Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 09:40, контрольная работа
1. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық шаралары.
2. Тіршілік қауіпсіздігі пәніне анықтама беріңіз?
19. Тәуекелдік факторларға сиппаттама беріңіз?
22. Тірі қалу факторлары: өмірге құштарлыққа дегеніміз не?
38. Жалпы улағыш әсердегі Улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.
37. Жүйкені жансыздандыратын Улағыш Заттар, зақымдану белгілері.
Жүйкені жансыздыратын заттарға мына
газдар жатады: зарин,зоман..Зарин- түссіз
немесе сарғыштау түрде кездесетін,
38. Жалпы улағыш әсердегі Улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.
Белгілі мүшенің зақымдалуы қанмен жабдықталу мөлшеріне және мерзіміне байланысты; бірден зақымдалатын мүшелер: өкпе, бүйрек, бауыр, жүрек, ми. Ағзаға түскен улы заттың әсері басталған уақыт пен оның токсинді эффектісі өзара байланыста. Ағзаға түскен улы заттың концентрациясын білгеннен соң улану дәрежесі анықталады, дезинтоксикациялық шаралар ұйымдастырылады. Уланудың клиникалық кезеңдері: 1. Токсинді – улану бірден басталу негізінде токсинді агенттің дозасы улы әсер береді. 2. Сомотогенді – токсинді агент әсері ағзадан шыққан соң немесе ыдыраған соң басталады, көрінісі- зақымдалу “іздері” түрінде. Уланумен күрес:
1.Асқазанды шаю- ағзадан
39. Теріні құрыстыратын Улағыш
Заттар. Олармен зақымданған кездегі көрсетілетін
алғашқы медициналық көмек.
Иприт – аздап сарғыш не қара –
қоңыр, сарымсақ, не қыша иісі шығып
тұратын, органикалық еріткіштерде
жақсы, суда нашар еритін сұйық. Иприт
төңіректі жазда 2 тәулікке дейін, қыста
2 – 3 апта зақымдай алады.
Иприттің тән ерекшелігі білдірмей әрекет
ететін кезеңі болады (зақымдану бірден
емес, біраздан соң, 2 сағ. және одан да
көп өткеннен кейін білінеді). Белгілері:
тері қызарады, ұсақ қалдырғандар шығып,
кейін тұтасып барып жарылады да, жазылуы
қиын жараға айналады. Иприт буы әсіресе
көзге зиянды. Көзге әсері әуелде бірдеңе
түскендей болып жасаурайды, жарыққа қаратпайды,
бұдан әрі көз бен қабақтың кілегейі ісініп
қатты былшықтанады. Асқазан – ішек жолына
түссе, 30-60 м. кейін асқазан қатты ауырады,
түкірік көбейіп, жүрек айниды, құстырады,
одан әрі іш өтеді. Люизит- қазтамақ жапырағының
иісі бар қара- қоңыр майлы сұйық. Токсиндігі
жөнінен иприттен үш есе асып түседі. Ағзаға
түскеннен кейін, зақымдану белгілері
білінеді: әуелі жөтелтеді, түшкіртеді,
мұрыннан су ағады, жүрек айниды, бас ауырады,
дауыс шықпай қалады, құстырады, әл құриды.
Көзге тисе 7-10 тәуліктен кейін көрмей
қалады, тері күйеді. Люизитпен қатты уланған
адам өледі. Әскерилер люизитті “өлім
шығы” деп атайды.
40. Тұншықтырғыш Улағыш
Заттар. Олармен зақымданған кездегі
көрсетілетін алғашқы
Тұншықтырғыш әрекетті УЗ: фосген,
дифосген. Фосген – түссіз газ, ауадан
3,5 есе ауыр, қызған шөп не шіріген
жеміс иісі шығып тұрады. Суда нашар
ериді және онда тез ыдырайды. Ұрыстық
күйі – бу. Төңіректегі тұрақтылығы
30-50 миннут, орлар мен сайларда 2-3
сағатқа дейін тұрып қалуы
мүмкін. Фосген ағзаны онымен тыныс
алғанда ғана зақымдайды, ондайда
көз қабығы тітіркенеді, жас ағады,
ауыз жылымшы татиды, аздап бас
айналады, әл құриды, жөтеледі, кеуде
қысылалы, жүрек айнйды. Жалпы улы
әрекетті УЗ: синил қышқылы, хлорциан.
Синил қышқылы – түссіз, тез
буланатын ащты бадам иісті сұйық.
Бұл ұрыстық улағыш зат ежелден
қолданылады. Мәселен, Наполеон соғыстары
кезінде оны артиллерия снарядтарына
құймақ болған. Қату температурасы -14ºС,
сондықтан сұйық уақытта оны
хлорциан не басқадай УЗ араластырып
қолданады.
Ұрыстық қолданылуы – ірі калибрлі авибомбалар.
Хлорциан - синил қышқылынан гөрі неғұрлым
ұшпа, түссіз, иісі мүңкіген сұйық. Токсиндік
қасиеттері жағынан синил қышқылына ұқсас,
одан ерекшелігі жоғарғы тыныс жолдары
мен көзді тітіркендіреді. Зақымданғанда
көмектесу үшін антидоты бар ампуланы
сындырып, противогаздың дулыға- маскасы
астына кіргізеді. Жағдайы нашар болғанда,
жасанды дем алдырады, жылытып медициналық
пунктке жөнелтеді
41.Көздің жасын ағызатын Улағыш Заттар. Олармен зақымданған кездегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс); Көздің немесе оның айналасындағы аурулар немесе түршігулер көздің өзінің немесе қоршаған қабығының ауруынан пайда болуы мүмкін. Көздiң ауруларын өте жиi себептер - инфекция және қабыну. Көзге немесе жалпы денсаулыққа кері әсер ететін аурулар жиі кедеседі, дегенмен олар дәрігердің көмегімен емделуі керек. Егер көзімізге химиялық заттар тисе (порошок ұнтақтары, т.д.), міндетті түрде көзді салқын сумен жуу қажет. Жуған кезде басты төмен түсіріп, су көзден мұрын жаққа ағу керек және химиялық зат жуылған соң көзді ақырын тез-тез жүмып алу керек.
42.BZ үлгісіндегі Улағыш Заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.
BZ үлгісіндегі УЗ зақымданған
кездегі алғашқы медициналық
көмек: - зақымданушыға газқағар
кигізу; - терінің ашық жерлеріне
ішінара санитарлық тазалау
43.Аммиакпен зақымдану
ошағы. Алғашқы медициналық
Аммиак– тұмаурата бастайды, жөтел пайда болады, тыныс алу қиындайды, тұншығу, тамырдың соғу жиілігі бұзылады, терінің беті зақымданады (күйдіреді, тері қышиды, қызарады, көз ашиды, жасаурайды). Алғашқы көмек көрсету: - зардап шеккен адамды зақымданған аймақтан таза ауаға шығарып, жылы жерге жатқызып тыныштықта қалдыру керек және терісін, кілегей қабықты сумен жуу қажет; - хлормен уланған кезде – 15 минут ас содасының 2% ертіндісімен (бір стақан суға –1,5-2 шай қасық ас содасымен), судың буына демалдырып және ыстық сүт ішкізу керек; - аммиакпен уланған кезде – 15 минут бор қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық май тамызадыу. Қатты уланған жағдайда ауруханаға жатқызу керек.Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) – өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ)).
44.Азот қышқылымен және
тотығымен зақымдану ошағы.
Азот қышқылымен және тотығымен
зақымдану кезіндегі алғашқы
медициналық қөмек: - көз бен бетті
жақсылап сумен шаю; - газқағар немесе
2 тамақ содасы ерітіндісімен шайылан
мақта – мата таңғышын кигізу;
- терінің ашық жерлерінен азот қышқылының
тамшыларын сумен 10 – 15 минут бойы жақсылап
шаю; - зақымданушыны тыныштық күйде күту
керек, көңіл – күйінің қандай екндігіне
қарамастан жатқызып қойып алып кеткен
жөн. Азот қышқылымен әртүрлі фабрика,
химиялық зауыттарда, тіпті сабақтың үстінде
студенттердің азот қышқылын дұрыс қолданбауынан
пайда болуы мүмкін.
45.Бензинмен зақымдану
ошағы. Алғашқы медициналық
Бензинмен зақымданғандағы алғашқы
медициналық қөмек: - зақымданушыны
таза ауаға шығарып жаға мен белбеуді
босату; - газқағар немесе 2 тамақ содасы
ерітіндісімен шайылан мақта
– мата таңғышын кигізу;
- теріде у тамшысы болса, оны сабын ерітіндісімен
шаю; - есінен танған жағдайда мүсәтір
спиртін иіскету, тыныс алу тоқтаған кезде
жасанды демалдыру; - зақымданған аймақтан
әкету; Қазіргі кезде коптеген өрттер
бензиннің кесірінен болып отыр. Бензиннің
өзі өте зиянды болып келеді.
46.Хлормен зақымданғандағы алғашқы медициналық қөмек:
Хлор(лат. Clorum), Cl – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық
элемент, атомдық номері 17, атомдық массасы 35,45; галогендертобын
хлормен – кеуде аурады, көз ашиды, жасаурайды, құрғақ жөтел пайда болады, құсады, жүрісінің бұзылуы, алқыну;Алғашқы көмек көрсету:
- зардап шеккен адамды
- хлормен уланған кезде – 15 минут ас содасының
2% ертіндісімен (бір стақан суға –1,5-2 шай
қасық ас содасымен), судың буына демалдырып
және ыстық сүт ішкізу керек;
- аммиакпен уланған кезде – 15 минут бор
қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт
беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық
май тамызадыу.Қатты уланған жағдайда
ауруханаға жатқызу керек.
Құтқару қызметі мамандарының кеңесінше,
хлормен уланған адамға көмектесу
үшін мына жайттарды орындау керек:
– таза ауаға шығару;
– мүсәтір спиртін иіскету;
– тыныс алмай жатқан адамға ауызбен жасанды
дем беру;
– жүрек тұсына массаж жасау;
– көз тұсын сумен шаю;
– дененің қалған бөліктерін 2%-дық тұз
ерітіндісімен ысу;
– сүт ішкізу.
47. Радиациялық барлау приборлары. ДП-5В доза қуатының өлшегіші
Радиациялық барлау — жергілікті жердің,
ауа кеңістігінің, акваториялар мен әскери объектілердің радиоактивті
зақымдану сипаты, ауқымы мен дәрежесі,
сондай-ақ ядролық оқ-дәрілерді сақтау
(өндіріс) орындары туралы мәліметтер алу.Радиациялық
барлау әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарынын
барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны
радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау
аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер
(күштер) тектерінің барлау бөлімшелері
және бақылаушылары жүргізеді.Акваторияны
радиациялық барлауды арнайы (рейдтік)
кагерлер, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, ал әуе кеңістігін радиациялық барлауды арнайы
дайындалған ұшақ (тікұшақ) экипаждары
жүргізіледі.[1]Прибор ДП-5В
48.Теріні қорғайтын құралдар
Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады.
Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді. Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.
49)ИД-1,ИД-11 дозиметрлік приборларына сипаттама беріңіз? |
ИД-1 жиынтығы жұтылған нейтрондық сәулелену гамма дозасына арналған. Ол дербес ИД-1 дозиметр және 3Д – 6 зарядтық құрылғысынан тұрады. Дозиметр ИД-1 жұмысының қағидаты экспозициялық гамма дозасының өлшеу дозиметрі жұмысының қағидатына өте ұқсас, мысалы , ( сәулелену ДКП – 50А) . Гамма сәлеленудің ауқымды өлшенуі 0,05 м Р/4 – ден 200 Р/4 дейін ( кванттық гаммасының 0,0084 ден 1,25 Мэв дейінгі энергиялық көлемінде ).