Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.
Кiрiспе
1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері
2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3
3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
Қорытынды
Демек, осы дипломдық жұмысты аяқтай отыра мынадай қорытындыға келуге болады.
Акционерлік қоғамдар – нарықтық экономиканың айрылмас бөлігі. Олармен шығарылатын бағалы қағаздар кәсіпорындар, ұйымдар, және жеке азаматтар арасында орналастырылады. Акционерлеу – жекешелендірудің бір әдісі.
Акционерлік қоғамның бір ерекшелігі – корпорация міндеттемелері бойынша қатысушылардың акцияларды сатып алуға салған қаржыларына деген жауапкершілігінің шектеулілігі. Мұндай шектеулі жауапкершілік кәсіпорынға өз мүлігінің кіші бөлігімен тәуекел етуге дайын кең көлемде тұлғаларды тартады. Бірақ, мұндай тұлғалардың көп саны АҚ-ға ірі капитал құруға мүмкіндік береді. АҚ-ғы ірі капитал дұрыс басқаруды талап етеді.
Акционерлеу тек мына жағдайда тиімді болады: егер акционерлік формада бұрынғы меншік қатынастары сақталмаса. Ал мұндай қауіп мемлекеттік кәсіпорынның акционерленуіне тән, бұл жағдайда акциялардың жартысы мемлекетте болады. Мұнда мемлекетте акциялардың жартысынан көп сақталатын ірі акционерлік кәсіпорынның тәжірибесі айтылған. Бірақ мемлекеттік меншікті өткізу формасының көзқарасына мұндай акцио- нерлеудің алға қадам жасайтыны айқын. Акционерлеуді өткізу барысында мемлекет өз бюджетін акцияларды сату арқылы толтырады. Бірақ бір жағынан, АҚ жеке шаруашылық ұйым бола отырып, қосымша құқықтарға ие. Демек, акциялардың түрлі меншіккерлерінің болуы акцияларды меншікті бақылау және оны басқару құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Дүние жүзіндегі барлық ірі кәсіпорындардың және ұйымдардың негізгі формасы болып табылатын акционерлік қоғамдар жеке тұлғаларды және әр түрлі корпорациялардың мүлігін біріктіру негізінде экономиканы
ұйымдастырудың жетілдірілген механизмі болып табылады.
Меншіктің басқа түрімен салыстырғанда акционерлік қоғамдар көп-
теген артықшылықтарға ие.
Біріншіден, қоғам өзінің қызметін кеңейту және жарғы капиталын көбейту мақсатында акционерлердің қаражаттарын тарту мүмкіндігіне ие, бірақ бұл қаражаттар қайтарылмайды (қоғамды толық жойған жағдайдан басқа), себебі акциялар қоғаммен сатып алынбайды, тек басқа акционерлерге қайта сатылады.
Екіншіден, қоғам қызметінің жалпы басшылығы нақты басқарудан бөлектенеді, ол өз кезегінде соншалықты сәйкес келетін басшыларды, директорларды жалдауға және таңдауға мүмкіндік береді, акционерлерді басқаруға персоналын таңдау жұмысына мұқият қарауды талап етеді, себебі әрбір акционер қосқан қаражатымен қоғамның жұмыс жасауының нәтижелілігіне жауап береді.
Үшіншіден, әрбір акционер қоғамның акцияларын сатып алса, бұл жағдайда кәсіпорынның барлық еңбек ұжымын меншіккерлерге айналдыруға мүмкіндік туады. Акцияларды сатып алу жолымен еңбек ұжымы мүшелерінің акционерлік қоғамның меншігіне және табысына қатысуы шаруашылық мотивацияны құрудың маңызды алғышарттары болып табылады. Акционер мен жұмысшы бір тұлға ретінде қызмет етсе, соңғысында кәсіпорын жетістігіне мүддесі артады, себебі қоғам неғұрлым тиімді қызмет етсе, соғұрлым акционердің дивиденд түрінде алатын пайдасының пайызы жоғары болады. Сонымен қатар, акционер-жұмысшының пайданы тек тұтынуға ғана емес, жинаққа деген мақсаты артады. Негізгі қорларды жөндеуді және жетілдіруді қамтамасыз ететін инвестициялар акциялар құнының өсуін тудырады, ал бұл өз кезегінде акционерлердің жеке мүлігінің көбеюіне алып келеді.
Акционерлік қоғамды құру көптеген қиыншылықтармен жүзеге асырылады. Құрылтайшыларды іздеу және қоғамның құрылтай құ-жаттарын дайындаумен қатар, акционерлік қоғам мемлекеттік органда тіркелуі міндетті. Бірақ, оған дейін зейнетақы Қорымен, Мемлекеттік Статистика комитетімен, Қаржы министрлігімен, салық инспекциясымен, Ішкі істер органдарымен, банкпен қарым-қатынасқа түсуі керек. Сонымен бірге, Тіркеу палатасында, салық инспекциясында және банкте есепке екі рет тұруы қажет: бірінші - уақытша, кейін тұрақты түрге. Тіркеу барысында тексеріске құрылтай құжаттары ғана жатпайды. Құрылтайшылар жарғы капиталының бар екенін және қызметтің басқа аспектілерін дәлелдеуі керек. Акционерлік қоғам мемлекеттің бақылауында болады, яғни оның қызметі мемлекет жағынан құқықтық реттеледі.
Акционерлік қоғамдардың мынадай да қиыншылықтары бар.
Мысалы, акционерлер жаңа мекен-жайының орнын тастамай, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткенде, АҚ-да акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша көптеген қиын жағдайлар тууы мүмкін. Заң бойынша акционер акциялардың реестр ұстаушысына өзгерістер туралы хабарлауы тиіс.
Акционерлік қоғамда басшылық акционерлердің емес, құрыл- тайшылардың, басшылардың (менеджерлердің) қолында. Олар көп жағдайда өз бетімен және тәуелсіз түрде қызмет етеді. Корпорацияның белгілі-бір мүшесінің немесе акционердің акцияларының бақылау пакеті сол акционердің құзыретін көбейтеді. Бірақ акциялардың бақылау пакетін сатып алу өте қиын.
Акционерлік қоғамға салық жағынан қысым түсіп отыр: оның табысына салық салынады, сонымен қатар сақтандыру, зейнетақы т.б. қорларға төлемдер жүзеге асырылады. Салық сонымен қатар, жұмыс- шылардың жалақысына және акционерлердің дивидендтер бойынша табысына салынады.
Дегенмен де, АҚ-ң артықшылықтары кемшіліктерінен асып отыр. Сондықтан, меншіктің бұл формасы кәсіпкерлік аясында корпорацияның
басқа түрлерін ығыстырып, алға шығуда.
Дипломдық жұмысқа мысал ретінде алынған «Қазақтелеком» ААҚ-ның қазіргі уақыттағы қаржылық жағдайы жоғары деңгейде, бұл осы жұмыстағы қаржылық мәліметтерінде көрініп тұр. Демек, қазіргі уақытта «Қазақтелеком» ААҚ-ы техникалық жағынан қаруланған, кадрлық бөлімі жақсы ұйымдастырылған, бәсекеге қабілетті кәсіпорын деп айтуға болады. Ал бұл меншіктің акционерлік формасының тиімділігіне дәлел болып табылады. Бұл кәсіпорынның болашаққа қойған мақсаттары – тасымалдау жұмыстарын жүргізетін автокөлік құралдарының санын көбейту, учаскелерді, базаларды кеңейту және «Аджип ККО», «Тексако Норд Бузачи», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазмұнайгаз» сияқты ірі кәсіпорындармен қарым-қатынас жасасып, өз қызметінің аясын одан әрі кеңейту.
Қазіргі уақытта республикада меншіктің акционерлік формасының үлесі өте үлкен. Бұл еліміздің даму үстінде тұрғанын айқындайды, себебі көптеген дамыған елдерде акционерлік қоғамның мұндай үлесі норма болып табылады.
Осы дипломдық жұмыстың алдына мынадай міндет қойылған еді – қазіргі уақыттағы акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігін дәлелдеу. Бұл міндет орындалды деуге болады, себебі қазіргі уақытта актуалды болып табылатын бұл тақырыпқа дипломдық жұмыста көптеген анықтамалар, мысалдар, теориялық көзқарастар, меншіктің бұл түрінің көптеген артықшылықтары мен кемшіліктері келтірілген. Сонымен, бұл тақырып тек теориялық жағынан ғана емес, сонымен бірге нақты бір акционерлік қоғам мысалында ашылсын деген мақсатпен «Қазақтелеком» ААҚ-ң экономикалық, қаржылық жағдайы талданған. Ал бұл кәсіпорын мәліметтерінен шыққан қорытынды – меншіктің акционерлік формасы шынымен де тиімді болып табылады, себебі оның экономикалық көрсеткіштер деңгейі өте жоғары, демек елімізде меншік түрлерінің ішінде акционерлік түрін одан әрі көбейту керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. «Предприниматель и право» газеті. Алматы, «Жеті жарғы» -1999.
2. ҚР-ның «Акционерлік қоғам туралы» Заңы. Алматы, «Жеті жарғы» - 2003.
3. «Қазақтелеком» ААҚ-ң даму тарихы, қаржылық есептемелері (2006-2008жж.)
4. Шихирев В. «Акционерная собственность юридических лиц», Москва-1995;
5. Бусыгин А.В. Предпринимательство. М., «Дело», 2000 г.
6. Ковалева А.М. «Финансы». Учебное пособие. Москва-2002;
7. Абдильдина Л. И., Абдильдин С. С. «Экономика предприятия» Алматы – 2004 ж.
8. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. – Алматы: Казахстан, 1994 ж.
9. Бляхман Л. С. «Экономика фирмы», учебное пособие, С-П – 2000г.
10. Бусыгин А.В. Предпринимательство. М., «Дело», 2000 г.
11. Горфинкель В.Я., Швандар В.А. «Экономика предприятия»;
12. Джон Уайли энд Снайз «Корпоративное управление. Владельцы, директора и наемные работники акционерных обществ», Москва-1995;
13. Добрынин А.И., Тарасевич Л.С. / Экономическая теория. С-П, 1999;
14. Жолдасбаева Г. У. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы «Экономика» - 2002ж.
15. Иванов А.Н. «Акционерное общество: управление капиталом и дивидендная политика», Москва-1996;
16. Ковалева А.М. «Финансы». Учебное пособие. Москва-2002;
17. Қалдыбаев О, Темірбаев А. «Экономика предприятия» Алматы, «Санат» - 1997ж.
18. Крупанин А.А., Основы предпринимательства. Спб., Из-во Санкт- Петербург. Инж.- экон.ин-та, 1992.
19. Лапуста М.Г.Куксов А.С. Основы препринимательства. М.,1992.
20. Михайлушкин А.И., Шимко П.Д. «Экономика», Издательство «Высшая школа», Москва-2001;
21. Бусыгин А.В. Предпринимательство. М., «Дело», 2000 г.
22. Сыродаева О.Н. «Акционерное право США и России», Москва-1996;
23. Хубиев К. «Становление акционерной формы собственности», Экономист-1998;
24. Шихирев В. «Акционерная собственность юридических лиц», Москва-1995;
25. «Экономика предприятия и отрасли промышленности» оқулық «Феникс», Ростов – на – Дону, 1999 г.
26. ҚР-ның «Акционерлік қоғам туралы» Заңы. Алматы, «Жеті жарғы» - 1998.
27. «Казахстанская правда» газеті. 2003 ж.
28. «Қазақтелеком» ААҚ-ң даму тарихы, қаржылық есептемелері (2006-2008жж.)
29. «Қазақтелеком» ААҚ-ң бухгалтерлік балансы (2006-2008жж.).
30. Суворов Н.С. Об юридических лицах по римскому праву. -М.:“Статут”, 2000.С.205.
31. Функ Я.И., Михальченко В.А., Хвалей В.В. Акционерное общество: история и теория.-Минск: “Амалфея”, 2001. С.242.
32. Суворов Н.С. Жоғарыдағы еңбегі. С.198-206.
33. Тарасов И.Т. Учение об акционерных обществах. -М.:“Статут”, 2000. С.83.
34. Грешников И.П. -Ч.1: Юридическое лицо в праве и законодательстве.-А.: Издательство “LEM”, 2001.С.11.
35. Петровичева ю.в. Правовое положение компании по английскому праву. Диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук. -М., 2001. с.9.
36. Кулагин М.И. Государственно-
- 95 -
Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары