Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері


2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3


3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Сонымен қатар кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiне басқа да факторлар әсер етедi, оған елдегi саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы, банктiк және кепiлдiк заң базасының болуы, меншiктi капитталмен қамтамасыз етiлу дәрежесi, дебитор-кәсiпорындардың қаржылық жағдайы жатады. Төлем қабiлеттiлiгiн талдау кезiнде осы факторлардың барлығын қарастырған жөн, олар кәсiпорынның қаржылық жағдайын объективтi түрде бағалауға мүмкiндiк бередi.

 

 

 

 

2.3      Акционерлік қоғамның дивидендтік саясаты

 

              Дивиденд- акционерлердің меншігіндегі акция санына пара-пар бөілініп берілетін акционерлік қоғамның таза пайдасының бөлігі. Дивидендтің жалпы мөлшері түскен пайдадан салық төлегеннен кейін, өндірісті ұлғайту қорына бөлгеннен, сақтандыру қорын толықтырған , облигация бойынша проценттік өсім және тағы ол сияқты төлемдерден соң анықталады. Жай акциялар бойынша дивиденд мөлшері ауыспалы, ал артықшылықы акциялар бойынша нақты.

Қосымша дивиденд – компанияның жай дивидендке қосымша төлейтін бағалы қағаз немесе қолма- қол аша түріндегі дивиденд.

Капиталдан төленетін дивиденд – акционерлік капиталдың төленген бөлігінен төленетін дивиденд, ал ағымдағы немесе ұсталып қалған пайдадан төленбейді.

              Қоғам акцонерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысының дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерге төлейтін сыйақы. Дивидендтер ақшамен немесе акционердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен де төлейді. Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жаты жыла бір рет, жыл қорытындысы бойынша жариялайды.  Дивиденд төлеуі кейінге қалдырылған акциялар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Мұнда дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғары квотасы төленіп болғасын ғана беріледі. Қайтарылатын артықшылықты акциялар ашық нарықта немесе тікелей акция иемденушіден қосымша сыйақы сомасын төлеу арқылы сатып алынады. Құбылмалы арықшылықты акциялар дивидендтері банктердің проценттік ставкаларына немесе несие үшін берілетін қаржының проценттік нормасының өзгеруіне тәуелді болып келеді. Ерекше акцияның түрі болып “алтын акция” табылады. Ол мемлекеттік келісім мен шығарылады және оның иемденушісіне акционерлік қоғамның шешіміне вето салу  (тыйым салу). Акциялар иемденушісіне акционерлік қоғамның дивидендтер түрінде пайдасының бір бөлігіне,оны басқаруға қатысуға және оның жабылуынан кейін мүліктердің белгілі бір бөлігіне құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Акция деп- акционерлік қоғам құрылған кезде, екі немесе одан да көп акционерлік қоғамдардың қосылуы кезінде, сонымен қатар жарғылық капиталдың кезінде қаржы құралдарының мобилизациясы үшін шығарылатын бағалы қағазды атаймыз.  Акционерлік қоғамның  дивидендтік саясатының жалпы ережелері:

              1) дивидендтік саясаттың негізінде белгіленген тәртіппен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, өздерінің еншілес және тәуелді ұйымдарымен олардың өзара қатынатарын регламенттейтін ұқсас құжаттар әзірлейді және бекітеді;

              2) қысқа мерзімді және орташа мерзімді перспективаға жоспарлаған кезде осы дивидендтік саясатты пайдаланады.

              3)              дивидендтер төлеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, қоғамдардың жарлықтарымен, сондай- ақ қоғамдар акционерлерінің ( қатысушыларының ) тиісті шешідерімен регламенттеледі.  

Дивидендтік саясаттың мақсаты мен негізгі қағидаттары:

Дивидендтік саясаттың мақсаты компания мен қоғамдар мүдделерінің балансын және акционерлер (қатысушылар) үшін қоғамдардың дивидендтік төлемдерінің мөлшерін белгіленген кезде ашық тәсілді қамтамасыз ету болып табылады.

Саясатың негізгі қағидаттары:

1)Компанияның қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету;

2)Компанияның өзінің акционеріне диидендтерді кепілдікті төлеуін қамтамасыз ету;

3)Қоғамдардың келісілген инвестициялық жобаларды қаржыландыру қажеттігі;

4)Қоғамдардың келісілген инвестициялық жобаларды қаржыландыру қажеттілігі;

5) Қоғамдарың артықшылықты акционерлеріне кепілдікті төлемдерді қамтамасыз ету болып табылады.

Компанияның қоғамдар есептеген дивидендтерінің мөлшері:

1) өзінің қызметін;

2) өзінің акционеріне дивидендтер төлеуін;

3) компания қаражатының есебінен іске асырылатын инвестициялық жобаларды, сондай-ақ дивидентер төлеудің қаржылық кезінде салық сомасын қаржыландыру үшін компанияның ақшалай қажеттігін өтеуі тиіс.

Дивдендтер есептеудің мөлшерлерін анықтау тәртібі.

1) Қоғамдар есептейтін қарапайым акцияларға дивиденттердің (таза кіріс аударымдарының) мөлшері акциялар мен үлестер иелерінің ақшалай қажеттігін өтеуі тиіс,осыған байланысты Қоғамның таза кірісінің кемінде 50%-ы дивидендтер төлеуге жұмсалды.

2)Компания Қоғам жузеге асыратын бизнестің сипатына (табыстылығына), оның капитал сыйымдылығына, меншікті қаражатын тарту арқылы инвестициялық қызметті жузеге асырудың осы орташа мерзімді кезеңдегі қажеттілік дәрежесіне байланысты дивидентердің мөлшерін анықтауда сараланған тәсілді жузеге асырады.Әрбір Қоғам үшін дивидендтер есептеу нормативі акционерлердің (қатысушылардың) шешімімен бекітіледі.

3) Компания дивидендтерге таза кірістің 100%-ына дейін бөлу туралы дауыс беру( шешім қабылдау) құқығын өзіне қалдырады.

4) Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу Қазақстан Республикасының  заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда,қоғам  органының шешімін талап етпейді. Дивидендтер төлеудің мерзімділігі және бір артықшылықты акцияға дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысымен белгіленген.

5).Қолданыстағы заңнамаға және қоғамдардың жарғыларына сәйкес қоғамдардың директорлар кеңестері қоғамның өткен қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібі мен қоғамның бір қарапайым акциясына есептегенде бір жылғы дивидендтік мөлшері туралы ұсыныстар дайындайды.

6)Дивидендтердің мөлшері туралы түпкілікті шешім қоғамдар акционерлерінің (қатысушыларының) тиісті шешімімен белгіленеді.

Дивидендтік саясатты жетілдіруі:

     Қазіргі уақытта түсетін мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестердің таза пайдадан бөлу және акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер аудару мәселелерін реттейтін мейлінше тиімді нормативтік құқықтық база құрылды және қолданылуда. Мемлекеттік меншіктікті басқару тиімділігі арттыру мақсатында дивидендтік саясат бөлігінде икемді, сараланған ұстанылуы көрсету қажет. Дивидендтік төлемі жоғары акцияларға  қаражат салу щынында да альтернативті банктік депозит болуы мүмкін және инфляция жағдайында капиталды сақтап қалуға мүмкіндік береді.

              Дивидендтік саясат – пайданы қолдану саласындағы акционерлік қоғамның саясаты. Дивидендтік саясат акционерлік қоғам мақсаттарына сәйкес директорлар кеңесімен құрылады және акционерлерге дивиденд түрінде төленетін пайда бөлігін немесе бөлінбеген пайда түрінде қалуын және реинвестициялануын анықтайды.

              Дивидендтік саясат өзін ережелер жиынтығы түрінде көрсетеді, соған сәйкес әрбір компания өзі үшін шаруашылық саласында  алынған таза пайданы бөлу проблемесын шешеді. Дивидендтік саясатты құруда басты қиындық – пайданың тұтынушылық және капитализациялану бөліктерінің арасындағы оптималды пропорцияны табу. Біріншісі акционерлерге дивиденттік төлемге жіберіледі, екіншісі бизнеске реинвестициялануы мүмкін.

              Әрбір компаниялардың менеджменттерінің стратегиялық тапсырмасы акционерлердің байлығын максимизациялау болғандықтан, дивиденттік саясат соңғылардың қалауын есепке алумен қалануы керек. Бірақтан акция иелері үшін пайданың көп бөлігін дивидендтік төлемге бөлу жақсы шешім болады деу қателік болар еді. Акционерлердің байлығын максимизациялау тек қана олардың жүріп жатқан кірісінің көтерілуін болжап қоймай, сонымен қатар компаниялардың  бағаларының көпмерзімдік өсуі және бұл жерде бөлінбеген пайда бизнестің өсуіне салуға болатын жеке капиталдың басты қайнар көзі екенін еске түсіру керек.

              Дивидендтерді алу құқығы, яғни компанияның пайдасына қатысу акционерлердің басты құқықтарының бірі. Сонымен қатар акционерлік қоғам өз акционерлеріне уақытылы төлем жасап отыратынына ешқандай жауапкершілік алмайды, себебі акционерлер компанияның ортақ иегерлері ( облигация ұстаушыларға – кәсіпорын кредиторларына қарағанда ), яғни олар шығындану мүмкіндігі қауіпін өздеріне алуы керек.Дивидендті алу бөлінбеген пайданың шотына инвестициялық жобаны қаржыландыру акционерлер үшін тиімдірек ( яғни пайданы  «жеу» ). Егер компанияда қызықты инвестициялық мүмкіндіктер көп болса, онда дивидендтік төлемнің бөлімі аз болады, егер аз болса, онда керісінше жоғары болады. Дивиденд төлемдеріне жіберілетін пайда бөлігін кәсіпорынның өмірлік цикліндегі призмадан қарау керек. Рынокта мықты позициялары және тұрақты қаржылық жағдайы бар дамыған фирмалар көптеп капитал салуды қажет етпейді, сондықтан пайданың негізгі бөлігін акционерлер арасында бөле алады. Қарама – қарсы жаңа даму фазасына тұрған және рынокта тұрақтанбаған жас компаниялар бизнесті дамытуға және өсіруге көптеген инвестицияны қажет етеді.

              Олар акционерлер арасында пайданы бөлу кезінде өздеріне қайырымдылық көрсете алмайды. Мысалы, ұялы байланыс нарығындағы қарапайым акцияларға дивидендтер төлемей, ішкі қаржыландыруды қолдайды және акционерлер аз мерзімдік дивидендті алуды қазір, ертең олар акцияның рыноктағы потенциалдық өсуіне сүйене алатынын жақсы түсінеді.

              Акционерлер төмен дивидендтерді компанияның әлсіздігі деп есептемеуі керек. Сол негізде жоғары дивидендтерді де әлсіздік деп есептеуге болды: таза пайданы дұрыс жұмсау мүмкіндігі болмағандықтан және пайдасыз жобаларға инвестициялаған соң, кәсіпорынға өз акционерлеріне пайданы беруден басқа ештеңе де қалмайды. Таза пайданы инвестициялық мүмкіндіктерді қаржыландыруға жіберу, айталық дивидендтік төлемге шығын шығаратын акционерлер үшін алынбаған жүріп жатқан кірістің альтернативалық бағасы екенін түсіну керек.

              Инвестициялық мүмкіндіктердің пайда болу уақытында есепке алу керек. Компаниялар менеджментіне сол уақытта рентабельдік жобалар жоқ болған жағдайда акционерлердің қалауларына көбірек жауап баруі керек: бағалы қағаз иелері өздеріне пайдалы  жағына шығу үшін дивидендтік төлеу немесе болашақта инвестициялық мүмкіндіктер пайда болғанша таза пайданы  «қазынада» ұстау.

              Егер дивидендтік төлемге арналған пайданы фирманың капиталына алаңсыз салатын болса, пайдалы инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін жеке капитал жеткіліксіз болатын жағдай пайда болады. Сонда сыртқы ресурстарды тарту туралы сұрақ туады. Олар банктік кредит, облигациялық заемдар немесе қосымша акциялар эмиссиясы. Бірақ біреудің капиталын қолдану, жеке капиталды қолданғаннан шығындырақ. Мұндай қадамның өзі де жағымсыз болуы мүмкін, яғни: қарыздану көрсеткішінің төмендеуі ( заемдық қаражат алған жағдайда ) немесе акционерлік капиталды айналдыру және акционерлердің компания үстінен бақылауын жоғалтуы ( қосымшы акция эмиссиясында ). Сондай – ақ фирманың кредит алуы төмен немесе потенциалдық инвесторлар арасында танымалдығы аз болған жағдайда сыртқы капитал рыногына шығу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді.

Акционерлер үшін қоғамның дивидендтік төлемдерінің өлшемдерін анықтау кезіндегі айқын әдіс және акционерлер мен Қоғам қызығушылықтарының балансын қамтамасыздандыру қазіргі жағдайдың мақсаты болып табылады. Қоғам саясаты Қазақстан Республикасының заңдылығымен, қоғам жарғысы және оның ішкі құжаттарымен қарастырылған Акционерлер құқықтарынқатаң қадағаалауда және оларды сыйлауда негізделеді. Қоғамның дивидендтік саясаты акционерлердің әл- ауқатын, қоғамның инвестициялық тартымдылығын жоғарлатуға бағытталған.

1.Акционерлерге дивидендтерді төлеудің негізгі шарттары.

- Өндірістік және инвестициялық іс-әрекетінің даму қажеттіліктеріне және жыл бойғы өндірілген таза табыстың (қорытынды пайданың) мөлшеріне сәйкес қоғам капиталдандыруда өсірумен қатар акционерлерге төленетін дивидендтер мөлшерін арттыруға тырысады.

2. Дивидендтер өлшемдерін анықтау тәртібі.

- Қоғаммен есептелетін дивидендтер өлшемі нормативті есепке алумен анықталады. Қоғамның таза табысы (қорытынды пайдасы ) ҚЕХС –на сәйкес құрылған, оның ұзартылған қаржылық есептемені негізінде анықталады.

- Қазіргі заңдылық пен Қоғам Жарғысына сәйкес Қоғамның Директорлар Кеңесі өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза табысын бөліп тарату тәртібі және қоғамның бір қарапайым акциясы бойынша есептегенде жыл бойғы дивиденд мөлшері жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.

- Қоғамның Директорлар Кеңесі өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза табысын бөліп-тарату тәртібі және бір жылға есептелген дивидендтер өлшемі жөніндегі ұсыныстарды дайындау барысында дивидендтер төлеміне бағытталатын сома таза табыстың 17,5 %-нен төмен болмауы келеді.

- Қарапайым және артықшылығы бар акциялар бойынша 3 дивидендтерді қоғам есебінен квартал сайын , жарты жылда бір рет , немесе жыл қорытындылары бойынша төлеу мүмкіндігі жөніндегі мәселе қазіргі заңдылыққа сәйкес реттеледі. Бұл мәселе қоғам акциялары бойынша дивидендтер өлшемінің болжамды көрсеткіштері мен алынған қаржы нәтижелеріне сәйкес қоғам басқарумен қарастырылады.

- Қоғам басқарумен ұсыныстар негізінде Қоғамның Директорлар Кеңесі таза табысты (қорыттынды пайданы) бөліп- таратудың негізгі бағыттарын қарастырып, және де дивидендтік төлемдерге бағытталатын таза табысының (қорытынды пайданың) үлесі жөніндегі ұсыныстарды құрайды.

Қоғамның Директорлар Кеңесімен құрылған.

- Өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза табысын бөліп- тарату тәртібі және қоғамның бір қарапайым акциясы бойынша есептегенде жыл бойғы дивиденд мөлшері жөніндегі ұсыныстар акционерлердің жалпы жиналысында талқыланады.

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары