ОБЖ емтихан сурактары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 09:40, контрольная работа

Краткое описание

1. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық шаралары.
2. Тіршілік қауіпсіздігі пәніне анықтама беріңіз?
19. Тәуекелдік факторларға сиппаттама беріңіз?
22. Тірі қалу факторлары: өмірге құштарлыққа дегеніміз не?
38. Жалпы улағыш әсердегі Улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

obzh_1-list.docx

— 83.37 Кб (Скачать документ)

 

15) Жанжалды сипаттағы  төтенше жағдайларды жікте

Жанжалды сипаттағы төтенше  жағдайларға: - қарулы шабуыл - кейбір аймақтардағы толқулар - соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.

Жанжалды сипатты төтенше  жағдайлар:

-қарулы шабуыл;

-кейбір аймақтардағы толқулар;

-соғыс уақыттағы әскери әрекеттерде  қазіргі зақымдау

Ведомстволы қатыстығы бойынша  төтенше жағдайлар мыналарға

-құрылыста;

-өндірісте;

-халыққа үй-жайлылық және комуналды-тұрмыстық  қызмет көрсету

-көлікте;

-ауылшаруашылықта;

-орман шаруашылығында; +

-көліктік байланыста (газөткізгіштер, мұнайөткізгіштер).

16.Ведомстволы қатыстығы  бойынша төтенше жағдайлар жіктемесін  корсетіңіз?

 

Ведостволық қатыстығы бойынша  төтенше жағдайлар мыналарға  бөлінеді: - құрылыста - өндірісте - халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмети көрсету саласында - көліктік байланыста -ауыл шаруашылықта

-орман шаруашығында -көліктік байланысиа (газ өткізгіштер,мұнай өткізгіштер)

17.Табиғаттағы тосын  жағдай дегеніміз не?

   

Табиғаттағы тосын жағдай - бүл  адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы  мүмкін жағдай. Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен  улану, табиғи-ошақтық ауруларға  шалдығу, тау ауруы, күн өту жәнө дененің суынуы, улы хайуанаттар  мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы  аурулар. Экологиялық тосын жағдайларға  белгілі жайттарда ерекше маңызға  ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа  алып келеді. Тосын жағдайдың дамуына  немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары: температура  және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлік  қысым деңгейі, жел, дауыл. Бүған  сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора  мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы  жатады. Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын  жағдайларды адамның қалыпты  тіршілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялык, жабдық, дабыл мен  байланысқа арналған қондырғы, тамақ  пен су қоры, авариялық жүзу қүралдары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда  бар заттар.

 

18)Адамның табиғаттағы  өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері.

Орманда жүргенде есіңізде болсын:

  • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
  • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
  • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
  • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
  • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
  • Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;

Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз

 

Су тасқыны кезінде:

  • үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
  • пештегі жанып жатқан отты өшіру;
  • үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
  • бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;
  • мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен  бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ  және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді  ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ  болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан  табылған заттардан тамақ әзірлеуге  болмайды.

Көшкін қаупі бар  аймақтарда қауіпсіздік шараларын  сақтау

  • таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;
  • Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырысыңыз;
  • Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз;
  • Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз;
  • Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын;
  • Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз:
  • Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз;
  • Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол жерде тағы да көшкін қаупі болуы ықтимал;
  • Қауіпті аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;
  • Теңіздің мұз жағында болу, қауіп төнген жағдайда дауыл тллқыны болмағанда ауа температурасының жағымсыз жағында болу;
  • Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен мұздың немесе қар көшкіні үстімен жүрмеңіз;

Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:

  • қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;
  • мұз үстінде топ болып тұрамау керек;
  • мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
  • биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
  • мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
  • мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
  • өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер

Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек:

Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды  тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік  болса 1-2 адм суға секіріп жағаға жүзіп барып, көмек шақырсын. Мұз  үстінде қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін  өздеріне аударуы қажет.

Құтқару құралдарын ағаштан, резина камераларынан, ұйықтайтын қапшық т.б. жсауға болады

Қарлы боран (дауыл)

Егер сіз боранда қалсаңыз:

Қар үстінен паналайтын орын дайында;

  • ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
  • паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
  • ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.

19.Тәуекелдік факторларға  сиппаттама беріңіз?

 

Тәуекелдік, қатер – 1) келеңсіз зардаптарға ұшырататын оқиғалардың басталу ықтималдығы; 2) экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруіне байланысты күтілген табыстың, мүліктің‚ ақшалай қаражаттың болжанбаған шығасыға ұшырау қаупі. Қауіп-қатер үш топқа бөлінеді, олар: саяси тәуекелдік – саяси өзгерістердің, әскери жанжалдардың, шектеулер енгізудің, тыйым салудың, мүлікті ұлт меншігіне айналдырудың, т.б. экономикалық  үдерістерге ықпал етуінен туындайтын қатер; экол. Тәуекелдік – қазіргі табиғат нысандары мен факторлардың антропогендік өзгеріске түсуінің ықпалымен байланысты қатер; экономикалық тәуекелдік – қабылданатын шаруашылық шешімдердің немесе жасалған әрекеттердіңэкономикалық үдерістерге ықпал етуінен туындайтын қатер. Экономикалық тәуекелдік мынадай түрлерге бөлінеді: банк тәуекелдігі – несие ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың айрықшалығына байланысты пайдаланылмай қалу қаупі; несиелендіру Тәуекелдігі – қарызгердің алған несиесін қайтармауы және алынған несие үшін пайызды төлемеу ықтималдығы; валюталық тәуекелдік – валюталар бағамының болжап білуге болмайтын өзгеріске ұшырауына байланысты валюталық шығасыға ұшырау қаупі; пайыздықтәуекелдік – пайыздық мөлшерлемелердің болжап білуге болмайтын өзгеріске ұшырауы; сақтандыру тәуекелдігі – сақтандыру жүргізілетін қайсыбір ықтимал оқиғалардың басталуы қаупі; инфляциялық тәуекелдік  инфляциялық  үдерістердің салдарынан өндіріс шығынының арту қаупі; баға тәуекелдігі – пайыздық мөлшерлеменің өсу немесе құлдырауы салдарынан борышқорлық міндеттеме бағасының өзгеру қаупі. Кәсіпорында тәуекелдік үш түрге бөлінеді, олар: өндірістік  тәуекелдік – өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, өндірістің болжалды көлемінің төмендеуі ықтималдығымен, шығынның болжанбаған деңгейде көбеюімен байланысты шығасыға ұшырау қатері; коммерциялық тәуекелдік – бағаның өзгеруі, сату көлемінің төмендеуі, айналыс шығынының артуы кезінде өнімді сату, қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын шығасы қатері; қаржы тәуекелдігі – кәсіпорынның банкілермен, басқа да қаржы мекемелерімен қарым-қатынасы үдерісінде несие үшін пайыз мөлшерлемесінің болжанбаған деңгейде өсуі, салық жүйесіндегі өзгерістер салдарынан туындайтын қатерлітәуекелдік шығасының белгілі бір деңгейде пайда болуының жиілігімен және ықтималдығымен, яғни шығасыға ұшырататын шарттардың пайда болу ықтималдығының пайызымен өлшенеді. Шығасы деңгейіне қарай мынадай түрлерге ажыратылады: мүмкіндікті тәуекелдік – пайданың не оның бөлігінің шығасыға ұшырау қаупі; дағдарысты (қиындық туғызатын)тәуекелдік – түсімді кем алу, жұмсалған шығынның өтелмеу қатері; апатты тәуекелдік (мүліктен айрылу, банкротқа ұшырау қатері).

20) Адамға қауіп төнетін  факторлар: аштык,ыстық, шөлдеу  фактроларына сипаттама беріңіз?

Ыстық-бұл фактор адамға қауып төдіруі мүмкін, өйткені адамдар қатты температурадаға ауа-райына бейімделмеген.Мысалға алсақ адам ыстық тандыр шөл жерде сусыз , тамақсыз жүрсе, адам өліп кетуі мүмкін.Өйткені осындай қатты ыстық ауа-райы адамды сорғыту күйіне шейін алып келеді. Әрине Африкадағы адамдар осындай ыстыққа төзімді , өйткені олар туылғаннан бері сол жерде өмір сүріп жүр.Демек олар күннің ыстығынан қорғану үшін неше түрлі амал тапқан мысалы сол жердегі адамдар дененің барлық жерін сонымен қоса басын арнайы ыстық өткізбейтін киіммен қаптап алады , оның устіне олар осы ауа райына беймделген.

Аштық - кең тараған азық-түлік өнімдерінің жетіспеушілігі, ол аштық пен жоғарғы коэффициентті халықтың өліміне әкеп соқтырады. Аштықтың кезінде тек аштықтан ғана емес,аурулардан да өледі.

Шөлдеу – организмде су азайған кезде немесе судың және қандағы минералдық, сондай-ақ органикалық заттардың қалыпты арақатынасы өзгерген кезде дамитын физиологиялық сезім. Шөлдеу жеке организмнің немесе бүтіндей түрдің тіршілік әрекетін сақтауға бағытталған негізгі биол. мотивацияға (адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қимыл-әрекеттерін іске асыруға бағытталған ми құрылымының белсенді жағдайы) жатады. Ол организмдегі су қоры азайғанда немесе су мен минералдық тұздардың (көбінесе NaCl) қалыпты арақатынасы бұзылғанда пайда болады. Шөлдеудің пайда болуы – организмдегі су теңдестігі мен электролиттер тепе-теңдігін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Шөлдеу кейбір аурулардың ( мысалы , қант диабеті, бүйрек аурулары, тағыда басқа ) белгісі болып саналады. Ми жұмысының бұзылуынан пайда болатын кейбір аурулардың салдарынан суға деген қажеттілік сезілмеуі мүмкін. Ересек адамға денесінің 1 кг массасына шаққанда тәулігіне 38 – 40 мл-ге дейін су қажет. Шөлдеген кезде сілекей бөлінуі шектеліп, ауыз құрғайды, диурез процесі баяулайды. Организмдегі су тапшылығы 4 – 5% болған кезде тер шығу азайып, терінің темп-расы көтеріледі, тыныс алу мен жүрек соғуы жиілеп, ас қорыту бездерінің секрециясы төмендейді. Ал денедегі су тапшылығы 8 – 10%-ға жеткен кезде – адамның жұмыс қабілеті күрт төмендеп, сілекей бөлінуі мүлдем тоқтайды, денедегі су тапшылығы 20%-дан асып кетсе, организм өз тіршілігін тоқтатады.

21) Адам өміріне қауіп  төнетін факторлар: қорқыныш,әлсіреу,  жалғыздық факторларына сипаттама  беріңіз?

Қорқыныш — жалған немесе шындық қауіптерден жаппай үрейлену. Қорқыныш моральдық — психикалық көңіл-күйдің, рух күшінің төмендеуі, қабылдаудың бәсеңдеуі, еліктеу, ретсіз қозғалыс, илану механизмдерінің белсенді әрекеттерінің күшеюі. Қорқыныш — арнайы әлеуметтік жағдайларда мазасыздану және үрейленуден, адамның қатты әсерленгіштігінің нәтижесінде болатын толғаныстар.

Жалғыздық өмірге бейімделу барлық жастағы адамдар үшін маңызға  ие және барлығында әр түрлі болады. Жалғыздықты қабылдау немесе қабылдамаудың  тамыры тереңде. Ал қартайған кезде  теріс салдары анық көрініп, шиеленісе  түседі.

Қазіргі қоғамда жалғыздық –  тапты, нәсілшілдікті, жас шекарасын  білмейтін жалпы құбылыс. Адамдар  өмірлерінде оның елеулі тұсы болғанын біле бермейді. Осы күйзеліске әлі  дайын емес, олар басында өздерін  жоғалтады, содан кейін оның ауыр соққыларына жапа шегеді. Егде адамдардың жалғыздық сезімі нің әркелкілігі  мен күрделілігі екі жүзділік сипаттан көрініс табады. Бір жағынан, бұл айналасындағылармен алшақтықты ұлғайтатын ауыр сезім, жалғыз өмір сүру салдарынан қорқақтық, екінші жағынан – айналасындағылардан бөлек тұру, өз әлемі мен ондағы тұрақтылықты бөгде адамдардың бұзуынан қорғау ниеті.

Әлсіздік — адамның психологиялық және физиологиялық күйін білдіретін ұғым. Психологиялық әлсіздік адамның таным, ақыл-ой, сезім қабілеттерінің нашарлығын аңғартады. Физиологиялық әлсіздік адамның жүйке жүйесі қызметінінің осалдығын білдіреді. Әлсіздік әр түрлі себептерге байланысты пайда болады. Оған биологиялық факторлар (қартаю, сырқаттану, организмнің тозуы тағы басқа) және психологиялық факторлар (күйзелу, қайғылану, шаршау тағы басқа) себеп болуы мүмкін. Әлсіздік ауыспалы мағынада адамның материалдың және рухани тұрғыдан жұтаңдығын да білдіреді.

Әлсіреу(Ослабление; attenuation) - электроникада бұл термин, әдетте, сигнал кабельден өткенде оның амплитудасының өзгерісіне қатысты қолданады. Егер әлсіреу өте жоғары болса, онда сигналды пайдаланудан бұрын ол күшейтілуі тиіс. Сигналдарды өте ұзын желілер бойынша тарату кезінде әлсіреу айтарлықтай маңызды рөл атқарады.

22.Тірі қалу факторлары: өмірге құштарлыққа дегеніміз  не?

Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге  әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез-келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді  жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту - еш шарасыз  қаза болу деген сөз. Оған дайындалу - тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы  Робинзон Крузоны келтіруге болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына  «жабайы» демалыс ауесқойларын жатқызуға  болады. Белсенді демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, шаңғы тебу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлері  қарыштап дамыды.

Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа  дейін бір~ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен қүстардың арасында аштан  өледі. Түрпайы түрақ жасауға  ойы жетпей, қатып қалады, судан  екі қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсілім етеді. Амалсыздан жалғыздықта  қалған адам ең алдымен тек өзі  ғана екенің, тамақ пен түрақ табу және адамдарға оралу керектігін үғуына тиіс. Алғашқыда медициналық  көмек көрсетіледі, бұдан кейін  байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен  тамақ әкелінөді, адамдарға шығатын  жолды бағдарлап, іздеу басталады.

Информация о работе ОБЖ емтихан сурактары