ОБЖ емтихан сурактары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 09:40, контрольная работа

Краткое описание

1. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық шаралары.
2. Тіршілік қауіпсіздігі пәніне анықтама беріңіз?
19. Тәуекелдік факторларға сиппаттама беріңіз?
22. Тірі қалу факторлары: өмірге құштарлыққа дегеніміз не?
38. Жалпы улағыш әсердегі Улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

obzh_1-list.docx

— 83.37 Кб (Скачать документ)

ДП – 5А , ДП – 3Б және ДП – 5В құралдарының бойында 6 өлшеуіш ауқымы бар.

ИД-11 дозасының жекеленген өлшеуіші , жұтылған гамма дозасының және араластырылған нейтрондық гамма сәулелену 10 нан 1500 рад. Көлеміндегі өлшеуіне арналған.

ИД-11 алюмофосфаттық әйнектен жасалған және күміспен қапталған және иондаушылық  сәулелену әсерінен кейін ултракүлгін  сәулелену ықпалымен люминедтеу қабілетіне ие болады.

50. Химиялық барлау приборлары. Ауадағы улы затты анықтау.

Химиялық барлау аспаптары — ауадағы, жергілікті жердегі, ұрыс техникасындағы, киім-кешектегі және басқа да заттардағы улағыш заттарды аныктауға, сондай-ақ зақымданған материалдардан (жер, қар, су, тағам) сынама алуға және ауадағы улы немесе бейтарап түтіндерден сынама алып, іріктеуге арналған құрал. Дала жағдайында уланған заттарды анықтауға арналған аспаптардың ішінде неғұрлым кең қолданылатыны — ПХР54 және ПХР деп аталатын химиялық барлау аспаптары. ПХР-54 құралы ішіне қол сорғысы (насос), индикаторлы түтікшелері бар кағаз (таспалары, түтінге қарсы сүзгісі, сынама алуға арналған құтысы, сорғы саптамасы, корғаныш қалпакшасы) орнатылған қақпағы бар тұрқыдан (корпус) тұрады. Сонымен бірге құрал жиынтығына сынама алуға арналған қалақша, залалданған бөлікті көрсететін таспа, қалта электр фонары, жазбаларды түсіріп отыратын конверт пен нұсқау кіреді.ПХР 54 салмағы- 2,4 кг.

Штатными являются войсковые приборы  химической разведки ПХР (рис. 33), ППХР, ГСП-1.Химиялық ахуалды айқындау және бағалау ретіХимиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің УЗ-бен химиялық зақымдалу салдарының жиынтығы түсініледі. 
Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды колдану кезінде пайда болады.Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді: 
- химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау; 
- олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;- адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттің аса қажетті нұсқаларын іріктеу;Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтерімен жүргізіледі. Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері (буындары) жүгізеді.Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер:- ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі; 
- Улы заттардың шығарылу, химиялық қаруды қолданылу ауданы мен уақыты;- Адамдардың қорғану деңгейі; 
- Жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты; 
- Ауа райы; Қарсылас жақ улы затты пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затты, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметтер негізінде ластанған ауаның таралу тереңдігін, жер мен техникадағы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттың, техника мен мүліктің зақымдануын ықтимал бағалайды.Қарсылас жақ улы затты қолданған кезде ауданның шекарасын анықтаубарлау күштері мен немесе ТЖ және АҚ жөніндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметттері бойынша жүргізіледі. Химиялық шабуылға қатысушы құралдар саны, улағыш заттарды қолдану әдісі. 
Химиялық оқ-дәрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлты пайда юолады, ол алғаш бұлт деп аталады. Осы бұлттың құрамы УЗ түрі мен оны ұрыс жағдайында көшіру әдісіне байланысты. Әртүрлі заттардың үстінде аэрозоль мен тамшы түріндегі УЗ уақыт өте буланады. Аэрозольдік бөлшектер мен УЗ тамшысының булану нәтижесінде зақымдалған жерде осы УЗ буынан ғана тұратын УЗ қайталама бұлты пайда болады.  
Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдау ошақтарында жұмыс жүргізуі үшін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланылады және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет кезінде қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады.


Информация о работе ОБЖ емтихан сурактары