Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері


2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3


3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

- Дивидендтер мөлшері жөніндегі қорытынды шешім қоғам акционерлері жалпы жиналысының шешімімен анықталады.

3. Дивидендтер төлеу тәртібі

- Дивидендтер акционерлерге қоғамның жарғысы және акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша белгіленген мерзімдерде төленеді.

- Қоғам акционерлерге дивидендтердің толық және уақтылы сайын төленіп тұруын қамтамасыз етеді.

- Акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған дивидендтерді төлеу тәртібі және мерзімдері жөніндегі шешімге сәйкес Қоғам шотынан акционерлердің банктік шоттарына сәйкес ақша сомаларын аудару дивидендтер төлемі болып табылады.

- Дивидендтер төлеу қоғамның құнды қағаздарымен немесе ақшамен жүзеге асырылады. Қоғам акциялары бойынша дивидендтерді құнды қағаздармен төлеуге жол бермейді.

- Төленетін дивидендтерге салық салу Қазақстан Республкасының заңдылығында қарастырылған тәртіп бойынша жузеге асырылады.

4.Қоғамның дивидендтік саясаты туралы акционерлерге ақпарат беру.

- Қоғам Қазіргі Жағдайды (Ережені), ондағы өзгертулер мен толықтыруларды қоғамның корпоративтік веб- сайтында орналастырады.

- Қоғам акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайды.

- Қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді төлеу шешімі келесі мәліметтерді қамтуға тиіс:

              1.атауы, тұрағы, қоғамның банктік және басқа да реквизиттері

              2.дивидендтер төленетін кезең;

              3.бір қарапайым акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері;

              4.дивидендтерді төлеудің бастапқы күні;

              5.дивидендтерді төлеудің формасы мен тәсілдерін, мерзімдерін, мөлшерлерін нұсқау негізіндегі дивидендтерді төлеу формасы мен тәртібі.

-  Шешім қабылдауы үшін акционерлерге ұсынылатын материалдар дивидендтерді төлеуге қажетті шарттар жөніндегі керекті ақпаратты қамтуы тиіс:

- Дивидендтерді төлеу, соның ішінде дивидендтерді толық төлеу жөніндегі акционерлердің Жалпы жиналысының шешімдерін уақытылы сайын және тиісті түрде орындауға Қоғам басқаруды жауап береді. 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары

 

3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары

        

              Шаруашылықтың  түрлі  салаларындағы  және  әр  түрлі  қызмет  сферасындағы  банкроттық  мәселесі  қазіргі  уақытта маңызды  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Қазақстан   Республикасының  07.04.95 ж шыққан  № 2173 «Банкроттық туралы» заңына  сәйкес банкроттық дегеніміз  қарызгердің  ақша  міндеттемелері  бойынша,  еңбекақы  төлеу  бойынша, бюджеттік  және  бюджеттен  тыс  қорларға  міндетті  төлемдерді  қанағаттандыра  алмауы.  Басқаша  айтсақ, шаруашылық  субъектілердің  банкроттығы  өзінің  ағымдағы операциялық қызметін және жедел міндеттемелерді  қаржыландыра алмауы. Жүздеген  банктер  және  басқа да қаржы  компаниялары,  млн даған  өндірістік  және  коммерциялық  фирмалар, әсіресе  орташа  кәсіпорындар  өздерінің  қызметін  тоқтатуға  мәжбүр  болады.  Бұның  негізгі  себебі – осы  компанияларды  дұрыс  басқара  алмау,  яғни  көптеген  менеджерлердің  мамандық  дәрежесінің  төмендігі.  Жеке  ғалымдар  мен  тәжірибе  жүргізушілер  ұйымның   банкроттық  деңгейін  келесі  коэфициент  арқылы  анықтауды  ұсынады:

     

Кб = Міндеттемелердің  жалпы  суммасы (Ұзақ  мерзімді  несиелер + Қысқа  мерзімді  несиелер) / Барлық  мүлік  құны;     

 

мұндағы  Кб-ның  жағымсыз  деңгейі ≥ 0,9.

         «Қазақтелеком»  ААҚ-да  коэфициент  деңгейлері  мынадай:

 

2006 жылы: ;

2007 жылы: ;

2008 жылы: .

 

                      Яғни,  коэфициент  деңгейлері  критикалық  деңгейінен  әлдеқайда  төмен. 2006 жылы  0,34, 2007 жылы  0,26, яғни,  0,08  пунктке  төмен,  ал  2008  жылы  0,21-ге  тең  болды,  яғни  алдыңғы  жылмен салыстырғанда  0,05  пунктке  азайған.  Бұл  кәсіпорын  үшін  маңызды  көрсеткіш  болып  табылады.  Себебі,  көрсеткіштер  деңгейі   кәсіпорынның  банкроттыққа  ұшырау  мүмкіндігінің  аз  екендігін  көрсетіп  отыр.  

                      Акционерлік қоғамның қаржысы – бұл қоғамды құруының, қызметінің, қайта құрудың және жоюдың барлық кезеңінде пайда болатын ақшалай қатынастар. Акционерлік қоғам қаржысының ролі көпжақты: олар қоғам құрылтайшыларымен, еңбек ұжымымен, сатып алушылармен, бюджетпен, банктермен және сақтандыру және басқа да ұйымдармен қатынасты қамтиды.

                       Демек, акционерлік қоғам қаржысы шикізат, материал және басқа да тауарлы-материалды құндылықтарды сатып алуда, өндірілген өнімді (қызметті) өткізуде, инвестиция процесінде, акциялар бойынша дивидендтер төлеуде және т.б. қатысады.

                      Демек, акционерлік қоғам қаржысы ақша капиталының (жарғылық капиталдың, айналым капиталының, табыстың, пайданың, резервтердің және басқа да қорлардың)  құрылу функциясын орындайды.                                                

                       Өндіріс – технология, ұйымдастыру  және  қызметтің  әр  түрлі  сәйкестендіру бойынша  күрделі  процесс. Басқалар жақсы  істейтін  жұмысты   басшы   өз     қолына   алмауы    керек.   Менеджер    өз    кезегінде 

айналасына  тәжірибелі  мамандарды  жинауы  керек.  Яғни,  өзіне,  ұйымдастырушының   міндетіне   кіретін   жұмыстарды   қалдыруы   керек. 

              Ұйымдастыру  бұл  - мақсатты анықтау,  қолда  бар  ресурстарды  білу  және мақсатқа  жету  үшін  оларды  дұрыс  жұмсау.  Ұйымдастыру бұл  - мәселені  іздеу, оны  орындаушыға  түсіндіру  және  оның  орындалуын  бақылау.  Ұйымдастыру, бұл  яғни  шешімдер  қабылдап  білу,  міндеттерді  және  жауапкершіліктерді  бөлістіріп  беру.  Сонымен  қатар,  ұйымдастыру  бұл  жоспарлау,  басқару,  талдау, яғни  мұнда  ең  бастысы  -  білім  қажет.

                      Еңбек  ресурстарын,  қаржыны  және  өндірісті  басқару  облысында  қажет  білімді  менеджмент  деп  аталатын  ғылым  береді. Менеджмент  сонымен  қатар,  акционерлік  қоғамды  басқаруда  да  үлкен  роль  атқарады. Демек,  акционерлік  қоғамдардың  тиімді  қызмет  етуінде  бұл  саланың  да  атқаратын  маңызы  зор.  Бұл  глобальды  жүйені 3  негізгі  жүйешелерге   бөлуге  болады:

 

 

 

 

              

Сурет 4. Менеджмент элементтері

 

                                    Менеджмент   нарық   жағдайындағы    басқару    ретінде   фирманың    нарық қажеттіліктерін, тұтынушылардың нақты сұраныстарын  қанағаттандыруды,  сұранысқа  ие  және  фирмаға  болжамды  пайдасын  әкелуін  қамтамасыз  етеді.  

                      Қазіргі  менеджментке  мыналар  тән:

              -өндіріс  тиімділігін  көтеруге  тұрақты  ұмтылысы;

              -нарық  жағдайына  және  сыртқы  ортаның  өзгерістеріне  байланысты мақсаттар  мен  бағдарламаларды   әрдайым  өңдеп  тұру;

              -кәсіпорын  қызметінің жоспарланған  соңғы нәтижесіне жетуге бағытталу;

              -басқару  шешімдерін  қабылдау  негізінде  көп  вариантты есептеулерге  қазіргі  заманғы  ақпараттық  базаны  қолдану;

              -жоспарлау  функциясының  өзгеруі – ағымдағыдан  болашаққа;

              -фирма  қызметін  жақсартудағы  негізгі  факторларға  бағытталу;

              -математикалық әдістерді және есептеу базасындағы техника жетістіктерін  максималды  түрде  қолдану;

фирма  қызметкерлерінің  барлығын  фирманы  басқаруға  ынталандыру;

өзгерістерді  болжау  кезінде  басқаруды  іске  асыру;

инновацияға,  кәсіпорын  жұмысына  жаңалық  енгізуге  жүгіну;

әрбір басқару шешіміне түбегейлі  экономикалық  талдау  жүргізу.

        Басқаруға  қазіргі  кезде  өскен  талаптар  кәсіпорынның көлемінің  ұлғаюымен, технология күрделілігімен, ең  күшті  басқарушылық  тәжірибені үйрену  қажеттілігімен  сипатталады.  Қаржылық,  басқарушылық  және  басқа  мәселелер бойынша барлық  шешімдер басқаруды  ұйымдастыру  сферасындағы  іскер  адамдармен  дайындалып  жасақталады  және  олар  сол  шешімнің  орындалуына  бақылау  жүргізеді.

        «Қазақтелеком»  басшылығына  берілген  ұсыныстарға  талдау  жасалып,  қазіргі  кезде  бұл  кәсіпорынның  еңбек  ресурстарын  басқаруда  көп  қиыншылық  жоқ  деуге  болады. Кәсіпорынға  жаңа идеялары, ұсыныстары,  көзқарастары бар адамдар  келген  жөн. Басқаруға персоналдың  қатысуының   оң  жақтары  өзімізге  белгілі.  Біріншіден, басқаруға  персоналдың  қатысуы  өндірістік процессті демократияландырады. Осы берілген жүйе қолданылса, кәсіпорындағы шиеленісті жағдайлар шешіледі.Екіншіден,  жұмысшылардың  кәсіпорынды  басқаруға  қатысуына  сезінудің  өзі  өзм еңбегінің  сапасын  көтеруге  және  еңбек  тәртібін  тұрақтандыруда  негіз   болады. Осының  нәтижесінде  кәсіпорында  кадрлар  ағымы  төмендейді.  Үшіншіден,  басқару  процесіне қатысу жұмысшылардың атқаратын қызмет сапасына  жауапкер- шілігін  жоғарылатады, ал  өнім  сапасы  бұл  тұтастай  алғанда  кәсіп- орынның  төлем  қабілеттілігін  анықтайтын  критерийлердің бірі.     

         «Менеджмент» термині нарықтық экономикадағы фирма  деңгейіндегі  әлеуметтік-экономикалық   процестерді  басқаруға  жатады.  Басқаратын  менеджер  әдетте  өзі  қызмет  істейтін  кәсіпорындағы  капитал  меншігіне  тәуелсіз  болады.  Менеджердің  жұмысы – жоғары  технологиялық  өндірісті  жұмысшылардың  жоғары  мамандану  деңгейімен  құрамдастыру  сипатындағы  өндірістік  қызмет.  Демек,  менеджментті  интеграциялық  процесс ретінде  анықтауға  болады,  оның  көмегімен  арнайы  дайындалған   мамандар  ұйым  құрады  және  оны  мақсаттар  мен  тәсілдерді  сәйкестендіру  арқылы  басқарады.  Менеджмент  процесі  жоспарлау,  ұйымдастыру,  координациялау  және  уәждемелеудің  қызметтерін  орындауды болжамдайды, олар арқылы менеджер ұйымдағы  қызметкерлердің  тиімді  қызмет  етуіне  жағдай  жасайды  және  қойылған  мақсаттарға  сәйкес  иеленетін  нәтижелерге  қол  жеткізеді.  Демек,  сонымен қатар   менеджмент  бұл  ұйымдағы  жұмыс  жасайтын  адамдардың  ойын,  еңбегін  бағыттай  отырып  алға қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу.

        Менеджер  әр  түрлі  мамандарды – инженерлерді  жоба  құрушыларды, экономистерді, статистика мамандарын, психологтарды, жоспар  құрушыларды,  бухгалтерлерді,  қаржы  мамандарын  және  басқаларын  біріктіреді,  осы  арқылы  соңғы  нәтижелерге  жету  үшін   әрбір  қызметкердің  жеке  жұмысына  әсер етеді.  Менеджердің  негізгі  мақсаты -  нарықтағы    кез-келген   жағдайда   фирманың    қалыпты    жұмыс   жасауын 

қамтамасыз  ету. 

        Өндірістік  революция   кезеңінде  француз  экономисті  Д.Сэй  кәсіпорынның  өндірістік  қызметін  басқарудың  бір  ерекшелігін  айтқан  болатын: «нарықтық  бәсеке  шарттарында  өз  позициясын  сақтап  қалу  үшін  немесе  кәсіпорынды  қаржымен,  табыспен  қамтамасыз  ету  үшін  өндіріс  шығындарын  азайту  керек».  Бірақ  қазіргі  индустриалды  қоғам  кезеңінде,  ақпараттық  жарылыс  шарттарында  кәсіпорын  өз  өнімін  өткізу,  кәсіпорын  табысын  кеңейту  және  ақржы  жағдайын  жақсарту  сияқты  сұрақтарға  көп  көңіл  бөлінеді.   Қатаң  бәсекелестік  шарттарында  өз  кәсіпорнында  өндірістік  шығындар  деңгейін  шектен  төмен  түсіру  мүмкін  емес  болғандықтан   кәсіпорындар  өз  табысын  көбейтудің  басқа  жолдарын  іздейді.

        Алдыңғы  бөлімде  көрсетілгендей,  «Қазақтелеком» ААҚ-ы  қазіргі  уақытта өз  қызметін  көрсетуде  айтарлықтай  қиыншылықтар  қөріп  отырған  жоқ. Демек,  қазіргі  уақытта  бұл  мекеменің  қаржылық  жағдайы  тұрақты  деуге  күмән  бар.  Егер  «Қазақтелеком»  қоғамында  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  да  акционерлік  қоғамдардың басқару  процесінде    қиыншылықтар   көрінсе,  онда  бұларда  басқару  техникасын,  тіпті  стратегиясын  тұтастай  өзгертуі  қажет. Ол  үшін  мыналар  керек:

              - мүмкіндігінше  максималды   түрде  өндірісті  мемлекеттік  дамыту           бағдарламаларына  қатысу;

              -  өзінің көрсететін  қызметтеріне  тапсырыс  берушілерді  үнемі  іздеу  жұмыстарын  жүргізу;

              -  жаңа  қызметтерге   сұранысты  талдау  жұмыстарын  жүргізу;

              -  кәсіпорынның  барлық  қызметтерін  тиімді  жарнамамен  қамтамасыз  ету;

              -  белсенді  коммерциялық  қызмет  жүргізу (мысалы,  басқа  фирмалардың  тауарларын  өткізу,  бос  тұрған  ғимараттар  мен  територияларды  жалға  беру т.б.);

              -  көрсететін  қызметтерге  өндірістік  шығындарды  азайту.

        Маркетинг бұл кәсіпорынның сауда-саттық қызметін зерттеу  облысындағы  шаралар  жиынтығы.  Ол  тауарлар  мен  қызметтерді    өндіру  және  өндірушіден  тұтынушыға  жеткізу  процесіне  әсер  ететін  барлық  факторларды  зерттеумен  тығыз  байланысты.  Оларға: тұтынушыны  зерттеу,  өнімді  немесе  қызметті  өткізу  формалары  мен  каналдарын  талдау,  сонымен  бірге  кәсіпорынның  тауар  айналымының   көлемін  талдау; бәсекелестерді  тану,  бәсекелестіктің  формалары  мен  деңгейін  анықтау;  жарнамалық  қызметтің  ерекшеліктерін   айқындау;  нарықтық  тауар  өткізудің  немесе  қызмет  көрсетудің  тиімді  тәсілдерін  анықтау  т.б. 

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары