  сату  арқылы  толтырады.  Бірақ  бір  жағынан, АҚ жеке  шаруашылық  ұйым  бола  отырып,  қосымша  хұқықтарға ие. Демек, акциялардың түрлі меншіккерлерінің болуы акцияларды  меншікті  бақылау  және  оны  басқару  құралы  ретінде  қолдануға  мүмкіндік  береді. Мұндағы маңызды  сауал: мұндай  акционерлеу  әкімшілік  жүйенің  билік  пирамидасын  жояды  ма?

                     Акционерлік қоғамның экономикалық көрсеткіштерін зерттеу тәжірибесі  көрсеткендей: ең  жақсы  нәтижелерге  мемлекеттің қатысуынсыз  қызмет  ететін  АҚ-р  ие. Мұны  мына  көрсеткіштер  мәлімдейді:

              1) таза  рентабелділік (сату  рентабелділігі)  көрсеткіштері;

              2) активтер  рентабелділігі;

              3) меншік  құралдарының  рентабелділігі;

              4) өнім  рентабелділігі.

                      Мемлекеттің қатысуынсыз қызмет ететін акционерлік қоғамдар үшін бұл көрсеткіштер сәйкесінше мынадай болды: 18,8  0,10  3,7  22,3%  және мемлекеттік капиталды тарту арқылы: 9,0  0,05  2,0  10,1%  құрады.

                      Акционер  үшінші  тұлғаға  өзінің  акцияларын  беруге  және  сатуға  құқы бар. Қоғамның  мүлігінен  өз  бөлігін  алуға  болмайды,  басқа  тұлғаға  бере  алады.  Мұндай  операцияға  мүшелік  құқығын  куәландыратын  құжат  болып  сертификат  бола  алады,  ал  кей  жағдайда – акционерлерді  тіркеу  реестрі. Қоғамнан  шығу  өз  акцияларын  келісім   арқылы  жүзеге  асырады.  Акциялардың  өтуінің  нақты  әдістері  әрі  қарай  қарастырылады.

                      Жауапкершілігі шектеулі қоғамда  құқықтық  қатынастарды  тоқтату - өте  қиын  процесс. Себебі, басқа  мүшелерге  шығып  кеткен  мүшенің  орнына  кім  келетіні өте маңызды. Міне  сондықтан, ААҚ-нан  шығу  әдетте,  қалған  қатысушылардың  келісімі  арқылы  жүргізіледі.

                      Акциялардың  шығыстану  еркіні АҚ-ң  міндетті қасиеті  болып  табылмайды.  Әрине,  акциялардың  шығыстануының  толық  мүмкінсіздігі  АҚ  институты  мәнімен  сәйкес  келмейді.  Бірақ,  шығыстану  еркіндігінің   шектеулеріне  рұқсат етіледі.Мұндай шектеулердің себептері мен  деңгейлері 

әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Әдетте,  олар   объективті  болады.  Мысалы,   мем-

лекеттік   кәсіпорынды    акционерлеу   кезінде   еңбек   ұжымы   мүшелерінің

акцияларды  иеленуге  артықшылықты  құқы  бар. Бұл  кәсіпорын  ұжымын  сақтау  мақсатында  жасалуы  мүмкін.  Акционерлік қоғамның бір ерекшелігі – корпорация міндеттемелері  бойынша  қатысушылардың  акцияларды  сатып  алуға  салған  қаржыларына деген жауапкершілігінің шектеулігі. Мұндай шектеулі жауапкершілік  кәсіпорынға  өз  мүлігінің  кіші  бөлігімен  тәуекел  етуге  дайын  кең  көлемде  тұлғаларды  тартады.  Бірақ,  мұндай  тұлғалардың  көп  саны  АҚ-ға  ірі  капитал  құруға  мүмкіндік  береді.  АҚ-ғы  ірі  капитал  дұрыс  басқаруды  талап  етеді.  Акционерлік қоғам қызметін бақылау жөніндегі негізгі функцияларды белгілі-бір тұлғалар орындайды,олардың міндетіне - басшымен  дайындалған  құжаттарды  тексеру  жұмыстары  кіреді. Бұл  яғни,  тексеру  комиссиясының  мүшелері,  аудиторлар т.б. Аудитор  болғысы  келетін  тұлғаларға  әдетте  2  талап  қойылады:  бухгалтерлік  есеп  аясында  маман  болу  керек  және  сол  қоғамға қатысы болмауы керек. Яғни, аудитор ретінде қоғам басшы-лығының, оның филиалының мүшелері, қоғамда белгілі   артықшылықтарға ие тұлғалар тағайындалмайды. Басшылықпен құрастырылған  құжаттардың  дұрыстығы  акционерлерге  жалпы жиналыста  мәлім  болады  және  жылдық  есептеме  ресми  басылымдарда  жарияланады.  АҚ  өз  акцияларын  ресми  ашық  түрде  орналастыратынын  ескере  отырып,  заң  органдары  оларды  өзінің  жылдық  есептеме,  бухгалтерлік  баланс,  пайда   және  шығыс  есептері  сияқты  құжаттарын  ресми  түрде  жариялауын  талап  етеді.  Бұл  акционерлердің  және  сол  қоғаммен  белгілі-бір  қатынасқа түсетін  кәсіпорынның мүдделері негізінде жасалған  «Коммерциялық  құпияны  сақтау»  сияқты  пікірлері  жарияламау  үшін  АҚ-ға  негіз  бола  алмайды.

 

 

1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары

 

       Қоғамды   құру   туралы   шешім   қабылдаған   жеке    немесе    заңды  тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып табылады. Қоғамның  құрылтайшысы  жалғыз  тұлға  болуы  мүмкін. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.  Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның  акцияларын  сатып алуға  құқылы.  Қоғамның   құрылтайшылары  оны  құруға  байланысты    және    ол    мемлекеттік    тіркеуден    өткенге   дейін   туындаған  міндеттемелер  бойынша  бірлесіп  жауапты  болады.

Қоғам  құрылтай  жиналысының  шешімі  бойынша  құрылады. Қоғамды  жалғыз   тұлға  құрған  жағдайда  оны  құру  туралы  шешімді  осы  тұлға  жеке-дара  қабылдайды. Құрылтай  шарты  мен  жарғы  қоғамның   құрылтай   құжаттары   болып   табылады.  Жалғыз   тұлға   құрған  қоғамның  құрылтай  құжаты оның  жарғысы  болып  табылады.

                      Құрылтай  жиналысында  құрылтайшылар  қоғамды  құру туралы шешім  қабылдайды,   оның    жарғысын    бекітеді,   қоғамның   органдарын,  сондай-ақ қоғамды  мемлекеттік  тіркеуге  арналған  құжаттарға  қол  қоюға  және  ұсынуға,   заңдарда   белгіленген   тәртіппен   мүлікті,   оның   ішінде  қоғамның  акцияларын     төлеуге     құрылтайшылар      енгізетін     мүліктік     құқықтарды  ақшалай  бағалауды  жүргізуге  өкілетті  адамдарды  сайлайды. Құрылтайшылар  құрылтай   жиналысының   хаттамасын   және  құрылтай  шартын  жасасып, қол  қоюға, сондай-ақ   қоғамның  жарияланған  жарғылық  капиталының  мөлшері  туралы  шешім  қабылдауға  тиіс. Қоғамның    құрылтай  жиналысында   сайланған   органдар   қоғам   мемлекеттік   тіркелгеннен    кейінгі   акционерлердің   жалпы   жиналысына   дейін  жұмыс   істейді. 

              Қоғамның құрылтай шарты бұл — шартқа  әрбір құрылтайшылардың  немесе   оның   уәкілетті  өкілінің   қол  қоюы  арқылы  жасалады.   Қоғамның  құрылтай  шарты  жазбаша нысанда  жасалады. Шарттың  және  құрылтайшы  жеке  тұлғалар  қолдарының  түпнұсқалығын  нотариат  куәландыруы  тиіс.  Ашық  қоғам   құру   туралы   құрылтай   шартының  күші  қоғамды  мемлекеттік  тіркеген  және  оның  барлық   құрылтайшылары   құрылтай  шартында белгіленген міндеттемелерді орындаған сәттен бастап   тоқтатылады.

         Құрылтай  шартында:

              1.мемлекеттік  және  орыс  тілінде   қоғамды  құру  туралы   шешім,  қоғамның  үлгісін  көрсету,  оның  толық  және  қысқартылған  атауы;

              2.заңды  тұлғалар  үшін  қоғам  құрылтайшыларының  мемлекеттік   тіркелгенін  куәландыратын  құжаттарға  сәйкес  атаулары,  орналасқан  жері  көрсетілген   тізбесі   немесе   жеке  адамдар  үшін   аты,   тұратын  жері  және  жеке  басын  куәландыратын  құжаттың  деректері;

              3.қоғамды    құру    тәртібі,   оның   құрылтайшыларының   құқықтары   мен  міндеттері   және   қоғамды   құруға  байланысты  шығындардың  бөлінуі,  сондай-ақ   қоғамды   құру   жөнінде   құрылтайшылар   жүзеге   асыратын  қызметтің  өзге  де  шарттары,  құрылтайшылардың  сондай-ақ   қоғамды  құру   және  тіркеу  процесінде  оның  мүдделерін  білдіру  тапсырылатын  басқа  да  тұлғалар  өкілеттігінің  анықтамасы;

              4. қоғамның  жарияланған  жарғылық  капиталының  мөлшері;

              5. құрылтайшылардың   акцияларды   төлеу  мөлшері,   мерзімдері    және  тәртібі  туралы  мәліметтер;

              6. қоғамның құрылтайшылар  арасында               орналастырылатын  акциялары  санының  анықтамасы;

              7.шығарылатын   акциялардың  түрлері   мен    санаттары    және   оларды  бастапқы  орналастырудың  тәртібі  туралы  мәліметтер;

              8.қоғамның  жарғысын  бекіту  туралы  жазба  болуға  тиіс.

                       Құрылтай  шартына  құрылтайшылардың   шешімі   бойынша    қоғамды  құру   немесе   оның   болашақтағы  қызметіне   қатысты  заң  актілеріне  қайшы  келмейтін  басқа  ережелер  мен  мәліметтер  де  енгізілуі  мүмкін.

                       Егер  шарттың  өзінде  өзгедей  көзделмесе,  құрылтай  шартында   баяндалған  мәліметтер  коммерциялық  құпия  болып  табылады.  Құрылтай  шарты  мемлекеттік органдарға,  сондай-ақ  3-ші  тұлғаларға  тек қоғамның  шешімімен  немесе  заң  актілерінде  белгіленген  жағдайларда  ғана  көрсетілуі  тиіс.

                      Қоғамның  жарғысы  заңды тұлға  ретіндегі  қоғамның мәртебесін айқындайтын  құжат  болып  табылады  және  қоғамды  мемлекеттік   тіркеу   кезінде  құрылтай   құжаты  ретінде  қарастырылады. Жарғыға  қоғам    құрылтайшыларының  уәкілетті  өкілдері  қол  қоюға  тиіс  және  оны  нотариат  куәаландыруы  тиіс.

              Қоғамның  жарғысында   мынадай  ережелер  болуы  тиіс:

              -қоғамның  үлгісі  (ашық,  жабық);

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары